Сабақтың жоспары


Блум таксаномиясының негізгі санаттарына шолу



бет13/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
Блум таксаномиясының негізгі санаттарына шолу. Б.Блум таксономиясы бойынша білім алу үрдісі жеке танымдық әрекеттер жүзеге асырылатын 6 деңгейден тұрады.Таксаномиялық санаттарға білу, (ақпарат); түсіну, қолдану(пайдалану), талдау; жинақтау; қабылданған мақсатқа сәйкес материалдар мен әдістерді бағалау жатады.Оларды іріктелу барысында таксаномияны құрушылар зиаткерлік әрекеттің мүмкіндігінше дәл және барлық санаттарын қамтуға тырысты(1-сурет).



1-сурет. Блум таксаномиясының санаттары


1 Білу.Бұл санат оқып-үйренетін материалды есте сақтап түрлендіруді қамтиды. Ол нақтылы дәйектен бастап тұтас теорияға денйінгі алуан түрлі мазмұнды қамтиды. Бұл санаттың жалпы белгілеріне сәйкес келетін деректерді есте сақтау жатады. Оқушы қолданатын терминдерді, нақтылы дәйектерді, негізгі түсініктерді және оларды пайдалану әдістері мен ережелдерін білуі (есте сақтап түрлендіре алуы) тиіс.
2 Түсіну. Оқып-үйренетін материалдарды түсіну қабілетінің көрсеткішіне материалдарды берудің бір нышаннан екіншісіне түрлендіре алуы (трансляция) немесе оны «бір тілден» басқасына ауыстыру (мысалы физикалық картада қабатты бояумен кескінделген жер бедерінің негізгі пішінінің ерекшелігін ашу үшін көлденең қима-сызба тұрғызу) жатады. Мұндай оқу нәтижелері материалдарды қарапайым есте сақтаудан артық болады. Оқушы: дәйектерді, ережелер мен қағидаларды түсінеді; ауызша түсіндірген материалдарды, сызба-нұсқа, графиктерді түрлендіре алады.
3 Қолдану. Бұл санат оқытылған материалдарды нақтылы және жаңа жағдайда пайдалану дағдыларын меңгеру деңгейін қамтиды. Оқушы: түсініктер мен қағидаларды, теорияларды, заңдарды, нақтылы жаңа тәжірибелік жағдайда пайдалана алады, пайдалану әдістерін немесе ережелерді көрсете алуы тиіс.

  1. Талдау.Бұл санат материалды құрылымы айтқан үйлесетіндей ретпен сәйкес келетін бөліктерге бөлу дағдыларын игеруді қажет етеді. Оған тұтасты жеке бөліктерге бөлу, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, тұтастың ұйымдасу қағидаларын білу жатады. Оқушы: бүркемелі тұжырымды айқындай алуы; пайымдау логикасындағы қателік пен қалып қалған сөздерді көреалуы; дәйек пен салдардың арасынадағы шектеу жүргізе алуы; деректердің маңызын бағалай алуы тиіс.

5 Жинақтау. Бұл санат жаңалығы бар тұтасты алу үшін элементтерді
құрамдастыра алу дағдыларын меңгеруді қажететеді. Мұндай жаңа өнімдерге қолда бар деректерді жүйелеп ретке келтіруді көздейтін хабарлама (баяндама), іс-әрекет жоспары, сызба-нұсқалар жатуы мүмкін.
Сәйкес келетін оқу нәтижелеріне қолжеткізу үшін жаңа сызба-нұсқаларды, құрылымдарды құруға бағытталған шығармашылық сипатағы іс-әрекетті жүзеге асыру қажет. Оқушы: шағын шығармашылық шығарма жазады; эксперимент жүргізу жоспарын ұсынады; қандайда бір өзекті мәселені шешу жоспарын құру үшін әр түрлі сала бойынша алған білімдерін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет