Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет48/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар.
Аммиак селитрасының топырақпен әрекеттесуі. Топыраққа енгізілген аммиак селитрасы тез және толық ериді де топырақтың сіңіру кешенімен реакцияға түседі.
Негіздерге қаныққан топырақтарда (бейтарап және сілтілі) алмасып сіңіру нәтижесінде, аммоний катионын топырақтың коллоидтары адсорбциялайды, ал нитрат анионы ерітіндіде кальций, магний т.б. иондардың тұздарын түзеді:
Ca NH4
(TCK) Ca + 2NH4NO3 = (TCK) NH4 + Ca(NO3)2.
Ca
Топырақта кальций жетіспегенде (қышқылды шымды-күлгін топырақтарда), аммиак селитрасы топырақтың сіңіру кешенімен әрекеттесіп, топырақ ерітіндісінде азот қышқылы түзіледі де орта реакциясы қышқылды жаққа қарай жылжыды:
NH4
(TCK) Ca + 3NH4NO3 = (TCK) NH4 + HNO3 + Ca(NO3)2.
NH4
Сол сияқты аммиак селитрасының нитрификация құбылысына ұшырауы, топырақ ерітіндісін уақытша қышқылдандырады:
2NH4NO3 + 4О2 = 4HNO3 + 2Н2О.
Өсімдіктің алғашқы даму кезеңдерінде уақытша пайда болған қышқылды реакция аздаған зиянды болады.
Сонымен бұл тыңайтқыштың катионы топырақтың сіңіру кешенінің құрамында болса, анионы топырақ ерітіндісіне өтеді. Кейбір жағдайларда бұл тыңайтқыштың аммоний катионы алмаспайтын, қиын алмасатын күйге ауысуы ықтимал. Сонымен бірге аммиак селитрасының құрамындағы азотты топырақ микроорганизмдері де пайдаланады, нәтижесінде біраз бөлігі күрделі органикалық қосылыстар құрамына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет