4.5. Модульдік оқыту технологиясы
Модулдік оқыту жүйесіндегі тірек сөздер:
Модуль-бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі (Ожегов.С.И)
Дифференциация - латынның «difference» сөзінен аударғанда бүтіннің түрлі бөлшектерге, түрлерге, сатыларға бөлінуі, жіктелуі деген мағынаны білдіреді.
«Рефлексия» - терминді ағылшын философы, табиғаттәнді педагогиканың негізін салушы Джон Локк енгізді. Ол «рефлексия»- ақылдың өз әрекетіне бақылау жасауы деп анықтама берген.
ХХ-шы ғасырдың 80-жылдарының аяғында педагогика ғылымына тағы да бір технология ғылымының саласы, дәлірек айтқанда, «модуль» термині енді. Қазір модульдің оқыту негіздері білім беру тәртіптері жазылып та айтылып та жатыр т.с.с.
«Модуль» грек сөзі «modulus» -өлшем деген мағынаны береді. Оның 3 түрлі мағынасы бар.
1. Дәл ғылымның өзінде бұл атау қандайда болмасын коэффициенттердің өзгешелігінің құндылығында және мөлшерінде қолданылады.
2. Математикалық модуль жүйенің логарифмы бойынша қолданылады т.б.
3. Өлшем бірлігі, мысалы: архитектурада құрылыс жағынан өлшем бірлігі ретінде (архитектура модуль-колонна диаметрінің төменгі деңгейі).
Педагогика саласында модуль жүйесі ең басты бөлік болып қарастырылады, білімсіз дидактикалық жүйе қабылданбайды. Мазмұны бойынша - бұл толық логикалық аяқталмаған одақ. Ол тәртіп тақырыптарымен жиі үйлесіп отырады. Алайда модуль тақырыбында бәрі айрықша өлшенеді және барлығы бағаланады: оқушылардың сабаққа қатысуы, жұмыс тәртібі, тапсырма, білім меңгерудің қорытынды аралық деңгейлері. Модульде оқыту әдісінің бағыттары нақты беріледі. Оқыту жоспарлары сияқты модульдік оқытуда да алдын-ала барлығы жоспарланады. Ол тек қана сабақты оқыту материалдарының бірізділігімен ғана емес, материалды қабылдау деңгейімен ерекшеленеді. Осы берілген оқыту, үйрету әдіс -тәсілдерді әр модуль сайын оқушыларға жеткізу қажет.
Әр модуль толығымен оқытылғаннан кейін тесттердің қорытындылары бойынша мұғалім оқушыларға қажетті ұсыныс бағыт-бағдар береді. Оқушылардың өз мүмкіндігінше жинаған балының саны бойынша, өзінің даму деңгейінің сатысын анықтайды.
Осы түрде модульдік оқыту мақсаты рейтингтік бағамен байланысты. Оқушылардың дүниетанымдылығы оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Әрбір рейтингтік жүйе бұған рұқсат бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |