Семинар тақырыбы: Жаңа оқыту технологиялары Орындаған: Кубиева Аяжан


Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі370,2 Kb.
#123855
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Кубиева Аяжан ҚТӘ 402 Семинар 3
Ғылыми зерттеу, Виды психологической подготовки. Психолого-педагогический контроль, Дене жаттығу биомеханикасы, Реферат экономика, ТравмыКАЗ
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
  • Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
  • Тиімділігі, жүйелілігі;

  • Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңестігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушы келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:
1. Оқытушы жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
3. Жаңа технология қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
4. Жаңа технологияда оқытушы қолданатын әдіс-тәсілдерді.
5. Студенттердің жұмыс әдісін.
6. Студенттердің жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі - осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
  • ассоциация;
  • бірлестік қызмет;
  • көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
  • оқу үрдісінде қызығушылық артады;
  • оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
  • оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:
  • алдын ала даярлық;
  • жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
  • оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.


  • Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
  • Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
  • Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Дамыта оқыту технологиялары. 
Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
  • Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе о тырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
  • Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады.

  • Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
    Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

Модул ьдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпаратты технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін - өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар, шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады, оқуға деген қызығушылығын арттырады, уақытында тапсырмаларды орындай алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі,уақытты үнемдейді, қайталау мүмкіндігін кеңейтеді, орындаған жұмыстарының қателерін бірден көреді. Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.
Сонымен, жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
  • Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
  • Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет