Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет1/19
Дата01.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ТАРАЗ

МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫНЫҢ

ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

ВЕСТНИК

ТАРАЗСКОГО

ГОСУДАРСТВЕННОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО

ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ЖУРНАЛ

19



2014



Тараз

мемлекеттік

педагогикалық

институтының



ХАБАРШЫСЫ

ВЕСТНИК

Таразского

государственного

педагогического

института





2014

19


(шілде - тамыз - қыркүйек)


РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ


Д.П. Қожамжарова

тарих ғылымдарының докторы, профессор (бас редактор)

Р.С. Амандосова

педагогика ғылымдарының докторы

А.Ә. Байтелиев

филология ғылымдарының докторы, профессор







К.Ж. Бұзаубақова

педагогика ғылымдарының докторы

И.О. Мүлдеков

техника ғылымдарының докторы, профессор

М. Мұратбеков

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Ж.С. Төлеубаев

ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Т.Р. Абдыкадырова

педагогика ғылымдарының докторы

А.Н. Тұрарова

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

А.Г. Шуканов

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

К.Б. Турдалин

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Ақпарат және мұрағат комитеті

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы


КУӘЛІК

5763-Ж


Астана қаласы «23» 02 2005 ж.




МАЗМҰНЫ


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Тарих (отан, жалпы), философия, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, этномәдениеттану, құқықтану, экономика




Бөгенбаева Ә.Б. З.Шашкиннің әдеби мұрасы – «доктор дарханов» романы...................

5

Даубаева Ф.Н. Бауыржан Момышұлының шығармалары негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру...................................................................................

11

Есмырзаева А.О. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы

тәлім-тәрбиелік идеялар...........................................................................................................



17

Есмырзаева А.О. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру....................................................................................

22

Каленова Э. Адамгершiлiк мәдениетi ұғымының ғылыми-теориялық негіздері......................................................................................................................................

26

Қуандықова Э.Ж., Байжулова А.Ж. Жаңа Қазақстандық патриотизм.................................................................................................................................

36

Мүтәлі Ұ. Ұлы жібек жолы – шығыс пен батыс арасындағы көпір...........................................................................................................................................

38

Нейфельд А.П. К вопросу о развитии современного казахстанского профессионального дизайна одежды......................................................................................

40

Свидова Н.В. Хронотоп летописной повести об ослеплении василька теребовльского..........................................................................................................................

44

Серго В.Ю. Об инновационных методах преподавания Истории в современной школе..........................................................................................................................................

48

ФИЛОЛОГИЯ (тіл және әдебиет): қазақ, орыс, шет тілдері




Белоус Е.Н. Особенности пространственно-временной организации романа м.а. булгакова «мастер и маргарита».............................................................................................

52

Бровко И.И. Коммуникативно-деятельностный подход к преподаванию русского языка...........................................................................................................................................

59

Керімбеков М. Ата -бабамыздан қалған көне сөздер көңілден өшпейді...........................

64

Керімбеков М. Ырым-тыйым сөздердің этнопедагогикалық негіздері.............................

72

Метеркулова Ү.О. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың лингвистикалық негіздері.........................................................................

77

Мергембаева Ж.М. Қазақ тіліндегі шығыс говорлар тобының лексикалық ерекшеліктері.............................................................................................................................

85

Нуршанова И.С. Роль и место учителя в условиях компьютерного обучения русскому языку...........................................................................................................................................

89

Сайлаубекова Р. Қазақ лингвистикасындағы дауысты дыбыстардың зерттелу жайы............................................................................................................................................

93

Чернятьева Е.Ю. Синонимия в публицистическом тексте (на материалах казахстанских СМИ).................................................................................................................

97

ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ, ДЕФЕКТОЛОГИЯ




Абдыкадырова К. К проблеме организации образовательной среды................................

107

Айтенова Э.А., Сауатбек Т. Шығармашылық қабілет» түсінігінің ғылыми-психологиялық әдебиеттерде зерттелуі..................................................................................

113

Арғынбаева К. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда педагогикалық технологияларды қолданудың тиімді жолдары.....................................................................

117

Асипов А.Б. Оқытудың инновациялық технологиясының педагогикалық - психологиялық негіздері..........................................................................................................

120

Ахметова Ж.С. Жеке тұлғаның дамуында әлеуметтік-педагогикалық факторлардың маңыздылығы…........................................................................................................................

125

Әлжаппарова А.Н., Еспанова А. С. Оқу үрдісінде белсенділікті арттыруда иновациялық технологияларды қолданудың ерекшіліктері................................................

128

Багисбекова Г. Исследование  педагогических  условий  адаптации  детей  с 

ограниченными возможностями  здоровья к  инклюзивному  обучению...........................

130

Байжулова А.Ж., Исаев З., Жұмағалиев Р. Жаңа тұрпатты мұғалімнің қалыптасуы................................................................................................................................

136

Бикмаева Ф. Готовность педагогов как основной фактор успешности инклюзивного процесса в образовании............................................................................................................

138

Ботамқұлова А.Б., Критериалды бағалаудың практикалық жүйесі...................................

143

Ботамқұлова А.Б., Салыстырмалы білім үлгілеріне өтудің амалдары мен технологиялары.........................................................................................................................

146

Бузауова А. Педагог в системе инклюзивного образования..............................................

150

Гулмурзаева К.,Сабекова Д.А. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері.......................................................................................

155

Джамалдинова М., Аубакирова С.А. Активизация познавательного интереса учащихся на уроке - основа прочных знаний........................................................................

162

Джаркинбаева Г.А. Мектепте білімді бағалаудың қолайлы әдістері мен әдістемелері...............................................................................................................................

168

Джаркинбаева Г.А. Pisa бағдарламасы бойынша мектепте білімді бағалау мазмұны мен ұйымдастыру формалары..................................................................................................

172

Дыбыс А.,Сабекова Д.А. Балалардың психоэмоционалды күйін реттеуде ертегі терапиясын қолданудың маңызы.............................................................................................

177

Маханова Б.Д., Тағашбаева Л.А. Ұлттық мұралар – тәрбие қайнары..............................

182

Махашова П.М., Сейілханова Г.С. Мұғалім шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................................

185

Рашидов Ш.М., Отбасы – алғашқы тәрбиелеу институты...............................................

189

Ярошевская Г. Инклюзивное образование в Казахстане...................................................

192

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ (математика, физика, информатика)




Абылаева А.М., Тургинбаева А.С., Шеримов Ш.Ш. Бейнелерді танып – білу және интеллектуалды қабылдаудың ерекшеліктері........................................................................

197

Абылаева А.М., Тургинбаева А.С., Шеримов Ш.Ш. Интеллектуалды жүйені тану негіздері......................................................................................................................................

204

ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ




Абжапарова А.С., Жаңабай Г. Биологиядан бейінді бағдарлы білім беруде элективті курстардың маңызы..........................................................................................

209

Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж. Ангор ешкінің биологиялық ерекшелігі,

аурулары және оның емдеу жолдары......................................................................................



212

Камбарова Э.А., Айдарова А.О. Использование возможностей программы activstudio при загрузке ссылок на страницу флипчарта.......................................................................

220

Нұрмашева Э.О. Ересек топ балаларын мектепке психологиялық даярлау.................

225

Омашева Р.Б. Балабақшада дамыта оқыту технологиясын қолданудың дидактикалық маңызы.......................................................................................................................................

227


Сейтқазиева А. Балабақша жағдайында монтессори технологиясын қолданудың тиімділігі................................................................................................................................

231


Мақалаларды рәсімдеу тәртібі.............................................................................................

225

Условия оформления статьи.................................................................................................

226








ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ, ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҰҚЫҚТАНУ, ЭКОНОМИКА
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР


ӘОЖ 82.091

Б 78
З. ШАШКИННІҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ – «ДОКТОР ДАРХАНОВ» РОМАНЫ
Бөгенбаева Ә.Б., Әбдір Қ.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Зейін Шашкиннің шығармаларының сырларын ұғу үшін жазушының өзіндік ерекше тағдырын, сипатын ескеру қажет. Ол әдебиетке жастай араласқанымен ұзақ уақыт шығармагерліктен қол үзуге мәжбүр болды, туған халқының, ана тілінің ортасынан шалғайда жүрді, сондықтан да үлкен прозаға келердегі алғашқы шығармасын орыс тілінде жазды, содан соң бірте-бірте барып ана тілінде жазуға көшті. Сондықтан оның алғашқы шығармаларында орысша құрылған сөйлемдердің және басқа олақтықтың көріністеріне таңдануға болмайды. Оның үстіне оның өмірден көргені – түйгені, айтары көп еді. Сондықтан қомағайлана, асығыс жазуға тиіс болды. З.Шашкиннің осындай ерекшелік сипаттарын сұңғыла дана Мұхтар Әуезов дәл байқаған. Белгілі жазушы Тахауи Ахтановқа жазған хатында ол былай дейді: «Екінші бір өнімді топ – Мұхамеджан, Хамза, Зейін. Бұларды сендер көбірек түсіне ойласаңдар әділ болады. Олар жастай кетіп, ұзақ заман тұсалып қалған, жігерлі талант. Өмірге қомағайлық ала келген. Шығармашылық шабытқа да сондай қомағайлар. Өнімді еңбек етіседі. Сендердей, осылардай адамдарға байланысты болашақты үдей басатын, алғыдан асатын болашақты ойламасақ, кім боламыз?» Зейін шығармагерлігін дұрыс түсініп, лайықты бағалау үшін кемеңгер Мұхаңның бұл пікірін есте ұстаған мақұл.

Ол шығарманы бүтіндей ойдан шығармайды, жалаң қиялмен құрмайды. Ақиқат өмірде болған шындық оқиға мен суреткердің шығармашылық қиялының астасып келуі-З.Шашкин шығармаларының айрықша бір қасиеті. Оның қай шығармасын алсаңыз, оқиға көкте де, жерде де жоқ, неғайбіл бір қалада, бейтаныс әлемде емес, нақты қазіргі өмірде бар, қалың оқушыға мәлім қалалар мен аудандардың бірінде болып жатады.



З.Шашкиннің шығармаларында орыс халқының өкілдері, дәрігер қаһармандар міндетті түрде ұшырасады. Алғашқысы, уақыт ерекшелігін, Совет өкіметі тұсында нығайып, беки түскен халықтар достығын айқын сипаттауға көмектессе, кейінгісі жазушының өзіндік ерекшелігін айғақтай түседі.

Енді Зейіннің айтып та, айтылмай да жатқан қыры көп. Оны өзінің жазған «Доктор Дарханов» романынан көруге болады. Бүгінгі таңға дейін дәл осы шығармадай көркем әдебиетте медицина саласының қызметкерлеріне арналған бір шығарма көре алмай келеміз. Егемендігімізді алғаннан бері осы мамандықта ғылыми еңбектерін болмаса, олардың тұлғалық қалпын таныта алмай жатқандығымызды қалай бағаларсың. Зерде зейінділік осындайда туындайды. Зейін – әр қырынан танылған, қазақ топырағында сирек кездестін тұлға бола алғандығы. Басына қиын-қыстау заман түскенде, Алматының Джержинский-Калинин (қазірде Наурызбай-Қабанбай батырлар) қиылысында ешкімді сатпауы, тұрғыластарының мойнына алмауы, «үндеместердің» айтқан айыптарына көнбеуі оның бойындағы ұлы атасы Бекше батырдан дарыған деп білемін. Тарихи деректерде ол бар, бірақ көп атала бермейді. Сондай Зейін, екі жыл Алматы түрмесінде, 1941 жылдан 1948 жылға дейін Сібірдің мұз қарыған Тайшет, Ново-Чунко сияқты азап пен тозақ лагерінде ғұмыры түгілі, өмірінің жартысын жоғалтты. Ерлік пен қайсарлық, өмірге деген құштарлық оны алдағы болашаққа сүйреді. Тағдырдың жазалауына ұшыраған, Ялтадағы Климаттық емдеу ғылыми-зерттеу институ-тының кафедра меңгерушісі болған, көрнекті ғалым М.С. Бинштокпен жолықтырды. Сібірдің сүйек қарыған аязында бір өкпесіне отама (операция) жасаған ол, өзі қамауда отырған көрнекті медицина ғалымдарының қолдауына сүйене, әрі оларға қолғабысшы (санитар) бола жүріп медицинаға бет бұрған. Осы арада бір таласты жағдайлар да туындап жатады. Ол Иркутскінің медициналық институтын дипломмен бітірді дейді. Бірақ мұның қисынға келмейтін жайы – сотталғандарға жоғары (Мәскеуде оқығаны бар) білімдік мамандық алуға (өзім кездескен мемлекеттік қауіпсіздік комитеті-нің қызметкерінің айтуынша) рұқсат етілмейді. Себебі, осындай қысастыққа қарамастан, тар тағдырда отырып, КСРО ИМБАМ №2 ауруханасында 1948 жалы 5 тамызда «дипломсыз дәрігер» мамандығын алып шыққандығында оның қолында дәрігерлік мамандығы ғана бар деген анықтамалық қағазы болған. Оны дәрігер ретінде оқырмандардың біржақты танып отырғандығы осы. Бірақ оны «Доктор Дарханов» романдық шығармасының кейіпкері профессор Әлмұханов атақты ғалым, профессор, академик Сайым Балуанұлы Балмұқанов – дәрігер Нияз екенін бүгінде білетіндер жоқтың қасы. Зейіннің зерделігі сол, ол өмірге өте құштар бола, ұлт ұлыларының өскіндей кезінде қылтадан қиылған Шоқан Уәлиханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, кеңес заманында 1956 жылы қайтыс болған Қасым Аманжолов турасында – бұлардың барлығы көкірек ауруының («туберкулездің) құрбандары деген. Оны өзі де білген. Сондықтан да түрмеден шығысымен Қарағандыға көп тоқтамай, Көкшетаудың Бурабайына табан тіреп, өткен заманының есесін қайтарсам деп, дәрігерлігімен қоса, шығармашылықпен айналысуы – бұл енді жүйкені жейтін тағдырлы жұмыс. Сөйте тұра, шығармашылықпен айналысу, бұрынғы Мәскеуде оқыған білімі «бойын түртпектеп» ойын оятуы оны әдеби жолға әкеліп түсірді. Зейінді танимыз ба, жоқ па деген мәселе осындайда туындайды. Өзі ауырып жүріп Бурабайдың «Бармашы – Бармашино», бүгінде «Светлый» аталған емханалық-ауруханалық орталықты ашуы, ол жерде құрт ауруын қымызбен емдеудің жолын, осы аймақтың дәрулік сипатын дәлелдей отыра, жылқы фермасын ашуы – бұл енді феномендік, адам бойына берілген зор қасиет. Бұл роман өзінің мазмұны жағынан ғана емес, жазылу формасы жағынан да қазақ совет әдебиетінде оқшау туынды болды. Оқшау болған себебі, ол қазақ әдебиетінің тарихында дәрігерлер өміріне арналған тұңғыш роман еді. Шығармада 3. Шашкин қазақ әдебиетіне өзі батыл енгізген ішкі монолог, ішкі диалог, авторлық баяндау мен кейіпкер ойларының сабақтасып өрілуі сияқты көркемдік тәсілдерді одан сайын кең көлемде әрі ұтымды қолданып, бұл тәсілдердің әдебиетте орын тебуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдей түседі.

Роман дәрігерлер өміріне арналған. Алайда бұл тек дәрігерлер өмірі жайында ғана баяндайтын шығарма емес, шындығына келгенде, ол қазіргі заман тақырыбын қозғайтын, бүгінгі замандастар өмірінің алуан сала-ларын кеңінен қамтитын қомақты шығарма.

Жазушы бұл шығармасында дәрігерлер өмірін арқау етіп ала отырып, бүгінгі өміріміздің алуан-алуан салаларына үңіледі, бүгінгі күннің бірсыпыра көкейтесті проблемаларын қозғайды. Ғылым-білімді насихаттау, адамдар санасындағы және тұрмыстағы ескілік қалдықтарына қарсы күрес, жаңа, озық дәстүрлерді тарату жөнінде интеллигенцияның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің қарым-қатынасы, өзара сенім, достык, коллектившілдік рөлін қалыптастырудағы жетекшілік өнегесі, әйелге көзқарас, әйелдің семьядағы орны және басқа да көптеген мәселелер — «Доктор Дарханов» романының өзекті идеялық арқауы болып табылады.

Географиялық жағынан алғанда, оқиға Қекшетау облысындағы «Бармашы» санаториінде болады. Бірақ роман арнасы санаторий өмірімен ғана шектелмейді, сол өңірдегі жапсарлас жатқан колхозды ауыл алқабына да шығады, бірде Павлодар өңіріне, бірде Москваға, бірде Қырымға, енді бірде Алматыға апарады. Окушы роман кейіпкерлерімен бірге аталған жерлердің тіршілік тынысынан хабар алып қана қоймайды, сол өңірлердің табиғат ерекшеліктерімен де танысады.

З. Шашкиннің өзіндік бір ерекшелігі – кейіпкердің сөзіне көп мағына сыйғыза алғандығы, кейіпкерлердің өзін сөйлету, өткенді еске түсіру жағына бой ұрған Монолог арқылы әрі оқиғамен таныстырады, әрі образды аша түседі.



Деректі материалдарды өмірлік ащы тәжірибелерді негізге ала отырып, кесек сомдалған кейіпкер – дәрігер Дарханов Нияз. Оқиға да осы Дарханов төңірегінде өрбиді. Ең алдымен ол өз мамандығын сүйген, оны жетік білетін, қоғам, халық алдындағы парызын дұрыс түсінген дәрігер. Бір кезде алған білімді қанағат тұтпай, үнемі ізденіс үстінде болып, осы барыста өмірдің талай қиыншылықтарын көрді. Қызмет бабында адамдар арасындағы түрлі қақтығыстардың куәсі болды. Қызғаныш, көреалмаушылық, жағымпаздық, өсекші тәрізді адам бойындағы жаман қылықтармен күреседі. Бұл күрес жеке басының бақыты немесе мансап үшін емес, өзі таңдаған мамандығының адам баласының денсаулығын жақсарту, азаматтарды түрлі дерттерден айықтыру үшін қажет екендігін дәлелдегісі келіп, басын ойға да, қырға да соғады.

3. Шашкиннің жазушы есебінде бір ерекшелігі — ұнамды деген қаһарманның өзін кемшіліктен ада, күнәдан пәк адам етіп көрсетуден аулақ. Қайта кей тұстарда қаһарман басындағы көлеңкелі жақтарды қоюлатып алатын сияқты көрінеді. Бұған, әлбетте, елуінші жыл-дардың орта шенінде әдебиетшілер арасында ұнамды қаһарман проблемасы жөнінде болған айтыстың салқыны тиген деу керек. Кезінде кейбір әдебиетшілер 3. Шашкиннің «Теміртау» романы жөніндегі пікір алысу барысында «характерлерді ірілендіру жағы жетіспейді» деп мін тағуы қисынсыз еместі. Нақ осы ақауды романның бас қаһарманы Нияз Дарханов образынан да анық байқаймыз. Нияз образы нанымды, ұнамды образ. Жазушы Нияз образының эволюциясын табиғи заңды арнамен өрбітеді. Өмірде ондай адамның болатынына, ондай оқиға болатынына күмән тумайды. Сондықтан да оқушы «Доктор Дарханов» романын жылы кабылдайды, Нияз басындағы тағдырға, оқиғаларға сенеді. Бірақ жазушы Нияз образын қалың оқушы қауым, келер үрпақ өміріне, ісіне сүйініп, өнеге аларлықтай биік идеал дәрежесіне көтере алмаған, Нияз тағдырын түсінесің, аяйсың, ойланасың, сабақ аласың, бірақ оны идеал ете алмайсың. Себебі, Нияз бойында еңбек сүйгіштік, өз мамандығын беріліп атқарушылық, ізденімпаздық, турашылдық сияқты ұнамды қасиеттер бар, бірақ кейбір әдебиетшілер орынды айтып жүргендей «ірілік» кемшін, әлдебір сәттерде, әсіресе, әйел мәселесіне келгенде осалдыққа бой алдырады, жеңілтек, тезқатар шешімдер жасайды, өмірдің өкпек желіне қасқая қарсы тұрудан гөрі, шөп-шаламға ыға беруге бейім кездері жоқ емес. Сондықтан Нияз тағдырын түсінуге болады, кейбір шәлкем-шалыс қадамдарын кешіруге болады, жақсы қасиеттерін, еңбегін, өнерін ұнатуға болады, бірақ идеал етіп еліктеуге олқы. Ол — Нияз көтеріле алмаған биік, жазушы шеберлігі жетпеген асу. Мәселен, Нияз бен Сағиланың танысуы, олардың қосылып, шаңырақ көтеруі, кейіннен ажырасуы шығарманы қызықтыра түседі. Бір өкініштісі сүйіп таңдаған жарының оған адал болмай, жеңіл жүрісті, жеңіл мінезді әйел болуы. Сағила Нияз екеуінің балаларына жаны ашымай, тастап кетіп, басқа күйеуге шығуы шығарманы одан әрі ширықтыра түседі. Бұл Нияздың жанын жаралап, жүрегіне қатты батады. Романда бұл бірінші бөлімде Нияз Шортанды көлінің жағасында ұзақ отырып, қалың ойға шомғанынан көруге болады. Оның ойға шомып кеткені сонша, күннің қалай батқанын да аңғармай қалады:

...Күлше жіптің ұшынан аңдаусызда тартып қалсаң тарқатыла бермей ме, сол сияқты санаторийға емделуге келген аққұба қызды бұрын қайда кездестіргенін есіне түсірем деп, Дарханов өткен өмірінің қызықты да сәнді шағын, «әттеген-ай» дегізген өкініш-арманды кезеңдерін біртіндеп көз алдынан өткеріп отыр. ...Қайда көрдім? Мөлдіреген осы бір бота көз таныс секілді, шырамытам. Қайда көрдім? Адам зейіні көзіне көрінгенді басып алатын фотография, немесе естігенін жазып алатын магнетофон неге болмады екен. Міне енді қай жерде көргенін есіне түсіре алмай әлек. Ап-айқын – жақындап кеп, бірде сағымдай қайта алыстайды. Осынау талдырмаш, жұқа өңді аққұба қыз – менің өмірімде жалт етіп көрініп, ағып түскен жұлдыз болар ма, тегі. Әлденеге асыға алаңдап, не бірдемеге қысылып жүргенде, көзіме түсіп, назар аудара алмадым ба, кім білсін... Жоқ әлде осы қыздың қос жанары менің бұрынғы әйелімнің көзіне келіңкірей ме... «Қарасайшы маған» деп мөлтілдеп тұрған сияқты емес пе. «Әй, Нияз-ай, осы сен алжып, аузыңа келгенді айтатын болғансың ба деймін... Ол әйелдің көзіне қарай-қарай тапқан «махаббатың» не күйге ұшырады, білесіңбе». Бұл – кекетіп, қарсы дау айтып отырған ішкі әзәзілім. Кейде оған да құлақ қойып, санаспасаң болмайтын көрінеді. Қанша дегенмен, ішкі ой-сырды салмақтап өлшеп отыратын таразы да сол. Шынында жаңағы ішкі әзәзілдің кекесіні тегін емес, мәні бар: ол әйел мені тастап кеткен. Бұрын ауылда еркекті әйел тастаса, қорлық көріп, бүкіл ел намысқа қызып қайтсе де кетірмеу әрекетін жасайтын. Біздің заманда, қайта әйел кетсе қуанатындар да аз емес. «Нелер сұлу әйелдер ерсіз бос жүр, бірі болмаса бірі дайын, ертең-ақ төсек жаңғыртам» деп ойлайды. Әйтседе, мешкей деген жақсы атақ па... Сол әйелдің мені неге тастап кеткеніне түсінбеймін де, таң қалам. Есіме түссе ұзақ түн сарыла жауап іздеп, дөңбекшіп жатып алам. Бұл жүректегі бітпейтін шиедей жара. Кейде бетін тырналап, қанын да ағызып қоям. Қаншама ұмытайын десем де, елеусіз бір нәрседен ойыма сақ ете түседі. Содан кейін жел диірмене сияқты айнала береді, айнала береді. Дәл қазір соны еске алудың қажеті жоқ-ақ еді, жаңағы бота көз қыз себеп болғандай. Өзіме-өзім дәрігер көзімен қарасам, ауруға ұшыраған тәріздімін. Бұл менің соңыма түсіп алған ой, біреуді аңдып жүрген тыңшыдай басқан қадамыңды бақылайды. Ұқсастау бір ой кеп қалса, оны өзіне тартып, жетегіне ала қояды. Атақты Павлов мұны доминанто деп атайды: магнит тектес күшті ой басқа әлсіз ойларды өзіне қарай икемдеп алатын көрінеді...[1;4-6]

Осындай азды-көпті міндеріне карамастан Нияз об­разы қазақ совет әдебиетінде замандастар тұлғасын реалистік тұрғыдан бейнелеген ұнамды қаһармандар легінен берік орын алуға лайық тұңғыш дәрігер образы, деп бағалау орынды. Нияз образының нанымды, көркем образ дәрежесіне көтерілуі «Доктор Дарханов» романының ғана емес, 3. Шашкин творчествосының сәтті табысы болып саналады.

Доктор Дарханов жаңа ем табуда біраз қиындыққа ұшырайды, бірақ ақырында жеңіп шығады. Романнан Дархановтың басынан кешкен кезеңдерінен мысал үшін үзінділер келтірсек:

Түн... Поезд зырлап барады. Анда-санда тұнық түнді қақ жарып айғай сап, «байқа, жол кеспе!» деп ескертіп те қояды. Жұмсақ вагон терезесіне бетін тақап жабысып қалған Нияз поезбен жарысқан телеграф бағаналарынан көзін алмайды. Нияздың өмірі бүгін де дәл осы поезд сияқты зымырап барады. Іліксең іліктің, ілінбесең – орта жолда қалғаның. Алда-жалда ондай күн туса, алақаныңды жай да қайыр сұра. «Мен келдім» деп кеше ғана әлемге жар сала шыңғырып туған адам, сол өмірден қайыр сұраса Анадан туып керегі не? Әрине, жақсылық өзі кеп аузыңа түспейді, диханшы тәрізді, өзің егіп, өзің жинап аласың! Соған күшің де ебін де жете ме? Нияздың күші жетсе де ебі жетпей сорлап жүргенін-шығарып саларда Алексей Иванович та, Дәмеш те қатты ескертіп, осы жолы: «Байқа, біреуді шағып алып, маңдайыңды тасқа соғыпжүрме! Тіліңе қарауыл қой!» деген жоқ па? Олардың кеңесі: жаны ашығандық достың қамқорлығы. Жұлдызы оңынан тумаса жалынып жалпайып, пенде боп, сөзін өткізе ала ма? Батыл айтқанда Нияз қайыр сұрамай өмір поезына ілесіп келеді дей алар ма? Ауыз толтырып айтарлық че бітіреді? Қатардағы дәрігердің бірі шама-шарқынша адам емдейді, білімін аяп, керенеу еңбек істеген жері жоқ, бар ынтасымен қызмет етіп жүр. Еліміздің көп дәрігерлерінің санында бар, не керек бұдан артық? Сен осы «дәрігерлер атаулы жаңадан ем тауып, герой атансын» деп ұғасың ба? Өзіңе деген талап-талғамды қиындатып күшейте түсесің? Сөз білмеген сөзді өзіне тигізеді. Ниязды олай ұқпа! Дәрігер болсаң, баяғы институтта алған біліммен рецепті жазып: «Күніне үш рет тамағыңды шай!» деп самарқау емдеме, ізденіп, әр науқасқа еңбек сіңір, өнерлі дәрігер атан!» деген принципті қолдайды Нияз. Клиникалық медицинаның атасы Боткин не деді, есіңдеме: «Ауруды емдеме, адамды емде!» деген жоқ па? Әр адамның организмі әр қилы, біріне қонған ем, екіншісіне қонбауы да ықтимал, ендеше оған жаңа бір тәсіл тап!...Рентген сәулесімен емдеуде, Нияз медицина ғылымында бір жаңалық ашып, атаққа ие болам деп құлшынбайды. Айта берсең, бұл емнің өз авторы бар, ол профессор – Штокин, Нияз болса сол жаңа емді іске асырушы ғана....[3:4]

Нияз практикасын бітіріп, Алматыға қайтып бара жатқандағы қиял аралас ойы осындай еді. Ал оның ойын қасына келген Әмір деген өзі сияқты практикасын аяқтап бірге келе жатқан жолдасы бөліп жібереді және оған вагон ішінде Ақмолаға Хрущев жолдас келетіні туралы естігенін айтады. Нияз тағы ойланып қалады. Себебі, ол жүрегі лүпілдеп тұрған арманшыл жігіт еді. Одан әрі оқиғаның қалай өрбігендігін үзіндімен берсек:

Ақмоладан түсіп, ертеңінде обкомға жетіп барып: «Мені Никита Сергеевичпен кездестіріңіздер, өте қажет те маңызды сөзім бар!» десе... Жақсы, ол кісі қабылдады, сонда не демек? – Рентген сәулесінің аз дозасы пайдалы, соны туберкулез ауруына қолданып көріп ем, қарсы шықшы рұқсат бермей қойды!» – Кім ол кедергі жасап отырған? Аупартком хатшысы ма? – Енді кімс? Тоқта, әнеугі екінші секретарьдің атын неге атамайды? –Е, ол қарсы болды ма? Бірінші секретарьсыз шеше алмаймын, тексерейік деген жоқ па? Енді кім? Бас дәрігер өзінің досың, іштей жаны ашып, бірге уайымдайды. Доқ, комиссия бастығының атын атайсын ба? Ой, тәйір, оған ауыз ауыртып не керегі бар, ол- орындаушы, аупартком секретары «Тек! Десе болды, орнынан ұшып кететін қурай емес пе! Енді кім? ӘлдеШортанбаев па? «Медицинадан хабары жоқ Шортанбаев қалай қарсы бола алады?», – десе, Нияз не демек? Олай болса, Қырымдағы институт директорының күдігін қайда қоясын? Я, күдік те, қарсылық та, сенбеушілік те табылады! Сол комиссияны басқарып келген жігіттің өзі іштей Ниязға тілектес емес екеніне, көзін анық жетті ме? Ол Шортанбаев пен Сусанна Михайловадан сескенсе, қаймықса қайтесің? Әрірек үңілсең: аупартком секретарының өзі солардың сөзінен қашады. Ертең обкомға, ЦК-ға арыз жазса, басымыз дауда қалады, онан да пәлесінен аулақ, деп сенің сөзіңе мән бермейді. Жеке адамға табынушылық кезінде жалақорлардың сөзі өтімді боп, талайды зар қақсатқан, содан зәрезеп болған жұрт арыздан осы күнге шейін қорқады. Арыз жазушының сөзше құлақ қойып, соны дұрысқа шығаруға бейім тұрады. Табынушылықтан қалған әдеттің бірі.... Арыз жазушы жалғызболса бір сәрі, ондайдың қасында атқосшысы, көтермешілері бірге жүрмей ме? Әне бір жылдар айғай-шуға үйреніп қалған қаныпезер Шортанбаев тіміскілеп жүріп, Сусанна Михайловнаны тауып ала қойды. Себебі., ол Ниязға қарсы. – Хрущев жолдас жаңа адам жасайық дейді, соған сен сенесің бе, Әмір? Нияздың манадан бері ойға шомып тұрғанын сезген Әмір таңдана қойған жоқ, бұл – сол ішкі толқынның сырт бейнесі. [3;4]

Осы романда медициналық терминдер, аурулар туралы анықтамалар, оларға түсініктеме беретін сөздер мол қолданылады. Мысалы, Әмір мен Нияздың адам баласы жаралғаннан бергі жала, өсек, күншілдік туралысезімдерді сөз ете отырып әңгімелесуінде медициналық терминдер қолданылады: - Мұның бәрі Павлов айтқан шартты рефлекс, Жасынан басқаша тәрбиеленсе, құритын рефлекстер! – Сенің бұл айтуыңа қарағанда: әлі бір елу жыл керек, бір ұрпақты жаңартпай, ол рефлекстерді құрта аласың ба? Сонда Сусанна Михайловна мен Шортанбаевтың шартты рефлексін қалай түзейсің?

Нияз медицинаны қатты сүйіп, халыққа көмектесіп, халықтың біразының қараңғы келетіндігіне налығандығы сонша, ұйықтағанның өзінде де небір ойлардың жетегінде кете беретіндігі тағы бар. Бұны мына үзіндіден байқау қиын емес: Нияз ұйықтамай, дөңбекшіп біраз жатты. Кабинет қабырғалары тол-ған портреттер, көзін ашса болғаны – бір бұрыштан Павлов пен Боткин, енді бір бұрыштан Мечников пен Рентген көздерін бақырайтып қарайды да тұрады. «Эх, сен осындай жасық па едің?» деп қынжылыс білдіре ме қайтеді? Түсінбейтініңбар рентгеннің суретін неге ілесің достым? – деді Нияз күбірлеп көзі ілініп бара жатып. [3;4]

Романдағы өндірістік тартыс — өмірден алынған шындық, медицина үшін үлкен проблемалық мәні бар тартыс. Жазушы өндірістік тартыс пен махаббат желісін шебер қиюластырған. Екі желі жымдаса, қабат өріліп, роман сюжетінің шиеленісе дамуына жағдай туғызған.

Зейін Шашкин негізінен алғанда, осы соңғы жолды ұстанған суреткер. Ол туған халқының өзі өмір сүрген кезеңдегі өмір белестерін шығармасына өзек етіп алып, XX ғасырдың елу жылдық мерзімін көркем бедерлеуге талпынған. Сол уақыттың, сол заман адамдарының қасиеттері, жан әлемін кестелеуді көздеген жазушы. /2,12б./

Жазушы заман шындығын бейнелейтін бедерлі көріністерді таба біледі, әсіресе қызыл, жылтырауық сөздер іздеп әуре болмай, қарапайым да, дәл нанымды, суреткерлік жасай біледі. /2, 20 б./


Каталог: download -> vestnik
download -> Абылай хан
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу