Табигиндер



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
ӘЛ-ӘХНӘФ ИБН ҚАЙС
Омар Әл-Фаруқтың шәкірті
«Уаллаһи, мына жігіт – нағыз көсем жігіт, ол – сөз жоқ Басра халқының 
көсемі»
(Омар ибн Әл-Хаттаб).
Қазір біз Әл-Фаруқ (Алла жүзін жарқын қылсын), халифаның 
кезіндеміз. 


 221 
Мынау  –  астына  кілең  жорға  сәйгүлік  мінген,  өткір  қылыш 
асынған текті батырлар, Әл-Әхнәф ибн Қа йс тың руластары. Олар 
Әл-Әхса,  Нәжд  деген  елді  мекендерден  шығып,  Басраға  қарай 
жүріп барады. Басрада Утбәһ ибн Ғазуанның туының астында Пар
-
сымен соғысу үшін жиналып жатқан мұсылман әскерлеріне барып 
қосылмақшы. Бар армандары – Алланың сауабы. Араларында әри
-
не, Әл-Әхнәф ибн Қайс бар.
Бір күні Халифа Омар Утбәһ ибн Ғазуанға хат жазып, мұсыл
-
ман қолының жағдайын сұрап және олармен ақыл-кеңес құру үшін 
әскерінің ішінен ең салих әрі шайқас алаңында мықты он жауын
-
герді таңдап, өзіне жіберуді талап етеді. Утбәһ бұйрықты бұлжыт
-
пай орындайды. Ең мықты деген он кісіні таңдап алып, араларына 
Әл-Әхнәфты қосып, Мәдинеге аттандырады. 
Қонақтар Омардың (р.а.) алдына келді. Әмирүл-мүминин олар
-
ды  жақсылап  күтіп,  қасына  отырғызды.  Әскердің  жағдайын,  ха
-
лықтың мұң-мұқтажын сұрас тырды. Олар орындарынан тұрып:
– Халық жайын айтар болсақ, олардың басшысы – мұқтажын 
қамтамасыз ететін өзіңіз! Ал, біз өз жағ дайымызға қатысты нәрсе
-
лерге ғана жауап береміз, – деп, әрқайсысы өз жағдайларын айтып, 
сұрайтын нәрселерін сұрап алды. Олардың ішіндегі ең жасы кіші 
Әл-Әхнәфқа сөз ең соңында  барып тиді. Алла Тағаланы мадақтап, 
мақтап болғаннан кейін:
–  Әмирүл-мүминин,  Мысыр  еліндегі  мұсылман  әскер
-
лер  Нілдің  бойындағы  шалғында  орналасқан  перғауын  үй
-
лерінде  тұрып  жатыр.  Шам  еліндегілер  цезарьлардың  сарай
-
ларының  бау-бақшасынан  дәм  татып  жүр.  Парсы  еліндегілер 
Кисра  жерінің  өзендері-нен  су  ішіп  жүр.  Ал  Басрадағылар  то
-
пырағы  сор,  жайлауы  тақыр,  бір  жағында  тұзды  теңіз,  екін
-
ші  жағында  аңырақай,  сусыз  шөлде  тұрып  жатыр.  Әми- 
 
рүл-мүминин,  осы  қиыншылықтан  халқыңды  құтқар.  Әскерді 
тұщы су сіміретін, халқыңды бау-бақша егіп, егін өсіретін суарма
-
лы жерлерге жеткізу үшін Басрадағы әкіміңе арна қазуға бұйрық 
бер. Жер көгеріп, ел көркейіп, бағалар арзандап, Алла жолындағы 
күреске пайдасы тиеді, – деп баяндап берді. Омар оған таңдана қа
-
рап:
– Осылай айтпадыңдар ма бағаналы бері, – деді. Бұл Уаллаһи, 
нағыз  көсем,  –  деді.  Барлығына  сыйлық  үлестірді.  Әл-Әхнәфқа 
келгенде, ол – сыйлық алудан бас тартты. 


 222 
–  Уаллаһи, Әмирүл-мүминин сонша жерден шөл мен шөлейт
-
ті  шарлап,  күні-түні  тү йенің  бауырын  езіп  сыйлық  алуға  келген 
жоқпыз.  Сізден  сұрайтын  ешқандай  тілегім  жоқ,  тек  айтарым  – 
халқымның тілегі. Орындасаңыз, мені де, бәрін де қанағаттанды
-
рған боласыз. 
Омар бұл сөзіне қатты риза болып:
– Бұл жігіт Басра халқының нағыз мырзасы, – деді.
Мәжіліс  аяқталысымен,  сарбаздар  жүктерін  алып,  қонақтары 
жиналып  жатқанда,  Омар  олардың  қоржын дарына  қарап  жатып, 
біреуінен шеті шығып тұрған киімге көзі түсті. 
– Мынау кімдікі? – деп сұрады халифа, қолымен ұстап көріп.
– Менікі, – деді Әл-Әхнәф.
– Қаншаға сатып алғансың?
– Сегіз дирхам, – деп жауап берді. Осыдан басқа өтірікті өмірін
-
де айтқан емес. Әл-Әхнәф мұны он екі дирхамға сатып алған бола
-
тын. Омар оған мейірімді көзбен қарап:
–  Бір  дирхамдығын  алып,  қалғанын  мұсылман дар ға  көмек 
ретінде басқа нәрсеге салмадың ба? Қар жы ларыңнан керектеріңе 
ғана жаратып, артығын орынды жерге жұмсаңдар, жүректерің ты
-
ныш болады. 
Әл-Әхнәф ұялғаннан қызарып кетті. Аузына сөз түспеді. 
Омар  бәріне  Басраға  қайтуға  рұқсат  берді.  Тек  Әл-Әхнәфты 
ғана бір жылдай қасында болуға алып қалды. Омар оның зерек
-
тігін, шешендігін, рухының биікті гін, жоғары мақсаттарын және 
басқа  да  таланттарын  байқап,  көз  алдында  жетілдіруді  қалаған 
еді. Бұл сонымен қатар жас жігітті ұлығ сахабалармен кездестіріп, 
олардың  жолын  ұстануға  және  олардың  қолында  Алла  дінін  үй
-
ренуіне  жағдай  жасағаны  еді.  Омардың  тағы  бір  мақсаты  –  оны 
жақыннан  танып,  нәпсісін  қан шалықты  тия  алатынын  тексеріп, 
мұсылмандардың кейбір қызметтеріне салып көрмекші еді. Өйт
-
кені Омар ақылды, әрі шешен кісілерден қорқатын. Олар сӘлих 
болса, дүниені жақсылықпен толтырады, бұзақы болса, халықтың 
обалына қалады. Бір жыл толғаннан кейін Омар Әл-Әхнәфқа:
– Мен сені отқа да, суға да салып көрдім. Сенен тек жақсылық 
пен ізгілік байқадым. Сыртың дұрыс, ішің де солай болғай, – деп 
Парсы  еліне  майданға  аттандырды.  Сондағы  қолбасшысы  Әбу 
Муса Әл-Ашғариге:


 223 
«Әл-Әхнәф  ибн  Қайсты  өзіңе  жақын  тұт.  Үнемі  кеңесіп  тұр. 
Айтқанына құлақ салып көр», деп хат жазып жіберді. 
Парсы елінің шығысы мен батысын азат етіп жатқан мұсылман
-
дардың қолына келіп қосылған Әл-Әхнәф шайқастарда батырлық 
көрсетіп,  беделі  көтеріліп,  әскер  арасында  тез  танылды.  Өзі  де, 
тайпасы Тәмимнің жігіттері де ерлікпен көзге түсіп, жауды жайра
-
тып жатты. Осылайша Кисра тәжінің інжуі Тус тар қаласын алды. 
Парсының Хурмузан батырын тұтқынға алды.
Хурмузан – Парсы батырларының ең өр мінездісі, әкімдерінің 
ең білектісі, ең айлакері еді. Мұсылман дардан бірнеше рет жеңіліп, 
бітімге келген болатын. Алайда сәті туса, қарсы соғысудан тартын
-
байтын. Оны Тустарда қоршап алған кезде, мұнаралардың біріне 
шығып алып, қасына адам жуытпай, берілмей қойды.
– Менде жүз оқ қалды. Менің құралайды көзге ататын мерген 
екенім  сендерге  мәлім.  Маған  жетем  деп  шықсаңдар,  мына  қо
-
лымдағы оқ тауысылғанша жайратамын. Жүз адамнан айрылдым 
дей беріңдер.
– Саған не керек?
– Халифаларың Омарға алып барыңдар, не істесе де көнемін.
– Жарайды, – деп, мұсылмандар келісімін берді. 
Жебесін жерге атып, мұсылмандарға берілді. Оны батырлармен 
бірге  Мәдинеге  аттандырды.  Оларды  Алла  Елшісінің  (с.а.у.)  қы
-
зметшісі Әнәс ибн Мәлик пен Омар мектебінің түлегі Әл-Әхнәф 
бас қарып барды. 
Жолаушылар Мәдинеге қарай асығыс аттанды. Қа ланы басып 
алып, Хурмузанды қолға түсіргендерін жеткізуге асықты. Мұсыл
-
мандардың  қаржы  үйіне  деп  бөлінген  олжаның  бестен  бір  бөлі
-
гімен қоса, ант бұзған Хурмузанды халифаның алдына алып бар
-
ды. 
Мәдиненің  шетіне  жақындаған  кезде  Хурмузанды  халық  ал
-
дында  көрсету  үшін  барынша  салтанатпен  киіндіруге  тырысып 
бақты. Алтын жіппен тігілген жібек киімдерін үстіне кигізіп, ін
-
жу-маржан тағыл ған тәжін басына кигізді. Ібрізден жасалған га
-
уһар тастармен әшекейленген таяғын қолына ұстатты. Мә динеге 
кіре-бере жасы бар, қарты бар, адамдар жиналып қалды. Тұтқынға 
қызыға көз тастап, таңғажайып киіміне тамсанып қарады. 
Қонақтар  Омардың  (р.а.)  үйіне  беттеді.  Ол  жерде  Омар  (р.а.) 
болмай  шықты.  Қонақ  күтіп  алуға  мешітке  кетті  дегеннен  кейін 


 224 
мешітке  келсе,  ол  жерден  де  таба  алмады.  Осылай  халифаты  із
-
деп жүргенде адамдар да жинала берді. Осылай таң ғалысып жүр
-
генде, ойнап жүрген балалар келіп, «сіздерге кім керек? Ары-бері 
жүргендеріңізге қарағанда халифаты іздеп жүрген боларсыздар»,  
деп сұрады.
– Иә, сол кісіні іздеп жүрміз, қайда екенін білесің дер ме? – дей
-
ді.
– Ол мешіттің оң жағында шапанын басына жастанып ұйықтап 
жатыр – дейді балалар.
Омар қонақтарды күтіп алу үшін шапан киіп шық қан еді. Қо
-
нақтар  кеткеннен  кейін  шапанын  шешіп,  жас танып  жатып  көзі 
ілініп кеткен. Сарбаздар мешіттің оң жағына шықса, шынымен-ақ 
ұйықтап жатыр екен. Өздері жақын келіп отырып, Хурмузанның да 
тізесін бүктірді. 
Хурмузан арабша түсінбейтін еді. Мешіттің сырт қы ауласында 
ұйықтап жатқан кісі мұсылмандардың билеушісі Омар ибн Әл-Хат
-
таб екені көкейіне де кіріп шық пады. Ол Омардың дүние-мүліктен 
безген сопыша өмір сүретіні жайында естігені бар, бірақ тап мұн
-
дай деп ойламапты. Византияны тізе бүктірген, парсының сағын 
сындырған билеуші мешіттің көлеңкесінде жамылғысыз, жастық
-
сыз, күзетсіз, қызметшісіз жат қанына сенбейтін еді. Сарбаздар мен 
жиналған адамдар дың үнсіз отырғанын намазға дайындалып жа
-
тыр немесе халифаның келуін күтіп отыр деп жорыды. 
Бірақ Әл-Әхнәф ибн Қайс адамдарға сөйлемеуге және дыбыс 
шығармауға бұйырды. Мұндағысы халифаты оятып алмау еді. Өй
-
ткені оның көптен тыныға алмай жүргенін жақсы білетін еді. Түн
-
де михрабта намаз оқиды немесе бет-аузын жасырып, ха лықтың 
жағдайын білуге, мұсылмандардың үйлерін ұры-қарыдан қорғауға 
шығып  кетеді.  Әл-Әхнәфтың  адамдарға  беріп  жатқан  белгілері 
Хурмузанның көңі лін аударды. Парсы тілін жақсы білетін Муғи
-
раһ ибн Шуғбаға қарап:
– Кім бұл ұйықтап жатқан? – деп сұрады.
– Әмирүл-мүминин Омар, – деп жауап берді Муғираһ. Хурму
-
зан аузы ашылып:
– Омар ма? Күзеті мен малайлары қайда? – деді. Оның аузына 
түскен сөзі сол болды.
– Күзетшісі де, малайы да жоқ, – деді Муғираһ.
– Бұл Пайғамбар болу керек, – деді Хурмузан.


 225 
– Пайғамбар болмаса да, Пайғамбарлардың ісін іс тейді, Мұхам
-
медтен (с.а.у.) кейін Пайғамбар келмейді. 
Адамдар көбейіп, шу көтеріліп кетті. Омар да ұй қысынан оян
-
ды. Адам дардың жиналғанына таң қалып, жан-жаққа қа рады. Пар
-
сы ханзадасын көрді. Басындағы тәжі күн мен шағылысып, қолын
-
дағы таяғы көздің жауын алып тұр. Оған қабағын түйіп:
– Хурмузан? – деп сұрады. Әл-Әхнәф араға кіріп:
– Иә, Әмирүл-мүминин – деді.
Омар парсының үстіндегі алтындар мен інжу-маржандарға ой
-
лана қарап, бетін бұрып әкетті:
– Алла тозақтан сақтасын. Дүниеден де қорға сын. Мынаны осы 
күйге түсірген, халқымен бірге тізе бүктірген Алла Тағалаға мадақ, 
– деп, көпшілікке қарап:
– Әй, мұсылман қауым! Бұл дінді мықты ұстаңдар. Пайғамба
-
рымыздың  (с.а.у.)  жолымен  жүріңдер.  Дүние  алдамшы,  көкірек
-
теріңді  кереді,  байқаңдар,  –  деп  уағыз  айтты.  Уағызы  біткеннен 
кейін Әл-Әхнәф ибн Қайс рұқсат сұрап, жеңіс хабарын жеткізіп, 
Алла Тағаланың мұсылмандарға көптеген олжа бергенін айтып ха
-
барлады. 
– Әмирүл-мүминин, Хурмузан бізге беріліп, сіздің ғана үкіміңіз
-
ге көнетінін айтты. Қаласаңыз, сөйлесіп көріңіз.
– Мынау үстіндегі мақтаныш пен кербездіктің бел гілерін алып 
тастамай, сөйлеспеймін, – деді. Сарбаздар Хурмузанның тәжі мен 
әшекейлерін шешіп, алтын таяғын алып қойды. Денесін жабатын 
тігісі көп бір көйлек берді. Сонда оған бұрылған Омар:
–  Ей,  Хурмузан!  Антұрғанның  ақыры  не  болатынын  көрген 
шығарсың?! Хурмузан басын изеді.  
– Омар, сен надандық дәуірінде біздің қалай дүр кірегенімізді 
жақсы білесің. Сол кезде Алла бізбен де, сізбен де емес еді. Біз 
сендерді қанап келдік. Исламға кіргендеріңде, жағдай өзгерді. Ал
-
ланың көмегімен тіземізді бүктірдіңдер. 
– Бізді қанап жүргендеріңнің тағы бір себебі – сен дердің ауы
-
збіршіліктерің мықты еді, біздің өзара бақталастығымыз көп еді, 
– деді Омар. Кейін қабағы түйіліп: 
– Бірінен соң бірін бұзып жүрген антың не? Қайта-қайта қарсы 
көтерілуіңнің себебі неде?
– Айтсам, өлтіресің.


 226 
– Жоқ, айта бер. Омардың бұл сөзін естіген Хур музанның сәл де 
болса көңілі тыншиын деді.
– Мен қатты шөлдедім, – дегенде, Омар су беруге бұйрық берді. 
Оған үлкен кесемен су алып келді. Кесеге қарап, ойланып тұрып:
– Шөлдеп өлсем де, мына кеседен іше алмаймын. Омар оған өзі 
қалаған ыдысқа су құйып беруді сұрады. Су толған ыдысты қолы
-
на алғанда, қолының дірілдеп тұрғаны байқалды. Оған Омар:
– Не болған саған? – деп сұрады.
– Мен осы судың бір жұтымын ішіп жатып өліп қа ламын ба деп 
қорқып тұрмын.
– Қорықпа, іше бер, – деді Омар. Хурмузан суды төге салып, 
қолындағы ыдысты босатып берді. Омар сонда:
– Мынаған су әкеліңдер. Шөлден өлтірмеңдер, – деді.
– Маған судың керегі жоқ. Су арқылы өзіме төнген қауіптің ал
-
дын-алып, жанымды аман алып қалдым. 
– Бәрібір сені өлтіремін.
– Маған: «Қорықпа, өлтірмеймін» деген жоқсың ба?
– Өтірік айтасың. Сол кезде Әнәс ибн Мәлик араға түсіп:
– Халифа, сен оған сөз бердің, – деді. Омар Әнәсқа қарап:
– Әнәс! Ағаң Бәра ибн Мәлик пен Мәжзә-әһ ибн Сәур осының 
қолынан қаза тапқан. Қалайша өлтір меймін?!
– Сен оған «Айтқаныңша өлтірмеймін, су ішкеніңше қорықпа, 
тиіспеймін» деп айтқан едің ғой, – деді Әнәс. Әл-Әхнәф Әнәстың 
сөзін  қоштап,  көпшілік  те  Омардың  Хурмузанға  тиіспейтінін 
растады. Омар Хурмузанға ашумен қарап:
– Мені алдадың. Бірақ мен тек мұсылмандарға ғана алдануым 
мүмкін, – деді. 
Хурмузан Ислам дініне кірді. Омар оған екі мың динар салық 
салды. 
***
Омар парсылардың көпшілігі мұсылмандармен жа сасқан уағда
-
ластықтары мен анттарын бұзып, жиі-жиі көтеріліске шығатыны
-
на қобалжитын. Сол себепті Хурмузанды алып келген қонақтарды 
жинап алып:
– Олар сендерге көтеріліс жасайтындай мұсыл мандар басқа дін 
өкілдеріне берген уәдесін бұзып, зұлымдық жасап күн көрсетпей 
жатыр ма? – деп сұ рады. Барлығы бір ауыздан:


 227 
–  Біреудің  бұларға  жамандық  жасағанын  көрген  де,  есті
-
ген  де  емеспіз.  Мұсылмандар  уағдаластықты  бұзған  емес,  тіпті 
келісім-шартты  өз  пайдасына  асыру  да  ойларына  кірген  емес,  – 
деді.
– Сендер мен бұлардың арасында бірнеше келісім-шарт болға
-
нымен, не себепті парсылар ыңғайлы сәтін тауып, сендерге қарсы 
көтеріле береді. Қонақтар айтқан түрлі себептерге Омардың көңілі 
тоя қоймады. Осыны сезген Әл-Әхнәф орнынан тұрып: 
–  Әмирүл-мүминин,  сіздің  сұрағыңызға  мен  жауап  берейін,  – 
деді.
– Айта ғой! – деді Омар.
–  Сіз  Парсы  еліне  дендеп  кіруге  рұқсат  бермейсіз.  Парсылар 
патшасы тірі, дербес мемлекеті орнында болса, біздің қарамағы
-
мыздағы  жерлерін  қай тарып  алу  үшін  үздіксіз  шайқаса  береді. 
Оларға жеңеміз деген үмітпен, бізбен анттасқандар да қосыла ке
-
теді. Әмирүл-мүминин! Бір қазанға екі қош қардың басы сыймайды 
дегендей, бір жерде екі бірдей патша болмайды. Бір-бірін қырып 
салады.  Олар дың  еліне  дендеп  кіріп,  патшаларын  қолға  түсіріп, 
мемлекеттерін түгелдей азат етуге рұқсат етсеңіз, олардың бүлігі 
де басылып, бізге де оңай болар еді. 
Омар біраз уақыт үнсіз отырды. Кейін былай деді:
– Әл-Әхнәф дұрыс айтты. Маған бұл ұлттың сырын жайып сал
-
ды.
***
Әл-Әхнәфтың екі ауыз сөзі бұларға көп ой салып, тарих ағысын 
өзге бағытқа бұрып, Сасанилер әулеті жер бетінен жойылды. 


 228 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет