Байланысты: 8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін
Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика Радиода тілдік безендіру, бейнелеу ажарлау, мәнерлеу - хабардың сапасын артырып, көркемдігін күшейтеді.
Тілдік безендіру - радио хабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше. Лиризм - адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотыңдаушы үшін аса қажет. Дәріс кезінде белгілі бір хабар негізге алынады.
Радио хабарларын безендірудегі тағы бір жол - акустиканы пайдалану. Акустика радио мен телевизияда ерекше рөл атқарады. Акустика - тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің «естілу» деген сөзінен шыққан термин. Радио мен телевизияда акустика хабарлардың дұрысжасалауына әсер ететін фактор. Раднода хабарларды акустикалық безендіру құралдары - сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып, оны әсерелеу тәсілдері бар.
Радиода тілдік безендіру - фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланылады. Дыбыстық безендіру жұмыстарымен негізінен дыбыс режиссері айналысады. Бірақ, оған әрбір сөздің үндік бояуларының табиғатын танытып отыратын радиожурналист немесе редактор. Осы орайдағы журналистің міндетті жұмыстарына студенттерді машықтандыру жайында әңгіме болады.
Студенттердің баспасөз тілінің, телерадио коммуникациясы мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу, ауызша және жазбаша жұмыстарының лексикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан дұрыс болуымен қатар тілі мен стилі жағынан жатық әрі сауатты болуына мән беру.
Осы пәнді оқу барысында болашақ журналист әрбір жанр мен формалардың өзіндік тілдік, стильдік ерекшелігін білуі тиіс. Әр түрлі тақырыпта материал жазғанда, басылымның, телерадиоарнаның өзіндік ерекшелігіне сәйкес сөз қолдану тәсілдерін таңдай білуі керек.
Шәкірттердің тіл мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу. Олардың ауызша және жазбаша жұмыстарының, түсірілген бейнесюжеттерінің, жазылған аудиотаспаларының лексикалық, грамматикалык, синтаксистік жағынан ойға қонымды болумен қатар, құлаққа жағымды естілуіне мән беру.
- Жалпы тілдік шеберлікке үйретудің басты негіздері - практикалық жұмыстар арқылы жазу мәнеріне дағдыландыру.
- Лабораториялық сабақтарда хабар, сұхбат, репортаж сияқты жанрларға тән тілдік, стильдік ерекшеліктерді сақтай отырып, материалдар жазуды үйрету.
- Бір-бірінің материалдарын редакциялауға машықтандыру. Ескерілетін негізгі мәселе - ойдың дәлдігі, фактіні орынды пайдалана білудегі тілдік, стильдік ерекшеліктер. Термин сөздерге, мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге, цитаталарға мән беру, әрбір сөйлемнің дәл, айқын ұғымберуін қамтамасыз ету.
Газет, телевизия-радио жанрларының тілі мен стилін окыту арқылы студенттерді ана тіліміздің көркемдік қасиеттерін бағалауға, тілді түрлендіре, әдемі де орынды пайдалануға тәрбиелеу болмақ.