1. Нитратты тыңайтқыштар – құрамында азот нитрат (NO3) түрінде болады. Бұған натрий селитрасы, кальций селитрасы жатады.
2. Аммиакты тыңайтқыштар – құрамында азот аммоний (NH4) түрінде болады. Бұған аммоний сульфаты, хлорлы аммоний, сусыз аммиак, аммиак суы жатады.
3. Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар – құрамында азот аммоний (NH4) және нитрат (NO3) түрінде болады. Бұған аммиак селитрасы, әк-аммоний селитрасы, аммоний сульфат-нитраты жатады.
4. Амидті тыңайтқыштар – құрамында азот амид (NH2) түрінде болады. Бұған мочевина, кальций цианамиді жатады.
Азот тыңайтқыштарын қолдану тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеті, тұздардың физиологиялық реакциясы болып табылады.
Тұздардың физиологиялық реакциясына қарай азот тыңайтқыштары физиологиялық қышқылды және физиологиялық сілтілі болады.
Нитратты тыңайтқыштардың топырақпен әрекеттесуі. Нитратты тыңайтқыштар топырақ ерітіндісінде тез ериді де топырақтың сіңіру кешеніндегі катиондармен алмасу реакцияларына түседі:
Na
(TCK) Ca + 2NaNO3 = (TCK) Na + Ca(NO3)2.
Ca Ca
(TCK) H + Ca(NO3)2 = (TCK) Ca + 2HNO3.
H
Na+ және Ca2+ катиондарын топырақ өз бойына сіңіреді, ал NO3-анионы топырақтың сіңіру кешенінен ығыстырылған Ca2+, Н+катиондарымен әрекеттесіп, Ca(NO3)2 немесе HNO3 түзеді.
Нитратты азот топырақта физика-химиялық және химиялық жолмен сіңірілмейді. Нитраттар өздерінің жоғары жылжымалылығын сақтайтындықтан, ылғалы көп, әрі суармалы жерлерде топырақтың астыңғы қабатына шайылуы ықтимал. Мұндай жағдайларда нитратты тыңайтқыштардың қолдану мерзімін анықтаудың маңызы үлкен рөл атқарады.