Даттаушы жақ мүшесінен сұрақ: «Нұр Отан ХДП Төрағасы кім?» (Нұрсұлтан Назарбаев)
2-оқушы: Жастарсыз- болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.
Бүгінгі жас- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміз-дің болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Өмірдің өзі де осылай емес пе, біреу келеді, біреу кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып отырады. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.
Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.
Ақиқатын ашып айтар болсақ, жастарымыз белсенді болуы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр. Жүректерінде жалын бар, бойларынан бұла күштері тасыған жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға үрке қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыға үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса нұр үстіне нұр болары анық.
Даттаушы тобынан сұрақ: 1)Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан партисы» «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезі қандай ұран бойынша өтті? (Арман.Еңбек .Сенім ұраны бойынша)
3-оқушы:Менің ұсынып отырған аргументім:«Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты жобасының маңызы зор. Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да XXI ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Мысалы: Ақтөбеде Ақтөбелік жастардың бастамасымен «Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты марафон эстафета өтті.Жастар үшін «Жасыл ел»жастар отряды 700 мыңнан астам жас қазақстандықтарды біріктірді.Осыған байланысты жастар туралы сөз қозғауға болады. Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай қарекет етуде? Барша қазақ жерін қозғамай, өзіміздің бас қаламыз Астанаға тоқталсақ жөн болар. Астана жастарының белсенділігіне үңілсек, олардың қатысуымен атқарылған көпке танымал іс – шаралар жоқтың қасы. Сол себепті Назарбаев Университетінің студенттері, Жастар Парламентінің қатарына қосылды. Бұл ұйым Алматы қаласында өз іргетасын қалап, тамырын кеңінен жайғанымен, Астанада Жастар Парламенті Еуразияның жүрегінде орналасқан Назарбаев университетінде ғана құрылған. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады.
Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!
Қорытынды сөз: Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекше-лiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп.
Ұлы педагог А.Макаренко: «Тәрбиешiнiң әрбiр қимылы, жүрiс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлiм-тәрбие берерлiктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиешi бола алады» деген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы сөз қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |