Срсп 1 Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау


Қазақстан Республикасындағы биліктің бөліну принципін сипаттаңыз. ОСӨЖ өткізу түрі: жазбаша жұмыс, пікір алмасу



бет21/22
Дата13.04.2022
өлшемі45,71 Kb.
#139100
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
1-11 cрсп
Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Қайталау тапсымалары, Наурыздың он бірі, Наурыздың он бірі, Наурыздың он бірі, A hundred years ago, The streets of the city are busy today, The streets of the city are busy today, The streets of the city are busy today
2. Қазақстан Республикасындағы биліктің бөліну принципін сипаттаңыз. ОСӨЖ өткізу түрі: жазбаша жұмыс, пікір алмасу.
Мемлекеттік билікті жекелеген тармақтарға бөлу туралы негізгі пікірлер бұдан көп ғасыр бұрын пайда болған еді. Мемлекеттік биліктің бөлінуі туралы шешім əрмен қарай алғаш дамытқандардың бірі Аристотель болды. Оның пікірінше, кез келген мемлекеттің үш бөлігі туралы сөз қозғалуы тиіс еді. Кейін осы ой билікті бөлудің теориялық жəне практикалық негізіне айналды [1].
Осы тақырыпты ағылшын бағытында дамытушылардың қатарында Дж. Локты, Ж.Ж. Руссоны атауға болар еді. Бұл ойшылдардың еңбектерінде негізінен басынушылыққа жол бермеу үшін мемлекеттік билікті мүмкіндігінше шектеу туралы идеяға көбірек назар аударылады. Əpi олар мемлекеттік билікті шектеудің ұтымды тəсіл ретінде əділ заңдарды жəне мемлекеттік биліктің дұрыс бөлінуін көрсетеді.
Осы тұрғыда атақты француз ойшылы Ш.Л. Монтескье мемлекеттің үш міндетті атқаратынын атап өтеді. Олар: заң шығару, оның орындалуын қамтамасыз ету жəне азаматтық, қылмыстық əділ сотты жүзеге асыру. «Қолында билігі бар кез келген адам оны тepic пайдалануға бейім болатындықтан, бұл үш міндетті əр түрлі органдар атқаруы қажет. Əpi «сол биліктердің бірін-бірі тежеп отыра алатындай мүмкіндіктерінің болуы шарт» [2].
Ш.Л. Монтескьенің пікірінше, билік тармақтарының қайсыбіріне бөлекше басымдық беруге болмайды, яғни олардың өзара қарым-қатынасы тең құқықтық жəне бірін-бірі тежеп отыратындай жағдайда болғаны дұрыс. Сөйтіп, Ш.Л. Монтескье мемлекеттік билікті бөлу тұғырнамасын іске асыру үшін міндетті түрде билік өкілеттіктері бөлінуі тиіс деген тұжырымға келеді.
Біздіңше, билікті бөлу принципі теориялық тұрғыдан һəм практикалық тұрғыдан алғанда да үш тармағы бірін-бірі қадағалап əрі толықтырып тұратын биліктің біртұтастығы жүйесін жоққа шығару деген сөз емес. Егер шын мəнінде мемлекеттік билік түбегейлі бөлінетін болса, онда мұндай жағдайда билік тармақтарының арасындағы өзара қарым-қатынас үзіліп, мемлекеттік биліктің біртұтас механизм ретінде өмір сүру процесі бұзылады.
1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы ең алдымен еліміздің бірлігі мен тиімділігін қамтамасыз ете алатындай мемлекеттік билікті бөлудің жаңа моделін icкe асыру қажеттілігінен туындаған еді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында халқымыздың тəуелсіздігі бөлінбейтін болғандықтан мемлекеттік биліктің де біртұтас екендігі, бірақ ол өзінің міндеттерін əр түрлі мемлекеттік органдарға бөліп беру негізінде жұмыс істейтіндігінде ерекше атап көрсетіледі.
Біз мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сүйеніп жасап отырмыз. Онда былай жазылған: «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлінуі,олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара ic-қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет