Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,75 Mb.
#32199
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Д. Т. Абенова, Д. К. Ахметов Маркетингті басқару: Павлодар: Кереку, 2010

2. Оразбаева, К. Н. Маркетинг: - Атырау : Ер Төстiк, 2007

3. Романова А.Н М.Маркетинг: Учебник : Банки и биржи Юнити, 2006

4. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы : оқу құралы-Алматы : Заң әдебиетi, 2009

5. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы [Электрондық ресурс] : оқу құралы -Алматы : Нұр-Пресс, 2009.

6. Маркетинг негiздерi : оқулық [кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған] Тойкин, С. Х. Астана : Фолиант, 2008

Қосымша

7. Маркетинг және менеджмент негiздерi : оқулық Сатыбалдыұлы, С. Байтанаева, Б. Астана : Фолиант, 2007

8. Сатыбалдыұлы, С.Маркетинг - нарықтану : жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулық - Алматы : Бiлiм, 2002.
7 тақырып. Консалтинг қаржылық қызметінің маркетингі – 4 сағат.

Мазмұны:

1. Консалтинг туралы түсінік.

2. Тәжірибеде өткізу арналарының негізгі типтері.

3. Көтерме кәсіпорындар тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар туралы.

Консалтинг ‑ шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Бұл жылдарды Батыста «консалтигінің алтын ғасыры» деп атайды, мұның өзі соғыстан кейінгі кезеңде экономиканың жедел даму жолына түсіп, консалтингтік қызмет көрсетулерге деген кажеттілігінің күшеюіне және оның интернационалдануына байланысты туды. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында жалпы саны 500-ден астам консалтингтік фирмалар жұмыс істейді. Олар, көбінесе, кәсіптік сипаттағы консалтингтік қызметтер көрсетеді.

Көрсетілетін консалтинглік қызметтердің тақырыбы (жалпы басқару, әкімшілік ету, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, өндіріс, ақпараттық технология, мамандандырылған қызметтер көрсету);

‑ қамту аясы (сыртқы консалтинг, ішкі консалтинг),

‑ нысаны (кеңес беру, сабағат, жоба),

‑ әзірлеу әдісі (сараптамалық консалтинг, процестік консалтинг, оқыту консалтингі, сараптамалық-процестік консалтинг, сараптамалық оқыту консалтингі),

‑ сипаты (проблемалық оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету, проблемалық-кәсіптік консалтингтік қызметтер көрсету) бар.

Сыртқы консалтинг ‑ клиенттерге тиісті шарт негізінде қызметтер көрсетуші тәуелсіз консалтингтік фирмалар түріндегі немесе жеке кеңес берушілерден құралған консалтинг ішкі консалтинг - белгілі бір ұйымның құрамында істейтін, ұйымның талдамалы, «штабтық» ішкі жүйесін құрайтын экономика мен басқару жөніндегі мамандар жүргізген консалтинг.

Сараптамалық консалтинг ‑ кеңесші диагностиканы, шешімдер талдамасын және оны енгізу жөніндегі ұсыныстарды дербес жүзеге асыратын консалтинг. Мұнда клиент, негізінен, консалтингнің ақпаратқа қол жеткізіп, нәтижелерді бағалауына мүмкіндік жасайды.

Процестік консалтингте ‑ кеңесші жобаның барлық жасалу кезеңдерінде клиентпен өзара белсенді іс-қимылда болады, оның өз идеяларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтуына кеңесшінің көмегімен проблемаларға талдау жүргізіп, шешімдер өзгертуіне ықыласын оятады. Кеңесші, негізінен, осы сыртқы және ішкі идеяларды жинап қорытады, клиентпен бірлесіп жүргізген жұмыс барысында алынған шешімдерді бағалайды, оларды жүйеге келтіріп, ұсыныстар дайындайды, идеяларды жинаумен, шешімдерді талдаумен айналысып қана қоймай, сонымен бірге осы идеялар мен шешімдердің пайда болуы үшін негіз әзірлеп, клиентке лекциялар, семинарлар, оқу құралдары нысанында тиісті теориялық және практикалық ақпарат береді. Проблемалық ‑ оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету ‑ коммерциялық, негізінде кеңестер беру, ұсыныстар айту, клиентпен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында көрсетілетін қызметтер. Проблемалық-кәсіпқойлық консалтингтік қызметтер көрсету белгілі бір ұйымдық-техникалық немесе ақпараттық міндеттерді коммерциялық негізде орындау нысанында көрсетілетін консалтингтік қызметтер болып табылады.

Өткізу өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып, ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы. Сондай-ақ меншік құқығын өнідрушілерден тұтынушыға беру. Өткізу арнасы - ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысты фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Тәжірибеде өткізу арналарының тікелей және жанама деген 2 негізгі типі қолданылады.

Тікелей өткізу арнасы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делдалсыз тікелей ауысып жылжуы.

Жанама өткізу арналары тауар мен қызметтің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін тұтынушыға жылжуына байланысты арналар.

Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет функциясы:


  1. ақпараттық-маркетингтік зерттеулер жүргізу;

  2. ақпаратты жинау және оларды тарату;

  3. коммуникациялық-жарнамалық ақпаратты жасау және тарату;

  4. байланыстарды орнату;

  5. келіссөздер орнату;

  6. тауар қозғалысын ұйымдастыру;

  7. қаржыландыру;

  8. тәуекелге бару;

  9. төлем жасау;

  10. меншік құқығын табыстау.

Өткізу арналарының деңгейі – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту бойынша тізбектегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез-келген делдал.

Нөлдік деңгейдегі арна тұтынушы мен өндірушіден ғана тұрады:

Белгілі бір өткізу түрін қолдану өзіндік және сыртқары арналарды таңдауды талап етеді.

Өзіндіктер – бұлар тікелей кәсіпорынға жататын өткізу органдары, олар:

1. еншілес өткізу компаниялары;

2. саудалық өкілдіктер және бөлімшелер;

3. фирмалық дүкендер;

4. коммиваежорлер, дилердер және сауда агенттері.

Сыртқары өткізу ұйымдары категориясына мыналар жатады:


  1. тауарға меншік құқығы бар дербес көтерме және бөлшек кәсіпорындар;

  2. сататын тауарлардың меншікті иесі емес және коммерциялық тәуекелді кәсіпорындар (коммиссионерлер және маклерлер);

  3. тауар қозғалысында белгілі бір қызметтер атқаратын тұлғалар және ұйымдар (транспорттық фирмалар, қойма шаруашылықтары, сақтандыру компаниялары, т.б.).

  1. Өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының құрылымына байланысты болады:

  1. дәстүрлі – бұған тәуелсіз өндіруші бір немесе бірнеше көтерме немесе бөлшек сатушы кіреді. Жүйенің әрбір мүшесі өз қызметін атқарып, максимальді табыс табуды көздейді.

  2. тік маркетингтік жүйелері – бір бүтін жүйе ретінде қызмет ететін өндірушілерден бір немесе бірнеше көтерме және бөлшек саудагерлерден тұрады. Осы кезде арнаның бір мүшесі қалған фирмалардың меншік иесі болып табылады немесе олармен келісім шартқа отырады, сондай-ақ оның қуаттылығы арнада белсенді орын алып, басқа қатысушыларға ықпалы зор болады. Тік маркетингтік жүйелерінің корпоративтік, келісімді, басқарылатын деген негізгі 3 типі бар:

1) корпоративтік типі негізінде өндіріс пен өткізудің кезеңдері және өткізу арналарының қатысушылары бір билікте болады.

2) келісімді типі үлкен коммерциялық жетістікке жету мақсатында арна қатысушылары арасында келісімді қатынастарды орнату жүйесі. Бүл типтің 3 түрі бар:

а) көтерме сатушы ұйымдастырған бөлшек саудагерлердің өз еркімен бірігуі;

б) бөлшек саудагерлердің кооперативтері;

в) франчайзинг – ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын (лицензиясын) шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі.

Жасалған келісім шарт бойынша франшизер (франшизо ұсынушы) франшизиантқа (франшизоны сатып алушы) өзінің тауарлық белгісін, атын шектеулі территорияда белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған технологияны пайдалану құқығын сатып, қойылған шарттардың орындалуын қадағалайды.



  1. басқарылатын типінде осы жүйенің бір мүшесінің шамасы мен қаржылық қуаты басқа мүшелердің қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.

  1. көлденең маркетингтік жүйе келешектегі зор тұрғыда кәсіпкерлікті дамыту үшін бір немесе бірнеше фирма өз күштерін біріктіріп, маркетингтік стратегияларды құрайды.

  2. фирма белгілі бір немесе әр түрлі нарықты қамту, сату көлемін ұлғайту мақсатында көп арналы маркетингтік жүйені жиірек қолданылады.

Көтерме сауда қызметі тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, бөлшек саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге, қайта өңдеушілерге қайта сату.

Көтерме кәсіпорындар тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп 2 топқа бөлінеді.

Тәуелсіз ұйымдар – тауарларды өздері үшін сатып алып, кейін оларды тұтынушыларға сатып өткізетін дара делдалдық ұйымдар.

Тәуелді ұйымдар – бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін сыйақы алатын делдалдар.

Қызмет көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша ерекшеленеді:


  1. тұтынушыларға толық циклды көрсететін көтерме саудагерлер;

  2. тұтынушыға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме саудагерлер, оларға жататындар: коммиваежорлер – ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын тауарларды сату және оларды жылдам жеткізумен айналысады; брокерлер – олардың негізгі қызметі – сатып алушы мен сатушыны кездестіру; агенттер – ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды; консигнаттар – олар тауарды бөлшектік сатушыларға консигнация шартымен өткізеді; сауда маклерлері - өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жылжымайтын мүлік нарығында жиі іс-әрекет жасайды.

Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолданылуы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Түрлері:

1) меншік нысандары бойынша: мемлекеттік және жеке меншік;

2) ұйымдық құрылымы бойынша: негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар;

3) тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша:

- толық қызмет көрсететін дүкен;

- шектелген қызмет көрсететін дүкен;

- өзін-өзі қызмет көрсететін дүкен;

4) сауда орнының көлемі бойынша: ірі, орташа және кіші көлемді;

5) ассортимент құрылымы бойынша: арнаулы, әмбебап;

6) баға саясаты бойынша: арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Д. Т. Абенова, Д. К. Ахметов Маркетингті басқару: Павлодар: Кереку, 2010

2. Оразбаева, К. Н. Маркетинг: - Атырау : Ер Төстiк, 2007

3. Романова А.Н М.Маркетинг: Учебник : Банки и биржи Юнити, 2006

4. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы : оқу құралы-Алматы : Заң әдебиетi, 2009

5. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы [Электрондық ресурс] : оқу құралы -Алматы : Нұр-Пресс, 2009.

6. Маркетинг негiздерi : оқулық [кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған] Тойкин, С. Х. Астана : Фолиант, 2008

Қосымша

7. Маркетинг және менеджмент негiздерi : оқулық Сатыбалдыұлы, С. Байтанаева, Б. Астана : Фолиант, 2007

8. Сатыбалдыұлы, С.Маркетинг - нарықтану : жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулық - Алматы : Бiлiм, 2002.
8 тақырып. Маркетинг жүйесіндегі контроллинг4 сағат

Мазмұны:

1. Контроллингтің жалпы тұжырымдамасы.

2. Контроллингтің стратегиялық және оперативтік түрлері.

3. Маркетингтік коммуникация туралы түсінік.

Контроллингтің жалпы тұжырымдамасы, басқару функциясы ретінде, оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін түрлі салалар қызметін үйлестіре және біріктіре отырып, кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды: қаржы және есеп, менеджмент және маркетинг. Бұл жерде тек маркетингтегідей компанияны басқару жүйесінің нарықтық бағытталуы туралы ғана емес, сонымен қатар, ұйымның ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістердің жоғары қарқыны жағдайында контроллинг жүйесінің қойылған міндеттерді орындау қабілеттілігі туралы да айтылады.

Менеджменттің жүйелік көзқарасы «контроллингті» менеджмент жүйесіндегі барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп анықтайды. Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған басқару жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке негізделеді деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару, ақпараттық жүйе.

Кәсіпорында контроллингті қолдану процесін оперативті контроллинг әдістерін қолданудан бастау, одан кейін стратегиялық контроллингті енгізу ұсынылады. Контроллингті жүзеге асырудың мұндай тәжірибесін көптеген ірі компаниялар қолданады. Стратегиялық контроллинг фирманың өмір сүруін қамтамасыз етуге және оның белгіленген даму стратегиясына жылжуын бақылауға, ал оперативті контроллинг компанияның ағымдағы мақсаттарына қол жеткізу үшін басқару жүйесін жасауға бағытталған. 

Қазіргі экономиканың 1990-жылдары басталған трансформациялық процестері контроллингтің, соның ішінде стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді. Контроллингтің ұлттық немесе аймақтық модельдеріне сәйкес стратегиялық контроллингтің функциялары, міндеттері және әрекет ету аймақтары көп өзгере бастады.

Теоретиктер мен тәжірибешілер өз зерттеулерінде компанияның болашақтағы сәттілігі үшін неғұрлым қауіпті бар факторларды анықтады: ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау; қаржылық және экономикалық талдау; тұтынушы және өнім бойынша табыстылық; компьютерлік жүйелер және операциялар; процестерді оңтайландыру.

Берілген тенденцияның анықталуы контроллингті қолданудың жаңа аймақтарын көрсетеді. Неғұрлым мазмұнды бағыт болып контроллинг жүйесін өзгеріс жағдайларына және оның кез-келген қызметке әсер етуіне негізделе отырып, болашақта, стратегиялық жоспарда қолдану болып табылады. 

Контроллингті стратегиялық және оперативті деп бөлуді кейбір авторлар дұрыс емес деп есептейді. Алайда, көбінесе, жетекші ғалымдар стратегиялық контроллингті контроллингтің бөлек бағыты ретінде қарастырады, бұл міндеттер мен функцияларды атқаруда неғұрлым орынды болып табылады.

Оперативті контроллингке қарағанда, стратегиялық контроллинг кәсіпорын басымдылықтарын тиімді қолдануға мүмкіндік жасауы керек және болашақ қызмет үшін жағдай жасауы тиіс. 

Стратегиялық жоспарлар жасау барысында контроллинг қызметі атқарушылар мен басқарушылар арасында делдал ретінде қызмет етеді және олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті компанияның ұзақ қызмет етуіне, қызметті жоспарлауға, сонымен қатар сәттілік мүмкіндіктерін іздеуге, жасауға және оны сақтап қалуға бағытталған.

Маркетингтік коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:


  1. Жарнама;

  2. Өткізуді ынталандыру;

  3. Жеке сату

  4. Қоғаммен байланыс немесе PR.

Коммуникациялардың жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы- бұл адамдардың телефон және хат алысу арқылы өзара қатынасы. М., кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер. Жеке емес коммуникация арнасына БАҚ, яғни бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар жатады.

  1. Жарнама – көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның қоғамның күрделі әлесуметтік-экономикалық құбылысы.

Жарнама қызметі дегеніміз - қаржыландыру көзі анық көрсетілген БАҚ арқылы жүзеге асатын жеке көрсетілмейтін таура мен қызметтерді жылжыту нысаны. Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

    1. Жарнаманы беруші, жарнаманы өзі дайындаған, содан кейін оны басып БАҚ-қа ұсынады;

    2. Жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

Жарнама берушілер өндірушілер, бөлшек көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

Жарнама агенттіктері – олар жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама жоспарлау үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады:


  1. Мақсаттты аудиторияны таңдау;

  2. Жарнама мақсатын анықтау,

  3. Хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

  4. Жарнама құралдарын таңдау;

  5. Жарнама тиімділігін бағалау.

Жарнаманы тұтынушылар жақсы түсінуі үшін ол мынадай талаптарға сай болуы керек:

  1. Жарнама науқаны кезеңінде жарнама тақырыбы мен сөз мәнерін өзгертуге болмайды;

  2. Жарнама жиі қайталанса, тез жатталады және есте жақсы сақталады.

Жарнама мәтінінің мазмұны AIDA формуласына сәйкес жасалады:

A – attention – назар;

I – interest – қызығу;

D – Desire - тілек;

A – action - әрекет.

Жарнама үндеуінің стилі - жарнама мәтінін көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны. Жарнама үндеуін жасау тәсілдері:



  1. Натураға қарап жасау. М., әдеттегі екі әйелдің тауар туралы әңгімесі;

  2. Фантазия немесе қиял. М., тауар туралы әр түрлі қиял пайда болу;

  3. Көңіл-күй мен бейне . М., тауар айналысында белгілі бір әсемдік махаббат бейнесі қалыптасады;

  4. Клиенттер мен лидерлер пікірі;

  5. Тауарларды жариялау;

  6. Әзіл-оспақты жақсы пайдалану;

  7. Символикалық кейіпкерлер;

  8. Тарихи әңгіме ретіндегі жарнама жанры;

  9. Музыка;

  10. Ғылыми дәлелдер.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Д. Т. Абенова, Д. К. Ахметов Маркетингті басқару: Павлодар: Кереку, 2010

2. Оразбаева, К. Н. Маркетинг: - Атырау : Ер Төстiк, 2007

3. Романова А.Н М.Маркетинг: Учебник : Банки и биржи Юнити, 2006

4. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы : оқу құралы-Алматы : Заң әдебиетi, 2009

5. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы [Электрондық ресурс] : оқу құралы -Алматы : Нұр-Пресс, 2009.

6. Маркетинг негiздерi : оқулық [кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған] Тойкин, С. Х. Астана : Фолиант, 2008

Қосымша

7. Маркетинг және менеджмент негiздерi : оқулық Сатыбалдыұлы, С. Байтанаева, Б. Астана : Фолиант, 2007

8. Сатыбалдыұлы, С.Маркетинг - нарықтану : жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулық - Алматы : Бiлiм, 2002.
9 тақырып. Маркетинг қызметінің аудиті - 1 сағат

Мазмұны:

1. Маркетинг аудиті.

2. Сыртқы және ішкі маркетинг аудитің нәтижесі туралы.

3. Өткізуді ынталандыру туралы.

Маркетинг аудиті керектігі басшыға анықты емес, мекеменің жағдайы салыстырмалы жақсы екен. Бірақ, көлемдері азйтқанда, кірістер төмендетілгенсе, нарықтын бөлімдері жоғалса, басшы оның керектигін түсінеді.  Маркетинг аудиті – бұл сыртқы жақтарды, нарықты, бәсекелікті және мекеменің маркетингі жүйелікті және ыкылассыз тексеру. Сондықтан маркетингтің екі түрі бар – сыртқы және ішкі. Аудиттің мақсаты – мекеменің маркетинг стратегиясын және мақсаттарын таңдау.  

Мекеменің сыртқы аудиттің нәтижесінде, клиент алады:

‑ стратегиялық мақсаттардың нарыққа сәйкестіктің бағалауы.

‑ дамыту мүмкідіктерді белгілеу және мүмкін "қорқыныштарды" көру үшін нарықтың толық акпарат жиынтығы.

‑ таңдаулы тәжірібе алу үшін бәсекеліктің нәтижелері.

‑ технологилардың дамытуда негізілген нарықпен әрекет етудің жаңа тәсілдері.

Мекеменің ішкі аудиттің нәтижесінде, клиент алады:

‑ қазіргі жағдайының ықылассыз объективті бағалауы.

‑ аудит кезеңінде мекеменің әрекеттердің нәтижелері, тиімділігі (қаржы, уақыт ж.б.)

‑ маркетинг әрекеттерінің нәтижелердің бағалауы.

‑ маркетинг зерттеу сапасының анализі және қабылған шешімдердің бағалауы.

‑ маркетинг комплекстің және бөлімдерінің бағалауы.

‑ сыртқы "қорқыныштардын", күшті және әлсіз жөндерді таңдау.

Өткізуді ынталандыру – ол тауар мен қызметтерді ынталандыратын шаралардың кешені. Өткізуді ынталандыру нарыққа қысқа мерзімде әсер ету шарасы. Басқа жылжытудың түрлерімен салыстырғанда, оның нәтижелері тез байқалады. Өткізуді ынталандырудың әдістеріне мыналар жатады:

1. Өзінің сауда қызметкерлерін ынталаандыру;

2. Делдалдарды ынталандыру;

3. Тұтынушыларды ынталандыру. М., сыйақылар, купондар, жеңілдіктер, байқаулар.

Жеке сату - ол тауарларды сату мақсатында тұтынушылармен жеке дара байланыстың орнатылуы. Жеке сату – бұл тұтынушылармен кездесіп, әңгімелесу барысында тауарды қолдану туралы кеңес беріп, оны ауызша ұсыну. Тауарларды сату үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады: 1) әлеуетті клиенттерді іздеу; 2) оларды жіктеу; 3) тауарды таныстыру рәсімін өткізу; 4) сату; 5) сатудан кейінгі шаралар.

PR – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты құру және оны қолдауға бағытталған жоспарланған шаралар. PR қызметтеріне мыналар жатады: 1) көпшілікке өзі туралы жағымды ақпарат тарату және оны нандыру; 2) оның ой-пікіріне ықпал ету; 3) ұйымның жақсы бет-бейнесін құру, беделін көтеру; 4) ұйымның жұмысына қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.

PR әдістері:



  1. БАҚ-пен байланыс;

  2. Баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;

  3. Баспа өнімдері;

  4. Кино және фотоқұралдар;

  5. Сөз сөйлеу;

  6. Жарнама;

  7. Тауарды таныстыру рәсімін өткізу;

  8. Демеушілік;

  9. Фирмалық стиль;

Мүдделерді алға жылжыту (лоббирование).
Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Д. Т. Абенова, Д. К. Ахметов Маркетингті басқару: Павлодар: Кереку, 2010

2. Оразбаева, К. Н. Маркетинг: - Атырау : Ер Төстiк, 2007

3. Романова А.Н М.Маркетинг: Учебник : Банки и биржи Юнити, 2006

4. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы : оқу құралы-Алматы : Заң әдебиетi, 2009

5. Рахимбаев, А. Б.Маркетинг теориясы және практикасы [Электрондық ресурс] : оқу құралы -Алматы : Нұр-Пресс, 2009.

6. Маркетинг негiздерi : оқулық [кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған] Тойкин, С. Х. Астана : Фолиант, 2008

Қосымша

7. Маркетинг және менеджмент негiздерi : оқулық Сатыбалдыұлы, С. Байтанаева, Б. Астана : Фолиант, 2007

8. Сатыбалдыұлы, С.Маркетинг - нарықтану: жоғары оқу орындарының студенттерiне арналған оқулық - Алматы : Бiлiм, 2002.

7. Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі
1 тақырып. Пән, курстың мазмұны мен міндеті - 1 сағат.

Мазмұны:

Маркетинг жайлы жалпы түсінік. Қаржылық нарық оның объектісі мен субъектісі. Экономиканың дамуындағы қаржылық жүйенің маңызы мен рөлі. «Қаржылық қызмет көрсету маркетингі»және «Қаржылық қызмет көрсету».



Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Маркетинг ең алдыңғы шаруашылық басқару саласы.

2. Маркетингті анықтау классификациясы.

3. Маркетингті жүзеге асыру үрдісі.

4. Шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін ұйымдастыру.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін ұйымдастыруын және маркетинг үрдісі туралы түсінікті анықтап меңгеру қажет.
2 тақырып. Маркетингтің базалық негіздері - 1 сағат.

Мазмұны:

Маркетингтің терминологиясын базалық анықтау. Маркетингтің өнімге және тұтынушыға бағдары. Ықпалдастық марктинг.



Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Мақсатты бағыттағы және екі сатылы маркетинг;

2. Жабық және ашық жүйедегі маркетинг;

3. Саралап жіктеу, саралап жіктелмеген шоғырланған маркетинг;

4. Өнімге сұраныстан тұратын маркетингтің түрлері;

5. Маркетингтің өндірістік тұжырымдамасының сипаттмасы және негізгі принципі. Сауда тұжырымдамасының ерекшелігі. Дәстүрлі маркетингтің тұжырымдасының мазмұны. Әлеуметтік тұжырымдаманың ерекшелігі мен мәні.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Маркетингтің базалық негіздерін, маркетингтің өндірістік тұжырымдамасының сипаттмасы және негізгі принципін анықтап меңгеру қажет.
3 тақырып. Депозит нарық және оның қаржылық құралдары - 1 сағат.

Мазмұны:

Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.

Депозит, коммерциялық банктердің ресурстық базасы. Депозит түсінігі және оның ролі. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері. АТS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафт пен ағымдағы шот. Коммерциялық банктердің чектік депозиттермен жұмыс жасауы. Ноу-шоттың ерекшеліктері. Жинақ депозиттерінің ерекшеліктері. Жинақ кітапшаларындағы шот ерекшеліктері. Жинақ салымы жағдайындағы көшірмеге шот. Ақша нарығының депозиттік шоты. Жедел жинақ салымы және оның Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері. Коммерциялқ банктердің салымдары. Банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің салымдары және олардың мақсаттары. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі. Депозиттік сертификаттардың жіктелімі. Айналымды және айналымсыз депозиттік сертификаттар.

Депозит нағыныдағы баға белгілеу. Қазақстан депозит нарығындағы ставкалар. Депозит ставкаларының өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1.Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы.

3. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.



4. Депозит түсінігі және оның ролі.

5. Депозиттердің типтері.



6. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі.

7. Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Депозит нарығының мағынасы мен рөлінің мәселелеріне назар аудару қажет.
4 тақырып. Несие нарығының мәні және оның маңызы - 1 сағат.

Мазмұны:

Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Несие нарығының мәні. Несие нарығының функциясы. Қазақстан несие нарығының құрылымы. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Несие беру сызбасы. Несиенің жіктелімдері. Қазақстан Республикасындағы дамыған несиенің түрлері. Тұтыну несие және оның мақсаты. Өндірістік несие. Ауыл шаруашылық несиесі. Шағын және орта бизнесті несиелеу. Ипотекалық несие. Қазақмстандағы ипотекалық несиелеудің даму ерекшеліктері. ҚР ипотекалық компаниясы, оның Қазақстан Республикасындағы несие нарығындағы ролі. Мемлекеттік несие. Коммерциялык несие. Халықаралық несие.

Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.



Несие нарығындағы баға белгілеу. Несие бойынша банктік пайыздар. Қазақстан Республикасындағы несие берудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының даму мәселелері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Несие нарығының түсінігі. Несие нарығының функциясы.

2. Қазақстан несие нарығының құрылымы.

3. Несиенің жіктелімдері.

4. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Несие нарығының түсінігі мен мәселелеріне назар аудару қажет.
5 тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар - 1 сағат.

Мазмұны:

Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары. Валюта нарығы: түрлері және оның дамуындағы негізгі кезендер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығының құрылымы.

Валюта нарығына қатысушылар. Валюта нарығының қаржылық құралдары. Валюта түсінігі. Ұлттық және шетелдік валюта. Резервтік валюта түсінігі. Еркін айырбасталаьын, ішінара айырбасталатын және айырбасталмайтын (жабық) валюта түсінігі.

Валюталық бағам түсінігі. Валюта бағамына әсер ететін факторлар. Қалқымалы валюта бағамы. Валюталық девальвация және ревальвация түсінігі.



Валютаның биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржадан тыс нарықтағы валютаны сату және сатып алу мәмілелері. Валюталық бағам және валюталық операция. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің түрлері. Валюталық мәмілелер және оның түрлері. Жедел мәмілелер. Кассалық мәмілелер. Айырбас операциялары. Форвардтық валюталық операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свопы). Валюталық опциондар.

Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер. Валюталық реттеудің әдістері мен түрлері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаhандандыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат. Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялау.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары.

2. Валюта нарығының құрылымы.

3. Валюта нарығының қаржылық құралдары.

4. Валюталық бағамы түсінігі.

5. Валютаның биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары.

6. Валюталық бағам және валюталық операция.



7. Валюталық мәмілелер және оның түрлері.

8. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Валюта нарығының түсінігі, валюта нарығының мәселелеріне назар аудару қажет.
6 тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы - 1 сағат.

Мазмұны:

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылуы. Жекешелендіру экономиканың қайта құрылу процессі. Шағын жекешелендірулер. Жаппай жекешелендірулер. Жекелеген жобалар бойынша жекешелендірулер. Ауыл гаруашылығын жекешелендіру.

Бағалы қагаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері. Бағалы қағаздар нарығының маңыздылығы. Бағалы қағаздар нарығының функциялары. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық функциясы. Бағалы қағаздар нарығының ерешелік функциялары.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Эмитенттер. Инвесторлар. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар.

Бағалы қағаздар нарығының құралы. Бағалы қағаз түсінігі. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.

Акция түсінігі және түрлері. Қазақстан Республикасындағы акциялар нарығы және оның даму мәселелері. Облигация түсінігі. Облигация түрлері. Қазақстан Республикасындағы облигацияның айналыс ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары. МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕУЖКАМ, МЕИКАМ, МЕКАВМ маңыздылықтары және міндеттері. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің ноталарының маңыздылықтары мен міндеттері.



Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы. Бағалы қағаздардағы баға белгілеу. Бағалы қағаздардың номиналды бағамы түсінігі. Қазақстандағы қайталамалы бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы қайталамалы қағаздар нарығының даму мәселелері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылуы.



2. Бағалы қагаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.

3. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы.

4. Бағалы қағаздар нарығының құралы.

5. Акция түсінігі және түрлері.

6. Облигация түсінігі.

7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары.



8. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Ациялар мен облигациялардың айырмашылықтарын ажырата білу мен бағалы қағаздар нарығының мәселелеріне назар аудару қажет.
7 тақырып. Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы - 1 сағат.

Мазмұны:

Сақтандыру нарығын дамытудың негізгі аспектілері. Сақтандыру нарығының түсінігі. Сақтандыру нарығының функциялары. Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы.



Сақтандыру нарығының қаржылық құралдары. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандырудың түрлері. Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандырулары. Ерікті сақтандырулар. Өмірді сақтандыру. Азаматтық-құқықтық міндеттемелік сақтандыру. Көлікті сақтандыру. Медициналық сақтандыру. Сақтандырудың жіктелімі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері.

Сақтандыру марапаттаулары мен сақтандыру жарналарының түсінігі.



Сақтандыру нарығының қатысушылары. Сақтандыру нарығын реттеулер. Сақтандыру нарығының құралдары. Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуы. Қазақстанда сақтандыру нарығын құқықтық қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.

Сақтандыру өнімдеріне баға белгілеу. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму мәселелері.



Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Сақтандыру нарығының түсінігі. Сақтандыру нарығының функциялары.

2. Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы.

3. Сақтандыру нарығының қаржылық құралдары.



4. Сақтандырудың түрлері.

5.Сақтандыру нарығының қатысушылары.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Сақтандыру нарығының дамуының өзекті мәселелеріне назар аудару қажет.
8 тақырып. Зейнетақы нарығы – 0,5 сағат.

Мазмұны:

Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны. Зейнетақы нарығының маңызы. Зейнетақы нарығының функциялары. Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы.

Зейнетақы нарығының қатысушылары. Зейнетақы жүйесінің түрлері. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. ҚР-дағы зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау. ҚР-да зейнетақы жүйесін құқықтық қамтамасыз ету.

Зейнетақы нарығындағы баға белгілеу. Қазақстан Республикасында зейнтақы нарығының жетілдірудің ерекшеліктері.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Зейнетақы нарығының маңызы. Зейнетақы нарығының функциялары.

2. Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы.

3. Зейнетақы нарығының қатысушылары.

4. Зейнетақы жүйесінің түрлері.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Зейнетақы нарығының құрылымына және жетілдіру мәселелеріне назар аудару қажет.
9 тақырып. Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары - 0,5 сағат.

Мазмұны:

Қаржы делдалдығының түсінігі. Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдықтың ролі. Тікелей және жанама қаржыландырудағы қаржылық делдалдықтың басымдылықтары.

Қаржы делдалдарының түрлері. Қаржылық делдалдықтың функциялары. Қаржы делдалдарының нарықтағы ролі. Қаржы делдалдарының операциялары.

Депозит түріндегі қаржы институттары. Депозиттік емес түрдегі қаржылық институттар. Банктік институттар және олардың міндеттері. Коммерциялық банктер және несие ұйымдары. Зейнетақы қорлары. Инвестициялық компаниялар және қорлар. Сақтандыру ұйымдары. Басқа да қаржылық делдалдар.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1. Қаржы делдалдығының түсінігі.

2. Тікелей және жанама қаржыландырудағы қаржылық делдалдықтың басымдылықтары.

3. Қаржы делдалдарының түрлері. Қаржылық делдалдықтың функциялары.

4. Депозит түріндегі қаржы институттары.

5. Депозиттік емес түрдегі қаржылық институттар.

6. Банктік институттар және олардың міндеттері.

7. Банктік емес институттар және олардың міндеттері.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар Қаржы делдалдарының түрлерін айқындап, олардың қызметтерінің мәселелеріне назар аудару қажет.
8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1 тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері - 2 сағат.

1. Қаржы нарығының дамуы мен құрылуы. Әртүрлі экономистермен «Қаржы нарығы» түсінігінің трактовкасы.

2. Қаржы нарығының маңыздылығы. Экономиканың дамуындағы каржы нарығының ролі.

3. Қаржы нарығының функциялары.

4. Қаржы нарығы құрылымының түсінігі.

5. Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері.
2 тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары - 2 сағат.

1. Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі.



2. Ақша нарығының функциясы. Ақша нарығының құрылымы.

3. Ақша нарығының қаржылық құралдары. Қазақстан Республикасының банкноттары және олардың айналыс ерекшеліктері.



4. Вексель түсінігі. Вексель түрлері. Вексельдік операциялар. Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыстар. Банктік акцептер.

5. Чек түсінігі. Чек түрлері. Қазақстан Республикасының территориясындағы чекпен есеп айырысу. Қазақстандық коммерциялық банктердің жол чектері.

6. Төлем карточкалары түсінігі. Төлем карточкаларының түрлері.

7. Ақша нарығының төлем құралдары


3 тақырып. Депозит нарық және оның қаржылық құралдары - 2 сағат.

1.Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы.

3. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.



4. Депозит түсінігі және оның ролі.

5. Депозиттердің типтері.



6. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі.

7. Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.


4 тақырып. Несие нарығының мәні және оның маңызы - 2 сағат.

1. Несие нарығының түсінігі. Несие нарығының функциясы.

2. Қазақстан несие нарығының құрылымы.

3. Несиенің жіктелімдері.

4. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.


5 тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар - 2 сағат.

1. Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары.

2. Валюта нарығының құрылымы.

3. Валюта нарығының қаржылық құралдары.

4. Валюталық бағамы түсінігі.

5. Валютаның биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары.

6. Валюталық бағам және валюталық операция.



7. Валюталық мәмілелер және оның түрлері.

8. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер.
6 тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы - 2 сағат.

1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылуы.



2. Бағалы қагаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері.

3. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы.

4. Бағалы қағаздар нарығының құралы.

5. Акция түсінігі және түрлері.

6. Облигация түсінігі.

7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары.



8. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы.
7 тақырып. Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы - 2 сағат.

1. Сақтандыру нарығының түсінігі. Сақтандыру нарығының функциялары.

2. Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы.

3. Сақтандыру нарығының қаржылық құралдары.



4. Сақтандырудың түрлері.

5.Сақтандыру нарығының қатысушылары.
8 тақырып. Зейнетақы нарығы - 1 сағат.

1. Зейнетақы нарығының маңызы. Зейнетақы нарығының функциялары.

2. Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы.

3. Зейнетақы нарығының қатысушылары.

4. Зейнетақы жүйесінің түрлері.


9 тақырып. Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары- 1 сағат.

1. Қаржы делдалдығының түсінігі.

2. Тікелей және жанама қаржыландырудағы қаржылық делдалдықтың басымдылықтары.

3. Қаржы делдалдарының түрлері. Қаржылық делдалдықтың функциялары.

4. Депозит түріндегі қаржы институттары.

5. Депозиттік емес түрдегі қаржылық институттар.

6. Банктік институттар және олардың міндеттері.

7. Банктік емес институттар және олардың міндеттері.



10. кеңес беру кестесі СӨЖМ (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)




Оқу түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңес







12.35

13.25











2.

Семинар бойынша кеңес беру




12.35

13.25














3.

СӨЖ бойынша кеңес беру










12.35

13.25








5.

Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру

12.35

13.25

















11. Оқушының білімін тексеру кестесі

Дәріске бару және тәжірибелік (семинар, лабораторлық, жеке, студиялық) 0-100 баллмен бағаланады.


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі.



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

1

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері




1 апта



1-ші апта

2

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары




1 апта




1 апта

3

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Депозит нарық және оның қаржылық құралдары




2 апта




2- апта

4

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Несие нарығының мәні және оның маңызы




2 апта




2-апта

5

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Валюта нарығы және валюталық операциялар




2 апта




3 апта

6

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы










3 апта

7

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы










4 апта

8

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Зейнетақы нарығы










4 апта

9

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары










5 апта

10

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі










6 апта

11

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Зейнетақы қорларындағы қаржы институттары










7 апта

12

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

Глоссарий

Реферат. Эссе


Инвестициялық компаниялар мен қорлары










8 апта

13

Межелік бақылау

1,2 модуль







тест

8-апта

14

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы, глосарий

Сақтандыру ұйымдары мен қорлары




2 апта




9- апта

15

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Мамандырылған қаржылық- несиелік институттар




1 апта




9 апта

16

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қор биржасы қызметі және құрамы




1 апта




10- апта

17

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қазақстандағы қаржы нарығын құқықтық реттеу негіздері




1 апта




10- апта

18

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Қаржы нарығын қадғалау және реттеу бойынша комитетінің қызметі




1 апта




11-апта

19

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Өзін - өзі реттеу ұйымдары










11 апта

20

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Әлемдік қаржы нарығының құрылуы және дамуы










12 апта

21

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Әлемдік валюта нарығы










12 апта

22

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Халықаралық бағалы қағаздар нарығы










13 апта

23

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

глоссарий



Шет елдердің зейнетақы жүйесі










13 апта

24

Сұрақтардың жазбаша және ауызша пысықталуы,

Глоссарий

Реферат. Эссе


Әлемдік несие нарығы










14 апта

25

Межелік бақылау

Модуль 3,4







тест

15-апта


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет