Күні:3.12.2015жыл Сыныбы:10а,ә Дебат «Ел ертеңі - жастар» ой-бөліс сайыс сағаты Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; -Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу; -Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру; -Өз көзқарасын айтуға машықтандыру; -Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру; -«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату; -Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту; Түрі: Дебат (пікірсайыс) Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру. Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет) Өту барысы (Қ.Мұрзалинаның сөзі) : Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай-ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген.Жастар ел дамуының негізгі күші.Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес,ол ел болашағы.Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес.Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі.Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып,бала-шағаларын асырап,елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс.Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес,мен еліме,жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс.Сонда біз өркендейміз.