456
әдебиетінің жалпы структурасына жете түсінбегендіктен жеңіл-желпі айтыла
салған пікірлер еді. Керісінше қазақ балалар әдебиетінің де өсу, өркендеу, даму
жолдарының болғандығы күмәнсіз.
Бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары: халық ауыз әдебиетінен
басталады. Балалар әдебиеті XIX және XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт
Торайғыров, Спандияр Көбеев т.б. ақын-жазушыларымыздың балалар
әдебиетіне қосқан мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық
мәнді әдебиет болды.
Балалар әдебиетін зерттегенде, оның төмендегідей басты-басты алты
түрлі ерекшеліктеріне тоқтауға болады.
Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың
ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың
нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып
отыруын қажет етеді.
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы
шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де,
мағыналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «ах, не
деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»» деп отыратындай болуы тиісті.
Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру
шарт.
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу
өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның
дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың
тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады.
Одан соң оның, неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды
шебер бейнелеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді.
Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық
қабілетін арттыра түседі.Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.
Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен идеясы
олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға
себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке
әуестендіре білуі керек.
Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы болып табылады.
Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін сол.
«Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін искусство»,-деген М. Горький.
Балалар әдебиеті деген не? Оның мақсаты қандай? Балалар әдебиеті - жас
буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік
моральге тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты — мектеп жасына дейінгі
үш жасар баладан бастап, 16 жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде
жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беруді көздейді. Осының
барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол
ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: