Асқынудың себептері: тері ішіне және бүлшық етке егу жасағанда иненің үшы кездейсоқ тамыр ішіне түскенде немесе майлы ерітіндіні ңателесіп көк тамырға енгізгенде.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
Асқыну: ауа эмболиясы.
Асқынудың белгілері: белгілері май эмболиясына ұқсас,бірақ өте тез уақытта белгіленеді.
Асқынудың себептері: шприцтің ішіне ауа түскенде жәнеоны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде.
Асқынудың алдын-алу: егу жасаудың алдында шприцтіңішінен ауаны ұқыпты шығару.
Асқынуды емдеу: дәрігердің нұсқауымен.
Ескерту: егер шприцтің ішінде көпіршіктер көп болып, ине арқылы шықпаса, онда егу жасағанда ерітіндіні түгелімен енгізбей, шприцтің ішінде 1-2 мл қалдыру керек.
Асқыну: қателесіп басңа дәріні енгізу.
Асқынудың белгілері: әр түрлі болуы мүмкін - ауырсынудан анафилактикалың шокқа дейін.
Асқынудың алдын-алу: нүсңауға назар аударып оқу, егужасау алдында ампулада немесе флаконда атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |