«Стилистика және тіл мәдениеті»


-дәріс. Синонимдік қатардың стильдік мүмкіндіктері



бет39/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

14-дәріс. Синонимдік қатардың стильдік мүмкіндіктері.
Сөз образы категориясының сөз мәдениетін көтерудегі эстетика- стилистикалық қызметі.

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Синтаксистік синонимдер.

  2. Синонимдік қатарлардың стильдік ерекшеліктері.

  3. Сөз мәдениетінің когнитивтік және лингвомәдени аспектілері

«Синонимдер – тіл байлығы» дегенде, біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, солардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз. Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Синоним – грек тілінің sinonimon (мағынасы – «қатар атау») деген сөзі бойынша жасалған термин. Синонимдер – омонимдерге қарама-қарсы құбылыс.Омонимдер мағыналары әр басқа, дыбысталуы бірдей сөздер болса, синонимдер мағыналары бір-біріне жуық (өзара мәндес), дыбысталуы әр түрлі сөздер. Омонимдер де, синонимдер де сөздерден құралады. Ал әр басқа сөздердің синонимдер ретіндер танылуы үшін, олардың мағыналық жақтан бір-біріне жуық, өзара мәндес болуы шарт. Өзара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады.


Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде одан да көп сөздер енеді.Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өзара мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына қатысты сөздер жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін , оның құрамына енетін сөздердің барлығы да не бірыңғай зат есім сөздерден, не бірыңғай сын есім сөздерден немесе бірыңғай етістік сөздерден болуы керек.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында бар. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік, үстеуден болған синонимдер жиі кездеседі.
Көркем шығарманың стильдік даралығын ұйымдастырып белгілеуде тілдің құрылымдық, синтаксистік құралдарының қызметі ерекше. Жазушы үшін оның сөйлемдерінің құрылысы мен көлемі, байланысу тәсілдері мен бір-біріне орналасу реттері бәрібір емес. Сондай-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, айтылу ырғағы, керек десеңіз, тыныс белгілеріне дейін белгілі бір жүк арқалап, стильдік көркемдік қызмет атқарып тұрады».
Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Көркем шығармада кейіпкер бейнесін беруде кейіпкер тілінде қолданылған қаратпа, қыстырма сөздердің де өзіндік қызметі бар. Синтаксистік стилистикада синонимдердің орны ерекше. Синтаксистік синоним болу үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет: синтаксистік қатынас болуы қажет, құрылымдардың лексикалық құрамы бірдей болуы тиіс, мағыналық жақындық болуы тиіс. Синтаксистік құрылымдардың синонимдік қатар түзуінің тағы бір шарты – олардың арасында мағыналық, тұлғалық айырмашалақтың болуы. Бұл арада синтаксистік құрылымдар синонимдік қатарға түсу үшін мағыналық жақындықтары болуымен қатар, олардың мағыналары арасында сәл де болса айырмашылық та болуы тиіс. Синтаксистік синонимдерге тән тағы бір белгі – экспрессивтілік пен модальділік.
Синтаксистік синонимге тән белгілер қатарына трансформациялықты да жатқызуға болады.
«Екі не одан көп сөз тіркестері немесе сөйлемдер бір-бірімен синоним болу үшін, алдымен олар параллелизм болулары керек. Параллелизм болмаған конструкциялардың синоним құрулары мүмкін емес. Демек, синоним – параллелизмнің бір түрі. Синонимдердің кезкелгені параллелизм болады да, кез келген параллелизм синоним болмауы – табиғи құбылыс».
Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады.
«Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді».
Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. Экспрессивтік бояу әр стильде әр түрлі болып келеді. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тәуелдік жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты қосымша әр қилы экспрессивтік реңк береді.
Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, кекету мағыналарын береді: әкетай, ағажан, Мәке, Секе, апай, ағай, ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде әрі әсерлі, әрі бейнелегіштік, мәнерлегіштік қасиетімен көзге түседі.
Тілдік білім “сөйлеушінің (жазушының) тілдік құзіреті” деген ұғымды аңғартады. Белгілі бір тілді тұтынушы тілдік таңбалардың мағынасын жақсы білуге, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстырып, ой-сезімін білдіре алатындай болуы шарт. Тілдік таңбалардың мағынасы адресант-сана мен адресат-санада бірдей ұғынылуға тиіс. Бұл – коммуникацияның ойдағыдай өтуінің алғышарттарының бірі.
Автор мен адресаттың арасындағы коммуникацияның ойдағыдай болмағы тілдік емес факторларға да байланысты болады. Әсіресе “маман” + “маман” (дәрігер) арасындағы коммуникацияда бұл жағынан “қиындық” бола бермейді, өйткені арнаулы сөздер, терминдер, номенклатуралық атаулар тәрізді тілдік таңбалардың мазмұнмежесі екі санада бірдей түсініліп, бірдей ұғынылады.
Коммуникация кезінде тілдік конфликт көбіне “маман” – “маман еместің” арасында жиірек кездеседі. Мысалы, “маман” (дәрігер) мен “маман еместің” (науқастың), “сатушы мен сатып алушының” арасындағы коммуникацияда түсініспестік жағдай көбіне тілмен байланысты болады. Бұл қауіптің алдын алу үшін “коммуникатор-маман” “коммуникант-маман еместің” когнитивтік санасымен, яғни оның тілдік, тілдік емес білім қорымен санасып, сөйлеген (жазған) сөзін маман емес коммуниканттың санасына қарай бейімдеуі қажет. Мысалы, дәрігер мамандар арасындағы тарөрісті емес, жұртшылыққа танымал медицина терминдерін қолдануға тиіс. Сөз ыңғайы “дәрігер – науқас” формуласына қарай құрылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда науқасқа берілуге тиісті ақпараттың көлемі толық болмай шығады. Дәрігердің “маман – маман” арасындағы қолданатын терминдер тізбегі мен номенклатуралық атаулар легінің бәрін науқас түсіне бермейді.
Сатып алушының көбірек қолданатын дейксистеріне (ананы, мынаны, анау тұрғанды, мына біреуді т.б.) сатушы ерекше мән беруі қажет, өйткені сатып алушы тауардың маркасының, сортының қалай аталатынын біле бермеуі мүмкін.
Сөз мәдениетінің когнитивтік және лингвомәдени аспектілері” сөз мәдениетінің когнитивтік негіздері; тіл мен мәдениеттің өзара байланысы; тілдік тұлғаның мәдени-тілдік құзіреті деген тақырыпшалардан тұрады. Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады.
Ақиқат туралы білімді санада сақтау, оны игеру – күрделі процесс. Бұрын алынған білім индивид санасында тәртіпке келтіріліп, жаңа алынған білім бұрынғымен байланыстырылады. Аса маңызды, мәнді деген фактілер, деректер жинақталып, концептілік жүйеге түседі.
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның компоненттері (белгілері) белгілі бір тәртіпте болады. Заттық-образдық ядро нақты болады, ал ядродан алшақтау жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі болуы мүмкін [11, 34-43]. Концептінің әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады. Бұл жайт концепт ұғымының өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=, жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр. Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт-мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық тб.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынаған саяды: концепт – денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі, ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Мысалы, қазан ошаққа, тасошаққа, жерошаққа т.б. құрылғының үстіне қойылатын, астына от жағылатын, беті қақпақпен жабылатын түбі қара күйе ыдыс. Ошақ, ошақтың үсті, от жағу, беті, қақпақ, жабу, түбі, қара күйе, ыдыс дегендер – ақпарат. Осы ақпараттардың реттелген жүйесінен заттық-бейнелік концепт жасалып тұр. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір таңбаланушының таңбасына айналады. Ендігі жерде қазақ түсінігінде қазан отбасының, ағайын-туыстың, ауыл-аймақтың, ел жұрттың басын біріктіретін, басын қосатын, ынтымақтастыратын қасиетті мүлік болып табылады. Қазаны бүтін; қазаны қақ айырылу, қара қазан сарбаланың қамы, қазанын сындыру (кек алудың бір түрі) т.б. дегендер ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық семантиканың тілдік таңба арқылы жарыққа шығуы қазанның ұлттық мәдени концептіге айналғанын көрсетеді. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер) этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Зат-бейнелік концепті (перцептивті модус) мен мәдени-ұлттық концепт (инферентті модус) когнитивтік әрекеттің екі фазасы болып саналады; бастапқы таңбаланушы мен таңбалаушы әртүрлі модификацияда сөз таңба ретінде қалыптасу кезеңінен өтеді. Аяққы кезде сөз белгілі бір этномәдени кеңістікке енеді де, сол мәдениетті түсінудің (ұғынудың) және түсіндірудің (ұғындырудың) құралына айналады.
М.Минский фреймді стереотипті ситуацияның ойбейнесі деп атайды. Осы аталған когнитивті жасалым стереотипті денотаттық ситуациямен байланысты. Мысалы, ашішектей созылды деген фразеологизм “ұзаққа созылған, бас-аяғы көрінбейтін, адамды ығыр қылатын баяу іс, әрекет туралы” айтылады. Фразеологиялық мағына ақиқат дүниедегі денотаттық ситуацияның тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым ретінде қалыптасуымен байланысты. Когнитивтік санада фреймдік форматқа түскен құрылымды таратып айтатын болсақ, – жаңа сойылған малдың ішек-қарны тазаланады, әсіресе аш ішек ұзын, жіңішкелеу болғандықтан, ши жүгіртіп, сумен шаю ұзаққа созылып, баяу істеледі. Ақиқат өмірдегі осы стереотипті денотаттық ситуация тілдік ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылым түрінде орныққан. Ендігі тұста осы фреймдік формат “ұзақ, баяулық” сияқты басқа бір концептімен ассоцацияланып, ұзаққа созылған, баяу, адамды ығыр қылатын істі атайтын екінші реттегі номинацияға айналған.
Белгілі бір мәтінде фразеологизмдердің дұрыс/бұрыс қолданылғанын олардың ақиқаттағы денотатымен, сол денотаттың санадағы құрылымымен байланыста қарай отырып айқындауға болатыны байқалады.
Когнитивтік тұрғыдан қарасақ, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай тәрізді фразеологизмнің сөз мәдениеті тұрғысынан қазақ тіліне жат екені байқалып тұрады. Өйткені жаңбыр шелектеп жауса да, қазақ даласында саңырауқұлақ қаптап кетпейді, яғни ақиқат өмірде ондай стереотипті ситуация жоқ, денотаты болмағандықтан, ұлттық санада фреймдік құрылымы да жоқ. Диірменіне су құйды деген қолданыс та қазақша емес. “Бір нәрсені өршіте түсу” деген ұғым қазақ тілінде “Отына май құйды” деген фразеологизммен бейнеленеді, өйткені ақиқат өмірде отқа май құйып ырымдайтын стереотипті ситуация болған. Осы денотатпен байланысты тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым түзілген.
Сондай-ақ ақиқат өмірде болғанмен, фреймдік құрылымға түспеген денотат, денотаттық стереотиптік ситуациялар да болады. Мысалы, судың, жаңбырдың тамшысы перцептивті образ түрінде кез келген тілдік ұжымның санасында болуы ықтимал. Бірақ бәрінде бірдей “егіз тамшы” деген фреймдік құрылым кездесе бермейді. Орыс тілінде “өте ұқсас, бірінен бірін ажыратуға болмайтын нәрсені” как две капли воды деген екінші реттегі номинациямен береді. Ал қазақ тұрмысында егіз қозы біріне-бірі өте ұқсас, оларды бір-бірінен айыру, тәжірибелі адам болмаса, өте қиын. Ақиқат дүниедегі осындай перцептивті типтік ситуация ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылымға айналып, соның негізінде егіз қозыдай деген екінші реттегі атау пайда болған. Қазіргі кезде баспа беттеріндегі егіз тамшыдай деген қолданысты бөтен тілдің дүниелік картинасы болғандықтан сөз мәдениеті тұрғысынан мақұлдауға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет