Сәкен Сейфуллин өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализммен жазылған



бет2/5
Дата12.06.2022
өлшемі82,71 Kb.
#146445
1   2   3   4   5
Байланысты:
2,1 Сакен Сейфуллин
8447751272, Жануарлар анатомиясы және физиология 2 курс Ветеринария, Байтлесова, атлет.гимнастика, 9 Лекция, 9 сынып Н р-С лтан, 2019, «Компьютер та даймыз» б лімі бойынша жиынты ба алау
«Сағындым»  өлеңі Сәкеннің ішкі жан дүниесінің күйзелісінен туған. Елден қол үзіп тар қапаста қиын күндерді өткізген ақын туған жерін ойламай жата алмайды. Асқақ рухты ақын сағынышын кестелі сөзбен көркемдеп жеткізеді. Нәзік лирикалы өлең терең сырға толы. Ақын туған ауылына, сүйген жарына, ақ жаулықты анасына, кең байтақ даласына, жұртына деген сағыныш сезімін рет-ретімен сырлы сезім, өрнекті жыр жолдарымен бейнелейді. Сағыныш сезімінің сан түрлі формасын оқырманға ұсынады. Ақынның сұлу оралымдары өлеңнің эстетикалық әсерін еселетсе, ал идеясы туған жердің қадір-қасиетін түсінуге баулиды.
Сарыарқаның төсінде бұла өскен Сәкен ақын туған өлкесінің сұлу табиғатын айшықты тілмен суреттейді. Ақын өлеңнің алғашқы жолдарында туған жерге деген сағынышын білдіреді:
Қайырымды қалың елі бар,
Сарыарқа сары белі бар,
Өрісті шалқар көлі бар –
Сағындым мен қырымды.
Келесі шумақта қазақ халқының көшпелі өмір салтын, аңғал да кіршіксіз көңілін суреттеп, туған ауылының бейнесін көрсетеді. Бұл жерде «кермеге тұлпар байлаған» деген тіркестен қазақ халқының тұрмыс салтының жылқы түлігімен тікелей байланысты екенін аңғартады.
Өлең жолдарында анаға, сүйген жарға деген сағыныш та ерекше сезіммен суреттелген. Ұтымды теңеулер, айшықты қолданыстар арқылы қазақ әйеліне тән сұлулық пен ізгілік сынды қасиеттерді көре аламыз:
Жібектей шашы оралған,
Қыпша белі қыналған,
Еркесі қырдың бұралған –
Сағындым мен сәулемді.
Айналып-толғап өсірген,
Ақ сүтін беріп кешірген,
Тастамайтын есінен –
Сағындым ғаріп анамды.
«Қамауда» Сәкеннің тұтқында жазған өлеңдер цикліне жатады.
Тас үйдегі тұтқынды
Аяған адам жоқ болды.
Аяды бірақ табиғат,
Көңілім соған тоқ болды.
Терезенің алдына
Торғайлар келіп ән салды.
Ызғарлы қамау тас үйге
Күйлендіріп жан салды.
Отырмын күзет-қамауда
Дұспаннан тәнім жеңілді.
Жеңе алмас бірақ еш пәнде
Асау, еркін көңілді.
Тас қамауда жатып Сәкен адамдардан рақым күтпейді. Себебі оны түсінетін жан жоқ. Сол себептен ақын еріксіз табиғатпен сырласады:
Терезенің алдына
Торғайлар келіп ән салды.
Ызғарлы қамау тас үйге
Күйлендіріп жан салды.
Бұл өлеңде ақынның туған жерге деген сағынышы көрініс табады:
Даладан көгал жас исін
Жіберді маған желменен.
Терезеде отырып,
Сөйлесті көңілім елменен.
Тас қамауда ақын туған жердің саф таза ауасы мен шұғылалы күніне зар болады. Міне, сондықтан көңіліндегі аңсар, арман өлең болып жарыққа шыққаны түсінікті.
Ақын суық қабырғада тәні азапқа түсіп қиналса да, рухы мойымайды, әлі де еркіндікке ұмтылады. Бұдан Сәкен шығармашылығы адам жанының нәзік иірімдерін жырлайтын поэзия емес, оптимистік рухтағы, өр, биік поэзия екенін көре аламыз.
Нашарларға болысып,
Күзетшілер бетін қайыру,
Тырнағынан олардың
Езілгендерді айыру –
Жолында жүрген бауырыңа
Тас аттыңдар бәрің де,
Мырзаларға қосылып,
Жастарың да, кәрің де,
Адамдықтың ұшқыны –
Сендерде егер ар болса , –
Бердім соның сотына,
Халық – тәңір бар болса!
«Адасқанға» ыза-кекке толы өлеңін Сәкен тұтқында отырып жазған. Өлеңде Сәкеннің әділетсіздікке, зорлық-зомбылыққа қарсылығы сезіледі. Түрме азабын көрген Сәкен ондағы қызметкерлердің арсыздығы мен зұлымдығын ашық сынайды.
Ақын «Шаһит болған достарыма» өлеңін түрмеде қаза болған ерлер рухына арнап жазған. Бұл орайда автор өлең жолдарына ана қайғысын арқау етеді. Себебі қыршыннан қиылған ерлердің қасіреті ана жүрегіне үлкен қайғы әкелгені анық:
Тыншығар біраз жылап сүйген жыры.
Ұмытар жақын деген достың бәрі.
Дүниеде ұмытпайтын жалғыз-ақ сол,
Сорлы ана, көкірек жарған қайғы, зары!
Өлең түрмеде нақақтан азап шеккен ерлердің аналарына бағышталған. Ананың перзентке деген махаббатымен бірге Отан-Ананың да ерлеріне деген өшпейтін ықыласы да көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет