Санжарга, Айманға


Денсаулық және темекі шегу



бет13/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

8.5. Денсаулық және темекі шегу

Никотин - өсімдіктердс кең тараған у. Темекі түтінінің негізгі бөлігі. Таза күйінде сарғыш келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иісі болады.

Темекі шегудің ден саулыққа тигізер зияны орасан зор. Темекі тартқанда зат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Оттектің жеткіліксіздігі, қан ұю, холестерин деңгейінің өсуі, барлық ішкі секреция бездері қызметінің үрдісі бұзылады. Ер адамдардан жыныстық әлеуметтік кетеді. Бойжетксндср мен жас әйелдерде етеккір циклі бұзылады. Әсіресе темекі түтіні ұрық жәнс нәрестеге зиянды, никотин туар баланың жаңа шығын жетіліп келе жатқан орталық жүйке жүйесінің жасушыларына зиянын тигізеді. Жүктілік токсикоздың дамуына с-жеп соғатын факторлардың бірі темекі түтіні.

Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті. Осыған байланысты елім-жітім де көбейіп түр.

149

Темекі түтінімен созылмалы уланудан өлетін адамдардың саны басқа себептерге қарағанда бірнеше есе көп (Х.Қ.Сәтбаева және т.б.



Осылайша біздің Жер деп аталатын планетамызда тұратын адамзат баласының миллион өлетіндері әрбір 4 күн сайын маскүнем, әр 3 күн сайын автотранспорттық апатынан 1 құрбан, әр 3 күн сайын темекі түтінімен созылмалы уланудан 1 адам өмірмен қоштасып отырады.

8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика



(Х.Қ.Сотбаева және т.б., 1999 еңбегінен алынды)

1. Әсіресе өскелең ұрпаққа есірткі қосылыстарды алуға тосқауьш қою және бұларға деген сұранысты азайту.

2. Зиянды дағдыларға деген үйірсектікке бой алдырайын деп жүрген тұлғалардағы өзгерістер ертерек байқалғанда, барлығымыз психологиялық-биологиялық, валеологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.

3. Барлық газет, журнал ақпарат құралдарының мүмкін болар ар-налары арқылы жүйелі үгіт-насихаттау (орталық телевизия, радио, интернет, баспасөз); бұл іске журналистерді араластыру керек.

4. Жастар арасында өткізілетін медициналық, педагогикалық-психологаялық жұмысқа адам ағзасына деген зиянды дағдылардың кесіліп түсіндіру проблемаларына ерекше назар қатыстыру керек.

Салауатты өмір сүрудің салтын үгіт-насихат жұмысын жүргізу ісі газет, журнал беттерінен көрінуі тиіс. Зиянды дағдылардың алдын алу тақырыбына арналған мақалалар, әңгімелер, лекциялар, кеңестер жүргізуге аса үлкен назар аудару керек. Темекі тарту проблемасына көп көңіл бөліну керек.

Осындай жұмыстардың басқа елдердегі өтілу тиімділігі жөнінде жан-жақты сөз ету керек. Әрине, наркотикалық заттарға жалпылама түрде тоқталу керек, темекі шегуді қойындар, арақ ішпендер деген үгіт-насихат жұмыстары қазіргі кезде оқу орындарында кең көлемде жүргізіліп жатыр деп айта алмаймыз.

8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1

1. Психофизикалық жаттығулар. Ци-гун терапиясы. Психи-калық медицина.



1 Х.Қ.Сотбаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева, Х.Х.Хасенова, Г.А.Беспалова, Н.С.Байжанова, С.Т.Әсембеков, Г.Д.Жетпісбаева, А.С.Қазыбаева "Валеология",

Алматы "Ғылым", 1999.

150

2. Қимыл белсенділігі ( ол туралы біз кең көлемде тоқталдық).



3. Тыныстық гимнастика.

4. Қолмен уқалау, сипау, массаж дене сегменттерін, бөлшек-терін, нүктелерін биологиялық-физиологиялық нүктелсрді адамның өзі сылап-сипау.

5. Шипалы өсімдіктер мен емдеу (фитотерапия).

6. Музыкалық терапия, вокал (ән) терапиясы.

7. Рефлексотерапия. Рефлексопрофилактика, урикулотерания, Су-Джок.

8. Медитациялар.

9. Организмді шынықтыру негіздері. Табиғи шынығу (күпмен, ауамен шынықтырудың негіздері, сумен сүртіну, шомылу, душ қабылдау, суда жүзу, қысқы жүзіс, монша, П.К.Ивановтың "Қарғаш" сауықтыру жүйесі.

10. С.А.Назарбаеваның "Өзіне өзі сену" методикасы.

Осы жоғарыда көрсетілген сауықтырудың көп таралған түрлерінің барлығына тоқталмай-ақ, олардың ішінде практикалық маңызы барларына тоқталып өтуді жөн көрдік.

1. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиетіне айрықша тоқталу керек. Қазақстан жерінде аса қүнды дәрілік өсімдіктер өседі. Кейбір түрлері тек қазақ жерінде ғана өседі (эндомикалық) өсімдіктер, олардың түрі жүзден асады. Көпшілігі Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында өседі. Ал дәрмене жусаны Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында өссді. Жер шарының еш аймақтарында ол әспейді. Одан өте бағалы дәрі өндіріледі. Ішектердегі құрттарды жояды.

2. Жен-Шенде өсуі мүмкін. Онда адаптегендік қасиет бар. Сон-дай-ақ, қызғылт Родиола, Қытай лимоны, левзея, аралия және т.б.

3. Жалпы нығайту, сергектендіру қасиеті бар өсімдіктер түрлері Қазақ жерінде қисапсыз көп. Мия (солодка) Қазақстанның барлық аймақтарында өседі, (череда), жоңышқа, люцерна, хмель, бақ-бақ (одуванчик); тарту (горец) шашыратқы (циркорий) және т.б.

4. Седативті өсімдіктер - пустырник (қау), валериапаесив-флора; көкпек т.б.

5. Ароматты өсімдіктер — пижма (мың жапырақ), шетен (рябина), терек, киікоты (маралий корень), раушан, горань, жалбыз (мята), қытай жуа (чеснок).

6. Тітіркендіргіш өсімдіктер — қарағай, шырша, горчица, қалампыр, бұрыш, розмарен.

Бұлардың бәрі медицина практикасында (фармакогнезияда) кең көлемде аремотерапия, арома профилактикада қолданылады.

151

Иісі ми қызметін жақсартады. Невроз дертіне шырша жапырағының сығындысы қолданылады. Раушан гүлі шаршаған адамды тез арада сергітіп жібсрсді.



7. Вакалотерапия. Музыка терапия. Ежелгі Қытайда кең көлемде қолданылған. Неше түрлі неврозды емдеген. Музыка дыбысы бірден-бір ем. Дәрігер-психотерапевт сыбызғыны көп мөлшерде пайдаланатыны байқалады.

8. Медитациялар. Оның мақсаты - тыныстау жаттығуларының мақсаттарымен сәйкес келеді. Ми қызметін жақсартады.

9. Медитацияның түрлері.

а) Вербалдық (қауышу) оқытушының белгілі бір жүйемен оқы-татын медитация;

б) шоғырлану (концентрациялау) медитация кезінде белгілі бір затқа жағымды образға, басқадай бір көңіл “ударатын құбы-лысқа көңіл бөлу;

в) Трансцендентальдық силау.

г) Қозғалыс медитациясы және т.б.

Дианетика

Дианетика (Х.Қ.Сәтбаева және т.б.) анықтауы бойынша, өз өміріңді айналаны қоршаған сыртқы ортамен қарым-қаты-настарынды жақсартуға ықыласпен қарым-қатынаста табысқа жетуге, қиындықтарды жеңуге — өмір құлдырауын тоқтатуға, өзіңді-өзің тарағылауға ассистерге т.б. мүмкіндік береді.



Рефлексотерапия, рефлексопрофилактика.

Тибет-Қытайда, Монғолияда, Индияда, Жапонияда емдеу үрдістеріне ежелден енгізілген. Шығыс Медитациясының көне заманнан бері қолданып келе жатқан ұлттық емдеу және ағзаны сауықтыру тәсілі. Рефлексотерапияны (Х.Қ.Сәтбаева және т.б.) білетін дәрігерлер (медитациялық тәжірибесі бар) өткізгенде жақсы нөтиже береді. Басқадай медитациялық сауықтыру тәсілімен айналысамын дегендерге Х.Қ.Сәтбаеваның және т.б. авторлардың "Валеологиясының кейбір жерлерін оқып шығуды автор (Ж.Жатқанбаев) ұсынады.

152

IX. ЖАСТАРҒА ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ

ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН БИОСФЕРАСЫНЫҢ РОЛІ



9.1. Қазақстан биосферасы

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен - жерден, судан, өсімдіктер өлемінен, жануарлар дүниесінен, Жер қойнауынан алып келгені баршаға

белгілі.

Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (Жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) көне дәуірден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждық-тарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады. Тіршіліктің негізгі көзі ретінде саналады.

Биосфера - тіршілік тірегі. Ол адамзат баласымен және ондағы қоғаммен тығыз байланыста болады (биосфера - адам - қоғам)

Сонымен биосфера дегеніміз - біздің айналамызды қоршаған орта. Оны адамзат баласы жасаған жоқ, ол адамзат баласының пайда болуынан әлде қайда бұрын жаралған.

Биосфсра көптеген компоненттерден тұрады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы да, құдіреттісі де - жер, оңың үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік иелері - адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады. Бір сөзбен айтқанда Жер тіршіліктің тірегі. "Байлықтың атасы -еңбек, анасы - жер", дейді қазақ. "Жері байдың - елі бай, "жер таусылмайтын қазына" деген халықтың даналы сөздерінде қаншама философиялық мән жатыр десеңізші! Құнарлы жерлер үшін көне заманнан бері қарай көптеген қан төгістер, неше түрлі ауыр соғыстар, ұрыс-тартыстар болғанын қазақ елінің ауыз әдебиеттерінен (фольклорынан), аңыз-ертедегілерінен белгілі. "Жер дауы - жесір дауы" деген проблемалар ұзақ жылдар бойы шешімі табылмай келе жатқан проблемалардың бірі.

Жер - біздің асыраушы анамыз. Адамзат баласы жердің бергенін даяр күйінде пайдаланып қана қоймастан, тарихи даму үрдісінде оны озі де өңдеп, игере бастады.

Адамзат баласының нағыз егіншілік кәсіппен шұғылдануы тарихи деректерге қарағанда, біздің жыл санау мерзімізге дейін

153


8500 жыл бүрын қалыптасқан дүние. Жср өндеу мен егіншілік жұргізудің қарапайым тәсілдерін тіпті осы күнде де кездестіруге болады. Мәселен, Жаңа Гвинеяның ну ормандары арасында цивилизациядан шалғай жатқан кейбір тұрғындар қазірге дейін жер өңдеудің қарапайым әдістерін қолданады.

Біздің ата-бабаларымыз да жерді өңдеп, егін егудің осындай тәсілдерін қолдана білгені бізге мәлім.

Жердің құдіретті күшіне адамзат баласы тәуелді болып, оған үнемі бас иіп, тіпті құлшылық еткен.

Көне заманда адамдар егін өсіру алдында тасаттық жасап, құдайға жалбарынған. Егіннің жақсы өсіп, мол түсім беру үшін адамдар тәңірге құрбандық беріп отырған. Тіпті мұндай құрбан-дыққа адамды шалу да орын алған. Бертін келе құрбандыққа тұтқынға түскен әскери адамдарды шалу кеңірек қолданылады. Алай да, егіншілік ісінің кең тарала бастауына сәйкес енді басы байлаулы құлдарды, тұтқындарды құрбандыққа шалудан гөрі, оларды жер өңдеуге. егін өсіруге пайдаланудың тиімді екендігі-айқын байқала бастады.

Биосферамыздың көлемімен алғанда құрлық оның елде қайда аз бөлігін алады. Цифрлар тілімен айтатын болсақ 15 миллион шаршы километрдей ғана өңделіп, ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланады. Міне біздің Жер деп аталатын планетамыздың бетіндегі жерді өңдеп, егін егіп, өнім алып, халықтар өсіп-өнуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ашық баспа беттерінде жарияланған деректеріне қарағанда, Жер бетінде 6 миллиардтан астам адам өмір сүріп отыр. Осыған байланысты азық-түлік өндірісі де артгырылуы тиіс. Бұл проблема - Жердің берерін тиімді пайдаланып, оның құнарлығын сақтауда және ұдайы артырып отыруды қажет етеді.

Қазақ мемлекетінде 35 миллион гектардай жыртылған егін егуге жарайтын жер бар. Сонымен бірге, 187 миллион гектар жерді шабындық пен жайылым алып жатады. Бұл көрсеткіш, сөз жоқ, зор байлық.

Жерді барынша күтіп, құнарлығын үнемі арттырып отыру қазақстан халықтарының ардақты борыштарының бірі.

Биосфераның басты элементтерінің бірі - су. Біздің плане-тамызда өзен, көл, мұхит, мұздық, бұлт және тұман жер асты сулары және т.б. түрінде кең таралған. Тіпті, тірі ағзаларының 65-70 пайызын су құрайды.

154


Осынау бір дәмсіз, иіссіз және түссіз зат барлық жандыға қуат беріп, тіршілікті сақтап тұратыны аян. Осыншама зор қасиеті бар, бүкіл тіршілікті өз қолында ұстап тұрған зат - судың гажап күші кімді де болса өзіне бас идіреді. Судың ғажап күшін адамдар ежелден түрлі мақсаттарға пайдалана білген. Олар судың күшін келтіріп, әдеуір жерлерді суаруға мүмкіндік алды.

Адамның өмір сүруі, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі үшін жеткілікті мөлшерде тұщы су қоры болуы қажет. Тұщы су қоры биосферада біркелкі мөлшерде таралмағап. Бір жерде тұщы су қоры мол , ал бір жерде өте аз.

Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы зат - судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады. Тіпті биосферадағы тіршіліктің өзі алғаш рет суда пайда болып, суда өсіп өнгені, дамығаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. "Сулы жер, нұрлы жер", дейді қазақ. Су өмір нәрі. Судың келуімен құлазыған шел далаға жан бітіп, көкорай шалғынға ораньш, жайқалған оазиске айналады.

Адамзат баласы көне заманнан бері қарай суды өте бағалап, оның бастауын-таза ұстап, бұлақ, қайнар кездерін үнемі тазартып отырған.

Адамзат баласының қоныс тебу орыны су, бұлақ, өзен жағаларына жайғасқан. Сонымен су көздерін қорғау, оларды таза ұстау көне заманнан-ақ адамзат баласының күнделікті назарында болып келеді.

Сонымен Жер бетінде тіршіліктің пайда болып, онан әрі дамуында біз өзімізді суға қарыздармыз деп санаймыз. Су дегеніміз - тіршілік, тіршілік дегеніміз - су десек артық айтпаған болар едік, өйткені алғашқы тіршіліктің өзі суда пайда болған ғой. Демек, су - тіршілік тірегі.

Биосферадағы тіршілік атаулының өзегі және қайнар көзі болып саналатын өсімдіктер әлемі аса алуан түрлі және нағыз әсем тірі дүние және ағза.

Жер бетінде күннен келіп түсетін сәуле энергиясы орасан зор. Осындай көп энсргияны бостан-босқа жібермей, қорға "жинақтай" алатын өсімдіктер әлемі жыл сайын 450 миллион тонна органикалық заттар (белок, май, крахмал, органикалық қышқылдар, неше түрлі витаминдер және т.б.) органикалық қосылыстар түзетінін ғалым-биологтар (физиологтар) есептеп шығарды. Керемет көлемдегі мұндай қызметті атқаратын жердің жасыл желегі күн сәулесі

155

энергиясының көмегімен бұкіл биосферадағы тірі организмдерге қажетті өнімдерді ғана алады.



Тынымсыз бұл еңбектердің тіршілік үрдісі нәтижесінде биосферада жыл сайын 150 миллиард тонна көмір қышқыл ғазы сіңіріліп, 120 миллиард тонна оттек атмосфералық ауаға бөлініп шығады. Ғылыми деректерге қарағанда атмосфералык, ауадағы барлық оттектің қорының жиналуы өсімдіктердің оттекті бөліп шығарғаннан болғанын ғалымдар ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.

Осы кездс табиғи байлық қорлары - жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін, пайдалы қазбаларды қорғау керек болып отыр. Оларды қорғау дегеніміз - табиғи байлықтарды ұқыпты, тиімді пайдалану, ұқыпсыздық пен ысырапшылдыққа жол бермеу, табиғи байлықтың болашағын байқау, келешегіне зиян жасамау.

Биосфераның ауа, жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі. Бұл компоненттердің қай-қайсысы болмасын адамзат баласының дамуында шешуші роль атқарады.

Биосфера байлық қоры - бар игіліктің бастауы, тіршілік тірегі, білім бұлағы.

Биосфера - өз үйіміз, оның бар байлығы адамзат баласына қызмет етуге тиістігін, биосфераға деген кез келген жағымсыз әрекетінің қоғамға жат құбылыс екендігін әрбір саналы және сауатты азаматтың есте сақтағаны жөн.

Бірте-бірте биосфераның берерін бір жақты алып отырудың зардаптары да біліне бастады. Ұзақ жылдар бойы бір жерге егін, бау-бақша өсіре бергендіктен жердің құнарлығы төмеңдеп отырады. Көптеген орман-тоғайлар алқаптары өрт қоюдың әсерінен мүлде жойылып кетті. Андардың, балықтардың кейбір түрлері азая түсті. Тіпті өзен, көл, сулары да бара-бара жарамсыз болып қалатын жағдайлар орын алды. Дегенмен адамның өзгертушілік әрекеті әлі де болса кең көлемде болмағаңдықтан, мұндай өзгерістерді биосфераның өзі-ақ қалпына келтіріп отырды.

Көне дәуірде жабайы адамдар биосфераның тек дайын түрдегі өнімдерін пайдаланған болса, осы кездегі адам, ракета, компьютер, космос заманында біз оның алуан түрлі құпия жатқан байлықтарын тауып, барлық тіршілікке жаратудамыз.

Көне заманныц жабайы адамдары биосфера байлығын шексіз ғой деп ойлаған. Оларды адам айтқысыз ысырапсыз пайдалану жағдайында адамзат баласы биосферадағы экологиялық-биология-лық тепе-тендікті, бұзып, биосфера компоненггерін (өсімдіктер

156

әлемін, жануарлар дүниесін, жер, су, ауа және т.б.) кейбір түрлерін жойып жібергенін бүгінгі танда біздер ертеде өмір сүргсн, осы уақытта тек қазбалардан табылған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарынан көругс болады. Мәселен, XX ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін бүкіл жер шарының биосферасында жайқалып өскен ит тұмсығы өтпсйтін орман тоғайлардың үштен екісі, сүтқоректілердің 105 түрі, оның ішінде соңғы елу жылға 40 түрі жойылғандығы бұл күндері кімдерді болса ойландыруға тиіс. Мұндай қасіретті жағдайға құстарда ұшырағанын айтпай кетуге болмайды. Өйткені соңғы екі жүз жылда ғана бір ғана бір уақытта орман-тоғай, бау-бақ, көлдер мен өзендердің көркі болған әнші-жыршы және басқадай лайдалы құстардың 44 түрі биосферадан мүлдем жойылып кетті.



Біздің ғасыр - техникалық, ғылымның барынша еркендеген заманы. Алуан түрлі механизмдермен машинаяар заманы екені белгілі. Қисапсыз көп техниканы қолына ұстаған қазіргі кездегі адамзат баласының биосфера компоненттерін (жер, су, өсімдіктер әлемімен жануарлар дүниесін) жер бетінен мүлдем жойып жіберуге мүмкіншілігі жетеді. Сондықтан да биосфера компоненттерін қорғау проблемаларын алға қойьш отыр.

Биосфера ортасында өмір сүре отырып, адамзат баласы, оның байлықтарын пайдаланудың көптеген жасырын табиғи сырларын ашып, оларды тіршілік өміріне пайдалана білді. Ол табиғи байлық, қорларын меңгеруді жетілдіріп, биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-тендік механизмін дұрыс ұққан сайын биосфе-раға және оның байлықтарына жанашырлықпен қарау қажеттілігі идеясын ұсынып отыр.

Адамзат баласы қаншама жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де.

Биосфера байлығын қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, комплекс жургізілетін, ұзақ мерзімдік, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, қорыта келгенде биосфера компонентгерін (жер, су, ауа, есімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін) қорғау қазақ елінің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына денсаулығының мықты болуына, айналаны қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдай жасайды.

Биосфераның табиғи компоненттерін (жер, су, ауа) қорғау идеясы әсіресе мектеп оқушыларының, студенттердің, болашақ

157


оқытушылардың күнделікті өмірінен, оқу тәрбие үрдісінен лайықты орын алуға тиіс. Бұл іске мектеп мұғалімдерінс, ата-аналарға, халық ағарту қызметкерлеріне пәрменді жұмыс жүргізуге, бұл жұмыстың формаларын жетілдіре түсуге тура келеді.

Биосфера жөне оның химиялық-биологиялық құбылыстары болашақ оқытушылардың танымдық қызығушылығын қалыптас-тырудағы ролі зор екені жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыста-рымыздың қорытындылары толығымен дәлелденді.

Валеологиялық зерттеудің мақсаты студснттердің танымдық қызылуын қалыптастырудағы Қазақстан биосферасының (жер, су, радиоэкологиялық жағдайы, және олардың биологиялық химиялық ролін) көрсету.

Валеологиялық зерттеу объектісі - болашақ оқытушыларға Қазақстан биосферасынан жер, су, радиоэкологиялық жағдайынан білім және тәрбие беруде студенттердің танымдық қызығуын қальштастыру процесі.

Валеологиялық зерттеу пәні - студенттердің Қазақстан биосферасына: жер, су, радиоэкологиялық жағдайына қызығуын тудырып, дамытудың әдістемелік жүйесі.

Волеологияның зертгеу болжамы - егер Қазақстан биосфера-сының жер, су, радиоэкологиялық жағдайына, мазмұнына нақтылы таддау арқылы: 1) негізгі және қосымша ғылыми деректерге құрылған танымдық материалдарды оқыту үрдісінде тиімді пайдаланудың әдістемелік жүйесі жасалса, 2) қызықты қосымша танымдық, оқу матерналын енгізудің ғылыми-теориялық негіздері - анықталса, онда студснітердің - болашақ оқытушылардың Қазақстан биосферасына жер, су, радиоэкологиялық жағдайына, және оларға ғылыми пөн ретіндс қызығуы қалыптаса түсетіні сөзсіз. Мұның өзі осы, ғылыми пәндерден, олардың білім және тәрбие сапасын артуына жағдай жасальшады.

Валеологиялық зерттеудің мақсаты мен болжамына сөйкес мынадай міндеттері анықталды:

1. Жеке пәнге (биосфераға, ноосфера, экология, экожүйе, биологияға, химияға), танымдық қызығуды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік ғылыми-теориялық негіздерін саралау.

2. Студенттердің Қазақстан биосферасына (жер, су, өсім-діктер әлемі мен жануар дүниесіне радиоэкологиялық жағдайына қызығуын тудыратын биологиялық-химиялық материалдардың мазмүнын және танымдық ғылыми деректер түрлерін іріктеу,

158


оларды оқу құралдармеи танымдық ғылыми-методикалық жүйесін жасауға пайдалану.

3. Іріктелген қызықты эксперименттерден, алынған материал-дар мен танымдық деректерді биосфераны, экологияны, химияны оқыту үрдісінде пайдаланудың әдістемелік жүйесін жасау.

4. Жасалған жүйені оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып оның тиімділігін дәлелдеу.

Валеологиялық зерттеудің әдіснамалық ғылыми негізгі - жеке тұлғаға білім және тәрбие беру тұрғысындағы философиялық таным теориясы, психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы, жеке басты тұлғаның, жеке сапаларының қалыптасуына адамзат баласының айналасын қоршаған ортасына тигізетін әсері жөніндегі көзқарастар, жоғары жүйке туралы И.П.Павловтың ілімі.

Жоғарыдағы міндеттерді орындау барысына мына зерттеу әдістері пайдаланылады:

1. Проблеманы шешуге байланысты арнайы және ғылыми-әдеби сипаттағы оқыту-методикалық, ғылыми-теориялық матери-алды таддау.

2. Жоғары оқу орындарында оқитын экологтарға - болашақ оқытушыларға Қазақстан биосферасының жер, су, радиоэко-логиялық жағдайы туралы оқылатын лекциялық курстардың және лабораториялық сабақтардың материалдарын талдау.

3. Университтетерде Қазақстан биосферасын (жерді, суды, ауаны, өсімдіктер әлеммен жануарлар дүниесін) жүйелі түрде пайдаланумен қатар оларды қорғау сабақтарында студенттердің танымдық әрекетін ұйымдастыру жайымен танысып, олардй талдау.

4. Тест - рейтинг жүйесі әдісі бойынша студенттердің біліміне бақылау жасау, жеке әңгімелесу және сауал-сұрақтар үлестіру педагогикалық жүмыстар жүргізу және басқада әдістерді пайдаланып студенттердің қазақстан биосферасына (жер, су, радиоэкологиялық жағдайына) қызығу деңгейін арттыру.

5. Арнайы дайывдалған танымдық ғылыми деректермеи экспери-менттерден алынған қорытындылардан Қазақстан биосферасына (жер, су, ауа, өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесіне, радиоэко-логиялық жағдайына т.б.) студенттердің қызығуын қалыптастыруға тигізетін әсерін анықтау үшін ізденушілік эксперимештер жүргізу. Олардан алынған ғылыми деректерге сапалық және сандық түрде ғылыми тұрғыдан талдау жасау.

159

Валсологиялық зерттеу базасы - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және Алматы қаласымсн облысының мектснтерінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп алынған деректер ғылыми-зерттеу методикасына (әдістеріне) сәйкес өнделді.



Валеологиялық эксперименттік зерттеу нәтижелері Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми-теориялық конфсренцияларында, жоғарыда аталған мектептердің педагогика-лык кеңестері мен отырыстарында талқыланды, ағымдағы баспа-сөздс және журналдарда жарияланып, жоғары оқу орындарының, мектептердің пайдалануына ұсынылды.

Валеологиялық зерттеудің ғылыми жаңалығы және оқыту-методикалық, ғылыми теориялық маңыздылығына келетін болсақ, ол мына төмендегі принциптерден түрады.

а) студенттердің Қазақстан биосферасына танымдық жетіл-дірілген арнаулы -жүйенің қажеттілігі ғылыми түрғыдан негіздеу;

б) "қызығу", "танымдық қызығу", "бір пәнге қызығу", олардың ғылыми-теориялық ара қатынасы, мәндес ғылыми-теориялық ұғымдармен байланыстары айқындалды.

в) Қазақстан биосферасын оқыту үрдісінде студенттердің танымдық қызығуын қалыптастыру үшін қызықты оқу материал-дарын және танымды моделдерді пайдалануына әдістемелік жүйесі ұсынылды. Неше түрлі әлемдік қызықты ғылыми деректер енгізілді.

г) Қазақстан биосферасының ғылыми негізде және қосымша деректерді қамтитын білімге және тәрбиеге негізделген танымдық ғылыми модельдердің түрлері, жасалу тәсілдері айқындалды.

Зерттеудің пракгикалық маңызы. Қызықты қосымша ғылыми деректер мен танымдық моделдерді, тірі объектілерді эксперимент-терден алынған материалдарды лекциялардың, лабораториялық-практикалық сабақтардың кез-келген бөлімдерінде пайдалану арқылы Қазақстан биосферасын (жерін, суын, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, радиоэкологиялық жағдайын т.б.) оқытудың тиімділігі артты, студенттер жеке пән Қазақстан биосферасының экологиясына, биохимиялық ерскшеліктеріне қызығып қоймай, сол салада білімін өздігінен көтеруге ынталана тусті.

Гсография - экология фақультетінде жұмыс істейтін оқытушыларына, профессорларына, доценттеріне, аға оқытушы-ларыиа, педагогикалық практика өткізетін студенттерге арналып, Қазақстан биосферасына, оның химиялық құрамынан танымдық

160

әрекетті дамытуға көмектесетіп қызықты деректер және танымдық эксперименттерден алынған материалдар туралы, бірнеше мстодикалық нұсқаулар баспалардан басылып шығып жарық көрді.



Осы еңбекте келтірілген материалдардың дұрыстығы және ғылыми негізділігіне келетін болсақ, онда жеке бастың диалектикалық-материалистік теориясына негізделген танымдық қызығуды дамыту әдіснамасы, пәнімен мақсатына парабар ғылыми-зерттеу әдістерін пайдалану арқылы дәлелденді. Мұның әдістемелік журналдар "Қазақстан жоғары мектебі", "ізденіс", "биология және химияда" жарияланған мұғалімдердің оң пікірлері құптап, дәлелденді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география-экология факультетінің студенттеріне автор баспада жариялаган маңызды материалдары педагогикалық практика кезінде тұрақты пайдалануы ғылыми-зерттеу нәтижесінің дұрыстығын нақтылай түсті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан жинақталған материалдар бірнеше кезеңдерден қамтиды.

Бірінші кезенде (1985-1990 ж.ж.) - педагогикалық, психология-лық, әдістемелік және биологиялық, химиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасалды.

Зерттеліп отырған проблемалардың жоғары оқу орындарындағы жайын анықтайтын тестілік-рейтинг бақылаулар жүргізіліп, сауал-сұрақтар әзірленді, ғылыми-зертеулердің мақсаты мен міндеттері, болжамы сараланып, анықтаушы эксперимент қоятын материалдар дайындалды. Алматы облысынан, қалаларынан эксперимент өткізілетін мектептердің оқытушыларына әдістемелік нұсқаулар (сабақтардың күнтізбелік жоспарлары, сабақ беруге арналған жоспарлары) берілді.

Екінші кезеңде (1990-1995 ж.ж.) бұл кезеңді іздестіру (оқыту) және қалыптастыру кезеңі деп белгіледік. Студенттерге оқылатын лекция курстары модулдік типпен оқылатын материалдар іріктелініп алынды. Сондай-ақ лабораториялық-практикалық жұмыстардың материалдары іріктеліп, оларды жүргізудің әдістері белгіленді. Олар курсын және оның жеке тақырыптарын қамтитын оқу құралдары ретінде жарияланды. Осы құралдарды пайдалануға арналған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігі зерттеледі.

Үшінші кезенде (1995-2000 ж.ж.) автор Қазақстан биосферасының компоненттеріне - жер, су, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне, радиоэкологиялық жағдайына лабораториялық және дала жағдай-

161

ларына топырақтан, судан, - қисапсыз көп үлгілер алып, оларға химиялық анализдер жасалынды. Зерттеу нәтижесі теориялық тұрғыдан нақтыланып, ғылыми корытындылар жасалынды. Барлық кезеңде жинақталған материалдар, эксперимент жұмысының нәтижслері ғылыми-жүйеге келтіріліп, монография түрінде баяңдалды.



Зсрттеу нөтижелерін мақылдау және оқу-торбие жұмыстарында пайдалану. Алматы облысымен, Алматы қаласының мұғалімдер білімі мен біліктілігін көтеру институтында 1995 жылы қыркүйек айында 20 мектептің мұғалімдеріне "Төл оқулық -топырақтану тақырыптары бойынша қызықты материалдар мен танымдық эксперименттер пайдалану тәсілі тақырыбында 50 сағаттық лекция оқылды. Сондай-ақ, Абай атындағы Алматы мемлсксттік университетінің өсімдіктер экологиясы мен физиологиясы және биохимия кафедрасында 1998 жылы, топырақтану, экология, химия пәдеріне студенттердің танымдық қызығуын қалыптастыру тақырыбында лекия оқылды.

Егер мүмкіншілік туьш қалған жағдайда осы еңбектің ғылыми материаддардың қорытындыларына сүйеніп диссертация жазылатын болса, онда мына төмендегі проблемалар қорғауға ұсынуға болады.

1. "Танымдық қызығу" мен мәндес ұғымдардың байланысын көрсететін ғылыми моделдер.

2. Қазақстан биосферасының компоненттерін (жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлары дүниесі, радиоэкологиялық жағдайларын) оқытуда пайдаланатын оқулыққа қосымша танымдық материалдарды іріктеу бағыттары және ғылыми принциптері.

3. Студенттердің және мектеп оқушыларының танымдық қызығуын қалыптастыратын Қазақстан биосферасын оқығанда алған білімін негізделген танымдық эксперименттік деректердің жіктелуін, жасалу жолының және пайдаланудың негіздемесі.

4. Қазақстан биосферасын (жерді, суды, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, радиоэкологиялық жағдайынын оқыту үрдісімде қосымша ғылыми деретермен танымдық экспери-менттсрдсн алынған материалдарды енгізудің сынақтан өткізілген әдістсмелі жүйесі.

9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)

Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол

162

халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады. Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.



Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ.

Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады.

Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысы - дүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан.

Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебі — сол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы.

Ешбір қағаз бетіне жазылып, указбен (жарлықпен) бекітілмей-ақ түтас бір халықтың рухани қажетіне айналып кеткен мұндай дәстүрлерді неміс философы Э.Канттың, біздің арымыз, ұятымыз деп есептегені де содан болуы керек.

"Халық алдында ұялу деген жақсы сезім - өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы", дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын

163

құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. И.Ньютон, менің басқадан алысырақ керетін себебім - алып-тариығының үстінде тұрмын деп тегін айтпаған ғой. Сол алып, даналық пен данышпандық биігі - қадірлі халық одан үйрене жүріп үйретесің, үйрете жүріп үйренесің.



Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, "жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған.

Қазақ Халқының ұлттық дәстүрлері көп салалы "Өнер алды қызыл тіл" деп, әуелі аталы сөзді құрметтеген. Мұнысы даналықты, ақыл-парасатты, тапқырлықты құрметтегені. Не бір асыл ой, ардақты сезім тілмен айтылған ғой.

"Қырдағы көшпелі халықтың шешендік тапқырлыққа бейім келетіні — алаңсыз көшпелі өмір сүргенінен шығар, әлде өз көз алдыпдағы табиғаттың көп жұлдызды ашық аспан мен ұшы қиырсыз жасыл даланың шабытты әсерінен шығар... Дала тұрғыны - қазақ мораль жағынан да, ой өрісінің қабілеттілігі жағынан да... жоғары тұрады. Поэзияға бейімділік әсіресе суырып салма шешендік барлық көшпелі нәсілдерге тән қасиет" - деген еді ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов.

Расында да халқымыз-атамзаманынан бері кешірімсіз, өте ауыр жағдай деп санап келе жатқан жер дауы, қүн, дауы, жесір дауы, мал дауы т.б. сияқты оқиғаларда көбіне ақылды ұл-қызының аталы айтылған бір ауыз сөзімен ғана бітімге келтіріп шешім тапқызған.

Сан-саналы ұлттық дәстүр атаулының мән-мағынасына үңіле қарасақ, онда адалдық, адамгершілік, ізеттілік, үлкенге құрмет,

164


кішіге шапағат т.б. сияқты аса қасиетті этикалық және эстетикалық тәрбие жатқанын аңғару қиын емес.

Л.Толстой айтқандай тәрбие — бір адамның екінші адамға белгілі адамгершілік әдеттерді дарыту үшін жасайтын ықпалы. Ешбір халық өз ұрпағын жаман болсын, мұрасыз-мұратсыз болсын демейді. Жақсы ғұрпын дәстүр-өнеге етіп ұстайды.

Өздерінің сезім өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын оятқан қазақ халқының таң ғажайып әсем де әсерлі дәстүрлеріне халқымыз аса бір ілтифатпен қарап келген. Әр бір табиғат көрінісінің тұнығын бұзбай аялауды, "обал" деп сылап-сипап отырған. Туған жер, Отан, Ата мекен десе ең алдымен сол жердің өзен-көлін, тау-тасын, орман-тоғайын, ұшқан құс, жүгірген аңын есіне алған. Алыста жүріп аңсап сағынса соны жырға қосқан, қуаныш мерекссіне соны мақтан еткен. Адам бойындағы барлық асыл қасиетті сұлулықты мақтаса сол туған жер табиғатының тазалығынан теңеу тапқан. Ұшы-қиыры жоқ кең пейілді байтақ далаға, төбесі көк тіреген асқар туаға, шалқыған шалқар көлге, мөлдір бұлақ, кернелі өзенге шендестірген. Дәстүрлі той-думан, шілдеханаларда өнерпаз сөз шеберлері айтысса табиғаттың көркін, байлығын, соның құшағындағы ел тұрмысының салтанатын мақтан еткен.

Адамзат болсын ерте заманнан бері табиғат-ана асырап келеді. Алғашқы қоғамнан қазіргі космос дәуіріне дейін адам баласының азық-түлік, киім-кешек, басиана, көлік, өндіріс құралы мен қорғаныс қаруы - өмір сүруге қажетті барлық мұқтажын өтеп келе жатқан жомарт табиғат қазынасы. Бертін келе адамды тұрмыс түзеу, баю мұратына жеткізген де осы табиғат байлығы.

Күнделікті өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, биологиялық* ерекшеліктеріне байланысты қазақ халқы табиғат қойнында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқаймыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жаңашыр етіп жіберген сияқты. Халықтың табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадірлеп-қасиеттеуін көрсетілетін дәрежелерді тарихтан, ғана емес, бүгінгі өмір тағылымынан, тұрмыстың сан сала, сан тарауларынан кездестіреміз. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз да оюлы сырмақ, текемет, түс кигіз немесе айшықты ер-тоқым, тұрман, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, я болмаса өрнекті киім-кешектің бір жұрнағын кездестіруіңіз мүмкін. Ол көзі қимай сақтаған секінің жұрнағы емес. Халық санасына терең ұялаған, туған табиғатына тән көркемдік сезімнің бүгінгі күнге қажетсінуінен туған,

165


болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасымен барар даңғыл жолы бар дәстүрлі дүние. Әртүрлі бұйымдарға түсірілген ою, айшық-өрнектердің қай-қайсысы болмасын өзімізді қоршаған табиғаттың бір бөлшегін көз алдымызға тартады. Түс кигізден тау жолдары, бұлак сулары, даланың хош иісті гүл-бәйшешск жапырақтарын елестетсек, сырмақтардан малдың, аңдардың мүйіз-тұяқ үлгілерін, құстардың қанаты мен тұмсықтарының алуан суретін байқаймыз. Тұтас алғанда халықтың өзі мекен еткен тау мен даланың бай табиғаты, жыры сияқты. Демек, халық тұрмысқа керекті заттың қажетін ғана емес, рухани қажетін, творчеетволық шабыт кезін де табиғаттан тапқан.

Сүлулық пен көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі бәрі де адамға ләззат береді. Олардың жазықсыз жәбірлеуге, елтіруге, отауға арамдауға, бүлдіруге, құртуға болмайды — дейді халық дәстүрлерінде.

Ес білгеннен бастап ата-ангасынан ел ағасынан, үлкендерден ене бойы айтылатын өсиеттермен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұсқан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастырып, алдындағы малы мен айналасындағы табиғаттың игілігін көруге баулиды.

Жазықсыз аң мен құсқа мейірлене қарағаннан әр замандағы махаббат сезімі де біреуден біреуге, "ақсұңқарым", "аққуым", "ақмаральш", "балапаным", "бұлбұлым", "тотым" сияқты теңеу-лермен айтылып, тарағанында да күмөн жоқ..

Адамды аңға, құсқа тигізбей, олардың өз бетімен еркін тіршілік етуіне мүмкіндік беру үшін. Жануардын, қанын босқа төкпеу үшін, адам баласын жыртқыштан, қанқұмарлықтан аяусыздықтан, жаны ашымастықтан бетбақтықтан аулақ ету мақсатымен, бұндай жаман әдеттен адам баласының қоғамын аман алып қалуы үшін, халқымыздың арасына кең тараған аңыздар, дәстүрлер, ертектер көп. Олардың бәрінің де, ойлап қараған кісіге тамыры терең, мазмұны кең, тәрибелік мәні зор, үлгі, есиет аларлық парасаты мол.

Халқымыз обал мен субапты, адалдық пен арамдықты ажырата біледі және бұл ұғымдар ел санасынан ерекше орын алған. Әрбір қазақ бір жұмысты істерде оны жаңағы айтқан төрт тұрғыдан қарайды.

Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім білсін, қай заманнан қалыптасқан дәстүр екенін, қазақтар әйтеуір аққуды

166


кадірлейді. Табиғаттың жандысы болсын, жансызы болсын, қажеттігімен ғана емес, көркімен, айналадағы өмірге сән беріп жарасуымен құнды, өз алдына сырға толы таңғажайып әсері, тарту күні бар эстетика. Бір ғажабы сонан күнбе-күн ләззат, нор алып отырғанымызды байқамаймыз да.

Басқа хаиуанаттар мен құстар дүниесін былай қойғанда, бір ғана осы аққу атына байланысты біз ел аузынан, эпостардан неше түрлі аяулы сөздер естиміз. әйел қауымының жан нәзіктігін, тазалығы мен сұлулық сипатын, аяулылығын "Аққудай ару" деген бір ауыз теңеу сөздің құдіретінен түсінеміз. Адамның көңіл күйінің жығылуын суреттеген "Аққуы қайтып оралмаған құлазыған көлдсй болдым" деген сөздердің құдіретін тағы да аққу атынан табамыз.

Міне мұның бәрі табиғат пен етене бауыр болып кеткен халықтың өз айналасындағы аңдар мен құстардың психологиялық күйіне қаншама қанық болғанын, олардың сырт көрінісін қызықтаушы ғана емес, ішкі сырын, өмірін байқап, зерттеп түсінгендігін аңғартады.

Тау-тас, орман-тоғай, шеп пен су сияқты андар мен құстар да адамзаттың қажеттін өтеп, сән-салтанатын жарастырып келе жатқан ежелгі досы, сырласы. Тарихқа үңілсек, бұлардың ерте заманда адамзат мәдениетімен өнерінің тапқырлық, ақыл-парасатының өсуіне де көп әсері тигенін көреміз.

Аққу серігі мерт болған жерге өзі жанын құрбан ететін оның ұлы қасиеті халық көңіліне ұнаған. Оның аты — опалы, мейірімді, әділетті болу қиянат пен зорлыққа немқұрайды қарамау. Халыққа ұнаған бұл қасиеттің жас ұрпақты опасыздықтан жиіркендіріп, патриоттыққа тәрбиелеуде философиялық үлкен мән-мағынасы бар екені түсінікті. Әрйне аққуға тисең бақытсыздыққа ұшырайсың дегендей сез тындамас тентектерді қорқыту ( жасқандыру үшін қосылған қоспалар болуы мүмкін. Атақты ақын және халық композиторы Ыбырай Сандыбаевтың "Гәкку'' атты әйгілі әнінің шығу тарихы да Көкшенің көгілдір көлінде салтанат құрған аққу әсерінен туған деседі — халық.

Қазақ жалпы құс атаулыны аяиды, оларға жанашырлық білдіреді. Тұмсығы тесік құстар бәрі табиғаттың азат перзенті. Оның бостығына, өсіп көбеюіне қиянат етпеу керек, оларды жәбірлемеу керек деп түсінеді. Балалар ойнап жүріп торғайдың балапанын ұстап алса да дереу қоя бергізеді.

167

Құстың ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапанын жәбірлемеу егде тартқан адамдардың қашаннан бергі балаларына айтып отыратын өсиет. Олар мұндай қиянатқа тиым салып отырды. Ілуде бір тентекті қөрсе жағасын ұстап жек көріп кетеді. Өзіңе зияны тимеген, аңға, жәндікке тиіспе деп үйретеді.



Табиғатта өз міндетін етемейтін басы артық ештеңе жок, бәрі де адам үшін қызмет істейді. Тырна келсе "Жыл құсы". "Қаз қайтса күз", "Қарға келсе қар қалмайды", "Ұзақ келсе қыс аяғы ұзамайды", "Көкек кслсе көктем", "Сауысқан келсе суық болады" т.б. деген қағидалар халық көңілінен мықты орнаған. Осы айтылғандардың жастарға тәлім-тәрбие беруде атқаратын ролі орасан зор.

Жылан - қазақ елінің және басқа халықтардың ұғымында ең жауыз жәндік. Кейде жайлау үстінде жыланның үйге кіріп кететін жайы да болады. Сонда оның ештеңеге зияны тимеесе, бірдеңеден қорқып келген шығар деи, мүсәпір етіп, қиянат жасамай, басына ақ құйып шығарады. "Таспен атқанды аспен ат, өзің мейірімді, жақсы болсаң өзгеге жақсылық жасасаң сағанда біреу қастық ойламайды" - деп жыланға да адамгершілік, жанашырлықпен қарайды. Бұл ең алдымен, жоғары гуманистік қасиеттен туған дәстүр, халықтың кең пейілдігін, бейбіт өмірді, жан иесінің азаттығын қасиеттеуді өздеріне парыз санап, қас-күнемдікке, қанды қолдықка, өздерін де, ұрпақтарын да, сол сияқты бүкіл замана атаулыға қиянатқа бастырмауды ниет тұтқанын көрсетеді.

Табиғат құшағындағы көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі, ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі, алдындағы малы ғана болды. Мал да табиғаттың адамға тартқан үлкен сиы. Оны ысыран етпей, тұрмыс керегіне жаратып пайдалануды, мейлінше өсіруді ежелден төл ісіміз деп санаған.

Малды қорлау, жебірлеу үлкен қиянат. Кейбір тентектердің мінген атын сабағынан көрсе ақсақалдар жерлеп, ұрысып тастайды. Тамақ-тұрмыс қажетіне мал сойса, қастерлеп, қадірлеп, жақсы сөздерімен батасын айтып таза, қинамай сояды. Қанжынына дейін кісі аяғы баспайтын таза жерлерге төгіп, көмеді. Бүл дәстүр, біріншіден, хайуанды қорламау болса, екіншіден, тазалықты сақтау, ауыл маңына, ас-суға шыбын-шіркей үймелетпеу — жалпы мәдениет этикасы болып табылады.

Аңға, құсқа деген халықтың көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті біз күні бүгінге дейін еліміздің өмірінен, тұрмысынан көреміз. Олардың сүйкімділігін, көріктілігін, момындығы мен жәбірсіздігін жақсы көріп, солардай болсын деп перзенттерінің

168


есімін де солардың атымен атаған. Ел ішінен Ақмарал, Құралай, Ботакөз, Бұлғын, Қарлығаш, ал ата-анасы ер жүрек, қайратты азамат болсын деген тілекпен қойған Арыстан, Бүркіт, Қаршыға деген аттарды естігенде тапқырлығына сүйсінеміз.

Бүгінгі адамзаттың асыл мұраты бостандық, тыныш өмір сүріп өсіп-өну. Сол үшін де ақ ниетті адамдар озбырлыққа, адамзат баласын жаппай қырып-жоятын қаруға, шапқыншылық соғысқа қарсы күресті өрістетіп отыр. Осының бәрі азаттык, мүддесі. Халықтың адамгершілікті жанашырлық сипаты асыл дәстүрлері міне осындай дүниенің түбегейлі мүддесімен астасып жатқанын сеземіз. Сеземіз де осындай қасиетті ойды ұрпақтан-ұрпаққа тұнық, таза қалпында жеткізуге қызмет істеуге тырысамыз.

Басқа бір елдің рухани байлығына, мәдениетіне, салт-санасына, дәстүрлеріне, материалдық қазынасына, табиғат байлықтарына сырттан келген келімсектердің жаны ашымайды. Қайта сол басып кірген жерінің бар байлығын қайтсе де көбірек тартып алуды меншіктенуді көксейді. Тегін жатқан байлық, көлденең олжа жаулап алушылардың көкейтесті арманы. Олар сол жердің негізгі иссінің, сол жерді ежелден пайдаланушы халықтың қамын ойлаған емес. Оны қазақ халқының өмірінен жақсы көруге болады. Келімсектер тек өз пайдасын көздейді, қалтасын толтырып, керегін алып, болмаса ежелгі жерін, суын тартып алып өз пайдасына жаратып отырады. Ауыртпашылықтың нешс түрлі тауқыметін тартатын сол жерлерде ежелден тұрып келе жатқан халық болады. Тұрмыстың неше түрлі тауқыметін біздің қазақ елі тартты ғой. Жерді отарлау басып алу, зорлық, зомбылық жасау, басьш кіру, тартып алу, халықтың ежелден келе жатқан тыныштығын бұзу, асу, ату, өлтіру сияқты жыртқыштық тәсілдерін бәрін қазақ халқы'басынан өткізді.

Бір кезде патшалық Россия үкіметі де қазақ даласын, оның байлығын, елдің өзіне тиісті мол қазынасын әр түрлі әдіс-айламен, кейде күшпен қорқыту, ығыстырумен ала беруге кешкені белгілі.

Сонау он сегізінші ғасырдың аяқ кезінің езінде қазақ ауылдарына (руларына), Ертістің оң жағындағы ата мекеніне көшіп баруға, ол жерлерді пайдалауға, мал бағуға патша үкіметі тиім салған болатын. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін, өз тәуелсіздігімізді алғанға дейін бір күнде толастаған емес. Тегін жатқан мол жайылым мен шабындықты, үйір-үйірімен ен далаға симай жатқан құлан мен тағы жылқының бір түрі - тарпанды, сол кезде-ақ ақ патшаның әскерлері меншіктеніп алған болатын.

169


Әуелде "бейбіт" жолмен келіп, кейбір аға сұлтандарға атақ-дәреже беріп, өктем күшін мықтап орнықтырып алған ақ патша аға сұлтандардың өз мекендерінен қуып жіберіп отырды. Міне осындай, дала өміріне енген зорлық-зомбылық күштері, ежелден келе жатқан салт-сана мен дәстүрлерді мүлде жойып жіберді. Халық өз тілінен мәдениетінен айырыльш қалғанын қазақ елі жақсы біледі.

Адам дүниедегі ең ақылды жаратьшған Биосфера перзені. Оның қолынан жақсылық та, зұлымдық та келеді. Қолында малы көп болып, не ішейін, не киейін деп ойламаған кезде андар мен құстарға, жалпы биосфера компонентгеріне (жерге, суға, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесінс) адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық ойлаған. Қазақ елі жайлауы мен малынан айрылып, амалсыздан амалсыз аң, балық аулаудың әр түрлі айла тәсілдерін қолданып күн көрсе де ежелгі әдет және аса бағалы ұлттық дәстүрлерінен ұлы Абайдың "ақырын жүріп андьш бас, ұстаздық еткен жалықпас" деген даналы сөзін басшылыққа алып, қазақ халқы жастарға валеологиялық білім және тәрбие беруден бірде-бір күн жалыққан емес.

Әуелде үш жүзге бөлінген қазақ халқының мекендейтін жерлері "мекендеғен жер-суына қарай олардың салт-сана, әдет-ғүрып ерекшеліктері, айырмашылықтары белгілі дөстүрлері болды. Ондайларды сөйлеген сөзден, киген киімнен, пісірілген астан, тіккен киіз үй мен жасау, ер-тоқымнан байқауға болады.

Аңшы жабайы андар мен құстардың өсіп көбеюін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрысын, дағдысын білумен қатар, олардың мінезін жақсы білуге байланысты нәрсе. Осы асыл дәстүрлерді қазақ халқы балаларына атап үйретіп отырған.

Ескі аңшылық дәстүр бойынша аңның көбіне еркегін атады да ұрғашысы мен балаларын атпайды.

Қай заман, қай ғасырда болсын қазақ халқында табиғатқа тағылықпен қарау болған жоқ, жабайы аңдар мен құстарға дейін жанашырлықппен қарады. Өзінің қолда бар, еңбек етіп асыраған малына қанағат етті. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдығы, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп қарады.

Қазақ арасында бұрын "адам топырақтан жаралды" деген ұғым болғаны рас. Сондықтан да топыраққа, жерге, тірі жүрсең де, өлсең де менің деп ықыласпен қарады. Жерді қазу, шұқылау берекесін кетіру - бәрі де оны жаралаумен тең, оның қаһарына

170


душар болу деген сез — деп ұқты. Осындай түсініктер жер бетінің бүтін болуына, топырақтың тозбауына, көркінің кетпеуіне үлкен себеп болды. Халықтың еңбек ері, дүние жүзіне атағы әйгілі, белгілі дикан, күріш өсіруші Ыбырай Жақаев: "Мен рахметті жерге айтар едім, - дейді - өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан", "Қасиетті Жер-ана сенсің менің ардақтым!". Міне бұл сөздер жерді ұқсатуды кәсіпеткен сол жердің қасиетін, кереметін, "тілін" түсіне білген адамның сөзі.

Осындай дәстүрлі ісімен қазақ ақсақалы аумағы кішігірім совхоз орталығындай жерден жыл сайын күріштің дариясын шалқытып бір рекорттан бір рекордты туғызып дүние жүзінің күріші өсірушілеріне өнеге көрсетіп жүрген болатын. Кейіннен ол ұлы адам дүние салды.

Табиғаттың ләззатті көктемін адам баласыньщ ақын жанды перзенттерінің жырламағаны жоқ деуге болады. Ақында, жазушы да, ғалым да, композитор мен суретші де табиғат көктемінің сан алуан сырлы сипатын, сұлулығымен кереметін дәріптеп, анадай аялап, сәбидей мәпелеп, көне тарих жолының басынан бері қарай із қалдырып келе жатқаны баршаға белгілі жағдай. Кол-көсір байлықтың тегі-өсімдік дүниесі екенін біздің қазақ халқы жақсы білген. "Көкті жұлма — көктей соларсың" деген нақыл сөзде көк шөпкс деген жанашырлық қамқорлық, философиялық терең мағына жатыр. Бұл нақыл сөз өсімдік қадірін білгендіктен туған.

Тамақ, киім, отын, баспана, құрылыс өндіріс материалдары, дәрі-дәрімек бәрінде өсімдіктерден алатыны баршаға белгілі.

Жерге, өсімдікке деген ықылас пен көзқарас әрбір ауылды белгілі бір жолмен, белгілі^ уақытта кешуге, белгілі құдықтың, немесе бұлақтың басына қонуға, малды үйренген жерге жоюға қалыптастырып үйретті. Осындай көшу, қону жағдайларына байланысты мал жайылымы қыстау, жайлдау, көктеу, күзеуге бөлініп, жылдың төрт мезгіліңце әр ауылдың қоныс ететін бслгілі жерлері болды. Бұл сияқты жерді, өрісті бөлу ұзақтан, әріден басталғандықтан атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған берік қағида, дағдыға айналды. Әр жүздің, рудың, ауылдың мал баққан жерлері солардың ортақ меншіктеріне айналып кетті. Басқа біреудің айтайық бір ауылдың, екінші ауылдың жеріне мал жаюы, немесе, ұлықсатсыз келіп көшіп алуы үлкен дау-жанжалға айналатын болған.

171


Абайдың: "Ерте барсам жерімді жеп қоямындеп, ықтырма мен күзеуде отырар бай" - деуі, бір жағынан байдың сарандығын сықақтаса, екіншіден мал жаятын жердің қатаң есептелуі екенін, жердің шөбін де тиімді пайдаланудың қажеттігін көрсетеді.

Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдікке шапағатты көзқарас халықтың қасиетті сезімі қазақ халқы ұғымында жер өртеу, үлкен кылмыс. Жер мен оның өсімдігі заласыз, зардапсыз, пөк әлем. Пісіп тұрған шалғында өртсу елге деген орны толмайтын зиян. Сол үшін де даныяшан Абай "Атың шықпаса, жер өрте" деген сөзді түйреп, "Жер өртеп шығарған атың құрысын" дейді. Көшпелі қазақ ауылдарындағы үлкендср ертеден-ақ кейінгілерге "Отпен ойнама" ден өсиет айтқан. Қадірлі өсиетпен тәрбиеленген қазақ баласы соғыс өртін ешқашанда тудырған емес.

Жан иесі ғана емес, жер бетінс шығып көгеріп тұрған өсімдіктерідің дс тіршілігі бар. Кесілген ағаштың немесе жұлынған шөптің аққан сөлі - көз жасы сияқты жас ағаштың сынғанын, гүл-бәйшешектің мезгілсіз жұлынғанын көрсек аяныш білдіреміз.

"Көкті жұлма, көктей соларсың", немесе "көктей солғыр", "өспегір" деп біреуге лағынет айту да осындай ұғымынан туғаны өзінен-өзі белгілі. Әрине мұндағы негізгі философиялық мағына тіршілік еткісі келген дүниені тиіспе, залал келтірме, зақымдама деген аталы ақыл. Шынына келетін болсақ өсіп түрған "әдемі ағаштың, гүл, жеміс" ағаштарының адам баласына, түрлі жан-жануарларға, жер көркіне келтірер пайдасы сан алуан.

Біреуге риза болғанда "көсегең көгерсін", "өркенің өссін" дейді. Қазақ қандай тамаша жүрекке жылы тиетін тілек. Халықтын өз туындысымен түсіндіргенде: "Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды" деген мағынада.

Оңтүстікте "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген создер бар. Әкесінің егіп кеткен жас шыбығы кейін өсе келе жемісті, саялы баққа айналып ұрпағынан-ұрпағына дәулет болып келе жатқандар да аз еемес.

Ғасырлар бойы көшіп жүріп малды жайып, бағу биосфера компоненттерігі тиімді пайдаланудың дәстүрлі жолдарын туғызды.

Ауыл ақсақалдары жұрттың шаңы шығып, тақырға айналып кетуіне жол бермегсн. Құлындар байлайтын желілерді, қозылар көгенделінетін көгендерді ауыстырып отыру әдетке айналдырған өмір тәжірибесімен істелген мұндай жұмыстардың табиғатты қорғау жөнінен ғылыми негізі бар. Шөп тамырымен жойылса, ондай жерге ендігі жылы шөп шықпай қалады. Жұртты тақырға

172

айналдырып жіберу табиғатты орынды пайдаланбағанның, жерге жаны ашымағаның ісі.



Сондықтан да ауыл қонып отырған жұртты тоздырмай, қарайтып шаңын шығармай тұрып көшу басқа жерге жүрт аударып отыру, ел көшкен кезде қазылған жер ошақ, шұңқыр, апандарда көміп тегістеп, кететін қазақ шаруаларының ежелден келе жатқан аса бір пайдалы дәстүрі. Бұндай жаңашырлықтың бүгінгі шаруашылыққа да үлкен пайдасы тиеді.

Жайылым мен жердің жасыл шебі ғана емес, қазақ дәстүрінде орман-тоғайды қорғау мен пайдаланудың да өзіндік, қағидалары бар. "Ағаш көркі жапырақ адам көркі шүберек" деген нақыл сөзде, адам меп ағашты бірдей тіршілік ететін табиғат деп қараудан туған.

Көшпелі елдің өмірі бөлек-салақ, күнделікті тұрмысқа қажеті жоқ артық заттардан аулақ болуды талап етеді. Керегі жоқ болса, ағашты кеспеу, шөпті шаппау, бүлдірмеу, жемейтін болсаң жемісті үзбеу сияқты толып жатқан "обалға" барып тірелетін өсиет кеңінен таралғанын да білеміз.

Орман-тоғай арасынан қазақ шаруалары қажеті үшін жеміс беретін ағашты әсте кеспеген. Жерімізде бар табиғат байлықтарының кейбірінің осы күндері аса мол болуы, біздерден бұрын осы жерді мекендсген адамдар еңбегінің жемісі. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген ұрпаққа сын көзімен қарайтыны, басым болады. Ол да зандылық. Ондағы мақсат - өткен қателікті қайталамау.

Қазақтың дәстүрлі өсетін - өсімдіктерді "жұлма", "өртеме", "таптама", "кеспе" деп ғасырлар бойы қолдағы барды сақтағысы келсе, ендігі ұрпақ өскелең өмірдің бар мүмкіншіліктерін қолдана отырып, табиғатты одан әрі мол да. Көрікті, сүлу да берекелі ету үшін шел даланы құлпырған орман алқаптарына айландыруда.

Табиғат қоры адам үшін тегін дүние сияқты. Бірақ табиғатта керексіз, қалай болса солай жұмсап пайдалана беретін, не ысырап қыла беретін тегін ештеңе жоқ. Бәрінің де өз міндеті керек орны бар. Қандай зәт болмасын, өзінің молшьшығымен бағалы. Молшылықты қадірлемеу, бағаламаудан тапшылықтың тақсіретін тартқан кездерде болған. Міне халық сол өмір тәжірибесінен дұрыс қорытынды шығармағандықтан "ой шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар" деген даналық сөз тастаған үрпағына.

173

Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздер естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер "суды сабама", "бұлақты лайлама", "көң-қоқырды су басынан аулақ төк", "суды сапырма" деп жасынан үйретеді. Осы сөздерден тегінде су тазалығын сақтауға қаншама мән берілгендігін көреміз.



Суды ылайламау, суды сабаламау, былғамау, әрбір дала тұрғының тікелей борышына айналған. Мұның өзі тек судың ғана қамы емсс, ондағы балықтардың, су бойын мекендеген құстардың қамы. Соларға тыныштық, өрісті өмір жайлы тіршілік тілегінен туған дәстүрлі сөздер.

Казақ ауылдары құдық, бұлақ суларының тазалығына қатты көңіл бөлген. Қыстау, көктеу не жайлау мен күзеуде құдық болса ел көшкенде шегендеп кетіп, көшіп келгенде аршып отырған. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған.

Қазақ елі қанша жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де. Ғасырлар қатарында жатқан жер-өлкелер тарихына қарап, ежелгі географияларға зер салсақ, бір кездс жайқалып жатқан талай-талай арналы өзен, өлкелі сулардың жоқ болып ксткенін көреміз. Ал ежелден малшы жүрт көшіп,-қонып, қоныстап жүрген жерлердегі кішкентай бұлақтар мен су көздерінің сол ғасырлар бойы сақталып келе жатқанынына да куә боламыз. Мұнын себебі, қамқорлық жасамаса тозбайтын дүние жоқ. Тек адам ойы өзгерместен өмір кеше береді.

Жолаушы қазақ ат шалдырған жерінде кездестірген кішкентай тұнбаның көзін көрсе жарықтықай" деп, алақаны мен, не тастың жарқашымен болса да аршып, көзін кеңейтіп кетеді. Аға алмай жатқан туманның көзін ашып кеңейтіп қайда жүрсе өзіне борыш санайды. Мысалы, мал баққан елдің ежелгі және қазіргі мекендерін аралап жүрсеңіз осындай оқиғаларға байланысты қойылған жер-су аттарын жиі кездестіреміз. Арқада Құланбұлақ, Айнабұлақ, Құлан өтпес, "Май-құдық т.б. су аттары, Жидебай, Көкен т.б. Жер аттары санай берсек толып жатыр. Осының бәрінің де қызықты өз тарихы тәлім-тәрбиелік мәні бар.

Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны жалпы халыққа, тіршілікке, орман-тоғай өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік беруші деп қараған. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс саналған. Сол үшін атам заманнан бері қазақ үйіндегі су,

174


қымыз, айран-шалап, кеже, сүт сияқты сусындар тегін. Айдалада мал бағып отырған жалғыз үй болса да белдеуіне ат байлаған жолаушыға ең алдымен сусын беріп аттандырады, қонса, не түстенсе сусынымен қоса қонақысы да тегін. Бұл тіпті сол жолаушыны үй иесінің тану-танымауына немесе оның кім, не істеп жүрген пенде екеніне байланысты емес.

Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын үшін, саба-саба қымызын өздері ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден қасиетті ел берекесі болса, екіншіден суды, сусынды қадірлеу дәстүрі,. Біздіңше мұндай аса биік адамгершілікті дәстүр, еш уақытта да берекелі ел арасынан жоғалмақ емес. Қайта халықтың әл-ауқаты, мәдениеті, тұрмыс салты өскен сайын жаңа мағына алып, тұлғаланып есе бермек.

Орыстың атақты ғалымы Нобель сыйлығын алған И.И.Мечниковтың теориясына қарағанда, әрбір халықтың, елдің цивилизацияға, мәдениетке жетуіне басты әсер етуші, мүмкіндік беруші ~ су байлығы болып саналатын көрінеді. Тереңірек алып қарағанда ең ерте замандардағы цивилизациямыздың өзі Нил, Тигр, Евфрат, Ганга, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында пайда болған. Одан ксйін Жерорта теңізі маңайындағы гректермен римдіктердің цивилизациясы, сосын Американың ашылу дәуіріне байланысты "океандық цивилизацияның пайда балғаны белгілі".

Ал біздің Қазақстан жерін, оның елін алып қарайтын болсақ сонау ертеден келіп жеткен эпикалық дастандардағы тұрмыс сурсттері, әдет-ғұрып, қақтығыс-тартыстарда Еділ мен Жайықтың, Сырдария мсн Ертістің, Аягөз бен Есілдің жағалаларында "Арал, Балхаш, Зайсан сияқты көлдер айналасындағы жерлерде өтксні байқалады. Өйткені кейбір көшпелі елдің де жайлайтын жері көшіп жүрсе дс ұзап кете алмайтын жерлері, өзендер мен көлдердің маңайы еді. Мыңғырған мал, жайқалған егін. Су бар жердің айналасынан табылған.

Дені мал бағып, азы егін егіп, көшіп - конып ен даланы жайлаған қазақ халқы үшін, әсірссе, судың қадірі қымбат еді. Бірақ олар аққан өзен мен көл, бұлақ, суларын ешкімнің меншігіне жатпайтын қасиетті дүние санаған. Әркім өз ыдысына құйып алған суды ғана қажетіне ғана айдалаға құдық қазып, қалың елді мал-жанымен шөлден аман алып қалған, немесе күн көрісіне себеп болған жекелеген адамдарды, батырларды, аңызға

175


айналдырып, олардың бейтінің басына барып тағзым етіп бас иетін, дастан, жыр етіп айтып жүретін болған.

Қорыта келе айтарымыз, қазақтың ежелгі дәстүрлерінде суға дегсн көзқарас — оны бүлдіру, былғау, ластау емес, қайта оны қадірлеу, қасиеттеу, аса жоғары бағалау болған.

Табиғат қорғау және экология проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін, әрине маман кадрлар керек, Халық шаруашылығы салаларында табиғат байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың экология және табиғатты қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек.

Табиғатқа жанашыр болу — адамзат қоғамына оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан табиғат қорғау және экология мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзі мен бірге ала жүретін төл ісіне айландыру керек.

Қазіргі кезде халықаралық табиғат қорғау және экология қоғамы жер жүзіндегі әрбір халықтың ежелден бері қарай, сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе жатқан табигатты қорғау экология мәселелерін шешу дәстүрлерін жинауға кірісті. Әрбір халықтың халық болып тарихта белгілі бола бастауына, олардың географиялық орналасуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кәсіп етіп келген шаруашылығына байланысты әр халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген көзқарасы бұрын да әр түрлі болғаны, қазіргі кезде әр түрлі екені белгілі бола бастады.

Жер шарында табиғи ресурстар мол болғанымен ол сарқылмайтын дүние емес. Адам өмірі үшін шикізат күннен күнге көп керек. Тіпті жекелеген адамдардың табиғатқа немқұрайлы, селқос қарауы қаншама зиянды екенін әрбір адам борышындай сезінуі керек. Қазақ жерінің биосферасын пайдалануға біздің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың да мүмкіндігі болуға тиіс екенін ұмытпауға міндеттіміз.

Халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген дәстүрлерін жинақтау, оны кеңінен тарату адамдарды табиғатты сүюгс ғана емес, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу — аса маңызды мәселе. Табиғатты сүю — Отанды, туған елді, жерді сүю деген сөз, оның барлық табиғатын еселендіріп көбейту, байлығын тасыту деген сөз.

176


Бұрынғы ата-бабаларымыз өз елінің табиғатына қалай қарады, біз ата-баба жақсы дәстүрін, қалдырған мұрасын орындап жүрміз бе, жоқ па деген сұрақты әркім өзіне ғана қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете білсе, туған жер табиғаты бұрынғыдан да бетер жайнай түсуіне, байи түсуінде көбейе беруінде күмөн жоқ.

Саялы орман-тоғайсыз, айдынды шалқар келсіз, бітік шыққан егінсіз мыңғырған төрт түлік малсыз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да табиғи ресурстарды үнемді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.

Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның жастарға үлгі-өнеге болуы занды десек, кейде керісінше, жас адамның да өзінен үлкен кісіге ықпал етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені үйренумен қатар, оған да ерекше қабілеттілігімен ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға тәнті болды. Оның "Шоқан табиғаттың өзі тудырған дара тұлға" деп бағалауы да тегін емес. Шоқан туралы Г.Потанин "біздің жасымыз одан үлкен болса да, ол білім жағынан бізге аға сияқты еді, біз оның қасында жалаңаяқ бала сияқты едік, ... ол біздің жолдастарымызға және маған да білім жағынан "Европаға қарайтын терезе сияқты еді.... Деген болатын.1

Адамның жан-жақты үйлесімді жетіліуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің тигізетін әсері ерекше. Кадрлар даярлауда, және олардың біліктілігін арттыруда халық дөстүрлері айрықша роль атқарады. Үздіксіз экологиялық білім беруде де қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, жастарға белгілі бір немесе бірнеше мамандықтарға ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға халық дәстүрлерінің атқаратын ролі орасан зор.

Осы айтылғандардың бәрі казақ халқының дәстүрлерінің барлық салаларын педагогикалық, психологиялық, экономикалық және философиялық тұрғыдан комплексті түрде зерттеуді қажет ететіні өзінен-өзі белгілі.

Халық дәстүрлерінің теориялық жағдайын және практикалық актуальдығын жан-жақты зерттеу Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің міндеті. Қазақ халқының дәстүрлері



1 Г.Потанин биографические сведения о Ч.Валиханове. В. Кн. Ч.Ч.Валиханов. Собранные сочин. В томт., Алма-Ата, 1985, С.354.

177


жеке адамның үйлесімді дамуы мен қабілеттілігі, әртүрлі кәсіби мамандықтардың ебдейліктері мен дағдыларының жүйесі, өнді-рістік шеберлігі туралы теориялық және практикалық мәселелерді қазіргі заман талабына сай шешіп береді және халық шаруа-шылығына үлкен экономикалық пайда келтіретініне сеніміміз мол.

Демократияны жетілдіру, яғни өндіргіш күштердің өрге басуы еңбек өнімділігінің өсуі, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, қоғамдық белсенділіктің артуы, халықтың әл-ауқатының жақсаратыны т.б. ұлан-байтақ міндеттерді жүзеге асыру үшін жастарға қабілеттілік, ебдейлілік, кәсіби шеберлік сияқты іскерлік қасисттерді меңгерудің ғылыми негізі халықтық дәстүрлерінде жатқанын әрқашанда еске алып отырған жөн.

Сондықтан да осы еңбекте халық дәстүрлерінің жастардың қабілеттілік, дағды, ебдейлік және шеберлік мәселелерін же-тілдіруге тигізетін пайдасын арнайы қойып, зерттеп, зерттеулердін нәтижелерін баяндауымыз осы тараудың ('Теориялық жағдайы мен практикалық"), актуалдылығының негізгі мақсаты болды. Әрбір жастың жан-жақты үйлесімді дамуы мен өзінің дарындылық қасиеттерін жетілдіре түсутс қазақ елінің салт-саналары, әдст-ғұрыптары мен дәстүрлерінің педагогикалық, психологиялық, философиялық және эконоимкалық ғылым саналарының дамуына қосатын ролі орасан зор.

Осы мақсатқа сәйкес Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде қоғамдық негізде ұйымдастырылған "өмір мектебі" жұмыс істеп келеді. Ол қазіргі кезде өзінің көлемін кеңейтіп, басқа да мектептерде ұйымдастырылып, қарқынды жұмыс істеуде. Ол әр түрлі игіліктердің негізгі орынына айналып отыр.

9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері

Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрым-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

178

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді. Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне үшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, өскери қару -жарақтардьщ жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді.



Космодромда неше түрлі өнеркәсіп және шаруашылық орын-дары бар. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың. зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептсу орталығы бар.

Космодром 1957 жылы салынған. Оның орталығы - Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшырататын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандыры осы Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын мсдициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық отгек, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шакырым автомобилвдер жүретін магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Көп салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Осы аймаққа космодром саламыз деп Ресей үкіметі ешкімнен сұраған жоқ. Қазақстан Республикасының басшыларын көздеріне де ілмеген. Мұның негізі де бар еді. Қазақ жерін олар билеп-төстеп, өздерінің меншігіне ежелден айналдырып алған болатын. Қазақ жері ашық айтылмаса да, орыс елінің бір отары (колониясы) ретіндс саналатын. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын,

Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол

179


себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар болмайды. Тек қана км белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердін систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда — эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді дс, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұтымды келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып, уланып біткен.

Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шары шақырым. Ол солтустіккс қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысы 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығьш қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, рәсуі болып қалған. Мұнда бұрынгы кездс малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді, ұшы-қиыры жоқ сол малдардан, бір бас малды осы күндерде кездестіре алмайсыз. Зымыраңдардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу - экологиялық факторлардың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді.

Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал тсңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені, космодром Арал теңізіне жақын жерге орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.

Байқоныр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Кейінгі уақытта космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны

180

қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар.



Оған бір мысал:

Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар жіпке тізгендей етіп айтып береді.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістср енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістсрді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:

1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды;

2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пай-даланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;

3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардьщ тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;

4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.

181


Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.

Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады.

а) Усыз отынның негізгі компоненті — сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымсн бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.

ө) Өте улы зымыран отынның құрамында - улы тотықтан-дырғыш типіне жататын (радиоактивті) “самин” және (радиоактивті) “меланж” болады. Сонымсн қатар, симметриялы емес радиоактивті — диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, әсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша улаңдырады, Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады, Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді.

Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П. Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт Ю.А. Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні “Восток” атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.

Космос корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген жоқ. Тек қана Байқоңыр космодромы

182


қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына бағынатын болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сұрамайды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байкоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Фсдерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгілснген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімсн тазартылу керск деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Бос сөздер көп. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отырады. Даулы проблемаларды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия “Байқоңыр” деп аталады.

Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран-тасымалдаушылар апатқа ұшырауы - табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысы кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайлары болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым-жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Ал отын төгілген жерге көресін шашып, оны өртеп жібереді. Немесе отынның улылығын жоятын бірнеше химиялық препараттар қолданылады.

Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені зымырандардың отьшның қалдықтары озон қабатына айрқыша әсер ететіні кейінгі кезде

183

байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарынын өте улы қосылыс — көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-тендікті бұзып жібереді. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады. Көне заманда мұндай көріністер болғаннын ғалым-биологтар жақсы біледі Күн сәулесі жерге түспегендіктен жердің үстіңгі қабаты жылынып, тау шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп, теңіз және мұхит суларының деңгейін көтереді. Құрғақ жерлерді су басып, “топан суы” қаптауы сөзсіз деп ғалымдар дәлелдейді.



Ақырзаман боларда топан суы қаптайды екен деген қағидалардың бар екенін қазақ елі жақсы біледі. Ауа райының жылыныи келе жатқанын, халық сезеді. Өйткені бұрынғы кездерде болатын аяздар осы уақытта аз болады. Бір ғана РН - “Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырғанда, ауаға 200 тонна радиоактивті көміртектің қос тотығы, ал РН “Союз” зымыранын ұшырғанда, атмосфералық ауаға 133 тонна көміртектің қос тотығы келіп қосылып отырады. Қазақ жерінің атмосфералық ауасына қосылған радиоактивті көміртектің қос тотығының мөлшері, кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми деректердің қорытындыларына қарағанда, 221478 миллион тоннаға жеткен. Бұл цифр аз ба, жоқ болмаса көп пе, өздеріңіз есептеп байқаңыздар, Мұндай зымырандардың ашық түрде, жасырын жағдайында Байқоңыр космодромынан ұшырылып жатқан санын бір құдайдың өзі ғана біледі. 1955 жылы Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың саны 19-ға жеткен. Олардың ішінде өте улы радиоактивті отынмен ұшатын 8-РН “Союз”, 8-РН “Протон”, 2-РН “Циклон”, 1-РН “Зенит” зымырандары бар еді. Олардан бөлініп шыққан көміртектің қос тотыгының молшері 2965 тоннаға жеткен. Алайда, оны ешкім де өлшеген жоқ. Тек теориялық жолмен есептеп шығарылғаны белгілі, бәлкім бұл мөлшерден көміртектің қос тотығы көп болуы да, немесе аз боулы да мүмкін.

Қазақстанның атмосфералық ауасына болініп шыққан көміртектің қос тотығының көлемі 0,001 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш өте көп сан, өйткені ауадағы көміртектің қос тотығының мөлшері 0,003 пайыз. Атмосфералық ауаға бөлініп шығатын өтс улы қосылыстардың бірі — радиоактивті көміртек тотығы (СО), оны иіс

184

тигізетін газ ретінде қазақ елі жақсы біледі. Тек қана бір РН “Протон” зымыранын космос кеңістігіне ұшырған кезде, атмосфералық ауаға 17 тонна көміртек тотығы қосылады. Ал автомобильдерден 1 тонна бензин жаққанда 0,42 тонна гана көміртек тотығы бөлінеді. Бір жылда 40-50 автомобильдер небөрі 4-5 тонна көміртек тотығын беледі. Бұл сан РН "Протон" зымыранының бөліп шығаратын көміртек тотығынын, мөлшерінен әлде қайда аз екенін көрсетеді, Сонымен зымырандарға пайдаланылатын отын көміртек тотығының Гюлініп шығуының қайнар көзі деп есептеуге болады.



Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары отқа таскөмір жағатыны белгілі, одан да айтарлықтай мөлшерде көміртек тотығы бөлініп шығып, ол атмосфералық ауаға қосыльш жатады. Сөйтш ауа режіміне айтарлықтай өзгерістер енгізеді.

Ал стратосфера қабатына өзгеріс жасайтын тек қана космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып кетеді де, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына себепші болады.

Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып ссептелінеді. Ол өте үлкен қысыммсн жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. РН “Протон” зымыраны космос кеңістігіне көтерілгенде, зымыран артынан шыққан оттың әсерінен радиоақтивті азот тотығы көп түзілетінін арнаулы зерттеулер анықтап берді. 20-30 шақырьш биіктегі озон қабаты зымырандардың әрекетінен көп мөлшерде бұзылатыны анықталды. Зымырандарды ұшырауға гептил отынын пайдаланғанда, озон қабаты адам айтқысыз болып бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шықты.

Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі - хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Хлор зымыран отындарының басты компоненттерінің бірі. Әсіресе, “Спейс-Шатл” зымыранына пайдаланатын отынның ішінде ол көп болады. Бұл зымыран Америка Құрама Штаттарында жасалынады. Сол елде космос кеңістігіне ұшырылып отырады. Өте қуатты зымырандардың қатарына жатады. Бұл зымыранды космос кеңістігіне ұшырганда, ол 180 тонна хлор және хлорды сутекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса

185

қауіпті қосылыс - метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфсраға онша зиянды әрекет жасамайды. Хлор және хлорды сутектің зиянды әрекеггеріне кейінгі уақытта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.



Айта кететін бір жәйт, 1999 жылы жүргізілген арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мынаны көрсетті: Байқоңыр космодромынан ұшырылған космостық аппараттар қазақ жерінің ауа райына, климатына оншама өзгеріс енгізе қоймағаны белгіленеді. Өйткені, бұрынғы 50 жылғы ауа құрамы ешбір өзгеріссіз сол күйінде сақталып тұрғанын көрсетті. Мұның өзі дәтке қуат қағидасы ғой. Зымырандар ауа-райына ерекше әсер ететінін РН “Протон” зымыранының бірінші бөлігі жұмыстан шыққаннан кейін жерге түскен кезде, ондағы жанбай қалған радиоактивті отын мен тотықтакдырғыштардың мөлшері 2-3,5 тоннаға дейін жетеді. Егер зымыранның отыны құйылған ыдыстары оқыс жарылатын болса, онда ауада көптеген қауіпті радиоактивті бұлттар кенеттен пайда болып, аспанда біраз жүзіп жүргеннен кейін жауын-шашынмен жерге түседі. Бұлттар аса үлкен аймақты қамтып, сондай аймаққа зиян келтіреді. Әсіресе, ауыз су қатты уланады. Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала-жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады. Бұл радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп тендіреді. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі - гептил және оның туындылары болып есептелінеді.

Радиоактивті гептил — суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажан қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогеңді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасында неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымыравдар апатқа ұшырағаңца ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып, улылық қасиетін жоймай жата береді.

Арнаулы түрде жүргізілген зерттсу жұмыстарының қорытын-дыларына қарағанда, жерге түскен гептил жер бетіне, жердің үстіндегі және оның астындағы суларына тарап, оларды

186


уландырады. Ондай сулар технологиялық үрдістерге, сонымен қатар, зымырандарға, қажетті су ретінде басқадай космостық аппаратураға қолданылмайды. Гептил қалдықтарын арнаулы тәсілдерді пайдаланып жағып жіберуге болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Осындай әдістерді пайдаланған кезде гептил ауаны, суды, жерді, тіпті биосфераны көп көлемде ластамайтыны анықталды. Су зымырандардан бөлініп шыққан бөлшектсрцен де ластанады. Әсіресе РН “Протон” зымыранының отыны улы қосылыстар, оның ішінде гептил де бар. Гептилдің жерге, суға түскен мөлшерін анықтау үшін жетілдірілген әдістерді қолдану керек. Сонымен бірге гептилді анықтау үшін көп уақыт пен қаржы қажет. Өйткені оны анықтауға пайдалатын реактивтер өте қымбат тұрады.

Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кездс халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақстан Республикасы Байқоңыр космодромына байланысты заңдарын орыңдауға колдан келген мүмкіншіліктерін түгелдей жасайды. Қазақ жеріне, жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетіддіреді. Әсіресе адамдардьщ денсаулығына зиян келтірмеудің жоддарын іздестіреді. Байқоңырда тұратын халықтардың денсаулығына қатер төңдірмейді. Сол себептен космодром орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздаңдырылады. Залалсыздандыру үшін хлорлы тотықтырғыштарды паңдаланады. Термикалық әдістерді де қолданады, гептил төгілген немесе шашыраған жерлерге кәресін шашып, ол жерлерде түгелдей өртеп жібереді. Сонда гептилдің улылығы жойылып кетеді. Сонымсн бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстіңгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге өсімдіктер өспейді.

Осы кезде гептилдің улылық қасиетін тез арада жоюдың жетілдірілген тәсілдері қарастырылуда. Бұл проблема кезек күттірмейтін проблемаларға айналып, күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі болып отыр, Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа кешіріп әкету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қаддықтары құлап

187


түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан көп аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады. Әсіреее РН “Протон” зымыранынан бөлініп шығатьш улы қосылыстардың зиянды әрекетін азайту жолдары көзделуде. Неше түрлі жетілдірілген технологиялық үрдістер пайдаланылады. Осының нәтижесіңде РН “Протон” зымыраны улы қосылыстарды қоршаған ортаға аз мөлшерде бөліп шығаруда мұның өзі кейінгі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі екені өзінен-өзі белгілі. Экологияны мөлшерден тыс бұзбайтын РН “Протон” зымыранының отыны ретінде КБ “Салют” деп алатын отын қолданады. Ол отынды ойлап тапқан Ресей ғалымдары. Олар М.В. Хруничсв атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Егср РН “Протон” зымыраны ұшырай қалған кезде, ондағы гептилдердің барлығы жерге түспей, әуеде жанып кетеді. Ал жерге түскенде, оның көлемі айналаға онша көп тарамайтыны байқалады.

Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде көптеген қауіпті оқиғаларды тек Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз секілді. Ешқандай шындыққа жанаспайтыны белгілі болып отыр.

Арал теңізінің бұрынғы түбінде қалың қабат-қабат болып жатқан тұздар су тартылғаннан кейін күн көзінің жылуымен құрғап, желмен бірге аспанға көтеріліп, Арал теңізінің жақын жеріне (70 шақырым) орналасқан Байқоңыр космодромында әсер етуі де, етпеуі де мүмкін. Теңіз түбіндегі тұздар аспанға көтеріліп, желмен бірге және алыс аймақтарға таралып жатқанын ғалымдар жақсы біледі. Осының салдарынан Қызылорда облысының ауа райы және климаты үлкен өзгеріске ұшырап отырғаны жасырын жағдай емес. Бұл үрдіске қарсы тұратын қүдіретті күш жоқ. Адамзат баласының қолынан келмей отыр.

Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұлшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды, Осы жоғарыдағы айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

188

Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу — келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз. Байқоңыр космодромын салғанда қисапсыз көп қалдықтар болғаны жасырын емес. Олардың ішінде металл сынықтары, темірбетон қалдықтары болған. Бұл қалдықтарды пайдаланып әр түрлі құрылыс жұмысын жүргізуге болатыны анықталып отыр. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау министрлігі. 1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек азғантай жерлерге түсетін болды. Айналаны қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды. Мұның сол аймақтардың тұрғындарына дәтке қуат әкеліп отырғаны сезсіз. Олар өздерінің ата мекенінен қай жерге безсін, әйтеуір, елмеген соң, қоныс теуіп, тіршілік етіп, мал өсіріп, егін егіп отыр ғой. Барлық жақсылықты бір алладан күтеді.



1999 жыл апатқа ұшыраған зымыран-тасығыш РН “Протонның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран-таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Қаншама жуып-шайғанмен апаттың аты апат ғой. Апатқа ұшыраған зымырандар қоршаған ортаға зиянын тигізбей қоймайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

1996 жылы 14-ші мамыр күні РН “Союз” атты зымыран-тасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені. байқалған. Зымырандардың пайдаланатын отындары өте улы қосылыстардан тұратыны белгілі. Олардың ішінде гептил және азот тетроксиді бар еді. Зымыраның апатынан 810 шаршы шақырым жер зақымданған. Бұл апаттан келген зиянның өзі ақшаға шаққанда 1395,6 мың теңгеге жеткен. 1997 жылы 20-ші мамыр күні РН “Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кетксн. Бақьтгқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да

189

адамдар шығаны болмаған, улы отының негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен Дегенмен, 80 тонна кәресін, 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен. 1999 жылы 5-ші шілде күні және 27-ші қазан күні Қарағанды облысына қарайтын Қарқаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН “Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен. Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліл, судан, топырақтан, өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген. Зымыранның құлап түскен жері — “Карбышевка” деп аталатын елді мекен. Ол жерде Беталыс көлі де бар болатын. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар жұмыс істеп, зымыранның келтірген зиянын анықтады. Ол үшін жерден 195 үлгі, судан — 61, өсімдіктерден 101 — барлығы 357 үлгі алынып, Қарағанды қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінің кафедрасында, Ресей Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтадды. Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3 үлгісінен гептил табылған, оның концентрациясы ете аз болған. Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіп келеді. 2187 адам медициналық бақылудан өткізілген. Олар Карбышевка, Ақжол, Қоянды жене Матак. елді мекендерінің тұрғындары болатын. Химиялық және иоңдалған радиоактивті элементтердің әсері тиді ме екен деген мақсатпен 501 адам, олардың ішінде, 201 бала арнаулы түрде анализден өткізіледі. Бұл адамдар Корнеевка елді мекендерінің тұрғындары болатын. Олардың денелерінен ешқандай гептил болмағаны анықталды. Осыған орай адамдардың денсаулығына ешқандай зиян келмегені байқалады. Тек бұрын әр түрлі сырқаттарға шалдыққан адамдардың ескі ауруларды қозғаны анықталды.



Зымыранның улы жанармайларынан айналаны қоршаған ортаға. адамдардың денсаулығына келтіретін зиян байқалмады деген қорытындыны арнаулы түрде тағайындалған комиссия жасады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың қозған жүйке жүйелерін басуға мүмкіншілік туғызды. Мезгіл-мезгіл бойы, яғни 3, 6, 12 айлар арасында, Қарағанды облысының Қарқаралы аудан-

190


ның территориясы, ондағы тұрғын халықтар арнаулы бақылаудан өткізіліп отырады.

1999 жылы шілде айының 5 күні болған РН “Протон” зымыран-тасушының зымыран апаты неден болғаны анықталды Апатың себебі: зымыранның 3-ш бөлігінде отын жанбай қалған. РН "Протонң зымыраны апатынан болған зиянның көлемі 37 миллион 947 мын, теңге екенін комиссия анықтап шықты. Бұл шығынды Ресей Федерациясы төлейміз деп уәде берді. Ол шығын төленді ме, жол болмаса, ана-мынау сылтаулар айтылып төленбей келе ме ол туралы қолымызда нақтылы деректер жоқ.

1999 жылы 27-ші қазан күні ұшырылған РН “Протонң зымыраны екінші рет апатқа ұшырап, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданның орталығы Атасу елді мекенінің шығыс-солтүстіктігінің 25 шықарым келетіп жеріне құлап түсті. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының басшылары арнаулы комиссия құрып зерттегенде, комиссия мүшелері жерден зымыранның 129 бөлшектерін тауып алды. Оларды арнаулы өңдеуден өткізіп, ұшақпен Мәскеу қаласына зерттеу жүргізу мақсаты үшін алып кетті. Алатқа ұшыраған зымыранның тигізген әсерін білу үшін жерден, судан, өсімдіктерден, азық-түліктен, кейбір биологиялық материалдардан 562 үлгі алынып, зерттеуден өткізілді. Зерттеу қорытындысы мынаны көрсетті: Гептил судан алынған үлгінің біреуінен, топырақтың бір үлгісінен табылған. Ондағы гептилдің мөлшері өте аз болғанын көрсетті. Айналаны қоршаған ортаға онша зиян келтірмейтіні анықталды.

Мал дәрігерлері үй малдарының 150090 басына зерттеу жүргізді. Олардың ішінде 20011 ірі қара малды, 7173 шошқа, 528 ит, 2080 қүс болган. Олардың ішінде апатқа ұшыраған зымыран әсерінен пайда болған аурулар жоқ екені; мал дәрігерлері анықтап берді. Қарағанды облысындағы орман, балық, аң шаруашылығының қызметкерлері зымыран апатқа ұшыраған аймақтарға арнаулы түрде экологиялық мониторинг жүргізгенде, олар зымыран салдарынан зардап шеккен өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін кездестіре алмаған. Зымыранның апат болған ;жерінде тұратын 22605 халықтың 20011 адамына арнаулы түрде медициналық бақылаулар өткізгенде, өте жоғары улану адамдар арасынан кездеспеген, зымыранның бірінші және екінші апаты болған жерлерде тұратын адамдардың ескі дерттері қозғаны ғана байқалды. Зымыран отындары мен радиационды сәулеленудің

191

әсері адамдар денесіне ешқандай әсер етпегені анықталды. Адам-дардың көп ойлағандықтан психоэмоциялық сезімдерді артқан.



Зымыран-тасымалдаушы РН “Протон” апатқа ұшыраған аймақтар ерекше ссепке алынып, үнемі экологиялық мониторинг жүргізіліп отыратын болды. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тұрғындары 6 ай сайын жыл бойы арнаулы түрде құрылған медициналық бақылаудан өткізіліп отырады. Мұның бәрі еріккеннің еңбегі емес. Қазақ жеріне келтірілген зиянның бәрін Ресей Федерациясы төлейді деген ойлар бар. Бірақ әлі бір тиын ақша төлеген жоқ. Апатқа ұшыраған зымыранның салдарынан халықтың арасында өлім-жітім болған жоқ. Мемлекет мүліктері де бүлінбеген, зымыранның улы отыны әуеде жанып кеткен. Ал Қазақстан Республикасы ғалымдарының болжауы бойынша, олар зымыран апатынан әуде неше түрлі бұлттар пайда болып, қазақ жеріндегі ерсілі-қарсылы соққан желмен бірге, басқа аймақтарға ығысып кеткен. Ол бұлттар улы деп топшылайды. Мұндай болжауды анықтау үшін, ұзақ жылдар бойы арнаулы түрдс ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Оған қыруар қаржы керек. Ол қаржы қайдан табылсын!

1999 жылы шілденің 5 күні болған РН “Протон” зымыран тасымалдаушының апатынан кейін Қазақстан Республикасы мемлексті мен Ресей Федерациясы арасында 1999 жыл қарашаның 18 күиі келісім шарт жасалынып, оған қол қойылады. Ол келісім шарттан кейінгі уақыта Байқоңыр космодромын қалай пайдаланудың жолдары көрсетілген. Зымыран апатқа ұшырай бірлесіп отырып жұмыс жасау жолдары көрсетілген. Зымыран апатының салдарын бірлесе отырып жою мәселелері жазылған.



Байқоңыр космодромының болашагы жөнінде бір-екі ауыз сөз. Байкоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірсумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кірсді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам

192

мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржылан-дырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5-уі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Ден-саулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады.



Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.

Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавттар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар.

Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космодромында аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшырау және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рел атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала берстіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, миллионды аласың. Дегенмен, батыстағы Байқоңыр космодромы қазақ еліне не әкеледі деген сауалға жауап табу саласында жұмыс істеудеміз.

9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық “Капустин Яр” атты ескери полигоны

193


болып келгені кейінгі кезде ғана халыққа белгілі бола бастады. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зьшыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны соңғы уақыттарда белгілі болды. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған. Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында — 18, ал атмосферада — 11, қуаты Херосима жөне Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбыларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында “Капустин Яр”, Атырау облысының Теңіз ауданындағы “Атырау”, “Азғыр” әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Олар баспасөз беттерінде ашық жарияланған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Осы күнде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалаған. Өйткені ондағы улы қосылыстардын (нитраттардың) көлемі 2,6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, қорғасының мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындарының ішетін ауыз суларында өте жоғары денгейде болғаны байқалды. Бұл суларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтап шықты. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының, Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Оларды тұрғын халықтардың өздері де жақсы біледі. Бұл ауданның биосферасын да қорғасын, стронций-90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кетксн. С.Д. Лсфендияров атандағы Алматы мемлекеттік медициналық университеттін бір топ доценттері мен профессорлары аранулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалашықтарының аймақтарында радиоэкологиялық ғылыми-зерттсу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар топырақтың

194


құрамындағы судың ішіндегі радиоактивті элементтері. Стронций-90, цезий-137 анықтаған еді. Зерттеу жұмыстарының қорытынды-ларына қарағанда, зерттеуге алынған объектілердің құрамында радиоактивті қосылыстар үш еседен артық екені анықталған.

Жануарлар денесінен, жерден, судан алынған үлгілерді лабораториялық анализдерден өткізгенде, оларда радиоактивті калий-40, торий-232, радий-236 бар екені анықталған.

Жәнібек және Сайхин қалашықтары тұрғындарының тістерін жан-жақты зерттегендс, адамдардын тістерінде радиоактивті сәулеленудің 23-тен 38 Бэрге дейінгі (Бэр радиоактивті сәулеленудің көрсеткіші) көлемінде иондалған сәуле шығаратын заттар бар екені дәлелделінген. Халықаралық үлгі бойынша, егер 7 Бэр көлемінен астам иондалған сәуле шығаратын заттар анықталса, онда ол жерлерді радиациялық қауіпті аймақтар қатарына жатқызып, жергілікті тұрғындарға мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктср беріледі. Сонымен бірге сол аймақтың халықтарының денсаулықтарын сауықтыру үшін мындаған-миллиондаған ақшадай, заттай, неше түрлі азық-түліктер беріліп отырады.

Медиктер мен биологтардың соңғы кездерде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мезгіл — мезгіл ресми баспа беттерінде халыққа жарияланып отырады. Әскери полигондарда неше түрлі сынақтар өткізген кездерде зымырандар апатқа ұшырап қалатын жағдайлары болады. Ондай кездерде олардың жанармайлары (отындары) топырақпен су көздеріне шашылады да, оларды улайды. Әсіресе нитрозодиметиламин және гептилмен (симетриялы емес радиоактивті диметилгидразин) зақымданатыны анықталды. Сонымен бірге мұнай (жанармай) құрамындағы қалдықтары - бензпирин жерді және суды улан-дыратыны анықталды. Бензпирин зымырандар жанармайларының құрамында көп болады. Ол концерогенді қосылыс. Адамдарға аса қауіпті дерт - рак ауруын тудырады.

Кейбір жағдайларда зымырандар кенеттен апатқа ұшырап жататыны жоғарыда айтылды мұның негізгі себебі техника ғой. Оның уздіксіз (апатсыз) жұмыс істеуіне ешкімде кепілділік бере алмайды. Апатқа ұшыраған зымырандардың бактарында қисапсыз көп жанармайлардың (отындардың) қоры болады. Олар зымы-рандар апатқа ұшыраған кезде түгелдей жанып болмағандары түгелдей жерге, ауаға, суға төгіледі.

195


Кейбір әскери мамандардың айтуына қарағанда зымыран отындары ауада түгелімен жанып кетеді де, жерге және онда тұратын халықтарға ешқандай зиян келтірмейді деп есептейді. Мұның бәрі бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Өйткені зымыран апатқа ұшыраған аймақтардағы гептильдің мөлшері 158 есе өсіп кеткеннін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындылары дәлелдеп отыр. Ал топырақты зақымдаған мұнай өнімдерінің қалдықтары 1,5-тен 32,6 есеге дейін безпириннін көлемі 1,2-ден 25,5 есеге дейін артып кеткенін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Зымырандардан қауіпті жанармайлармен жердің, судын ластануы Батыс Қазақстан облысының Орда қалашығы жерінде және Хаки-Сор атты көлде 22-ден 58 есеге дейін өскенін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары анықтап шықты.

Орда ауданының тұрғындарының арасында жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, халық санының өсуі жыл өткен сайын төмендеп келе жатқанын көрсетіп келеді. Адамның өмір сүру мерізімі тым қысқарып кеткенін байқауға болады. Егер Қазақстан Республикасы бойынша, адамдардың орташа тіршілік ету мерізімі ер адамдар үшін 64, ал әйелдер — 71 жас мөлшерінде болса, ал Орда ауданында тұратын адамдардың орташа өмір сүруі небәрі: ер адамдар үшін - 58, ал әйелдср - 61 жыл ғана өмір суретіні дәлелденіп отыр. Бұл ауданда балалардың, тууы 1987 жылы әрбір мын адамға шаққанда 33,4 болса, ал бұл көрсеткіш жыл сайын азайып, 1998 жылы 16,74 есеге дейін төмендеп, кейін 19,3 мөлшерге жеткен.

“Капустин Яр” және “Азғыр” әскери полигонындарында жаппай қырып-жоятын жаңа қару-жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеніз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Бұған не айтуға болады. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп қалаған. 1998 жылдындағы туған балалармсн 1975 жылы туған балалар бұған дәлел бола алады, яғни 1975 жылы балалар өте көп туғаны байқалады 1998 жылмен салыстырғанда. Сол аймақтардын адамдары туған жерлері болған соң қайда барсын, әйтеуір отыр ғой.

Айта кететін тағы бір жәйт, бұл өлкедс адамдар арасында өлім-жітім өте көп кездеседі. Сонымен бірге неше түрлі аурулар,

196

кемтар туған сәбилер, қол-аяғы жоқ кемталар балалар қисапсыз көп кездеседі. Оларды көргенде зәреңіз ұшады.



Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса олардың 40-ы кемтар болып туатынын медиктер айтып жүр. Орда ауданында халық басқа жерлермен салыстырғанда көп ауратыны байқалып отыр.

1999 жыл әскерге шақырылған жас өспірімдердің 40,7 пайызы әскери қызметке жарамсыз деп табылған. Балалардың бойы өспей қалған. Ондай балалардың саны 42,2-64,3 % мөлшеріндей. Кейбір балалардың ақыл-ойы қалыптағыдай больш жетілмеген. Олардың мөлшері 7,2 % құрайды.

Осы келтірілген ғылыми деректер соңғы жылдары Орда ауданы тұрғындарының арасынан байқалған. Онда мүгедектер саны басқа жерлерге қарағанда өте көп. Әсіресе I және II топтағы мүгедектер саны айтарлықтай. Олардың мөлшері 72,8%. Мүгедектердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орда ауданының тұрғындарының арасынан бүйрек аурулары бар адамдар саны 60,6 % құлақ дерті 345 есе көбейіп кеткен. Неше түрлі қояншық аурулары жеткілікті. Мұның бәрін жіпке тізгендей етіп айта берсе адамның көңіл күйі тым төмендеп кететіні белгілі. Сондықтанда осы айтылғандармен сөзімізді тоқтаталық. Осының бәрі зымырандардың гептилінен екенін әрқашанда есте ұстаған жөн. “Ескіні көксеген өспейді” дейді қазақ біз ескі уақытты көксеп отырған жоқбыз. Келешекті ойлап отырмыз, келешскте не боламыз, ақыр заман бола кетпейме екен (апакалипсис) деген ойдамыз, Иә, өткен замандарда адамзат болған деседі ғалымдар. Оларда осындай істермен шұғылданамыз деп жер бетінен мүлдем жойылып кеткен. Сол сияқты МАРС планетасында да тіршілік иелері болған деген жорамал бар. Оларда атом қаруын пайдаланып бірін-бірі МАРСтан жойып жіберген. Басқа планеталардағы жағдайды біз білмейміз. Бірақ тіршілік иелерінің бар екенін биология ғылым дәлелдейді.

Биылғы жылы (2001 жыл) адамзат баласына ең ауыр жыл болып тұр ғой. Неге десеніз, елім-жітім өте көп. Анау өліп қалыпты, мынау өліп қалыпты деген шындық қазіргі кезде кеп айтыльш жүр. Осының бәрі биосфераның адам айтқысыз болып ластануынан дегем қорытынды жасауға болады. Адамзат баласының барлық тіршілігі биосфера компоненттерімен тікелей байланысты. Сондықтан жер

197

жүзінің халықтары биосферанын тазалығына айрықша көңіл бөліп отыр ғой. Өйткені кейінгі уақытта адамдардың тіршілік етуі мүмкін болмай келеді. “Выживание человечества становится невозможным”, “За выживание человечества” деген девиз бар ғой. Тегінен-тегін айтылмаған сияқты.



9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?

Кейінгі кезде газет және журнал беттерінде көбірек жазыла бастаған материалдардың бірі - атом энергиясын бейбітшілік мақсатқа пайдалану проблемалары. Әсіресе атом электр станция-ларын салу мәселелері. Бұл туралы ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның біріншісі — атом энергиясын бейбітшілік мақсатқа пайдалану, қолайлы деп есептейді. Ал екіншісі, бұл пікірге қарама-қарсы. Оған мысал ретінде, Чернобыль трагедиясын және әлемге әйгілі Семей әскери атом полигонын еске түсіреді. Бұлардан адамзат баласы не көріп отырғанын айтады. Олар елдің енсесін түсіріп жібергенін халық жақсы білетінін баяндайды.

Енді міне дейді. Үрей ұшыратын тағы бір оқиға кенеттен сап ете түсті. Ол болашақ Балқаш атом электр станциясын салу проблемасы. Оны қысқаша (БАЭС) деп атайды. Осы проблема жайында белгілі журналист Бағдат Мекей қазақ елінің белгілі оқымысты қызы, химия ғылымдарының докторы, Москва әлеуметтік академиясынан толық мүшесі (академик) Раукен Бақайқызы Жолдыбаймен жүргізген интервьюсінің толық текстісін беруді біз жөн көрдік. Раукен Бақайқызы халықаралық “Полигон-29-Тамыз” қайырымдылық қоры кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын білгір маман.

Раукен Бақайқызы - деп бастайды Бағдат Мекей өз сөзін -ең аддымен бүгінде жүртты аландатып отырған болашақ Балқаш атом электр станциясын салу идеясының өмірге келу себептері мен оның жай жапсары және айналаны қоршаған сыртқы ортаға тигізетін әсері туралы айтып берсеңіз қайтеді.

Раукен Бақайқызы былай дейді: “1999 жыл болатын. Мен ол кезде Москва қаласын да қызмет істейтінмін, - деді ол. Сол уақытта менің қолыма Алматы облысының Балқаш көлінің жағасына салу үшін жобаланған Балқаш атом электрстанциясы

198


жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі түсті. Мен оны мұқият түрде оқьш шықтым. Бұл негіздеме Балқаш атом электрстанциясының Санкт-Петербургтегі “Атомэнергопроект” ғылыми-зерттеу және инженерлік конструкторлық институты мен Қазақстан Рсспубликасының атомдық энергетика өндірісі және ұлттық акционерлік компаниясы (КАТЭП) арасындағы 1996 жылдың 2-қазанында қол қойылған АС-5396 нөмерлі келісім бойынша 1997 жылы жасалған екен.

Бұл техникалық-экономикалық негіздемені жасауда Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-ін жобалауға қодданылған инженерлік іздсстіру материалдары мен техникалық құжаттар қолданылғаны байқалады. БАЭС (Балқаш атом электр станциясы) жобада ВВЭР-640 реакторларының 3 блогынан тұрып, Алматы облысының әртүрлі әкімшшік аудандарындағы бұрын Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-іне арналған алаңға орналастырылған. Жоба бойынша БАЭС орналастыратын аймақ Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауын альш жатыр. Бұл аймақ Қазақстандықтардың дәстүрлі табиғат байлығын пайдаланылатын аудан болып табылады. Мұндай жерді өндірістік мақсатқа пайдалану - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына қайшы келеді.

Ал енді тапсырылған алаң тапсырыс берушінің (КДТЭП) ұсынысы бойынша тандалған. Осы тұста тағы бір қайшылық бой көрсетеді. Атап айтқанда, сол КАТЭП-тің 1991 жылғы 15 шілдедегі 55 статьясында: “атомдық және суэлектр станцияларын адам көп шоғырланған, тұрғындардың дәстүрлі демалатын жеріне орналастыруға тыйым салынады” делінген. Ал, Рессй Федерациясының заңында мұнай нысандарды көлге салуға болмайды деп ашық айтылған. Ал МАГАТЭ-нің ережесі бойынша алаң таңдаудың өзі - атом электр станциясының құрыдысын салудың элементі болып табылады делінген, ал ендеше ол экономикалық сараптама жасау керек деген сөз. Бұл жобалауға дейін жүргізілуі керек болса, оған көңіл бөлінбеген.

Осы атом нысанасының құрылысын салудың негізі дұрыс деп атомшылар өтірікке дейін барды, тіпті қабылданған завды бұзып отыр. Отандық атомдық энергетиканы қорғау мақсатында АЭС салу аргументі оте аландататын жәйт. Ал жергілікті басқару органдарды неге үндемей отыр? Оның себебі, басқа да өндіріс объектілерін салу жағдайларында олар республикалық бюджеттен

199

ақша құйылуына үміт артады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, АЭС салудың қаупі басым да, тиімділігі жоқ.



- Раукен Бақайқызы, аталмыш атомдық нысандардың тиім-ділігінің жоқтығын дәлелдей келе, көрші елдердің, мәселен, Ресей мемлекетінің бұл мәселеге көзқарасы қандай деп ойлайсыз, осы жөнінде әңгімелеп берсеңіз...

- Жоғарыда Балқаш көліне салу жобаланған АЭС реактордың авторы академик Велихов. Бірақ біз үшін апаттылығы мен тиімсіздігін біле отырып жол бере алмаймыз. Жалпы атомдық электр қуаттарының қауіптілігін өзге елдер ерте бастан-ақ пайымдап үлгерген десек есептейміз. Мәселен, 1997 жылы есімі әлемге әйгілі эколог-ғалым Яблоковтың жарық көрген “Атомдық мифология”, австралиялық ғалым Хелен Кэлдикоггың “Ядролық ессіздік” деген кітаптарында атомдық бағдарламаның экономика-лық тиімділігі орасан мол деп жүргендерге, қазіргі ядролық реакторлардың қауіпсіздігі туралы айтушы атомшыларға тиісінше негіздеме — есеп балансын беріп өте тиімсіздігін, “атом энергетикасының экологиялық тазалығын” жырлап жүргендерге айтқандарының кұлталқаны шығарыла ақиқаттық негізінде дәлелденген.

- Жобада көрсетілгендей, Балқаш көліне қойылатын АЭС ВВЭР-640 маркалы радиоактивті қалдықтарды түзеді. Мысалы, Германияның Р\ҮК-1300 реакторы бар бір блокты АЭС-ті пайдаланудан шығарған кезде 31 мың тонна реактивті қалдықтар түзіледі, оның 6 мың тоннасын арнаулы сақтау орындарына көму керек деген сөз. Оның бәрі қосымша ақша.

Мұндай деректер ресейліктер үшін жасалмаған. Тек рессйлік ғалым Мартыновченконың 1994 жылғы есебі бойынша ВВЭР-440 реакторы - 13500 тонна, ВВЭР-1000 - 18900 тонна, РБИК-1000 реакторы - 53500 тонна радиоактивтік қалдықтар түзетіні дәлелденген.

Өзіміз әңгіме етіп отырған ВВЭР-640 реакторы жылына 21000 тонна ядролық отын қалдықтарын түзеді. Ал, бір тонна ядролық отын қалдығында 1,2-1,5 кило цезий - 137,770 грамм технеций -90,500 грамм нептуний - 237, ал, уран 235 және 238 радиоактивті изотоптар 950-980 килограмға дейін жетеді. Қазір дүние жүзінде 200 мың тонна радиоактивтік ядролық отын қалдықтары жиналып, бұл сан жылына 10 мың тоннаға көбеюде. Бұл ащы шындық.

200

Тағы бірср деректерді оқырмандар назарына сала кетейік: дүңие жүзінің атом электр стансаларының радиоактивті қаладықтарының бір жылдағы мөлшері - қуаты 500 мегатоннаға жетеін ядролық жарылыспен пара-пар екен. Ғалым Якоклевтің деректсріне қарағанда, АЭС-терің радиоактивтік қалдықтары бүгінде жер апшысын қуыруда, биосфераға радиоактвтік қалдықтарды үеті-үстіне апаруда.



Ал енді австралиялық ғалым Хелен Кэлдикот былай дейді: реакторлардың әрқайсысы орасан зор қалдықтары жерге сіңіп, 500 мың жыл бойы адамзат баласы өмір сүріп жатқан жерді құрсаулап тастайды.

- Осы тұста тағы бір өтініш, аталмыш мәселені көптен зерттеп келе жатқан эколог-ғалым ретінде әлемнің өзге елдерінің атомдық энергетикаға қандай тұрғыдан қарайтынына тоқтала кетсеңіз.



- 1970 жылдарды өркениетті елдер де атом бағдарламасына оң көзбен қараған еді. Кейінде, дәлірек айтқанда 1973 жылдан бастап, мәселен, АҚІІІ-та жаңадан атом. Ал 1994 жылы таза экономикалық шығынды есептеп, 8,5 миллиард доллар ақша жұмсалғанына қарамастан, бұрыннан салынып жатқан төрт атом электр стансаласының үшеуін тоқтатқан, барлық жағынан да тиімсіз деп тапқан 1991 жылы Францияда құрылысы аяқталған кезекті реакторды іскс қоспауға шешім қабылданған.

Ссбебі соңғы жиырама жыл ішінде француз атомшыларының қарызы отыз миллиард долларға жеткен. 1973 жылы МАГАТЭ өзінің болжам деректерінде 1980 жылдар ішінде әлем елдерінде салынатын АЭС-тер 160-тан 200-ге дейін жетеді деп болжам жасаған екен. Оның бірі Бразилияда, екеуі Аргентинада, екеуі Мексикада. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде атом электр станцияларын салу жұмысының тоқталуы уран өндіруден бастап, отын өндірісі, құрылыс, АЭС-терді пайдалануға беру және оны қайта бөлшектеу, радиоактивтік қалдықтарды көму экономи-калық жағынан тиімсіз деп бағаланып, тоқтатылған. Ал, енді атомшылар пайда көзінен айрылып қалмас үшін Оңтүстік Азия елдеріне көз тікті. Осы тізімгс Қазақстан да кіргізілген.

Енді Қазақстандағы АЭС салуға қолайлы деген жерлерге көз салып көрейік. Ол, бірінші - Лениногор қаласының маңайы екен. Екіншісі - Семей полигоны аймағы. Үшіншісі осы Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-і орналасқан Балқаш көлінің оңтүстік-батыс

201


жағалауы. Бірақ, жоғарыда айтып өткеніміздсй, біз бұған жол бермеуге тиіспіз. “Атом станциясы қауіпсіз” немесе ол “экология-лық дағдарыстан шығарады” деген бос сөз. Бұл түста әсксри кешендер мен атомдық министрліктердің жеке көзқарастын белгілейтін адамдар болмаса, өзгелері “атомды мифология” ретінде ғана таниды, оның зиянын айқын түсінеді.

Чернобыль апаты есімізден шықпауға тиіс. Себебі онда сәуле ауруына ұшырағандар бойындағы кесел ондаған ұрпаққа жалғас-пақшы тозақты көрді. Семей, Маңғыстау, Жезқазған, Азғыр, Созақ, Ақтөбе мандарында сыналған атом жарылыстарының да ауыртпалығы аз емсс. Осының бәрі адам құқығын бұзу деген сөз.

- Қазақстанның біраз жерінде ядролық сынақтардың жүргі-зілгенін үлкен қиналыспен айтып отырсыз және елімізді бірқатар аймақтарында АЭС-тер салудың үсті-үстіне жоспарланғанын әңгі-мелеп, оның тиімсіздігін де дәлелдеп шықтыңыз, ал, енді осы АЭС-тер салуға жергілікті халық қалай қарайды екен ?

- Лениногор қаласында мемлекеттік емес ұйымдар акция жасап қарсы тұрды. Жергілікті мослихатқа хат жазып, Өскемен, Лениногор төңірегіндегі жүртшылықты көтерді. Сөйтіп, оның Лениногор маңына салынбайтыны жөнінде құжатқа қол жеткізді. Халықаралық сарапшы, эколог ғалым Рысбек Әбілқайырұлы Ыбыраев бастап, Алматы облысы әкімі З.Нұрқаділовке, облыстық мәслихатқа жазып, негіздемелер жасап қолдарына табыс етті. Бірақ Балқаш көліне АЭС салынбайды деген құжатты қолдырына ала алмай отыр.

- Сіздің дәлелдеріңізге қарағанда АЭС-тер салу біздің халқымыздың, мемлекетіміздің мүддесіне қайшы келіп отыр екен. Ал енді АЭС-тің осыншама зияндылығы оның құрылыстарын жоспарлаушыларға мәлімсіз болганы ма? Екіншіден, АЭС құрылсын Балқаш көлінің жағасына салу жөніндегі жобаның авторы сізге белгілі ме, олар бұл тұста алдарына қандай мақсат қойған ?

- Сөзімнің басында айтып еттім, ол - Қазақстан Республикасы атом энергетикасы мен өндірісі ұлтық акционерлік компаниясы, АЭС құрлысынның жасап, тапсырма беретін осы КАТЭП. Осы қомпания жасаған тоғыз томдық негіздемені көрдім. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, атом индустриясының мамандары осынау тұста мәселеге өз мүдделері тұрғысынан ғана қарап отыр. АЭС-тер оларға көл-көсір пайда әкеледі, олардың даңқын аспандатады. Ал Семей сынақ полигонынан зардап

202

шеккендердің сәуле ауруы 50-80-ші ұрпақтарына дейін жалғасатын біздің халқымызға денсаулық экологиялық таза су мен ауа қажет.



Осы жоғарыдағы айтылғандарға талдау жасай келе мына төмендегідей қорытынды жасауға болады. Қандайда болмасын, біз жасырған мен, Батыстағы Байқоңыр космодромы Қазақстан биосферасына айтарлықтай өзгеріс жасайтыны сөзсіз.

Қазақ жеріндегі әскери полигондар да қазақ жерінің экологиясына айрықша әсер етеді. Зымырандар ұшырылғаннан кейін адамдардың көңіл-күйі тым нашарлап кететінін халық жақсы біледі.

Атом электр станциясы қауіпсіз, немесе ол экологиялық дағдарыстан алып шығады деген көңілге сыймайтын бос сөз. Бұл тұста әскери кешендер мен атомдық министрліктердің жеке қөзқарасын белгілейтін адамдар болмаса, өзгелері атомды мифологияда ретінде ғана таниды. Оның зиянын айқын түсінсді.

3 мамыр, 2001 ж. “Егемен Қазақстан”

9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?

Родон газ. Оның не иесі, не дәмі, не түсі болмайды. Ол адам өлтіргіш - газ деп аталады. Неге десеіңз, ол жердің астынан шығып, адам ағзасына айрықша әсер етіп, неше түрлі қатерлі ісіктер мен экспенділер тудырады. Ол 7-8 есе атмосфералық ауадан ауыр келеді де, жердің үстіңгі қабатында жиналады. Адамның тұратын тұрғын үйлерінде де Родон көп мөлшерде кездеседі, өте қауіпті әсер етеді.

Адамзат баласының 70% сәулеленудің негізгі дозасын табиғаттан алса, оның ішінде Родон газынан 30-60% алады. Осыған байланысты адамдарды радиациялық сәулеленуден қорғау қазіргі кездегі аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.

Родон радиоактивті уран және торий элеменнтерінен бөлініп шығады уран мен торий таудың жартастарында, жерде, суда көп кездеседі. Роддонның ауада мол болуы, немесе аз болуы торий элементтеріне байланысты. Жердің астында Родон қабаты болады. Өйткені онда уран және торий элементі жеткілікті түрде кездеседі. Егер жер бір себептермен опырылып түссе, онда ол

203


жерден Родон жердің үстінгі қабатына бөлініп шығып, жер бетіне де жинала бастайды.

Полоний - 218 жөне 214-тен бөлініп шыққан Родон өте қауіпті. Өйткені олар а - альфа сәулесін (бөлшектерін) бөліп шығарады. Бұл бөлшектер адамдарға өте-мөте қауіпті. Өкпе рак дертін бірден тудырады. Полоний — 218 жөне 214 радиоактивті элементінен бөлініп шыққан родон аспектпен, пестицидтерден бөлініп шыққан Родоннан әлде қайда ұлы келеді.

Өз үйінде отырып Родонның әсерінен қайтыс болған адамдардың саны өрттен және су тасқынынан болатын апаттан әлде қайда көп болатыны анықталып отыр.

Ауада Родон көбейсе, онымен дем алғанда, ағзадағы физиологиялық үрдістердің қалыпты өтуі бұзылады. Ол жүректің соғуын жылдамдатып, мимен және ұйқысыздық дерттерін тудырады. Родонның кейде биосферада айтарлықтай болуы біздің жер деп аталатын планетамыздың болатын магнит бораны деп аталатын құбылысы да пайда болуы мүмкін. Таулардың тығыздануы мен босансуында көптеген Родон газы бөлініп шығып, атмосфераға тарап жатады. Сондықтан да кейбір жерлерде, адам елімі жиі-жиі болады, ал кейін кейбір аймақтарда аз болатынын медиктер байқаған ды. Бірақ оның себебін дер кезінде олар анықтай алмады. Сондай-ақ, кейбір үйлердің адамдары рак дертіне тез шалдығады да, кейбір үйлерде мұндай жағдайлар кездеспейді. Американдық ғалымдарының жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қортындыларына қарағанда дерттердің пайда болуы Родонға байланысты екені анықтаған. Бұрынғы СССР да рак дертінен жылына 15 мың адам қайтыс болып отырған.

Қазақстан Республикасында бұл салада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген емес. Дүние салған адамдардың басты себебі Родон газынан екені анықталды. Осыған байланысты Родонның адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу арнаулы бағдарламалар бойынша жүзеге асып отырады. Болашақ қалалар мен селолар салу үшін және басқадай құрылыс жүргізу үшін сол аймақтағы Родонның мөлшерін анықтау керек. Бұл жұмысты геологтар ғана іске асыра алады. Кейбіреулер тұрған үйін сатады, немесе жалға береді. Мұның ссбебі неде? Сатып алатын адам, ол үйді жан-жақты тексеруден өткізіп, үйдегі Родонның мөлшері қандай, не үшін сатылады, осылардың бәрін білу үшін арнаулы аспаптармен анықтау керек. Американдық ғалымдардың анық-

204


тауы бойынша, жылына Родоннан пайда болатын өкпе рагынан әрбір 1000 адамнын 3-4 адам қайтыс болатынын анықтаған. Темекі шегетін адамдар 10 есе көп өледі де, ал темекі шекпейтіндердің арасынан өлім аз кездесетіні байқалған. Германияда өкпе рагынан жылына 25 мың адам дүние салатыны байқалады. Оның 10% родоннан пайда болған дерттен қайтыс болатыны анықталған. Бұрынғы СССР-да родонның әсерінен пайда болған дерттен жылына 15 мың адам өлген. Қазақстан Республикасы бойынша жылына родоннан пайда болған аурулардың саны белгісіз. Өйткені бұл салада Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмегені туралы жоғары да айтылды.

Америка Құрама штаттарыңца Родонның мөлшері 190 Бк/м3 жеткен кезде, одан қорғану шаралары жүргізіледі. Ал егер родон мөлшері 40 бк/м3 аспаса, онда тыныш ұйықтап, қалыпты түрде өмір сүре беруге болатынын ғалымдар айтады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы халықтардың тұрғын үйлеріндегі Родон мөлшері 200 Бк/мЗ жетеді. Ал жаңадан салынып жатқан үйдегі оның мөлшері 100 Бк/м3-ге барады. Егер родонның мөлшері 400 Бк/м3 жетсе ғана онда ондай үйлерге тұруға болмайды. Ондағы адамдардың барлығын басқа үйлерге көшіру қажеттілігі туындайды. Әрбір мемлекетте Родон-ның үйлердегі мөлшерін анықтайтын арнаулы түрде жасалған каталогтар бар.

Үйлердегі Родонның көбеюінің негізгі себебі үй астындағы топырақтан, құрылыс материалдарынан (бетоннан, қызыл кірпіштен, тас көмірді отқа жаққаннан кейінгі қалдықтардан шлактарда болатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шыққан. Биік қабатты үйлердің бірінші және екінші қабаттағы пәтсрлерде Родон айтарлықтай болатыны байқалады. Моншадағы парларда, жуынатын ыстық суларда Родон мөлшері жеткілікті түрде кездесетіні белгілі. Родоннан сақтанудың бірден-бір жолы үйлерді желдендіріп отыру қажет. Кейбір жағдайда Родонды тұтып қалған тұтқыштарды фильтрлерді орнату қажет. Суда болатын родонды, судықайнату арқылы кетіруге болады. Немесе ішетін ауыз суды көмірден жасалған фильтрден өткізу керек. Родонның жеткілікті мөлшерде шығатын мезгілі қаңтар мен шілде де. Жерден бөлініп шыққан родон бөлме ішінде едендегі тақтайдың жарықтарынан тарайды. Сондықтан да үйдің астында бетонды қалың құятыны, родоннан сақтанудың тәсілі. Родон адам ағзаларынан тез арада бөлініп шығады. Сондықтан да оны аса

205

қауіп көзі ретінде санауды және одан қорқудың қажеті жоқ. Еріген родонның аз (әлсіз) дозасы ағзаларға пайдалы. Ол адамның нерв жүйелерін тыныштандырады, қан түзетін клеткалардың қызметін жақсартады. Иммунитетті арттырып, қозғалыс мүшелерінің қалыпты реакция жасауын қамтамасыз етіп отырады.



Қазақстан Республикасында родон жайында арнаулы түрде құрылған "Родон" деп аталатын бағдарлама бар. Родонды анықтайтын "Ромон" атты аспаптарда бар. Қазақстан Республикасының территориясының 50% Родонмен ластанғанын айтпай кетуге болмайды. Сондықтан да родоннын мөлшеріне үнемі бақылау жасап отырудың маңызы зор.

Радиосәулеленуге сезімділік жер бетіндегі тіршілік ететін барлық ағзалар родонға біркелкі реакция жасамайды. Бір ағза иондалған радиацияға шыдамды келсе, ал екінші біреуі оған төзімсіздік білдіреді. Кейбір микроағзалар иондалған сәулеленуге өте төзімді келеді, тіпті радиация 100 000 Г, жеткенде олар тіршілік ете береді. Адам мұндай мөлшердегі родонға төзе алмайды. Бір түрде жататын ағзалар ішінде дс радиациялық сәулеленуге төзімділері де төзімсіздерде кездесе береді. Аналық особтар мен аталықтар радиациялық сәулеленуге әр түрлі сезімділік көрсетеді. Әр бір тканьдар, клеткалар радиацияға әртүрлі сезгіштік көрсете алады. Қан түйіршіктеріне радиация айрықша әсер етіп, қандағы эритроцидтерді жойып жіберіп, қан рагын (ликемия) тудыратынын медиктер жақсы біледі. Дезокеирибо-нуклеин және рибонуклеин қышқылдарына радиация ерекше әсер етіп, тұқым қуалайтын информацияларды және гендерді жойып жібереді. Ағзалар тұқым қуалайтын қабілетінен айырылып қалады. Олар ұзақ уақыт бойы радиацияға шыдамдылық көрсетсе де, онда олардың төзімдік қасиетін анықтайтын күштермілері (анықтау дейгейі) болады. Ағзаларды жойьш жіберетін родонның жоғары деңгейі болады. Оны предельно допустимая доза деп аталды. (ПДД —50 -30). Осындай мөлшерде родонның дозасын алған тәжірибеде жүргізуге алынған хайуанаттардың бір отар ішінде түгелімен қырыльш қалғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Кестеде ағзалардың ЛД-50/30 (летательная доза) шыдамдылығы көрсетілген. әсіресе гамма сәулеленуге шыдамдылығы берілген.

Кесте әртүрлі объектілерді гамма сәулесімен өндегенде (ЛД-50/30 дозасымен) олардың шыдамдылығы.

206


Объект

Дозасы гр

Саулық қой

1,5-2,5

Теңіз шошқасы

1,5-3,5

Есек

2,0-3,8

Адам

2,5-4,0

Ит

2,5-3,0

Маймылдардың түрлері

3,0-6,0

Тышқандар

6,0-15

Егеуқұйрықтар

7-8

Құстар мен балықтар

8-20

Үй қояны

9-10

Жылан

8-300

Жәндіктер (насекомдар)

10-100

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

1500-100

Бактериялар

90-7500

Әр кластағы вирустар

4500-7000

Әрбір ағза өзінің жеке басының ерекшеліктеріне байланысты шыдамдылық білдіреді. Радиациялық сәулелермен адамдарды емдеген кейбір ауру адамдардың басы айналып, құсқысы келген. Ал кейбіреулерге, радиациялық сәуле ешқандай да әсер етпеген. Сондай-ақ, ағзалардың жағдайларына байланысты родон әсер ететіні байқалады. Радиацияға шыдамдылары жас жаңадан жетіліп келе жатқан эмбриондар. Егер эмбриондарға радиацияның жоғары дозасы берілсе, онда олар бірнеше сағаттың ішінде тіршілігін жойып жібереді. Радиацияның тек жоғарғы дозасын ағзаларға тигізетін әсері зерттеліп, оның аз дозаларының ағзаларға қалай әсер ететіні осы уақытқа дейін толық зертеле қойған жоқ.

Радиацияның аз дозалары. Егер радиацияның 0,001 Гр дозасымсн ағзаларға ұзақ уақыт әрекет жасаса, онда ағзалардың дұрыс қызмет етуіне әсер етеді. Радиацияның табиғи фоны оларға өте қажет. Онсыз ағзалар өніп-өсіп дамымайды. Әр түрлі ағзаларға әр түрлі мөлшерде табиғи радиация қажет. Мысалы, сүтқоректі жанаурлар радиациясының дозасы 0,04 005 Гр қажет етеді. Егер осы мөлшерден радиация жоғары болса, онда ағзалар өсіп-өнбейді және дамымайды. Радиацияның аз дозасының әсері Семей полигоны территориясында жақсы байқалған. Сондай-ақ Черно-быль атом элетростанциясы авариясынан кейінгі уақытта тез сезіле басталған. Сонымен бірге Оңтүстік Орал аймағында болатыны анықталған. Семей полигонында термоядролық сынақтар

207

тоқтатылғаннан кейін радиацияның аз дозасының әсері онша болмай территориялық сәулеленуден тазара бастағаны байқалып отыр. Мұндай құбылыс Чернобыль атом электр станциясына орнаған аймақтарда байқалған. Неше түрлі өсімдіктер түрлерін өсіріп, радиациялық сәулеленудін, әсерін жоюға болатыны кейінгі кезде толығымен анықталып отыр.



9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?

Радиоактивті қалдықтар мен аз мөлшсрдегі радиация екеуі бірімен бірі тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай келе жатқан проблемалардын, бірі. Қазақстан Республикасы бойынша дүние жүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ екенін ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен бірге уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар десеңізші.

Қазақстан Республикасы экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиактивті қалдықтарды сақтайтын дүние жүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күндс 225 млн тонна радиактивтілігі аз қалдықтар сақталынуда. Олардың жалпы радиактивтік күні 57,6 мың ки. Сонымен бірге түрлі жағдайларға пайдаланып келе жатқан 100 мың тонна радиоактивті заттар өндіретін орындар бар. Семей полигонының территориясында 5,8 млн тоннаға жететін радиактивті заттарды сақтайтын орын бар, сондай радиоактивті қосылыстар жер астында 6,5 млн тонна қалдық сақталынады. Олардың жойқын күші 11,8 мың Ки. Ресейде де көптеген радиоактивті қалдықтар сақталынады. Ол төменгі дозадағы радиоактивті заттардың қалдықтары. Олар ашық жерлерде сақталынады. Ресейдің Селябі қаласында радиоактивті қалдықтардың 1 млрд Ки сақталынып отырғаны туралы ғылыми деректер бар. Қазақстан Республикасы территориясында сақталатын радиоакгивті қалдықтардың бәрінде радиациялық сәулеленудің мөлшері аз болады. Радиоактивті үйінділер төбе-төбе болып үйіліп кез-келген далаларда жатады. Олар қысы-жазы

208


сауған жауын-шашын суларымен шайылып басқа аймақтарға аралып жататыны сөзсіз. Қазақ даласында ерсілі-қарсылы соққан селдерде, радиоактивті элементтері бар қалдықтарды ұшырып жетіп жататыны да сөзсіз. Америка Құрама штаттарында радиоактивті қалдықтардың мөлшері қаншама екені туралы толық ылыми деректержоқ. Тек қана кейінгі кезде оларды анықтау үшін ылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліне бастады. Ол жұмыстарды жүргізу үшін үкімет 5 млрд доллар қаржы бөліп отыр. Ол жұмыстың қорытындылары 2005 жылы ғана жарыққа шығарғанын хабарлаған.

Иесіз, қараусыз жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары қаншама десеңізші. Олар биосфераға қаншама қауіп өндіретінін бір құдайдың өзі ғана біледі. Өйткені оны есептеп щығу мүмкін емес. Қазақстан Республикасы территориясындағы радиоактивті қалдықтардың толық картасы жасалынып, ол 22 том болып жарыққа шығуы мүмкін. Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қосымша түрде, бірнеше қоймалар жасалынуы жоспарланып отыр. Олар іске асама, жоқ болмаса қағаз түрінде қалама, ол жағын болжап айту қиын.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет