Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Жасуша құрылысын және органоидтердің маңызын түсіндіреді.
|
Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.
|
|
Оқулықта берілген зертханалық жұмысты орындатады
|
1. Зертханалық жұмыс. «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографияларды қолданып сипаттау».
Мақсаты:микрофотографияларды оқып түсіну, қызметіне байланысты оргаоидтерге тән белгілерді көрсету, суретін салу, «жасуша құрылымы» сұлбасын құру.
Құрал-жабдықтар:1-4-суреттер.
Жұмыс барысы:
1.Оқулықтағы микрофотографияларды түсіну.
2. Жасуша құрылысының ерекшелігін анықтау.
3. Микрофотографияларда табылған барлық жасуша органоидтерінің суретін салу.
1-сурет. Көршілес жатқан екі жасушаның біріккен қабықша бөлігі және оның маңындағы цитоплазма бөліктері.Шырша тамыры қабықшасының паренхима жасушасы. А.Е.Васильевтің электрондық микрофотографиясы (х75000 ұлғайтылған).
|