Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет113/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Қазақ қалай мәңгүрттенді?
нәсілшіл шовинистік саясатты үстануы себеп болса, 
оның дәстүрлік жалғасы кеңестік билікте де өз 
көрінісін берді. Тіпті, ¥лы Отан Соғысы кезінде қан 
майданда қайталанбас ерлік жасаған жауынгерлер 
ерлігін бағалаудағьі әділетсіздіктің орын алуы ұлт 
саясатындағы екі жүзді ұсқы нсызды қтың сұрқын 
көрсетіп берді. Ал оның айқын көрінісі 1986 жылғы 
желтоқсан 
оқиғасы ны ң барысында жазалауш ы 
орындар саналы түрде қолданған садистік әрекеттер 
болды. Бұл қасіреттің түпкі саяси тамырын, ғасыр- 
лар бойы м ем лекеттік деңгейде аспай-саспай 
толассыз жүргізілген отарш ы лдық саяси айла- 
тәсілдердің бұралаң жолдарын танып, әшкерелеп 
отырудың тәрбиелік зор мән-мағынасы бар. Бұл 
отарш ылдық саясаттың түп тамырын аша оты- 
рып, жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан әшкерелеу 
әрекетіне бару - Ресейді немесе орыс халқын жек 
көру емес, ұлттық санамызды оятып, мәңгүрттіктің 
тұтқынынан арылу болып отыр. Ресейдің патшалық, 
кеңестік дәуірдегі бүркемеленген алдамшы ұлт сая- 
саты астарындағы евроцентристік кертартпа дүние- 
танымын ғылыми тұрғыдан терең танып білу әрекеті 
ғана бізді құлдық сана құрсауынан шығара алмақ.
Қазақ жерін I Петр патша келешекте жаулап 
алынатын Азия құрылығына шығудың қақпасы деп 
біліп, оны қандай әдіспен болса да қаратып алуды 
империяның келешек басты мақсаттарының бірі 
етіп қойды. Бір жарым ғасыр ішінде қазақ жерін 
Ресей патшалығы аспай-саспай, батыс Еуропамен 
арақатысына қарай отырып жаулап, қарулы күшпен 
жерімізге бірде жылдам, бірде баяу шым-шымдап 
жылжып ене түсті. Апдымен қазақ жеріне айна-


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ла қоршап 44 жерден әскери бекіністер шеңберін 
салумен айналысты. Шортанбай ақын дәл болжап 
көрсеткен:
Әуелі баста ханды алды,
Айнала қоршап маңды алды,
Қамалып қазақ сандалды, -
деген сезінде Ресей патшалығы жүргізген отар- 
шылдық саясаттың езекті желілері белгі беріп жатты.
Аптын Орда империясы құлап, түрік халықтары 
көптеген ұсақ хандықтарға шашылып кеткен соң, Ре- 
сейдің көктен сұраған тілегін жерден берген заман 
туды. Шашырап кеткен ұсақ хандықтарды біртіндеп 
жаулап алысы мен-ақ Ресей империясы оларды 
шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын мықтап 
ұстанды. Қырым, Қазан, Астрахан, Сібір хандықтары 
миссионерлік саясаттың шырмауына түсті. Ресей 
тарапынан құрылған мұндай миссионерлік қанды 
қақпанға алдымен Сібірдегі түрік халықтары түсті. 
Ал қазақ жері мен Түркістан өлкесін 1731-1865 жыл- 
дар аралығында тұтас жаулап алып, Қытаймен екі 
арадағы шегарасын заңдастырып бекітіп алған соң, 
түркі халықтары ұстанып келген ислам дініне деген 
саясатын күрт өзгертті.
Қашан Орталық Азияны жаулап алғанша, қазақ- 
тар арасындағы ислам дінін қолдап, әр ауылға 
молдалар тағайындап қолпаштап келуінің себебі 
де бар. Өйткені келешекте жауланатын Түркістан 
өлкесіндегі халықтарды шошытып алмау үшін саяси 
маневр жасап, уақытша алдай тұруды мақсат тұтты. 
Осы мақсатқа соңынан қолы толық жеткен соң, енді 
миссионерлік саясатын ашық әрі батыл жүргізуге 
кірісіп кетті.


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет