Сабақтың тақырыбы: Атомдарда электрондардың таралуы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет15/15
Дата25.03.2022
өлшемі82,62 Kb.
#136707
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
8 класс химия 1-2 тоқсан на дому

Білім беру ұйымының атауы

ОМ №1

Пәні:

Химия

Бөлім:

Атомдағы электрондардың қозғалысы

Педагогтің аты-жөні:

Кунанов Алмас Назарбаевич

Күні:

15.09.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару;

Сабақтың мақсаты

І. 1.формуланы қолданып қосылыстағы элементтің массалық үлесін табу 2. Берілген массалық үлестер бойынша қосылыстың формуласын шығару ІІ. Комплексті қосылыстағы заттардың массалық үлесін табу. ІІІ. Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығаруға өз бетімен мысал келтіру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Химиялық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.



Сабақтың мақсатымен танысу







Өткен білімді еске түсіру

Өткен материалды еске түсіру. «Сенесің бе, сенбейсің бе?» әдісі. Оқушыларға екі түсті қағаз беріледі. Мұғалім тұжырымдарды оқиды, ал оқушылар «сенемін» - көк түсті, «сенбеймін»- қызыл түсті белгіні көтереді. 1.Химиялық формула – заттың құрамын химиялық элемент таңбалары
және индекстер арқылы шартты түрде жазу. 2.Индекс –молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетпейді. 3.Атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін коэффицент пайдаланылады. 4.Индекс - химиялық формуланың немесе элемент таңбасының алдына, ал коэффицент элемент таңбасының оң жағынан төменірек жазылады. 5.Тотығу дәрежесі – қосылыстарды тек иондардан тұрады деп болжап,есептеумен табылған шартты заряды. 6.Жай заттардың тотығу дәрежесі нольге тең. 7. салыстырмалы атомдық масса – Mr , ал салыстырмалы молекулалық масса -Ar белгіленеді. ҚБ түсті үшбұрышпен бағалау Жеті сұрақтың 7-уі,6-уы дұрыс болса- жасыл түсті үшбұрыш; 5-уі дұрыс болса – сары түсті үшбұрыш; 3,4-уі дұрыс болса – қызыл түсті үшбұрыш.

Сұрақтарға жауап береді




Түсті белгілер

Жаңа білім

Мәтінмен танысу .«Түртіп алу» әдісі Мұғалім шамамен танысу үшін кітаппен жұмыстану керектігін айтады. Оқушылар жаңа тақырыпты оқулықтан оқиды, қажетті анықтамалар мен өрнекті түртіп алады. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ талданады.
Мұғалім тапсырманы орындау алгоритмін ұсынады. Оқушы берілген нұсқаны алгоритмді қолдана отырып шығарады.
1-нұсқа«Калий - марганец - о - төрт»
1-қадам: берілген мәліметті пайдаланып заттың химиялық формуласын жаз.
2-қадам: заттың салыстырмалы молекулалық массасын тап
3-қадам: заттың құрамындағы әр элементтің массалық үлесін (%) формуланы қолданып есепте.
2-тапсырма:
Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% - стронций, 34, 78% оттек, 17, 39% күкірт болса, молекулалық формуласы қандай?
3- тапсырма :
Тотияйнның (CaSO4 *5H2O) құрамындағы заттардың массалық үлесін табыңыз.

Жаңа тақырыпты меңгеру







Бекіту

1. Ауа құрамының 1/5 бөлігі оттектен тұрса, онда оттегі ауа құрамының неше пайызын құрайды?
2. Жер қыртысындағы элементтер үлесінің ½ шамасының бөлігі оттекке тиесілі. Сонда оттегі жер қыртысының неше пайызын құрайды?
3. Су жер бетінде кең таралған зат болып есептелінеді. Егер 3/4 бөлігі суға тиесілі болса, жер бетінің неше пайызы суға тиесілі?
4. Бордың (СаСО3) құрамында 40% кальций, 48% оттегі болатын болса, көміртегі неше пайызын құрайды ?

Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау







Кері байланыс

Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі
Қызыл түс – кейбірін түсіндім
Сары түс -көбін түсіндім
Жасыл түс–барлығын түсіндім
«Мен тыңдағым келеді …» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу. Мұғалім ойын тыңдағысы келген әр түстен 1 оқушыға қалпақ кигізеді.Оқушы ол түсті неге таңдағаны туралы өз ойын айтады











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет