Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Қышқыл топырақтарды әктеу. Әктеу –



бет36/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Қышқыл топырақтарды әктеу. Әктеу – қышқыл топырақтарға карбонат, оксид немесе гидроксид түрінде кальций (және магний) енгізу арқылы олардың жоғары қышқылдығын азайту үшін қолданылатын мелиоративтік тәсіл.
Топыраққа берілген әк тыңайтқыштары оған жан-жақты әсер етеді.
1. Әк топырақтың алмасу қышқылдығын толық жояды. Гидролитикалық қышқылдығы төмендейді. Сутек, алюминий иондарының кальций, магний сияқты катиондармен алмасуының арқасында топырақтың сіңіру кешенінің құрамы жақсарады. Топырақтың негізбен қанығу дәрежесі өседі, сіңіру сыйымдылығы артады.
2. Микробиологиялық құбылыстардың жүруі күшейеді. Аммонификатор, нитрификатор, еркін тіршілік ететін бактериялардың қызметі жақсарады.
3. Әк тыңайтқыштары, бағалы болып саналатын гумин қышқылдарының мөлшерін жоғарлатады да қара шіріндінің сапасын жақсартады. Топырақтағы көміртек пен азот элементтерінің арақатынасының қысқаруына ықпал етеді.
4. Әк әсерінен топырақтағы тамыр және аңыз қалдықтарының, көң мен жасыл тыңайтқыштардың ыдырауы күшейеді.
5. Топыраққа әк бергенде, өсімдіктің азот және күл элементтерімен қоректенуіне қолайлы жағдай жасалып, топырақ құрамындағы органикалық фосфор қосылыстарын ыдырататын бактериялардың белсенділігін арттырады.
6. Қышқыл топырақты әктегенде, микробиологиялық және биохимиялық құбылыстардың күшті жүруінің арқасында нитраттың, фосфор мен калийдің өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері көбейеді.
7. Әк, топырақ құрамындағы кейбір микроэлементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшерінің өзгеруіне ықпал етеді. Мысалы, молибденнің жылжымалы түрі көбейеді де өсімдіктің бұл элементпен қоректенуі жақсарады. Әк бор мен марганецтің қиын еритін қосылыстарының көбеюіне себепші болады. Сондықтан да әк бергенде бор тыңайтқышын қолдану тиімді болып саналады.
8. Әк қолдану топырақтың физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады. Кальций топырақ коллоидтарын коагуляциялап (ірілендіріп), оларды шайылудан сақтайды. Топырақтың су сіңіргіштігі мен су өткізгіштігі жақсарады.
9. Қышқыл топырақты әктеу минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады.
10. Әк тыңайтқышын қолдану ауыл шарашылығы дақылдарының өнімінің сапасын жақсартады. Мысалы, әктің әсерінен өсімдік өнімінің құрамындағы белок мөлшері 2-5 %-ға дейін өседі.
СаСО3-тің мөлшерін гидролитикалық қышқылдыққа қарай мына формуламен есептейді:

Көбіне әк тыңайтқыштарының толық нормасын жерді жыртар алдында бірден енгізген жөн. Егер шаруашылықтардағы егістік жерлердің қышқылды топырақтарында әк тыңайтқыштары жетіспеген жағдайлар болса, онда тыңайтқыш нормасының жартысын ғана пайдаланады. Мұның өзі әк тыңайтқыштарын қолдануда егістік жердің көлемін ұлғайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет