Др= (Ропт – Рфакт) *10; мұнда [1]
Др – фосфор тыңайтқышын еңгізу мөлшері, кг/га ә.е.з.;
Ропт – топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың оңтайлы мөлшері, мг/кг;
Рфакт – топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың нақты мөлшері, мг/кг;
10 – фосфор тыңайтқышының эквиваленті (К), яғни топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін 1 мг-ға арттыру үшін 10 кг фосфор тыңайтқышын енгізу керек.
Топырақтағы Р2О5 мөлшеріне байланысты дәнді дақылдарды жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуі бойынша топтастыру (Черненок бойынша)
Топырақтың
қамтамасыз етілу класы
|
Топырақтағы Р2О5 мөлшері, мг/кг
|
Тыңайтқыштың тиімділігі,
%
|
Р2О5-ң ұсынылатын енгізу мөлшері,
кг/га ә.е.з.
|
І. өте төмен
|
< 15
|
өте жоғары (30-50%)
|
120және >
|
ІІ. төмен
|
15-25
|
жоғары (20-30%)
|
120-90
|
ІІІ. орташа
|
25-35
|
орташа (10-20%)
|
90-60-30
|
ІV. көтеріңкі
|
35-45
|
төмен (5-10%)
|
30-0
|
V. жоғары
|
> 45
|
жоқ (< 5% )
|
0
|
Жылжымалы фосфор – оның суда, әлсіз қышқылдарда еритін қосылыстары.
Жылжымалы калий – оның суда еритін және алмаса сіңірілген күйдегі түрлері.
Фосфаттардың топырақпен химиялық байланыстыруы – фосфордың суда еритін қосылыстарының нашар еритін немесе ерімейтін қосылыстарға айналуы.
3 – БӨЛІМ
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
1-тақырып. ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ЖІКТЕУ
Тыңайтқыш туралы түсінік.
Тыңайтқыштарды жіктеу.
Минералды тыңайтқыштардың физика және химиялық қасиеттері.
Тыңайтқыштарға, құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтері болатын және топырақ қасиеті мен құнарлылығын жақсарту үшін пайдаланылатын заттар жатады.
Өсімдік пен топыраққа әсер етуіне қарай, тыңайтқыштарды шартты түрде тура және жанама деп жіктейді. Тура тыңайтқыш негізінен өсімдіктің қоректенуін жақсарту үшін, ал жанама тыңайтқыштарды топырақ қасиетін өзгерту мақсатында қолданылады. Бұған әк, гипс сияқты мелиоранттар жатады.
Шығу тегіне қарай, тыңайтқыштар жергілікті және өндірістік болып ажыратылады.
Химиялық құрамына байланысты тыңайтқыштар минералды және органикалық болып бөлінеді.
Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік элементтер болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |