Созылмалы панкреатит


Қан айналым жетіспеушілігі. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Кезеңдері бойынша диагностикасы және емі. Алдын алуы. Болжамы



бет17/37
Дата18.12.2022
өлшемі339,98 Kb.
#163177
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
АААААААААААААААААААААААА
Акушер-гинекол тезисы
Қан айналым жетіспеушілігі. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Кезеңдері бойынша диагностикасы және емі. Алдын алуы. Болжамы.

Қан айналым жетіспеушілігі белгілі бір жүктемелерден кейін немесе организмнің тыныштық жағдайының өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы.
Патогенезі бойынша:

  • Гиповолемиялық айналымдағы қан көлемінің азаюы

  • Жүрек жетіспеушілігі жүрек қызм бұзылысы

  • Қантамырлық жетіспеушілік қан тамырлар бұзылысынан пайда болады.

Ағымы бойынша: жедел және созылмалы
Жедел жүрек жеткіліксіздігінің себептері

  • Жүректің қанмен немесе қысыммен зорығуы

  • Миокард жирылғыштығының бұзылысы

  • Жүректің дегенеративті өзгерістері мен жалпы массасының азаюы

  • Жаңа туылғандардың туа пайда болған жүрек ақаулары мен аномалиялары

  • Туа пайда болған бүйрекүсті безінің дисфункциясы

  • Туа пайда болған тыныс жеткіліксіздігі

  • Жаңа туылғандардың туа пайда болған ми қанайналым бұзылыстары

  • Ревматикалық емес жедел миокардиттер, перикардиттер, кардиомиопатиялар, жедел пневмониялар

  • Жүрек ақаулары

  • Миокардиттер

  • Миокард инфаркты

  • Артериялық гипертония

  • Жүрекке көп жүктеме түсуі

  • Жүректің зорығуы

  • Инфекциялар

  • Токсикалық әсерлер

Жедел жүрек жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі
Сол қарыншалық белгілер:

  • Өкпедегі іркіліс

  • Ентікпе, ортопное

  • Жүректік астма

  • Өкпенің ісінуі

Оң қарыншалық белгілер:

  • Веналық қысымның биіктеуі

  • Бауырдың ұлғаюы

  • Ісіну

  • Тамырлардың жалпы шеттік кедергісінің күшеюі

Сол қарынша жеткіліксіздігі белгілері
Сол карынша шамасыздығының басты белгісі — ентікпе. Басында ентікпе тек күш түскенде болып, тыныш күйде жойылады. Ентікпенің негізінде гипоксемия, өкпе тамырларындағы іркіліс, осыған байланысты өкпенін ісінуі және оның созылмалылығының төмендеуі жатады. Сондықтан тынысты камтамасыз ететін бұлшықет күштеніп жүмыс жасайды. өкпенің төменгі аймақтарында ылғалды сырылдар мен крепитация естіледі.
Жүректік астма – кіші шеңберде кан іркілісінің тез күшеюінен болатын ұстамалы ентікпе немесе ауа жетіспеуі. Жүректік астма, көбінесе түнгі мезгілде ұстауынан, кейде “түнгі пароксизмдік ентікпе” аталады. Ұстама қақырықты жөтелмен аяқталуы ықтимал. Ұстама кезінде өкпеде катаң тыныс және кейде ұсақ көпіршікті сырылдар естілуі мүмкін. Жүректік астма кезінде наукас жата алмай, төсегінен тұрып отырады. Өйткені горизонтальді қалыпта қысыла бастайды.
Өкпенің ісінуі — өкпе веналарындағы қысым 25-30 мм сын. бағ. биіктеген кезде дамиды. Оның дамуына сол қарынша шамасыздығын арттыратын басқа бір теріс факторлардың қосылуы септігін тигізеді, мәселен в-адреноблокаторлар, барбитураттарды немесе тахикардияны туғызатын, сұйықтықтың іркілуіне алып келетін дәрмектерді колдану.
көбіне ұйқының немесе ангинальдік ұстаманың кезінде наукас кенет ентігіп жөтеле бастайды. Басында жөтел құрғақ. Ауаның жетіспеуінен науқас терезені ашуға ұмтылады, төсекте аяғын төмен түсіріп сүйеніп отырады. Науқас қиналып тынышсызданады, өлім қорқынышы пайда болады.
Оң қарыншалық белгілер — үлкен шеңбердегі веналық іркіліспен білінеді. Қуыс веналар жүйесінде қысым биіктейді, мойын веналары ісінеді, пульсациясы күшейеді. Бауыр тығыздалып, ұлғаяды және шеті жұмырланады. Бауыр жасушалары, әсіресе, бөліктер орталығындағы, гипоксиядан некрозға ұшырауы мүмкін. Бауырдың осылайша зақымдануынан науқас сарғаяды, билирубин мен аминотрансферазалар жоғарылайды.
Ісіну — басында тек кешкілікте аяқ басында, тобықтарда пайда болып, танертеңге дейін жойылады. Кейін, ісіну ұлғая келе тұрақты сақталады және балтырға, санға, бел аймағына, құрсақ қабырғасына тарайды.
Гидроторакс – көбіне оң жақты плевралық веналарда қысымның жоғарылауынан болады. Париетальдік плевраның веналары үлкен шеңбердің, ал висцеральдік плевраның веналары кіші шеңбердің жүйесіне жатады. Сондыктан гидроторакс үлкен және кіші шеңбердегі іркілістің екеуінде де бола береді.
Асцит —бауыр веналарында және іш пердесі веналарыңда қысымның биіктеуінен болады. Аса көлемді асцит үш жармалы қақпақтың шамасыздығында және констрикциялық перикардитте байқалады. Оң карынша шамасыздығының дара түрі сирек кездеседі (өкпетекті журек түрінде), кәбіне ол сол қарынша шамасыздығымен бірге жүреді.
Классификациясы

  • Стадия I – жүрек жеткіліксіздік көріністері жоқ

  • Стадия II – жүрек жеткіліксіздігі (өкпенің төменгі алаңында ылғалды ысқырықтар, III тон, өкпедегі венозды гипертензия көрінстері).

  • Стадия III – ауыр жүрек жеткіліксіздігі (өкпенің ісігі; ылғалды ысқырықтар өкпенің төменгі алаңына дейін тарайды).

  • Стадия IV – кардиогенды шок (САҚ 90 мм сын.бағ. перифериялық вазоконстрикция көріністерімен: олигурия, цианоз, терлегіштік).

Форрестер классификациясы:
Группа I – қалыпты
Группа II – өкпе ісігі
Группа III – гиповолемиялық
Группа IY – кардиогенды шок

Жедел жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі лабораторлы зерттеулер:



  • ЖҚА, Тропонин

  • D- Димеры ӨАТЭ (ТЭЛА) + ұзақ уақыттық госпитализация кезінде

  • Креатинин, мочевина, АЛТ, АСТ, К+, Na+ ( барлық жағдайда)

  • Қан құрамындағы глюкоза (барлық жағдайда)

  • Тропонин-Т,I, КФК, миоглобин (барлық жағдайда)

  • Қан құрамындағы газдар (қант диабеті, тыныс жеткіліксіздігі)

  • ЖЗА (барлық жағдайда)

Жедел жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы

  • диагнозды анықтау – жағдайы ауыр науқастарға реанимациялық қызмет көрсету

  • Науқас қозған немесе ауырсыну сезінсе – ауырсыздандыру немесе седация

  • Артериалды қандағы pO2> 95% болмаса – тыныс қоспасындағы O2 деңгейін жоғарылату

  • Жүрек ритмы мен ЖСС қалыпты болмаса – антиаритмик, ЭКС

  • Орташа АҚ > 70 мм.сын.бағ – вазодилятатор, көлемі жоғарыласа диуретик

  • Инвазивті мониторинг (көрсеткіш бойынша) (артерия катетеризациясы; орталық вена катетеризациясы)

Жүректің жіті жетіспеушілігінің кез-келген клиникалық вариантында осы асқынуды тудырған дерттік жағдайды тез арада тойтару қажет:
Пациенттің қалпы:

  • тоқырау белгілері айқын кезде басы мен кеудесін жоғары көтеру,

  • өкпе шеменінің айқын кезінде –

  • аяқтарын төмен түсіріп отырғызу,

  • ылғалданған О2-мен танау катетері арқылы тыныстандыру,

  • көбіктенуді басу: спирттің буымен ингаляция жасау,

  • 1 мл 1% морфинді 20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде венаға егу,

миокард инфарктында –

  • нитроглицеринді тіл астына салу,

  • диуретиктер: фуросемид 20–80 мг венаға егу (шокта, гиповолемияда, анурияда қолдануға болмайды),

  • бронхообструкцияда – сальбутамол 200 мг аэрозоль не небулайзер арқылы ингаляциясы 2,5 мг 5–10 минут арасында,

  • дезагреганттар мен антикоагулянттарды қолдану қажеттігін анықтау,

  • артериялық гипотонияда – катехоламиндермен инотропты вазопрессорлық емді бастау: 400 мг допаминді 250 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде венаға тамшылап егу.

Госпитализация. Жүректің жіті жетіспеушілігі кардиореанимация бөліміне жатқызуға тура көрсеткіш болып табылады. Өкпенің айқын шеменін бөлімге жатқызу алдында тойтару қажет.

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі себептері:



  • миокардтық жетіспеушілік, жүрек бұлшықетінің зақымдалуы

  • циркуляторлық жүрек бұлшықеттеріне артық күш түссе

  • қарыншалардың диастолалық толуы бұзылыстары

  • семіздік

  • анемия

Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің жіктелуі («NYHA» Нью-Йорк кардиологиялық ассоциация бойынша 1969):
I ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КЛАСС – күнделікті күштемеде жүрек жетіспеушілігі белгілері (ентігу, жүрек қағуы, әлсіздік) көрінбейді
II ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КЛАСС – күштеме аздап шектелуі, жүрек жетіспеушілігі белгілері (ентігу, жүрек қағуы, әлсіздік, кардиалгия) тыныштықта көрінбейді, ал күнделікті күштемеде көрінеді
III ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КЛАСС – күштеме айқын шектелуі, жүрек жетіспеушілігі белгілері (ентігу, жүрек қағуы, әлсіздік, кардиалгия) тыныштықта көрінбейді, ал күнделікті күштемеден аз күштемеде көрінеді
IV ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КЛАСС – ешбір күштемені атқара алмау, жүрек жетіспеушілігі белгілері (ентігу, жүрек қағуы, әлсіздік, кардиалгия) тыныштықта көрінеді, әр күштемеде арта түседі

Клиникалық көрінісі:



  • ентігу физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Ал айқын жүрек жетіспеушілігінде тыныштық уақытында да байқалады.

  • ортопноэ –айқын ентігу кезіндегі тыныс алуды жеңілдету үшін науқастың мәжбүрлі жағдайда отыруы. Жатқан кезде тыныс алудың қиындауы өкпедегі капилярларда сұйықтықтың жиналуына байланысты онда гидростатикалық қысым жоғарылауына байланысты.

  • Түнгі уақыттағы пароксизмальді ентігу (жүрек астмасы). Мұның себебі өкпенің интерстициальді ісінуі.

  • Науқастардың тез шаршағыш болуы.

  • жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, іштің ауруы, іш үлкеюі (асцит) бауырдағы қақпа венасында қан іркілу салдарынан пайда болады.

Диагностика .
ЭКГ: Гис шоғырының сол немесе оң аяғының болокадасын, қарынша немесе жүрекше гипертрофиясын, патологялық Q тісшесін, аритмияларды анықтауға болады. Қалыпты ЭКГ созылмалы жүрек жетіспеушілігіне күмән тудырады.
ЭхоКГ: жүрек функциясын зерттеп, жүрек жетіспеушілігінің этиологиясын нақтылауға мүмкіндік береді. Негізгі көрініс сол жақ қарынша кеңеюі, жүрек соққысының фракциясын төмендеуі.
Рентген түсірілімі: Өкпеде сұйықтық толып, интерстициальді ісіну немесе өкпе ісіну белгілері пайда болады. Гидроторакс (көп жағдайда оң жақтық) анықталады. Ер адамдарда жүрек көлденең өлшемі 15,5 см, әйелдерде 14,5 см асқанда кардиомегалия диагностикаланады.

Емі
Медикаментозды емес ем. Тәулігіне 5-6 г кем ас тұзын пайдалану. Сұйықтықты тәулігіне 1-1,5 л/тәул. Физикалық жүктемені шектеу, 20-30 мин, аптасына 3-5 рет жүру. Эмоциональді тыныштық жағдайын қалыптастыру керек.


Медикаментозды ем. Созыдмалы жүрек жетіспеушілігін медикаментозды емдеуге келесідей талаптар қойылады:
Дәлелді медицина негіздеріне кіру керек;
Ұзақ уақыттық және комбенирленген болу керек;
Емдік дәрілердің құрамына кіретін комбенирленген терапияда аз мөлшердегі жеке дәрілерді қолдану.
Науқас өмір сапасы жоғарылауына алып келу керек.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде келесі топ дәрілер ұсынылады:
АПФ ингибиторлары; (беназеприл, эналаприл, хинаприл және т.б)
Диуретиктер; (спиронолактон, фуросемид, гидрохлортиазид, буметанид және т.б)
В- адреноблокаторлар; (метопролол, бисопролол, карведилол және т.б)
Альдестерон антогонистері,
Жүрек гликозидтері;
Ангиотензин II рецепторларының антогонистері; (лозартан, валсартан, кандесартан, ирбесартан)
Перифериялық вазодилятаторлар;
Метаболитикалық әсері бар препараттар;

  1. Жүректің ишемиялық ауруларының (ЖИА) жұмыс жіктелісі. Жедел коронарлық синдром. Атеросклероз. Клиникасы. Атеросклероздың клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Болжамы. Алдын алуы. Тұрақты стенокардия, клиникасы, диагностикасы және емі.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) — деп жүректің тәждік артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі ишемиялық (дистрофиядан некрозға дейінгі) өзгерістерді
Жүректің ишемиялық ауруының негізгі себебтері коронар тамырларының атеросклерозы болып табылады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет