Сабақтың жоспары


нақтылы географиялық нысандар мен құбылыстардың бейнелері



бет15/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
2. нақтылы географиялық нысандар мен құбылыстардың бейнелері:
- Жер беті мен шаруашылық нысандарының көлемді үлгілері;
- географиялық карталар, құбылыстар мен үрдістердің арасындаңы бір ізді себеп-салдарлы байланыстардың, шикізаттан дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістің технологиялық тізбектерінің сызба-нұсқалары, көлденең қима-сызбалар, оқу бейне фильмдері сыяқты жазықтықта кескінделген көрнекі құралдар. Бұл топтағы оқыту құралдары да табиғи және шаруашылық нысандар мен құбылыстар туралы бейнелі ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырады.
3.Заттарды шартты белгілермен (белгі, сан, сөз) бейнелеу:
- вербальды (мәтіндік негізінде басылып шыққан оқулықтар, анықтамалар, дәптерлер, мәтіндік кестелер);
- картографиялық құралдар (қабырға, үстел үсті, және кескін карталар, карта-сызбалар, картограммалар т.б.);
- графиктік сызба-нұсқалы құралдар (табиғаттағы және әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсететін құрылымды сызба-нұсқалар);
- графиктік-статистикалық құралдар (графиктер диаграммалар, кестелер). Бұл топтағы оқыту құралдары ұғымдарды қалыптастыру, нысандарға, құбылыстар мен үрдістерге тән қасиеттерді, олардың к ңістіктік-аумақтық таралу ерекшеліктерін ашумақсатында қолданылады.
4. табиғат құбылыстарын бақылап оларға талдау жасауды көздейтін құрал-жабдықтар (жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған приборлар);
- табиғат құбылыстарының сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған приборлар;
- картометрялық өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған приборлар;
-Жердің тәуліктік және жылдық қозғалысын көрсететін приборлар.
Бұл топтағы құралдардың қызыметі-оқушылардың приборларды пайдалану жүргізген өлшеулерді тіркеу, жиналған деректерді талдау және өңдеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.


2. Географиялық карталармен, глобуспен жұмыс істеу жолдары


Географиялық карталардың оқу қызыметі. Географиялық карталармен жұмыс істеу Жер бетіндегі елдер мен басқада аумақтарды тікелей оқып-үйрнуін ауыстыра отырып, оларға тән негізгі белгілердің бейнесін қалпынакелтіуге көмектесіп, кеңістіктіктің бейнесін көзалдына елестету арқылы есте сақтауын дамытады. Оқушылардың оқу карталарымен жұмысы құбылыстар мен үрдістерді оқып-үйренудің картографиялық әдісін пайдалануға дайындайды. Картаның мазмұнын талдап оларды бір-бірімен беттестіру арқылы логикалық ой әрекетінің тәсілдерін дамытады, құбылыстардың арасындаңы әр түрлі байланыстарды табады, салыстыруды жүзегеасырады, бір ізді себеп-салдарлы байланыстарды анықтайды.
Оқу карталарын масштабына, кескінделген аумақты қамтуына, оқу үрдісіндегі қызыметіне қарай жіктейді. Оқу үрдісіндегі қызыметіне қарай оқу карталары қабырға және үстел үсті карталары деп топтастырылады.
Соңғысы жеке басылып шығатын, жапсырма карталар, тақырыпта басылатын мәтіндік карталар, жинақталып кітапша ретінде шығарылған атласындағы карталар , интербелсенді электронды Интернет карталар болып бөлінеді. Мектеп тәжірибесінде кескін карталар ерекеш орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет