Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Түркі халықтарыньщ ортақ жазу проблемасы



Pdf көрінісі
бет111/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Түркі халықтарыньщ ортақ жазу проблемасы
таңбасын тірілтіп қалыптастыру мәселесін тарих 
алдымызға тағы да көлденең тартуда. Әрине, оны 
бүгін-ертең қолдана саламыз деген ойдан аулақпыз. 
Бірақ бұл уақыт пен жағдай піскен тұста орындала- 
тын шындық екеніне де көзіміз жетіп, сеніміміз де күн 
өткен сайын артып келеді.
Біз, Қазақстан ғалымдары, келешек ұрпақ қол- 
данатын ата жазуына негіз болар жазу таңбасының 
бәрімізге ортақ үлгісін алдын ала даярлап қою 
жөнінде бүкіл түрік халықтарының ғалымдарымен 
келіспек ойдамыз. Ө йткені қазіргі маргиналдық 
санаға ұрынған ұрпақ толқыны екі-үш рет алмасып, 
ұлттық сана толысқан тұста мұны жаңа ұрпақтың 
өздері-ақ іздеп табары анық. Оған дейін ұлттық ой- 
санасы да пісіп жетіліп, оны қабылдауға жеңілдік те, 
жағдай да тумақ. Осы мәселе жөнінде алдын ала 
кеңесіп, пікір арқауын ширату мақсатында Түрколо- 
гия ғылыми-зерттеу институты өткен оқу жылын- 
да бүкіл әлем рунологтарын шақырып, ғылыми- 
теориялық семинар-кеңес өткізген болатын. Түркі 
халықтарының бір қалыпқа түскен ортақ жазу таңба- 
сына келуі тарихи заңдылық деп қарастырылған еді.
Егер ата жазу таңбасы негізінде жасалатын 
қазақ тіліндегі тұңғыш ұлттық жазу таңбамыз сәті 
түсіп, өміршең құбылысқа айналса, айымыз оңынан 
туары анық. Ондай жағдайда, әзірше латын жазуы- 
на түспей, артына қарайлап отырған Қазақстан 
тас түйін тәуекелге бел буып, ата жазуы негізінде 
жасалған жаңа жобаны қабылдауға барар болса, 
түркі халықтары арасыңда көш бастаушы абы- 
ройына ие болар еді. Бұл ұлы істі ата жұрттың 
қара шаңырағында отырған біз бастамағанда кім


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
бастамақ?! Әрі еліміз түркі халықтарының қара 
шаңырағында қалған перзенттік борышын ақтар еді. 
Өйткені қазіргі қазақ халқы - үлы Тұран жерінің ғана 
емес, көне түркілерден қалған қара шаңырақтың 
да заңды мұрагері. ¥лы Мағжан ақынның атақты 
«Түркістан» өлеңінде:
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? -
деп тарихтың түкпірінен тебіреніп сыр шерте 
толғануы жай нәрсе болмаса керек-ті.
Тәңір оңдап, аруақ қолдар болса, бұл асыл 
арман да орындалар күн алыс болмаса керек.
2004 жыл


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет