Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет135/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203
«Екi таңбалы сандарды қосу және азайту» тақырыбын «Ертегi сабағын» өткiзу арқылы түсiндiрдiк.
Сабақтың тақырыбы: «Екi таңбалы сандарды қосу және азайту».
Сабақтың мақсаты: Екi таңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың есептеу техникасын жетiлдiру. ұқыптылыққа, бiлiмдi табандылықпен игеруге дағдыландыру. Келтiрiлген есептер арқылы оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекiлiгi: түрлi- түстi суреттер.
Сабақтың түрi: ертегi сабақ.
Сабақтың барысы:.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру.
Бұрын өтiлген материалдарды пысықтап, екi таңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын қалыптастыру мақсатында төмендегi ертегi сабағын ұйымдастырдық.
Есептердi шығарту үшiн сынып оқушыларын екi топқа бөлiп ұйымдастырамыз.
Сабақ барысында мынадай ертегi айтылады: «Ерте- ерте ертеде бiр ханның Жалайыр және Сүлеймен деген екi ұлы және өзi сұлу, өзi ақылды Айша деген қызы болыпты. Күндердiң бiр күнiнде бойжетiп отырған ханның Айша қызын бiр түнде ұйықтап жатқан жерiнен бiр Дәу ұрлап әкетедi. Жалайыр батыр мен Сүлеймен батыр екi жасақ қол жинап, қарындастарын iздеуге шығ ады. Олар жасақтарымен келе жатып бiр дарияға кездеседi. (Дарияның суретi iлiнедi) Дарияның жағасындағы қара таста мынадай жазу тұрады: “Кiмде-кiм осы дариядан өтемiн десе, мына есептi шығарсын:
Есеп 1. Көктемнiң үш айында Талас өзенiнiң деңгейi шамамен 18 см биiктiкке көтерiледi. Наурыз айының өзiнде осы үш айдағы судың көтерiлген деңгейiнен 10 см-ге аз көтерiлген. Ал сәуiр айында үш айдағыдан 12 см-ге аз көтерiлсе, онда мамыр айында Талас өзенiнiң деңгейi қанша см-ге көтерiлетiн болғаны? “
Жасақтар есептi шығаруға кiрiседi. (әр топтан екi оқушыдан шығады да осы есептi шығарады). Есептi бiрiншi шығарған жасақ батырлары ары қарай аттанады. Ертегi әрі қарай жалғасады.
Дария қақ жарылады да батырларға жол ашылады. Келе жатып олар жүз жастағы қарияның үйiне кез болады. Қариядан жөн сұрайды. Ол: «Егер үйiмнiң шатырындағы есептi шығарсаңдар, Айшаға апаратын жолды айтамын»,- дейдi.
Үйдiң суретi iлiнедi. Оның шатырында мынадай есеп көрсетiлген:
Есеп 2. Қазақстанның қызыл кiтабына сүтқоректiлердiң 31 түрi, құстардың түрi сүт қоректiлердiң түрiнен 12-ге артық. Бауырымен жорғалаушыларды түрi құстардың түрiнен 35-ке кем түрi енген. Сонда қызыл кiтапқа қанша сүтқоректiлердiң, қанша бауырымен жорғалаушылардың түрi енген?
Екi топ жарыса есептi шығарады. Есеп шыққан соң ертегi ары қарай жалғасады. Қария жол көрсетедi. Бiрақ Дәу Жалайыр мен Сүлеймен батырлардың келе жатқандарын бiлiп қойып, қапылыста жасақтарымен олға түсiрiп, зынданға тастайды. Алайда зынданнан шығудың бiр-ақ жолы бар, ол зынданның қабырғасына жазылған есептi дұрыс шығаруда ғана екен. (Есеп жазылған зынданның суретi iлiнедi)
Есеп 3. Соңғы жылдары Семей облысында 14 бұлақтың көзi бiтелсе, Қарағанды облысында одан 66-ға артық бұлақ көзi бiтелiптi. Ал Жамбыл облысында Қарағанды облысына қарағанда 24-ке кем бiтелiптi. Сонда Қарағанды, Жамбыл облыстарында қанша бұлақ көздерi бiтелген?
Есептi шығарып зынданнан шығып кетедi. Зынданнан шыққан батырлар Айша қамалған қорғанды тауып алып, оның қақпасын бұзып кiру үшiн тағы бiр есептi шығаруға тура келедi. (Қамалдың суретi iлiнедi).
Есеп 4. 1995 жылғы зерттеу нәтижесi бойынша Көкшетау облысында 88 көл құрғап кеткен. Ал Ақмола облысында бұдан 78-ге кем көл құрғапты. Сонда екi облыста барлығы қанша көл құрғаған?
Есептi шығарып болған соң екi топтың жарысының қорытындысы шығарылады.
Мұғалiм әр есептiң шартына қайтып оралып, есеп мазмұндарына байланысты табиғаттың қорларын қорғауға тоқталып өтедi. Оқушылардан өзен-көлдердiң, бұлақтардың адам өмiрiндегi маңызын сұрайды. “Есептердiң мазмұнынан өзен-көлдердiң қазiргi кездегi жағдайының қандай күйде екенiн бiлдiк?“- деген сұраққа жауап алдық.
Оқушылар: Өзендер мен көлдер - бұлар сұлулықтың көзi, адамдардың өмiр сүруi үшiн керек. Егiндiктi суғаруға, жануарлардың iшуi үшiн қажет. Бұлақтардың көздерi бiтелiп жатыр. Өзендердiң, көлдердiң құрғап, бұлақтардың көзiнiң бiтелiп жатқанына адамдар кiнәлi.
Мұғалiм: Су- жер бетiндегi өмiр негiзi. Сусыз тiршiлiк болуы мүмкiн емес. Су кездеспейтiн жер жоқ. Адам баласына күнiне екi жарым литр су керек. Адам суды тек iшуге және тағам дайындауға ғана пайдаланып қоймайды. Глобусқа зейiн салып қарасақ, бiздiң ғаламшарымыздың басым көпшiлiгiн су алып жатқанын көремiз. Оны ғылыми тiлде гидросфера деп атайды. Гидро- су, сфера- қабық. Суды пайдаланбай, ешбiр халық шаруашылығындағы, өнеркәсiптегi үрдiс iске асуы мүмкiн емес. Сол себептi де халық суды өмiр нәрi, өмiрдi алға жылжытатын қозғаушы күш, денсаулық кепiлi, көркемдiк көзi ретiнде атайды. Осы қасиеттiң барлығы тек таза суда ғана болады. Ал суды улап, былғайтын адамның өзi ғана. Кейбiр табиғат құбылыстарының әсерiнен су табиғи жолмен де ластанады, бiрақ бұндай жолмен ластанған су көздерiн табиғаттың өзi-ақ тазалап алады. Ал адамның улауынан ол өзi тазара алмайды. Суды кейбiр адамдар тегiн дүние деп есептейдi. Қазақ халқы өмiр тәжiрибесiнен дұрыс қорытынды шығарған: «Ей, шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегiн деме, судың да сұрауы бар» деген нақыл сөз қалдырыпты.
Үйге тапсырма: үйге берiлетiн есеп те сабақта қарастырылған есептермен мазмұндас болды.
ЕСЕП: 1993 жылы Ақмола облысында бұлақ, жылғалардың 9-ы, Жамбыл облысында 56-ы, Қызылорда облысында 2-i, Қостанай облысында 11-iнiң көздерi бiтелiптi. Сонда 4 облыстың қанша бұлақ, жылғаларының көзi бiтелген?
Сабақ соңында қазiргi кезде табиғат қорғау жалпы халықтық iс болып отырғаны, табиғатты қорғауда мектеп оқушылары да көптеген игi жұмыстар атқара алатыны айтылып, мысалдар келтiрiледi.
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатында әрбір оқушының, әр сыныптың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру, оқытудың барынша жеңіл әдістері мен тәсілдерін қолдану, сабақ арқылы экологиялық білім беру ісін сабақтан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыру, мектепте өтілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды табиғат қорғау бағытында жүргізу, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру, оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу ісінің тәрбиенің басқа түрімен өзара бірлікте және бірін – бірі толықтыру бағытында жүргізілуі қажет.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет