Байланысты: 8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін
Радиохабардағы стиль мәселесі. Стиль - гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай стиль туып қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар пән ретінде оқытылады.
Стиль – көркемдеп сөйлеудің, ойды айтудың мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы.
Стильдің бастауы, қалыптасуы, дамуы сияқты кезендерінің болуы заңды. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.
Радиохабарлардың тілі мен стилі . оларда сөйлеу тіліне сай ерекшеленген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразаларға құрылған сөз тіркестері пайдаланады.
Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескеру мен фразалардың түсіну нен айтуға қолайылығын ескеру - стильді радиоға бейімдейді.