Зертеулер нәтижелері
Қазіргі кезде мал бордақылау алаңында ірі қара малы
(бұқашықтар) бордақылануда тұр. Шаруашылықта ірі қараның 2 тұқымы өсіріледі:
жергілікті тұқым, қазақтың ақбас сиыры. Бордақылау кешеніндегі мал азығын сақтау алаңы
жоңышқа, шөп орамдарын маялап жинауға арналған және трактор, шөп турауға арналған
құрылғы механизмдердің жұмысына ыңғайланып жасалынған. Ал сүрлем мен пішендеме
дайындауға және сақтауға арналған бетон темірден жасалған биіктігі 2,5 м траншеялар 13-
14 мың тонна сүрлем мен пішендеме дайындауға мүмкіндік береді. Бордақыдағы малдарды
жеммен үздіксіз қамтамасыз ету үшін мал бордақылау алаңынан оқшау орналасқан, арнайы
жабдықталған құрама жем зауыты да іске қосылған. Тұқымға қалдырылмаған таналар
жедел өсіріліп бордақылауға қойылады да етке тапсырылады. Оларды 3-4 ай, ал ересек ірі
қараны 2-3 ай бордақылау барысында ет түсімі өсіріліп ет сапасы жақсартылады.
Бордақылаудағы ірі қара жоспарланған тірі салмағы мен тәуліктік салмақ қосуына сәйкес
азықтандырылады /1-ші кесте/. Салмақ қосуында ауытқулар болса, азықтандыру
нормасынан әрбір 100 г салмақ қосымына 0,5 азық өлшемі қосылып не алып тасталады.
58
Бордақыланатын малдың азығы мейлінше арзан болғаны жөн. Осы мақсатпен
техникалық өндіріс қалдықтары (жем, барда, мезга) кеңінен пайдаланылады. Бордақылау
мерзімі
уш
кезеңге
бөлінеді:
бастапқы
кезеңде
(алғашқы
20-25
күн)
бордақылауға қойылған мал негізгі азыққа үйретілді; келесі кезеңде (ортадағы 40-60 күн)
оған негізі азық мүмкіндігінше қош беріледі, соңғы үшінші кезеңде (аяққы 25-30 күн)
негізгі азық молшері; біршама азайтылады да, оның орнына малдың тәбетін арттырып,
етінің сапасын жақсартатын пішен мен жем мөлшері көбейтіледі. Техникалық азық
қалдықтары өте сулы (90%) келеді. Олардың химиялық құрамында құнарлы қоректік
заттар тым аз, сондықтан бордақыланған малдың еті су татып, дәмсіз болуына осылай жол
бермейді. Етке тапсырылатын малды жазда жайып семіртеді. Жас малды 250 – 270 кг
салмақпен 90 – 100 күнге дейін бордақылауғақойып, малдың салмағын 340 – 360 кг
жеткенге дейін қойылды. Осы көрсеткішке салмағы сай келмейтін малды бордақылауға қою
тиімсіз, себебі қалаған салмаққа жеткізу мүмкін емес (320 – 330 кг аспайды), сапасы жақсы
ет алынбайды және малдың қоңдылығы өте жоғары болмайды.
Кесте 1- Бордақылауға арналған рацион құрылымы
Азықтардың атауы
Азық
мөлшері,
кг
Олар құрамында
NaCL
Азық.өл,
кг
Қорыт.
протеин, г
Ca,г
Р,г
Люцерна шөбі
Жусан шөбі
Селеу шөбі
1
0,44
78
17
2,2
1
0,42
64
2,6
2,4
1
0,6
53
1,7
0,85
Жүгері сүрлемі
13
2,6
182
18,2
5,2
Пішендеме
6
2,1
316
65,4
6,0
Дәнді дақылдар
концентраты
0,7
0,89
99,4
0,49
3,0
Арпа жармасы
0,6
0,69
51
1,2
2,34
Бидай кебегі
0,6
0,45
58,2
1,2
5,76
БЖК ұнтағы
0,15
Барлығы
8,19
901,6
107,8
27,7
Азықтың қажеттілігі
8,2
820
50
27
50
Барданың құрамында көмірсулар мен кальцийдің аздығын есепке ала отырып,
рационғакөмірсуға бай концентраттарды (арпа, жүгері, сұлы) және минеральды
заттарды(бор, үшкальцийфосфат және т.б.) қосады. Ересек малға тәулігіне 9 кг сабан
немесе шөп, ал жас малға – 4 – 6 кг шөп береді. Ең жақсы концентраттарғажүгері мен
арпажатады. Жас малға концентраттарға 80 г және ересек малға тәулігіне 100 г борқосып
береді (күніне бір басқа). Оларды бір басқа тәулігіне 2 ден 6 кг-ға дейін салмағына және
бордақылау мерзіміне байланысты береді. Малдың ет өнімділік деңгейі тірі кезінде тірілей
салмағының көрсеткіші және жанама белгілерінің қарқынды өсуі бойынша бағаланады.
Сонымен қатар, ет өнімділігі бойынша толық мәліметті малды сойып, ет өнімінің сапасы
мен санына қарай толық сипаттай аламыз. Тәжірибеге алынған малдарға бақылау сойысын
18 айында жүргізілді.Сояр алдында бұқашықтардың қоңдылығы бағаланды. Сойылған
ұшалар І категорияға жатады және жоғары сапалылығымен сипатталады. 18 айлық жастағы
бұқашықтардың негізгі сойыс көрсеткіштеріне сипаттама беретін болсақ, жоғары деңгейде
болды. Бірақта, ауыр ұшалар І топтан алынды. 18 айлық жасында бірдей жағдайда өсірілген
ірі қара тұқымдарын сояр Алдындағы салмақтары бойынша салыстырғанда, І топтағы
бұқашықтар ІІ топқа қарағанда 18,9 кг (4,1%) жоғары болды.
59
Өнімдері салыстырмалы түрде зерттеліп отырған бұқашықтардың тауарлық
құндылығын бағалау үшін бақылау мақсатында жүргізілген сою нәтижелері 2-кестеде
берілген.
Кесте 2-Бұқашықтардың 18 айлық жасындағы бақылау сойысының нәтижесі (Х±m
x
)
Көрсеткіштер
Топтар
І
ІІ
Сояр алдындағы тірілей салмағы,кг
461,4±5,74
442,5±3,63
Жаңа сойылған ұшаның салмағы, кг
256,6±5,44
244,3±2,17
Жаңа сойылған ұшаның шығымы, %
55,6±0,38
55,2±0,55
Іш майының салмағы, кг
11,1±0,85
14,9±0,78
Іш майының шығымы,%
2,38±0,23
3,34±0,21
Сойыс салмағы, кг
266,7±6,44
258,2±3,19
Сойыс шығымы, %
57,8±0,73
58,4±0,44
Жаңа сойылған ұша салмақтары бойынша салыстыратын болсақ, І топ ІІ топқа
қарағанда 12,3 кг-ға және 4,79% жоғары болды. Сойыс шығымы 0,6%-ға, іш майының
салмағы бойынша 3,8 кг және34,2%-ға ІІ топ І топтан жоғары болды. Бұл малды өсіру
технологиясы негізінде ұша шығымын 3-4% - ға көтеруге болатындығының дәлелі.
Еттің морфологиялық құрамы Ұшаның морфологиялық құрамы бұлшықеттің майға,
сүйекке және сіңірге қатынасымен анықталады.Ең құнды болып бұлшықет және май
ұлпасы болып табылатындықтан, ұшадағы еттің бағалылығын анықтайды. Ұшаның
сапасын бағалайтын басты көрсеткіш болып, сұрпы ет салмағының сүйек салмағына
қатынасы - еттілік индексі болып табылады. Әр түрлі табиғи анатомиялық бөлігінің
дәмділігі, тағамдық құндылығы мен құрамы бірдей емес, сондықтан ұшаның табиғи
анатомиялық бөліктерінің, ондағы сұрпы ет, сүйек және сіңір құрамының қатынасы
айтарлықтай маңызды болып табылады.
Еттің морфологиялық құрамы малдың тұқымына, жасына әрі қоңдылығына
байланысты екендігі даусыз. Сондықтан, малдың тұқымына байланысты оның
морфологиялық құрамын зерттеудің маңызы зор. Ұшаның салмағы өскен сайын еттің
морфологиялық құрамы да үлкен өзгеріске ұшырайды. Сұрпы еттің мөлшері артып,
сүйектің үлес салмағы азаяды. 1 кг сүйекке шаққандағы сұрпы еттің мөлшері артады.
Осыған байланысты еттің морфологиялық құрамын анықтау мақсатындағы зерттеулер 3-
кестеде берілген.
Кесте 3 -Жарты ұшаның морфологиялық құрамы (Х±m
x
)
Көрсеткіштер
Топтар
І
ІІ
Салқындатылған жарты ұшаның салмағы, кг
127,1±3,25
121,5±1,86
Оның ішінде:
сұрпы ет, кг
101,8±1,16
97,4±1,21
сұрпы ет, %
80,2±0,15
80,2±0,14
сүйек, кг
21,8±0,38
20,8±0,54
сүйек, %
17,2±0,24
17,2±0,17
сіңір, кг
3,5±0,26
3,4±0,21
сіңір, %
2,7±0,17
2,7±0,12
Сұрпы еттің 1 кг сүйекке шығымы
4,70±0,31
4,70±0,14
60
Еттің морфологиялық құрамы малдың тұқымына, жасына және қоңдылығына
байланысты. Жарты ұшаның морфологиялық құрамы 3-кестеде көрсетілген. Зерттеу
нәтижелері көрсеткендей қазақтың ақбас тұқымыжәне абердин ангусс бұқашықтарының
сұрпы етінің шығымы 80,2 %-ды құрады. 1 кг сүйекке шаққандағы сұрпы еттің шығымы
4,70 кг болды. Қазақтың ақбас және абердин ангусс тұқымы бұқашықтарында бұл
көрсеткіш олардың тірілей салмағына байланысты сұрпы ет 20,8 және 21,8 кг құрады.
Зерттеу нәтижелері ірі қара малы төлінің тірілей салмақтарын және ет өнімдерін
кешенді бағалау малдың қолайлы тірілей салмағы мен сойылар уақытын анықтауға
мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл малдың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты,
республикамыздың оңтүстік-шығысы жағдайына бейімделген ірі қара мал төлін өсірудің
және бордақылаудың аса қолайлы технологиялық жүйесін жасауға жол ашады.
Қорытынды
Алматы облысы «Алатау Дейри» ЖШС-де қазақтың ақбас тұқымын
азықтандыруы
және
еттілігін
бағалау
бойынша
жүргізген
ғылыми-зерттеу
жұмыстарымыздың нәтижесі бойынша азықты үнемдеп, қолда бар азықпен тиімді
азықтандыру көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |