Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет15/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
-
31- 


*** 
Кейде Алтынның ойына келгенін істейтіні бар. Сабақтан шаршап келіп отыр едім, даладан 
жүгіріп кірді. Үнемі осы, сірә, Бауыржандармен ойнағанды қанағат тұтпайтын болуы керек, мен 
оқудан келген сайын қатты қуанады.
Міне, енді әй жоқ, шай жоқ:

Аға, көтерші, —
деп үстіме өрмелеп шығып барады.

Баршы. Шаршап отырмын.

Көтер, көтер.

Бар деген соң, бар!

Көтерші, аға.

Ағасы
-
ау, көтерсеңші. Аға дегеңде не жаның қалды?

Бұдан әрі қасарысуға болмайды. Әжемнің тілін қалай алмассың! Алтынның екі қолтығынан 
ұстап, аспандатып
-
аспаңдатып көтердім де, жерге қойдым. Оның көтер дегені осы ғана.

Көтей, көтей,

деп Бауыржан да келді жаныма. Бауыржан бұлай көтергенді сұмдық 
ұнатады. Ол бұған
емшектегі күнінен үйренген.
Бауыржан Алтыннан гөрі жеңілдеу, оны көтеруге менің әлім еркін жетеді. Аспандатып он 
шақты рет лақтырып, тосып алдым. Мен де, ол да ентігіп қалдық.

Аға, Рахиманы да көтерші, —
деді Алтын.

Көтейші, И
-
и
-
Иахиманы, —
деп Бауыржан да алқынды


Рахима, кел көтерейін.
Рахима не істерін білмей, бізге қарайды. Қызығып
-
ақ тұр, бірақ батылы жетпейді.
-
Кел.
Мен ұмтылып едім, жалт бұрылып, әжеме
қарай қашты. Тап беріп ұстай алдым. Жұлқып 
аспанға көтердім. Рахиманың беті менің бетіме қатарласа бергенде, оқыс байқап қалдым: көзінің 
шарасы үлкейіп, жас үйіріліпті. Дәл осы сәтте денесі селк етіп, үнсіз тыныссыз қалды. Оң 
қолымның астыңдағы құйтақандай жүрегі соғуын тоқтатып, тына қалғандай
болды. Мен
шошып 
кеттім. Рахиманы тез жерге түсірдім.
Рахима күрсініп, ауыр дем алды. Сонан соң «Ыһы
-
ыһы» деп ыржаңдап күлді. Бірақ ол
күлкіден 
гөрі өксікке көбірек ұқсайтын
еді.
Үні өте үрейлі, қорқынышты шықты. Бетінің қаны қашып, 
қуарып кетіпті.
-32- 


Бауыржан маған тағы жақындады, тағы көтердім. Алтынды 
да көтерейін деп оқталып едім, ол:

Рахиманы көтер, —
деді.
Ал Рахима жолар емес. Мен қашқақтағанына болмай, ақырындап басымнан асырмай бірнеше 
рет көтердім де, жерге қойдым. Бауыржан мен Алтын:

Жоғайы көтей.

Біз құсап аспандат, —
деп қолқалайды.
Рахима менен бір мейірім тілеп, шарасыз кейіппен қарады. Құшақтап, екі бетінен алма
-
кезек 
сүйдім. Ол шат үнмен сықылықтап күлді.
Сөйтіп тұрғанда, кенеттен Алтын Рахиманың мұрнын баса қойды. Қызықты қараңдар. 
Рахима дем ала алмай тұншығып барады. Алтын жібере салды да, сықылықтап күлді. Бәріміз де 
күлдік, Рахиманың өзі де күлді. Мен де Рахиманың мұрнын баса қойып едім, тағы тұншықты. 
Сөйтсек, Рахима аузымен дем алғанды білмейді екен.
Алтын өзінің Рахима бойынан тапқан бұл жаңалығына әбден мәз болып, оны қайта
-
қайта 
тұншықтыра берді. Рахима басын олай
-
бұлай алып қашып мезі болды. Алтын қояр болмады.

Қой, енді! —
деп Алтынға зекіп едім, Рахима маған тығылды.
Басын қолтығымның астына 
жасырды. Мұрны пыс
-
пыс етеді. Алтынды жолатпадым.
Менің берік қорған екенімді білген соң Рахиманың ойыны келді. Ақырын басын шығарып 
алады да, сақ
-
сақ күліп, Алтынды мазақ етеді. Алтын қимылдай берсе болды, дереу бауырыма 
қайта кіріп кетеді. Мен араша боламын.
Осылай Рахима бізге біржола сіңісіп кетті. Әуелі ажырамайтынды шығарды. Жанымыздан екі 
елі ұзамайды.
Тақтай еденнің дүрсілінен де, біз әдейілеп төгетін судан да қорқуды қойды.
Ол тіптен жұмысына ерте кетіп, кеш келетін әкемді де жатырқауын ұмытқан. Қайта, кешке 
қарай, малдас құрып отырған әкеміздің алдына шығып алып, бізге қоразданады.
Әкем
мұндайда
Рахиманы құшақтап отырып, ыңылдап ән айтады. Ол Алтынды да, 
Бауыржанды да осылай әнмен тербеп отырған. Енді сол кезек Рахимаға келіпті.
Әкемнің
айтатын әндері
маған әбден жатталып қалған. Мен әкеме іштей қосылып отырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет