«Жүгіру сергіту» эстафетасы
Командалар бір-бірден бағанға тұрғызылған. «Алға!» пәрменімен капитан бұрылыс жалаушасына дейін (15 м) жүгіреді, оны айналады және өз командасына қарай жүгіреді, эстафетаны эстафеталық таяқшамен екінші ойыншыға береді және т.б. Ұпайды ең тез жүгірген команда иеленеді.
Кедегілер жолағы
Оқушылар екі командаға бөлінеді және сөре сызығында тұрады. Жетекшінің пәрмені бойынша команданың бірінші қатысушысы қолына допты ұстап, қозғалыс бағытына қатар еденде жатқан гимнастикалық секірмекке жүгіріп барады және секірмектен 7 рет секіреді. Еденде жатқан секірмекті басып кетпей, екі жаққа секіру керек. Одан кейін еденден сызылған сызыққа дейін 5 метр жүгіреді (ол спорт зал қабырғасынан 5-7 метр қашықтықта орналасқан) және қабырғаға лақтырып, допты қағып алады және жүгіріп сапқа қайта оралады.
Ойынды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі – еденде жатқан секірмек арқылы жай ғана секіру, екінші кезең жүгіріп барып, допты қабырғаға лақтыру, оны қағып алып, сапқа қайта оралу. Және үшінші кезеңде осы екі эстафетаны біріктіреді.
«Өткел». Сынып екі командаға бөлінеді, сөре сығынан 15-20 метр қашықтықта гимнастикалық шеңбер жатады. Оқушылар пәрмен бойынша екеуден қолдарынан ұстап, шеңберге дейін жүгіреді, оқушының біреуі шеңберде қалады, екіншісі тағы бір оқушыны алып келеді, екінші ойыншы үшінші оқушымен шеңберге жүгіріп келгенде, екінші ойынша шеңберде қалады, эстафетаны үшінші ойыншы, одан кейін төртінші ойыншы және әрі қарай жалғаса береді. Барлық оқушы шеңберге келгеннен кейін, сол әдіспен жұптасып кері қайтады. Командадағы соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.
|
Оқушылар ЖДЖ кешенін әзірлейді және орындайды., әрбір топқа ширату нұсқасын ойластыруды және өз нұсқасын ұсыну тапсырмасын алады. Әрбір топқа әр түрлі бұлшық еттерге ширату жасау тапсырмасын орындайды
Эстафеталық жарыстарда негізгіжеңіл атлетикалық элементтерді анықтайды
және түрлі мүмкіндіктерді, қозғалыстарды пайдалану арқылы , эстафеталарға қатысады.
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Үлкен бос кеңістік.
Мұғалімнің ысқырығы, эстафета таяқтары, фишкалар, жалаулар, бор.
Үлкен бос ойын кеңістігі, мұғалім үшін ысқырық, бор, кегли, баскетбол доптары, теннис доптары, волейбол доптары. Нұсқалары ретінде 10-10 см өшемді нысана, кегли немесе қорап.
|