Сабақтың мақсаты «Оңтүстік Америка»



Дата24.04.2017
өлшемі195,82 Kb.
#14935
түріСабақ
Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі



«Оңтүстік Америка» қорытынды сабақ


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ

МҰҒАЛІМІ: КАЛИЯНОВА Г.Е.

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ



«Оңтүстік Америка » қорытынды сабақ


Сабақтың мақсаты

«Оңтүстік Америка » тақырыбы бойынша материалдарды қайталау қорытындылау, материк табиғатының ерекшелігі мен қалыптасу заңдылықтарын танып- білуде алған білімдерін жүйелеу, оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып, түрлі тақырыптық карталармен жұмыс дағдысын, пәндік сөйлеу тілін жетілдіру, оқушының топта жұмыс қарым- қатынасын үйрете отырып, табиғатты қорғауға үйретіп, эстетикалық тәрбие беру осы сабақты өтуде басты мақсат.

Сабақтың міндеті

Топпен жұмыс жасайды, өз бетінше білім алады.

Күтілетн нәтиже

  • Оңтүстік Америка туралы толық мағлұмат алады.

  • Оңтүстік Америка географиялық орны, табиғаты, климаты, табиғат жағдайы туралы оқып біледі.

  • Шығармашылық қабілеттері артады, бір-бірінің пікірін құрметтейтін орта қалыптасады

Сабақтың әдісі

Проблемалық дамыта оқыту, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс

Сабақтың типі

Өткен тарауды қорыту

Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар

Таратпа материалдар, оқулық, қималар, Оңтүстік Американың физикалық –географиялық картасы, атлас, кескін карталар,

Слайд,электронды оқулық



Кіріктірілген модульдер

Оқытуды басқару және көшбасшылық. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру: Топқа бөлу 3 минут

1. Оқушылармен салемдесу

2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Тренинг ұйымдастыру

-Сендерге мен тілеймін,

Жарық пен жылу, денсаулық!

Бір-біріңе сендерде,

Тілеңдер біраз жақсылық.

3. Топқа бөлу. Атауларымен таныстыру.

1-топ «Бразилия»

2-топ «Аргентина»


2. Шеңбер құрады. Бір-біріне сабаққа байланысты тілек айтады. Оқушылар көңіл күйлерін білдіреді.

Бразилия қалалары бразилия тобына. Аргентина қалалары Аргентина тобына бөлінеді

Бразилия:Сан-Паулу, Бразилия,Кампинас

Аргентина:Буэнос-Айрес, Асунсьон,Санта-Крус



Үй тапсырмасы: «Білу»10 минут

«Хат келді» ойыны



Өтілген тақыртар бойынша 1 конвертте сұрақ, 2 конвертте жауап деген жазу болады

Топтарға.

1. Оңтүстік Америка материгіне алғаш аяқ басқан саяхатшы? (Х. Колумб)

2. Оңтүстік Американың байырғы халқы? (үндістер)

3. Оңтүстік Америка жеріндегі кездесетін пайдалы қазбалар (темір, марганец, уран, никел, алмас, мұнай, газ, көмір, қорғасын, күміс, мырыш)

4. Материктің ең биік нүктесі (аканкагура 6960 м)

5. Оңтүстік Америка қыраттары (Гвиан, Бразилия, Ла – Плата)

6. Американың ірі өзендері, көлдері (Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Титикака, Маракайбо)


Сұрақ конвертті алған топ 2 топқа сұрақ қояды

Кіріспе.

Электрондық оқулықты көрсету. Алдағы тақырыптарды еске түсіру

Әрбір адам туғаннан-ақ арманшыл және саяхатшыл болып келеді. Кімде кім қызықты сапарларға шығуды армандамаса, сол адам біздің ғаламшар табиғатынын құпиялары мен сырларын ашуға талпынбайды деген сөз. Стивенсонның, Жюль Верннің кітаптарын оқи отырып, кейіпкерлерімен бірге белгісіз жерлерді қызыға шарлап, жағалаудың жұмбақ құпияларымен бірге бөлісеміз. Бүгін біз өзіміз өткен «Оңтүстік Америка» тақырыбын қайталап, табиғи ерекшеліктерінің сырларын өзгелермен бөлісе отырып құпияларын ашамыз.

Бүгінгі сабағымыз аукциондік білім түрінде төмендегі ережелермен өтеді:

-Сынып 2 топқа бөлінеді және әр қайсысын капитан басқарады;

-Біздің іс- әрекетіміздің көрсеткіші, яғни ақша бірлігі-ГЕО-деп аталады.

-ойын барысында әр топ 60 ГЕО-дан алады;

-сендердің назарларыңа тапсырмалары бар лоттар ұсынылады. Әр топ лотты бағалап, қорапқа алдын-ала ГЕО түрінде құнын салады;

-жалпы ГЕО сомасы лот тапсырмаларын үздік орындаған командаға өтеді

-егер берілген тапсырмаларды екі топ бірдей орындаса, онда ГЕОсомасы екі топқа тең етіп бөлінеді

-әр тәртіп ережесін бұзған топ 10 ГЕО-дан айырылады. Ал енді аукционымызды бастаймыз. Тапсырмаларды орындау



Сабақтың кезеңдері

1- ЛОТ –«Кім ол? Не ол?». Блиц турнир. Әр топтан бір оқушы шығып, сөзді оқып, оның не екенін түсіндіреді.

1. Парана 1.Пуна

2.Капибара 2.Аконкагуа

3.Анхель 3.Оринока

4.Пампа 4. А. Гумбольд

5.В.И Вавилов 5.Кондор

6.Самбо 6.Кабу-Бранку

7.Отты Жер 7.Бальс

8.Виктория- регия 8.Игуасу

9.Гвиана 9.Маракайбо

10.Титикака 10.Мулат

2-ЛОТ –«Қара жәшік». Қара жәшікте Оңтүстік Америкаға қатысты мәдени өсімдік жатыр. Көмек барысында оның қандай өсімдік екенін білуге тырысыңдар. Егер де бірінші көмектен дұрыс жауабын таппасаңдар, онда 1 ГЕО- дан айырыласыңдар. Дұрыс жауабын тапқанша әр көмек сайын осылай жалғаса береді.

Көмектер:



  • Бұл өсімдік Анд мен Орталық Кордилера тауында өседі

  • Бұл өсімдікті «Ақ алтын» деп атайды

  • Бұл өсімдіктен май да алынады

  • Жіп те иіреді

  • Мата тоқып, киім тігеді (мақта )

3-ЛОТ- «Капитандық» картадан Оңтүстік американың кез- келген 10 нысанын көрсету.

Сергіту сәті

Қол көтерсем солтүстік,

Топ-топ бассам оңтүстік

Қолды созсам жан-жаққа

Көрсетеді бағыты

Батыс пенен Шығысты
Иіліп салем берейік

Экватор белде деп

Белді бұрай қозғасақ

Сағат тілі Батысқа



Жер айналар Шығысқа




4-ЛОТ- «Анықта және талда»

-Парана Суының деңгейі мамыр айында көтеріледі

-Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан.
-Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық –ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып балық.
Жер шарындағы ең мол сулы өзен

-Виктория-регия
5-ЛОТ-«Блиц- турнир» ойыны Суретте қоян телефонда отыр. Ол телефон номерін тергенде, Оңтүстік Америкаға қатысты географиялық атаулар шығады. Оқушылар оларды тауып алу тиіс. Сөздер: Компас, Пампа, Гаруана,Оринока Гуано, Гилея

6-ЛОТ- «Қатені табыңдар»

Бір саяхатшы Оңтүстік Америкаға сапарынан кейін есеп жазады. Ол өз есебінде бірнеше қателіктерге жол береді. Тапсырма: Сол қателіктерді табыңдар.



Оңтүстік Америка экваторға қатысты орны бойынша Солтүстік жарты шарда орналасқан. Материктің көп бөлігі Африка платформасында жатыр.Солтүстігінде Дрейк бұғазы бөліп жатқан «Отты Жер» архепилагы бар. Материкті барлық климаттық белдеу кесіп өтеді. Климатына ең көп әсер етуші Тынық мұхиты шығыс жағалауын шаяды. Конго өзенінің маңы өте әсем жерлерінің бірі, онда ғажайып виктория- регия өсімдігі өседі. Оринока ойпатында Поопо көлі жатыр. Амазонканың шыршалы ормандарында капибаралар, бұландар өмір сүреді. (10 қате)

«Жинақтау»2минут

Ұпайларды есептеу. Қорытындысында әр топ өз жинаған капиталдарын есептейді.

Оқушылар өз жинаған ұпайларын санайды

Кері байланыс «Бағдаршам»

Не білдім, үйрендім?

Нені түсіне алмадым?

Нені білгім келеді?




Оқушылар өзінің сабақтан алған әсерлерімен бағдаршам түсіне қарай жазып іледі

Үйге тапсырма

Өткен тақырыптары қайталап, тест орындау

Оқушыларкүнделіктеріне жазып алады

«Бағалау» 2минут

Капитан шыққан соманы тобындағы әр оқушыға сабаққа қатысқан белсенділігіне қарап, өз қалауынша бөліп беріп, төмендегі кестені толтырады. Аукцион сабақ. Топтың тапқан капиталы

Жалпы саны:___________ГЕО


Оқушының аты-жөні

ГЕО саны

1




2




3




4




5




6







Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0a08
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a08 -> Сабақ: Ы. Алтынсарин. «Түлкі мен ешкі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет