Сабақтың атауы Менің отбасым



бет44/48
Дата21.03.2017
өлшемі9,17 Mb.
#12052
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Оқу ісінің меңгерушісі:




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақтың түңғыш тілші ғалымдары
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, жазуға үйренеді.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !



Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу



Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту


Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Өткен сабақта саған не әсер етті?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауданы – 25.2. 1938) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог 

Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы “Хусайния” медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс



Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР Ғылым академиясының ірге тасын қаласқан, халқымызға аты әйгілі түрколог-ғалым Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев қазіргі Шымкент облысының Созақ ауданындағы «Сызған» совхозында 1907 жылдын 15 февралында туған. Алдымен ауылда мұсылманша хат танып, 1921—1922 жылдары Түркістан қаласындағы В. И. Ленин атындағы мектепте, 1922—1926 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ ағарту институтында оқиды. 1926 ж, осы институт Қазақ педагогикалық институты болып кайта құрылған кезде, соған түседі де, онын екінші курсын тамамдаған бойы Ленинградтағы шығыстану институтының түркология бөлімшесіне (ол кезде түркология семинары деп аталған) ауысады, Оқымыстының ғылыми сапарындағы болашақ тағдыр-бағытын айқындаған жылдар, асылында, осы институтта тәлім алған жылдары болды. Мұнда ол А. Н. Самойлович, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, И. И. Мещаницов, Л. В. Щерба іспетті профессорлардан дәрісін тыңдап, жалпы лингвистикалық, түркологиялық терең білім алады. 1931 ж. оқуын бітіріп, Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев Қазақстанға қайта оралып, Халық ағарту комиссариатында методист әрі Алматыдағы Қазақ педагогика ииститутында қазақ тілінің мұғалімі болып істейді; Кейін Қазақ мемлекеттік медицина ииституты тіл кафедрасының меңгерушісі, СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының аға ғылыми қызметкері болады. 1939 ж. орыс мектебінің 8—10 кластарына арналған орыс тілінің оқулығы диссертация тақырыбы болды да, ол үшін Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевқа филология ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ берілді. 1944 ж. «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғады. Бұдан кейін Абай атындағы Қазақтың педагогикалық ииституты мен С. М. Киров атындағы Қазақтын, мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті. 1946 ж. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев Қазақ ССР Ғылым академиясына толык мүше болып сайланды. 1951 жылға дейін Қазақ ССР ҒА-ның вице-президенті болып істеді. Ширек ғасыр бойы Қазақ ССР ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелері: Тіл және әдебиет (1947—1951 және 1957—1961 жж.), Тіл білімі (1961—1978 жж.) ииституттарын баскарды. 

Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым





Каталог: uploads -> doc -> 0c85
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c85 -> Фанфары. Выход ведущих Жүргізуші 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет