Сабақтың тақырыбы: Атомдарда электрондардың таралуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет2/15
Дата25.03.2022
өлшемі82,62 Kb.
#136707
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
8 класс химия 1-2 тоқсан на дому

Білім беру ұйымының атауы

ОМ №1

Пәні:

Химия

Бөлім:

Стехиометриялық есептеулер

Педагогтің аты-жөні:

Кунанов Алмас Назарбаевич

Күні:

24.11.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Көлемдік қатынас заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу

Сабақтың мақсаты

Заттың молярлық масссасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеуді біледі.
газдардың тығыздығы бойынша сандық есептер шығарады.
күрделі заттардың молярлық масссасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеулер жүргізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Жағымды ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасын пысықтау. «Лездеме»әдісі арқылы қорытындылау Қалыптастырушы бағалау: мақтау, мадақтау

Сабақтың мақсатымен танысу







Өткен білімді еске түсіру

Авогадро заңын тұжырымдаңыз?
Қалыпты жағдай ол қандай жағдай?
Қалыпты жағдайдағы газдың көлемін қалай есептейді?
Молярлық көлем дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап береді







Жаңа білім

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Ой қозғау» әдісі арқылы бейнеролик көрсету. Бейнеролик бойынша талқылау сұрақтары жүргізіледі.
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс арқылы оқушы берліген тақырыптарын қорғайды.
Есептеу мысалы:
Көмірқышқыл газының ауа бойынша салыстырмалы тығыздын анықтау
2 валентті азот оксидінің сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы берілген, сол бойынша азот оксидінің формуласын анықтау
Күкіртсутектің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз. (b) Пропан - табиғи газдың құрамында кездесетін түссіз, иіссіз газ. Мұнай өнімдерін крекингілеу кезінде түзіледі.
Пропанның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,51-ге тең. Пропанның молярлық массасын есептеңіз.
Белгілі бір азот оксидінің сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 23-ке тең, азот оксидінің химиялық формуласын және молекулалық массасын анықтаңыз.

Зат мөлшері мен көлемнің байланыс формуласы бойынша бір-біріне тура пропорционал екендігіне байланысты, мольдік қатынаста орындалатын қасиеттері көлемдік қатынастарда да орындалады.


Сергіту сәті:
Газ күйіндегі бөлшектердің қозғалысын көрсету
Сұйық зат күйіндегі бөлшектердің қозғалысын көрсету
Қатты зат күйіндегі бөлшектердің қозғалысын көрсету

Жаңа тақырыпты меңгеру
Дескриптор − салыстырмалы тығыздықты табудың формуласын жазады; − газдың сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығын есептейді; − белгілі салыстырмалы тығыздық бойынша пропанның молярлық массасын есептейді.




Бейнеролик Bilimland.k

Бекіту

Ауаның молекулалық массасының шамасы?
Газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,517 болса, онда газдың мольдік массасы?
Көміртек диоксидінің сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын табу керек?
10кг метанды СН4 жағуға оттектің қанша массасы қажет?

Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау







Кері байланыс

Мен сабақтан.............білдім. Маған .........................болды. Маған .........................қиын болды. Мен ............................тапсырма орындадым.
Енді мен ......................білемін. Мен ...............................қолданамын.














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет