Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет17/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
 
-
34- 


Мен әпендіні кереметтей аяп кеттім. Неге екенін, сол сәтте тағы да Ақтоған, ұжымшардың 
қауыны, Есдәулет шал елестеп еді көз алдыма, сол бойы сурет болып қатты да қалды.
* * *
Наурыз айының бас кезі. Демалыс күні еді. Әдеттегідей ауыл балалары Қараойдағы мұзға 
келдік те, екі топқа бөлініп, салма таяқ ойнай бастадық.
Салма таяқ —
хоккейдің шыққан тегі. Бірақ хоккейден артықшылығы да бар. Әр адамға бар 
болғаны бір
-
бір қайқы таяқ,
сонан соң ағаш доп немесе сиырдың асығы керек. Төменгі көпір —
орта көше балаларының мәресі, ал біздің Көкарық көше балаларынікі —
Бірлік стансасының шеті. 
Міне, осы екі аралықта ағаш допты әрі
-
бері ала қашып, күн ұзаққа салғыласамыз да жатамыз.
Аттылы
-
жаяулы дегендей, конькиі барымыз конькимен, конькиі жоғымыз жай
-
ақ кірісе 
береміз.
Сәскеге дейін екі жақ та мәреге бір
-
бір жетіп, есеп бір де бір болған. Үзіліс жасап, демалдық. 
Бәріміз кімнің қалай ойнағаны жөніндегі әңгімеге берілдік.
Кенет оңтүстіктен бір жылы леп есті. Өзі толқын
-
толқын сағым құсап қар бетін жалап өтіп 
жатыр.

Көктем иісі шығады, —
деді Төкен.

Рас, ей!

Қандай


Әй, қойшы. Сонша иісшіл болғансып.

Мына жылы леп 

алтынкүрек. Енді қар түк қалмай ериді.

Ой, білгішім
-
ай! Соқ
өтірікті.

Көр де тұр.
Балалар өстіп дәудірлесіп қалды. Менің мұрным түк иіс білмейді. Көктем иісі бар ма, жоқ па, 
әйтеуір, қар демнің арасында еріп,
арса
-
арса көк балақ болып сойылып, салма таяқ ойнай
алмадық. 
Сонан соң қармен атқыластық. Бұл да бір қызық ойын. Үсті
-
басымыз су болып, кешке бір
-
ақ 
тарадық.
Сол түні денем от боп жанып, қызып шықты да, төсек тартып жатып қалдым. Келер күні түс 
әлетінде
барып басым ауырғанын қоя бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет