Сүт өнімдері Сүзбе өндірісінің технологиясы



бет19/20
Дата15.12.2021
өлшемі31,8 Kb.
#101101
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Сүт өнімдері Сүзбе өндірісінің технологиясы-engime.org
Сүт өнімдері Сүзбе өндірісінің технологиясы-engime.org, 250

Жабық түрдегі сүзбе дайындағыш (4 сурет) бірнеше технологиялық операциялар орындайтын қондырғыға жатады. Сыйымдылығы 2000 литрлік ванна сүтті қыздыру үшін және дайын қоймалжыңды салқындату үшін пайдаланады. Жетек механизмі (9) ыдысты қажет бұрышқа қоюға ыңғайландырып жасалады. Ыдыстың төбесі тескілеуіш (перфированная) қақпақпен (1) жабылған. Ол сүзгіш матаны керіп ұстап тұрады. Жылжымалы жинағыш (6) сары су мен сүзбені жинау үшін пайдаланылады. Сүзгі дайын тұрған ыдысқа (3) құйып, ыстық су арқылы қыздырады. Ұйытылу кезінде температура бірқалыпты сақталып құруы қажет. Дайын қоймалжыңды кесіп, түбіндегі сары суды түп жағынан кран арқылы сыртқа шығарылады да, қақпаққа (1) сүзгіш мата орнатылады. Сары суды ажырату үшін жиі-жиі ыдысты 1300-қа бұрып айналдырып отырады. Қоймалжыңды престеу кезінде салқындату процесі мұзды су көмегімен бірге жүргізіледі. Дайын сүзбені арту үшін қақпақтағы сүзгі мата алынып тасталынады да, дайын сүзбені ыдысты көлбеу бұрып тұрып қақпақ алынғаннан кейін жылжымалы жинағышқа (6) тиейді.



Жабық түрдегі сүзбе дайындағыш

1-қақпақ; 2-сүзгі тақтайша; 3-қайтару ваннасы; 4-қаққыш; 5-рама; 6-жинағыш; 7-тіреу; 8-басқару кнопкалары; 9-жетек механизмі

4 сурет. Жабық түрдегі сүзбе дайындағыш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет