Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет70/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Бірінші қадам – оқу курсын жүйе деп қарастыру, оқу мазмұнының алғашқы құрылымын анықтау. Мұғалім алдымен өзі, сонан соң әдістемелік бірлестікпен бірлесе отырып, оқу пәнінің негізгі бағытын, өзегін анықтайды.
Келесі әрекет - әрбір өзекті бағыт бойынша әр сынып үшін оқу мазмұны таңдалады. Таңдалған материал кесте түрінде көрсетіледі.
Мұғалім осылайша әр сынып бойынша, сыныптан - сыныпқа ілгерілеуде өз пәнінің мазмұнын көрнекті түрде елестете алады.
Екінші қадам - әрбір сынып үшін технологиялық карта жасалады.
Осы картаны жасау арқылы оқытудағы өзгешеліктер мен қиындықтар тұрғысынан мұғалім оқу мазмұнын толық көре алады.
Үшінші қадам - модульдік бағдарламаны құру. Оның негізгі құрамдас бөлімдері-дидактикалық мақсат және бағдарламаның модульдер жинағы болып табылады.
Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі, ол таңдалған үлкен тақырып немесе бөлімнің мазмұнын ашу керек.
Содан соң үш деңгейдегі кешенді дидактикалық мақсат анықталып, жазылады; алған білімнің, тұлғаның рухани дамуына, өмірлік тәжірибесі мен өзінің кәсіп таңдауына әсері, білімі, біліктілігі.
Төртінші қадам - кешенді дидактикалық мақсаттан кіріктірілген дидактикалық мақсат болып бөлініп алынады. Мұнда ақпараттың аяқталған блогын көрсететін мазмұны іріктеліп, анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейде мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.
Бесінші қадам - кіріктелген дидактикалық мақсатты жеке дидактикалық мақсаттарға жіктеу және модульді құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру.
Әрбір параллель сыныптар бойынша технологиялық карта құрастырылады. Осының нәтижесінде мақсаттар «ағашы өседі», (КДМ-кешенді дидактикалық мақсат, КИДМ-кіріктелген интеграциялық дидактикалық мақсат, ЖДМ- жеке дидактикалық мақсат, 2- сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет