Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері


тақырып. Активтердің құнсыздануы (36 ХҚЕС)



бет17/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

7 тақырып. Активтердің құнсыздануы (36 ХҚЕС)


Дәріс жоспары:
1. Құнсыздану. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн.
2. Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құсызданудан алынатын зиянды қалпына келтіру (реверсирование).
3. Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.


1. Құнсыздану. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн.
Құнсыздану – активтердің баланстық құндарының төмендеуі. Келесі ұзақ мерзімді активтер бойынша анықталады: негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге (соның ішінде гудвилға да) және тек қана перспективті түрде қолданылады.
Активтік нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:
- нарықта мәміле объектілері біртекті болып табылады;
- әдетте, кез келген уақытта мәміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін;
- бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.
Кәсіпорындарды біріктіру туралы келісімнің күні бірігетін тараптардың арасында елеулі келісімге қол жететін күн болып табылады, және, жария листингісі бар ұйымдар болған ретте, жұртшылықтың назарына жеткізіледі, дұшпандық жұтылу жағдайында біріккен тараптардың арасында елеулі келісім жасалатын күн сатып алынатына ұйым иелерінің жеткілікті саны осы сатып алынатын ұйымға бақылау орнату туралы сатып алушы-ұйым ұсыныс қабылдаған күн болып табылады.
Баланстық құн – жинақталған амортизация және құнсызданудан болған жинақталған залал сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.
Қозғалысқа келтіретін бірлік – бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар тасқынына едәуір дәрежеде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.
Корпорациялық активтер – бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын іскерлік беделден басқа активтер.
Шығару шығындары – бұл қаржы шығындарын және, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.
Амортизацияланатын құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.
Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.
Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген әділ құн – бұл жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.
Құнсызданудан болған залал – бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.
Активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның әділ құны немесе оны пайдалану құндылығы болып табылады.
Пайдалы қызмет мерзімі – бұл не:
- ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі;
- өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.
Пайдалану құндылығы – бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының дисконтталған құны.
Активтің баланстық құны өтелетін сомадан асқан кезде, ол құнсызданды деп есептеледі. Активтің құнсыздануынан залалдың туындау мүмкіндігін көрсететін кейбір белгілер сипатталған. Осы белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, ұйым өтелетін соманың ресми есебін жасауға тиіс.
Ұйым әрбір есепті күні активтің мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға міндетті. Кез келген осындай белгі анықталған жағдайда ұйым активтің өтелетін сомасын бағалауға тиіс.
Бұған қоса, қандай да болсын құнсыздану белгісінің бар-жоғына қарамастан, ұйым:
- пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті немесе пайдалану үшін әлі қол жетпейтін материалдық емес активті оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздану мәніне жыл сайын сынақтауға міндетті. Құнсыздануға ондай сынақтама жылдық кезең ішінде кез келген уақытта, ол жыл сайын тап сондай уақытта қайталанып отырған жағдайда, орындалуы мүмкін. Әр түрлі материалдық емес активтер әр түрлі уақытта құнсыздануға сынақталуы мүмкін. Алайда, егер мұндай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде танылған болса, ол осы ағымдағы жылдық кезеңнің соңына дейін құнсыздануға сынақталуға тиіс.
Материалдық емес активтің өз баланстық құнын өтеу үшін жеткілікті болашақ экономикалық пайдалар іздестіру қабілеті, әдетте, актив пайдалануға қол жеткізілгеннен кейінге қарағанда, ол пайдалануға қол жеткізілгенге дейін неғұрлым жоғары шектеусіздік дәрежесімен сипатталады. Сондықтан, ең болмағанда, пайдалану үшін әлі қол жеткізілмеген материалдық активтің баланстық құнын құнсыздануға жыл сайын сынақтауды талап етеді.
Пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес актив, оның мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің бар-жоғына қарамастан, оның баланстық құнын өтелетін сомасымен салыстыру арқылы жыл сайынғы негізде құнсыздануға сынақталуға тиіс. Алайда, ондай активтің өтелетін сомасына алдыңғы кезеңде жасалған ең соңғы есептеулер, төменде келтірілген өлшемдердің барлығы қанағаттандырылған жағдайда, ағымдағы кезеңде құнсыздануға сынақталған кезде пайдаланылуы мүмкін:
- егер материалдық емес актив басқа активтер немесе активтер тобы қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардан әдәуір дәрежеде тәуелсіз болатын пайдалануды жалғастырудан ақшалай қаражаттардың тасқындарын қозғалысқа келтірмесе, және сондықтан да өзі жатқызылған қозғалысқа келтіретін бірліктің бір бөлігі ретінде құнсыздануға сынақталса, және, егер мұндай бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаса;
- өтелетін соманы ең соңғы есептеу нәтижесі активтің баланстық құнынан әжептеуір асатын өлшем болса;
- өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап болған оқиғалар мен өзгерген міндеттемелерді талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың активтің баланстық құнынан аз болатыны неғайбіл екендігін дәлелдейді.
Жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін тараптардың арасында жасалған мәміледе сату туралы міндетті күші бар шарт бойынша, осы активті шығаруға тікелей жатқызылған қосымша шығындар ескеріліп түзетілген баға активті сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнының ең жақсы дәлелі болып табылады.
Егер сату туралы міндетті күші бар шарт болмаса, бірақ актив белсенді нарықта сатылатын болса, онда шығаруға шыққан шығындар шегерілген оның нарықтық бағасы оны сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің әділ құны болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы әдетте тиісті нарықтық баға болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнды бағалау үшін, осы мәміленің күні мен бағалау күні арасындағы кезеңде экономикалық жағдайларда елеулі өзгерістер болмаған жағдайда, ең соңғы мәміленің бағасы негіз бола алады.
Сату туралы міндетті күші бар шарт немесе активке арналған белсенді нарық болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнды анықтау үшін ұйым есепті күні жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасау кезінде шығарылу шығындары шегерілген активті шығарудан алуға болатын соманы неғұрлым анық көрсететін ақпарат негіз болады. Ұйым осы соманы анықтау кезінде тап сол саланың шеңберіндегі осындай активтермен жасалған соңғы операцияның нәтижесін ескереді. Ұйым басшылығы шұғыл түрде сатуға мәжбүр болған жағдайларды қоспағанда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құн мәжбүрлеп сатуды көрсетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет