Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы


Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар шеңберіндегі дербес бағыттар



бет5/5
Дата24.11.2023
өлшемі49,25 Kb.
#193292
1   2   3   4   5
Байланысты:
тұлғаға бағарланған
ПВШ краткий конс-т лек, 9 апта философия
Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар шеңберіндегі дербес бағыттар:

  1. ізгілікті-жеке тұлғалық технологиялар;

  2. ынтымақтастық технологиялары;

  3. еркін тәрбиелеу технологиялары;

  4. эзотерикалық технологиялар.

Ізгілікті-жеке тұлғалық технологиялар ең алдымен өзінің ізгілікті маңыздылығымен, жеке тұлғаны қолдаудың психотерапевтік бағыттылығымен, оған көмек көрсетуімен ерекшеленеді. Олар баланы сыйлау мен оны жақсы көру, оның шығармашылық күшіне оптимистік сенім білдіру идеясын қуаттайды, мәжбүрлеуді қабыл алмайды.
Ынтымақтастық технологиялары, педагог пен баланың субъект-объектілік қарым-қатынасындағы демократизмді, теңдікті, әріптестікті жүзеге асырады. Мұғалім мен оқушылар мақсаттарды мазмұнды бірге анықтайды, ынтымақтастық жағдайында бола отырып баға береді.
Еркін тәрбиелеу технологиялары балаға таңдау еркіндігі мен дербестікті беруге басты назар аударады. Таңдау жасай отырып бала сыртқы ықпалдардан емес, ішкі талаптанудан нәтижеге қарай жылжи отырып субъект позициясын ең жақсы жолмен жүзеге асырады.
Эзотерикалық технологиялар – эзотерикалық (жеке түсінілмеген, пайымсыз) Ақиқат пен оған апаратын жолдар жөніндегі білімдерді оқып үйренуге негізделген. Педагогикалық процесс – бұл жаңа білімді хабарлау емес, қарым-қатынас емес, Ақиқатқа араластыру. Эзотерикалық парадигмада адамның (бала) өзі Әлеммен бірге ақпараттық өзара әрекеттесу орталығы болады.

Қорытынды
Сонымен, білім беру жүйесіндегі қайта құрудың негізгі бағыты – жеке тұлғаның дамуы. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру – адамның «әлеуметпен» ғана емес, қоршаған ортадағы барлық объективті шындықпен байланысын қалыптастыратын білім беру.
Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.

Пайдаланған әдебиеттер :
1. Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасы.
2. Гин А. «Приемы педагогической техники» М.-2001г.-200с.
3. Кусаинова М.А Личностно-ориентированное обучение: история, теория, технология. – М.: МГУ, 2004.
4. Төрениязова С.М. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту жағдайын жүзеге асыру жолдары. Вестник Казахского национального педагогического университета им. Абая, серия «Психологическая». -2010,- №2(23).- 84-88 5. Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учеб. пособие. - Ростов н/Д: Изд-во «Феникс», 1997. - 480 с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет