Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу



бет559/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   626
687-бап. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу

      1. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

      2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлерде – кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

      3. Осы Кодекстің 683-бабында белгіленген арнаулы салық режимін қолдану талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режимін қолдану басталған күннен бастап алынған кірісі тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режимінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

      Ескерту. 687-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет