Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі



бет3/4
Дата08.09.2017
өлшемі1,85 Mb.
#30776
түріСабақ
1   2   3   4

Ойын: «Кім жылдам»

Қою, жию, құю, тию т.б. сөздерін қолдарындағы әріптермен 3 қатардың оқушылары құрастырып, жоғары көтеріп жарысу.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтаймын.



Жаңа сабақ.

II. Негізгі бөлім.



Ал ,балалар, енді менің қолыма қараңдаршы. Бұл қағаз қалтаның сыртынан нені көріп отырсыңдар?

Дұрыс, ою-өрнекті. Ою сөзіндегі өткен сабақтағы ю әріпін танып отырсыздар? Енді бұны ашып көрейік? Ішінде не бар екен? Ішінде не бар екенін тапсақ, бүгінгі танысатын жаңа әріп, дыбысымызды білетін боламыз. Балалар нені көріп отырсыңыздар? Ішінде екі көк жолақша бар екен. Осы екі көк жолақшаны көлбеу қиылыстырып, тақтаға Х әріпін құрастырып көрсетемін.

Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа сабақта танысатын әріпіміз - Х дыбысы және әріпі.

Х дыбысы және әріпі туралы түсінік беру. Х әрпін ауада және тақтаға баспа түрде жазып көрсету. Балаларға сұқ саусақтарын қиылыстыру арқылы қолдарымен құрастыру.

Балалар менің қолымдағы хат қалта, ал хат сөзінде х әрпі сөздің басында жазылады. (Хат туралы түсінік беру)

Хат дегеніміз байланыс құралы жоқ, алыс елді мекендерде тұратын туысқан, бауырларыңызға өздеріңіздің амандығыңызды, сағыныш сәлеміңізді жазып жіберу, оны газет журнал таситын пошта қызметкерлері мекен жай арқалы апарып береді т.б.

Хат, хабар, халат, хор, хан, саяхат, шахмат, Хамит, Хафиза, Райхан, Хасан, Асхат, Хиуа, Хорезм сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

(Интерактивті тақтамен жұмыс)



Әліппе сауат ашумен жұмыс. Х әріпін жаздыру. Кітаптағы суретпен жұмыс

(Ақ көгершін жақсылықтың хабаршысы)

Сергіту сәті. «Ақ көгершін»

«Кім тапқыр» ойынын ойнату.

1. Мектептен кітап алу үшін қайда барасыңдар? (Кітапханаға)

2. Дәрі қайда сатылады? (Дәріханада)

3. Ойлап отырып ойнайтын спорттық ойын түрі? (Шахмат)

4. Мектепте қарның ашса самсаны қайдан аласыңдар? (Асханадан)

5. Алыстағы ата-әжеңе сағынышпен не жазасыңдар? (Хат)

6. Көмірді жер астынан кімдер өндіріп шығарады? (Шахтер)

7. Дәрігерлер қайда жұмыс жасайды? (Емхана, Аурухана)

Осы сөздердің бәрінде бүгінгі танысқан қадай дыбыс көп айтылды? (Х)



Ребус шешу.

АС -

- -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет