Сынып айналым. Тест тапсырмалары. (Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)


сынып. 2 айналым. Тест тапсырмалары



бет4/5
Дата27.12.2021
өлшемі34,3 Kb.
#128788
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2015-16 тест тапсырмалары
АБАЙ ОКУЛАРЫ
10 сынып. 2 айналым. Тест тапсырмалары.

(Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)
1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қашан қол қойылды:

А) 1990 ж. 25 қазанда

Б) 1991 ж. 10 желтоқсанда

В) 1991 ж. 16 желтоқсанда


2. ХVІІІ ғ. бастапқы 30 жылына «қай жерде қыстау керек, жаз жайлауды қайда өткізу керек, тыныштыққа қалай қол жеткізсе болады және қалай соғысу керек» деген мәселелер қаралатын мәслихаттар тән болды. Мұндай мәслихаттар қашан өткізілді?

А) жылына екі рет – көктемде және күзде.

Б) жыл сайын.

В) екі жылда бір рет.


3. 1919 ж. 23 ақпанынан 1926 ж. 4 маусымына дейін Қазақстанның оңтүстік аймақтары кіретін территорияда Ферған фронты белсенді әрекет жасады. Бұл неге байланысты болды?

А) Англия интервенциясына Иран тарапынан қауіп төнуіне.

Б) оңтүстік шекарадан қайтарлыған ақ гвардияшылар бітпес қарсылықтарына.

В) режимге қарсы қарулы қарсылықтарға - басмашылар қозғалысына.


4. Қарлұқтар түркі тілді тайпаларының қыспағымен Түргеш мемлекеттік бірлестігі қашан құлады:

A) 708 ж.

Б) 724 ж.

В) 756 ж.


5. «Трайбализм» терминi ненi бiлдiредi?

A) табиғи немесе қоғамдағы әдетттен тыс сирек құбылыс.

Б) қоғамдағы бұрынғы рулық-тайпалық бөлiнiстiң қалдықтары сақталған тайпалық немесе этникалық бөлiнiс.

В) ықпал ету, ауқымының кеңеюі, жеке рулық бірлестіктің басқаларға ықпал етуі.

6. Қазақ халқының қалыптаса бастауы қай уақытқа сай келеді?

A) XII XIII ғғ.

Б) XIV-XV ғғ.

В) XV- XVI ғғ.


7. Тарихтың этностардың (тайпа, халық, ұлт) атауларының шығуы мен дамуын зерттейтін бөлімі – бұл:

A) Этнонимика.

Б) Ономастика.

В) Этнография.


8. Қазақстандықтардың елдегі тәртіпке қарсы наразылығы көбіне әлеуметтік сипатта болып, КОКП-ның саяси бағытынан алшақтамайтын. Бірақ, мемлекеттің экономикалық және ұлттық саясатына қарсы саяси сипаттағы осындай наразылықтардың бірі қашан, қай қалада болды?

А) 1979 ж. Целиноградта.

Б) 1986 ж, Алматыда.

В) 2011 ж., Жаңа Өзенде.


9. Ресейге алғашқы қазақ елшісі кім болды?

А) Құл-Мұхаммед.

Б) Ораз-Мұхаммед.

В) Дос-Мұхаммед.


10. ХІІІ –XIV ғғ. Алтын Орда мен мамлюктер басқарған Египеттегі көркем әдебиеттің басым көпшілігі қай тілде жазылдыы?

A) Араб тілінде.

Б) Қыпшақ тілінде.

В) Монғол тілінде.


11. Ахмет Жубанов – қазақ музыкатануының негізін салушы, композитор, Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрінің негізін салушысы және дерижері, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан ҒА академигі. Оның 1944 ж. Л.А. Хамидимен бірлесіп жазған атақты шығармасын ата.

А) «Көктем» балеты.

Б) «Қыз-Жібек» операсы.

В) «Абай» операсы.

12. 1891 ж. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы «Далалық ереженің» қандай мәні болды?

A) Қазақ өлкелерін басқаруды ұйымдастыру жөніндегі мүлде жаңа реформа болды.

Б) Қазақ және орыс халықтарының арасындғы өзара қатынастарды реттейтін негізі құжат болды.

В) Бұрын қабылданған құқықтық актілерге кейбір толықтырулар енгізілді.


13. 1944 жылдың ақпан айында қай халықтар күшпен Қазақстанға қоныс аударылды?

A) Ингуштар, шешендер.

Б) Күрдтар, ассирийлықтар, ирандықтар және түріктер.

В) Түрік-мехетиндықтар, қырым татарлары


14. 2014 жылы Әлемдік мұралар (дұрыс емес жауапты көрсет):қатарында ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан ескерткіштер:

A) Қойлық қаласы.

Б) Талғар қаласы.

В) Отырар жазирасындағы археологиялық ескерткіштер.


15. Алаш үкіметінің Семейде Шығыс бөлігіне (Ә.Бөкейханов), Батыста Жымпиты бөлігіне (ағайынды Досмұхамедовтар), және Жетісу бөлігі болып бөлінуі қандай оқиғадан кейін болды?

A) Большевиктердің Құрылтай жиналысын қудалауынан кейін

Б) Үкімет жетекшілерінің арасында билік үшін болған талас.

В) Азамат соғысының басталуы.


16. XVI ғасырда өмір сүрген көрнекті тарихшының еңбегі XІV- XVI ғасырларда Моғолстан мен оның көршілес елдері тарихына арналған, алайда оны тұңғыш қазақ тарихшысы деп қабылдайды. Оның аты-жөні:

A) Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати.

Б) Кадыр Әли-бек (Кадырғали) Жалаири.

В) Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани.

17. Жошы ұлысында қалыптасқан басқару және жаулап алған жерлер мен халықтарды иелену жүйесі

A) басқару берілген (удельдік)-ұлыстық.

Б) әскери – әкімшіліктік.

В) тайпалық.


18. Көшпелі қазақтардың негізгі қонысы киіз үй болғаны белгілі. Оның сыртқы пішіні күмбез тәріздес және үшкір болды. Қазақстанның қай аймағында үшкір киіз үйлер кең тараған?

A) Оңтүстік және оңтүтік-шығыс.

Б) Батыс.

В) Орталық.


19. Хиуа тағайындаған хандар Оңтүстік Қазақстан қазақтарына билік жүргізуді растайтын арнайы грамоталар алған. Ол грамотаар қалай аталады?

А) фирман.

Б) альпари.

В) жарлық.


20. 1998 жылы З. Самашевтің жетекшілігімен болған археологиялық экспедиция барысында Шығыс Қазақстан облысы Берел ауылы маңынан табылған қорғандар қандай тайпалардікі деп есептеледі?

A) парадарая сақтары;

Б) хаомаварга сақтары;

В) аримаспа сақтары.
21. Кіші жүздің ресми түрде мойындалған (1812 ж.), жарғыға (1824 ж.) сәйкес оның таратылуына байланысты биліктен шеттетілген ханы. Әбілқайырдың немересі -

А) Қаратай хан.

Б) Шерғазы хан.

В) Шығай хан.

22. XIV ғ. жазылған қыпшақ тілінің жарқын ескерткіші - «Кодекс Куманикус» Петрарка кітапханасынан табылды. Бүгінгі күнде ескеткіштің сақталған жері:

A) Рим;


Б) Флоренция;

В) Венеция.


23. Мұстафа Шоқай Орынбордағы II жалпықазақ съезінде Алаш пен Түркістан автономияларын біріктіру туралы ұсыныс жасады, бірақ бұл мәселе шешілмей қалды:

А) Түркістан қазақтарының алашордалықтармен бірігуге деген ниеті болмағандықтан.

Б) Большевиктер Қоқан автономиясын талқандап, Құрылтай жиналысын таратып жібергендіктен.

В) «Алаш» партиясы басшыларының Түркістан автономиясының жетекшілерімен билікті бөліскісі келмегендігінен.


24. «Қырғыздар бидай мен арпаны бір жылда тары өсіп шығатын жерге егеді. Кейіннен оларды үшінші жазда егу үшін сақтауға жібереді. Артынан қайта егеді». Я. Гавердовский қазақтардың егін егудегі қай жүйесін айтып отыр?

А) Екі алқаптық

Б) Үш алқаптық

В) Үш жылдық


25. Үнемі әскери қақтығыстар мен соғыс жағдайында болған Шығай хан 1582 ж. қай билеушімен вассалдық қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болды?

А) Бұқара әміршісі шайбанид Абдаллах II;

Б) Ташкент шайбаниді Баба сұлтан;

В) Орыс патшасы Федор Иоанович;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет