Тақырыбы: Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында оқу ынтымақтастығын ұйымдастыру



бет6/7
Дата26.08.2022
өлшемі169,29 Kb.
#148262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кунсулу К диплом ж
Рабочая программа для дисциплины Офисная техника , Ýêîëîãèÿ æºíå àäàì äåíñàóëû û, БЖБ 9с 23.09.2021 (копия), ҚА математика 4 нұсқа
2.2 Эксперименттік зерттеуді талдау


Алынған нәтижелерді одан әрі сапалы және сандық өңдеу мақсатында келесі ойындар алынды. «Төрт құбылыс» ойыны Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.


«Ақсүйек» ойыны
Белгісіз санды табуға, өртектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, ол бала «ақсүйекті» көрмей одан әрі қарай аттап кетеді. Сабақтың үстінде жүргізгенде бұл ойынды ойша шешетін болса, машықтар барысында бұл ойынды қолдану арқылы балаланың қимыл әрекеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік туады.
«Поезд құру»ойыны
Поезд - паравоздан және мысалдар жазылған вагондардан тұрады. Мұғалім мысалдарды есептен шыққанда ол вагонның номерлері болатынын түсіндіреді.
Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және баланың ауызша есеп шығаруға қабілетін дамыту.
«Керуеншілер» ойыны.
Баларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосуды меңгерту және ауызша, жазбаша жылдам есептеуге дағдыландыру, балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Жүргізуші оқушыларға керуен ойынын ұйымдастыру жолдары түсіндіріледі. Тақтаға алдымен 8 баланы тақтаға шақырып алып, оларды тізбек құрғызып тұрғызады (керуен қатарындағы ботақандар). Соңынан тағы да 6 қыз балалар шақырылады. Тақтадағы керуен тізбегі толықтырылады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп, бірінші екі қыз бала, сосын тағы екі қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала шақырылады. Барлығы түйенің қимылын көрсетеді. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

- Керуен тізбегіне тағы неше ботақандар тіркелді?


- Керуендер тізбегін 10-ға толтыру үшін неше ботақан тіркеледі?


- Ең соңынан керуенге тағы қанша ботақандар қосылды?


- Барлығы неше ботақан болды?


Амалдарды жасап болғаннан соң оқушыларға тағы басқа ойын түрлерінде тапсырмалар беруге болады.


Логикалық есеп
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
• Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
• Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
Математикалық тест:
4 + 3 9,10,7 10 - 3 7,8,9
6 + 3 9, 6, 4 9 - 2 5, 6,7
1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
«Матадағы менің орным» ойыны
Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.
«Ойлан да аяқта»ойыны
- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...
- екі, бірден көп, ал бір...
пышақ та, әйнек те...(өткір)
«Ойлан да аяқта»ойыны
- Ат шабады, ал қарлығаш...
- Ит үреді, ал қарға...
- Жылан жорғалайды, балық...
Қарама-қарсы сөзді ата
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.
Қара –
Күн –
Аласа –
«Равен матрицасы» әдістемесі
Бұл әдістеме кіші мектеп оқушыларына көрнекі бейнелеу ойлауын бағалауға ұсынады. Мұнда тапсырманы шеше отырып, әртүрлі бейнелер мен көрнекі елестетудің әрекетіне байланысты түсіндіріледі. Нақтылы тапсырма берілген әдістемеге көрнекі- бейнелеу ойлауының даму деңгейінің тексеру үшін белгілі Равен тесті алынады. Олар біртіндеп қиындай түсетін 10 Равен матрицаларын арнайы таңдап алынған. (54 сур. А, Б, В, Г, Д).
Балаға 10 біртіндеп қиындатып бір типтегі тапсырма ұсынылады. Матрица бөлшектерінің заң бойынша орналасқаның табу ( суреттің жоғарғы бөлігінде төртбұрышты түрінде берілген) және төменде орналасқан 8 бөлшектерінің ішінен матрицаға сәйкес біреуін таңдау (матрицаның бөлігі төменде әртүрлі жалаушаның ішінде суреттерде бейнеленген). Бала үлкен матрицаның құрылысымен танысқаннан кейін оған (8 төменгі жалауша бөліктен) матрицаға сәйкес келетін және оның арнаулы вертикаль және горизонталь бойынша болуы керек. Барлық 10 тапсырманы орындау үшін балаға 10 минут уақыт беріледі. Уақыт жеткенде эксперимент тоқтатып және дұрыс шешілген мартицаның саны анықталады. Сонымен қатар баланың тапсырманы шешуге жалпы ұпай жиынтығы анықталады. Әрі дұрыс шешілген мартица 1 ұпаймен бағаланады.
Даму деңгейінің қорытындысы
10 ұпай- өте жоғары
8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай- орташа
2-3ұпай- төмен
ұпай- өте төмен.
«Равен матрицасы» әдістемесі


Кесте 3.
4 «Ә» сынып оқушыларының бейнелеу ойлауын бағалау





Т.А.Ә.

Ұпай

Нәтижесі

1



9

жоғары

2



9

жоғары

3



10

Өте Жоғары

4



8

жоғары

5



6

орташа

6



10

өте жоғары

7



9

жоғары

8



7

орташа

9



10

Өте жоғары

10



6

орташа

11



9

жоғары

12



6

орташа

13



7

орташа

14



7

орташа

15



9

жоғары

16



10

өте жоғары

17



9

жоғары

18



6

орташа

19



6

орташа



Қатысқандар саны:19 оқушы
Сынып бойынша барлығы:
өте жоғары – 4 оқушы
жоғары – 7 оқушы
орташа – 8 оқушы
төмен – 0 оқушы
«Равен матрицасы» әдістемесі бойынша



3 сурет - Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері


Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:


Өте жоғары ұпай алған 4 -21,1%
Жоғары ұпай алған 7 оқушы-36,8%
Орташа ұпай алған 8 оқушы- 42,1%
Төмен ұпай алған оқушы жоқ- 0%
Өткізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша(Н.С.Немов)
Хаттама
Машықкер: Асхатова Әсем Асхатқызы
Зерттеу объектісі: 4 «Ә» сыныбы
Қатысқандар саны: 19
Қатыспағандар: 4 (себепті)
Зерттеу себебі: Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу ойлауын бағалау.
Зерттеу қорытындысы
Зерттеу қорытындысын жалпылау: бұл сараптама бойынша оқушылар өз бетінше жұмыс жасай алуды, сондай-ақ бейнелеу ойлаудың маңыздылығын ұғына алады. Сынып белсенді, әрі ұйымшылдықпен зерттеу жұмысына қатысты. Қорытынды бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.Сынып бойынша барлығы: өте жоғары – 4 оқушы, жоғары – 7 оқушы, орташа – 8 оқушы ,төмен – 0 оқушы.
Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:өте жоғары ұпай алған 4-21,1%,жоғары ұпай алған 7 оқушы-36,8%, орташа ұпай алған 8 оқушы- 42,1% , төмен ұпай алған оқушы жоқ- 0%.
Алдыңғы зерттеумен салыстырғанда сыныптың нәтижесі 30% жоғарылады.
Сыныптың зерттеу қорытындысы бойынша сандық және пайыздық мөлшері №4 кесте мен №4 гистограммада көрсетілген.
«Түсінікті анықтау, себебін ашу объектілердің айырмашылығын және ұқсастықтарын көрсету» әдістемесі
Бұл ойлау операциялары, оларды бағалай отырып, біз балалық ақыл ой процестерінің даму дәрежесі туралы айта аламыз. Баланың ойлау ерекшеліктері келесі сұрақтармен дұрыс жауаптары анықталады.
1.Жануарлардың қайсысы үлкен? Жылқы ма әлде ит пе?
2. Таңертең адамдар таңертенгі ас ішеді. Ал күндіз және кешке тамақ ішкенде олар не істейді? (кешкі және түскі ас)
3.Күндіз көшеде жарық, ал түнде?(дұрыс жауап қараңғы)
4.Аспан көгілдір, ал шөп?(жасыл)
5.Жидек, алмұрт, слива, алма-бұл? (жеміс-жидек)
6.Неліктен поезд келе жатқанда шлагбауым түседі?
7.Москва, Киев, Хабаровск деген не?(қалалар)
8. Қазір сағат неше?(балаға сағат көрсетіледі)
9.Жас сиырды бұзау дейді, ал жас ит пен қойды қалай атайды?(күшік және қозы)
10. Ит неге ұқсайды? мысыққа ма әлде тауыққа ма? неге олай ойлайтыныңды түсіндір.
11. Автомобильге тормоз не үшін керек?
12. Балға мен балта1-1-е немен ұқсайды?(құралдар, ұқсас қызметтер атқарады.
13.Тиын мен мысықтың қандай артық белгісі бар?(кем дегенде 2белгі айту керек)
14. Исен, винт, 1-1-е немен ерекшеленген?
15. Футбол деген не, ұзындыққа және биіктікке секіру, тенис жүзуі деген не?(спорт түрі)
16.Транспорттың қандай түрін білесің?(кем дегенде 2 транспорт түрін атауы керек)
17.Кәрі адам жас адамнаң немен ерекшеленеді?(кемдегенде2 белгіні айтуы керек)
18.Адамдар не үшін дене шынықтыру мен және спортпен шұғылданады?(денсаулықты күту үшін, әдемі және түзу болу үшін)
19.Егер біреудің жұмыс істегісі келмесе ол неге жаман?(адамдар жұмыс істеуі керек, әйтпесе дұрыс өмір сүре алмайды)
20.Хатқа не үшін марка жабыстыру керек? (марка бұл хат жіберушінің төлеген ақысы)
Нәтижені талдау.
Әрбір дұрыс жауапқа 0,5 балл беріледі, барлық баллдың жинаған жиыны 10-ға тең.
Ескерту:
Егер дұрыс жауап ол тек келтірілген мысалдармен сәйкес келмейді, орынды айтылатын жауап. Бұл сауалнаманың сипаттамасы психодиагностиканың ауызша логикалық . Егер баланаң жауабы толық дұрыс екеніне сенімсіз болса, ол 1ден дұрыс емес деп айтқызуға балаға шамамен 0,25 балл қойса. Жауапты бағаламастан бұрын балалық сұрақты дұрыс біліп алу керек Мысалы: барлық балалар не екенін білмесе де 19 сұрақты толық түсінбейді мүмкін кейде қосымша түсінік қажет етеді.
Даму денгейінің қортындысы.
10б-өте жоғары
8-9б-жоғары
4-7б-орташа
2-3б- төмен
0-1б өте төмен
«Түсінікті анықтау, себебін ашу объектілердің айырмашылығын және ұқсастықтарын көрсету» әдістемесі.


Кесте 4
4 «Ә» сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктерін анықтау





Т.А.Ә.

Ұпай

Нәтижесі

1



6,5

орташа

2



8

жоғары

3



6

орташа

4



7,25

жоғары

5



6,5

орташа

6



9

жоғары

7



8,5

жоғары

8



7

орташа

9



8

жоғары

10



6

орташа

11



8,5

жоғары

12



6,5

орташа

13



7

орташа

14



5,5

орташа

15



9

жоғары

16



10

өте жоғары

17



9

жоғары

18



6,5

орташа

19



4,75

орташа



Қатысқандар саны:19 оқушы
Сынып бойынша барлығы:
өте жоғары – 5 оқушы
жоғары – 10 оқушы
орташа – 4оқушы
төмен – 0 оқушы





4 сурет - Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері

Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:


Өте жоғары ұпай алған 5 -26,3%
Жоғары ұпай алған10 оқушы- 52,6%
Орташа ұпай алған 4 оқушы- 21,1%
Төмен ұпай алған оқушы жоқ- 0%
Өткізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша(Н.С.Немов)
Хаттама
Зерттеу объектісі: 4 «Ә» сыныбы
Қатысқандар саны: 19
Қатыспағандар: 4 (себепті)
Зерттеу қорытындысы
Зерттеу қорытындысын жалпылау: бұл сараптама бойынша оқушылар өз бетінше жұмыс жасай алуды, сондай-ақ ойлау операциялары, оларды бағалай отырып, біз балалық ақыл -ой процестерінің даму дәрежесі, баланың ойлау ерекшеліктерін анықтау.Сынып белсенді, әрі ұйымшылдықпен зерттеу жұмысына қатысты. Қорытынды бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.Қорытынды бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.Сынып бойынша барлығы: өте жоғары – 5 оқушы, жоғары –10 оқушы, орташа – 4 оқушы ,төмен – 0 оқушы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет