Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет19/19
Дата01.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#40377
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Литература:

1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы

2. Алексеева, Л. Н. Инновационные технологии как ресурс эксперимента/ Л. Н. Алексеева// Учитель. - 2004. - № 3. - с. 78.

3. Бычков, А. В. Инновационная культура/ А. В. Бычков// Профильная школа. - 2005. - № 6. - с. 83.

4. Дебердеева, Т. Х. Новые ценности образования в условиях информационного общества/ Т. Х. Дебердеева// Инновации в образовании. - 2005. - № 3. – с. 79.

5. Клименко Т.К. Инновационное образование как фактор становления будущего учителя. Автореф. Дис. Хабаровск, 2000. – 289с.


Аннотация. Берілген мақалада жаңашылдық пен инновациялық бастауының арқасында, Activstudio программасының мүмкіндігін Флипчарт парақшасының жүктемелік сілтемесі арқылы қолдану.
Annotation. At patron of that innovation innovative begin in the article, that was given, пен, to apply possibility program of Activstudio through foot-note loading sheet

ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫН МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ
Нұрмашева Э.О.
Тараз қаласының №33 «Айсәуле» балабақшасының психологы
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет.

Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет.

Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді.

Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Мектепке дейінгі шақта балаларды мектепке даярлауда өзіндік танымын қалыптастыру педагогика мен психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы шақта баланың қоршаған болмыспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барлық психикалық процестердің қарқынды даму кезеңі.

Балалар қоршаған болмыс құбылыстарының ең бастысын, маңыздысын ажырата білуге үйренеді, құбылыстың себептерін тауып, салыстырып, талдау жасай білуге және қарапайым қорытынды қалыптастыруға жаттығады. Қоршаған айнала заттарымен жұмыс жасаудың көптеген тәсілдерін меңгереді, өзін-өзі басқара бастайды, әрекет жасау ережелерін игереді. Мұның барлығы балалардың өзіндік танымының қалыптасуын болжайды.

Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен адам өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз – бұл ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзінің қоғам мүшесі екендігін, айнала қоршаған орта мен басқа адамдармен қарым-қатынасын тануы.

Бүгінгі таңдағы басты мақсатымыз, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтар толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктері, сабақтың құрылымы өзіндік танымның дамуына ықпал ету арқылы мектепке даярлауды көздейді. Балаларға түрлі жаттығулар, тапсырмалар ұсынылады, олардың дәйекті орындалуы шығармашылықпен жұмыс істеуін, баланың өзін-өзі тануын қажет етеді.

Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны, көбінесе, оқу және жазу іскерліктерінің шамасы. Ал, баланың жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты; сынып-сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері; жазба білімдерді қабылдап, игеруге қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан шығар қорытынды - баланың мектептегі оқуға даярлық көлемінің педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығында.

Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені.

Ол мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік даярлық); мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен (еріктік даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан  тұрады.

Баланың мектепке танымдық даярлығын аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі; естің даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі даму деңгейі қарастырылды. Олардың әрқайсысының көріну жолдары қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынды.

Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы, алаңдағыштығы, шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік, қозғалыс, логикалық ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде көрінужолдары зерттелді.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің «денсаулық», «қарым-қатынас», «таным», «шығармашылық»,  «әлеуметтену» құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында:

мектепалды даярлықтың негізгі аспектісі ретінде тұлғаралық қарым-қатынастарды, баланың өзіне өзінің қатынасын, қарым-қатынастың мәнерлі белгілерін,  қатынас құралы – тіл туралы, коммуникацияның мектепке дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес жіктелуін, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері арқылы балалардың сөздік қорын дамытуды және қазақ фольклорының кіші жанрларын логопедиялық құрал ретінде пайдалану;

танымдық даярлық – мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ой ұшқырлығын, тапқырлығын, танымдық сергектігі мен елгезектігін дамытуда психологиялық жаңа құралдарды пайдалану; танымдық әрекеттер: қабылдау, есте сақтау, түйсік, қиялды ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұйымдастырылған оқу әрекетінде және педагогикалық процессте дамыту;

мектепке баратын балаларға ұлттық құндылықтар арқылы әлеуметтік орта нормаларын меңгерту адамгершілік әліппесі, мінез-құлық мәдениеті туралы қарапайым түсініктер беру; адам табыстылығының, саулығының, бақытының кепілі ұстамдылық, ал оның негізі – сабыр екенін ұғындыру; сабырлылық туралы ұлы ойшылдар қазынасымен таныстырудың психотехникалары.

Мектепалды даярлық сауатты ұйымдастырылған жағдайда баланың жаңа әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуі арқылы жетекші әрекеттің нәтижелілігінің артуына ықпал етеді.

Мектеп жасындағы баланың дамуы түрліше жүреді, мәселен, бір бала тәрбиешінің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастыра алса, келесілеріне өз бетімен жаңа білімді меңгеру қиындық келтіреді.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. - М.: Просвещение, 1988. - 464 с.

  2. Спиваковская А.С. Психотерапия: игра, детство, семья. - М.: 2000-304с.

  3. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М.: Политиздат, 1985.-230 с.

  4. Блюм Г. Психоаналитические теории личности.–М.: 1996. – 12-35 с.

БАЛАБАҚШАДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Омашева Р.Б.
Тараз қаласының №18 «Еркежан» балабақшасының орыс тілі мұғалімі
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, елімізде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені дамыту мақсатын көздеп отыр. Бұл – еліміздегі әлеуметтік мәселені, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі оқытуды жүзеге асыруда шетелдік және отандық ғалымдардық инновациялық технологияларын қолдануды ұсынған.

Осы тұрғыда елімізде Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің жаңа стандартының, оқу бағдарламаларының жарық көруі мен іске қосылуы мектепке дейінгі мекемелердің мәртебесін арттыруда.

Республикамызда бұл мәселенің ерекше назарға алынуының тағы бір себебі, соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелердің азаюы, мектепалды даярлықтың төмендігі, балалардың отбасы тәрбиесінен бірден мектеп табалдырығын аттауы, мектепке күрделі бейімделуі, жеткілікті әлеуметтенбеуі, денсаулықтарының нашарлауына байланысты балаларды әлеуметтік қорғауды нығайту қажеттігінен туындаған.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Бүлдіршіндердің білім берудің сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз–балабақшадан қаланатыны баршамызға мәлім. Сол себептенде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өз дәрежесінде жүргізу үшін тәрбиеші көп ізденіп, барынша балалардың ойлау қабілеттерін дамытатындай жұмыстарды, технологяларды қолдану керек.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде жаңа технологияларды пайдалану арқылы балалардың оқыту үрдісіне танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажет.

Балалардың оқыту үрдісіне танымдық қызығушылығын қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің балалар бақшасындағы қазіргі жағдайы арасында, тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды мектепалды даярлық тобы балаларының танымдық құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында жүйелі пайдаланбауында, мектепалды даярлық тобы балаларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық жолдары айқындалмағандығы, қажеттігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қайшылықтар бар екені анық байқалады.

Дамыта оқыту технологияларын пайдалана отырып, балалардың танымдық қызығушылықты, белсенділікті арттыра отырып бала мен тікелей қарым-қатынасқа түсу оны оқыту үрдісіне ынталандыру, сапалы қасиеттерін ашу білім, біліктілігін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыруда қарама-қайшылық туындап отыр.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Инновациялық технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануда ең алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиеші төменде көрсетілген технологиялардың ішінен іріктеп, қарапайым түрін, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттеріне сай сауатты түрде жоспарлап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуі тиіс.

Дамыта оқытудың ерекшелігі мектеп жасына дейінгі балада білім, білік, дағдыны қалыптастырудың қажеттілігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді басымдық етіп қою.

Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны баланың жеке бас болмысын, тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырылады. Ол мазмұнды бала меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы меңгеретін жалпыланған амал-әрекеттер және ұстанымдарды беріліп бейнелеуі қажет.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы – ол күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр бала өзін-өзі өзгертуші субъектдәрәжесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру тән.

Оған тән сипаттар:

- балалардың алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі –балалардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ету оқу міндеттерін қою,

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан тәрбиеші балаларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет. Ол үшін екі шартты орындау керек.

1) тәрбиеші өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол обалалар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

Дамыта оқыту идеясы бойынша балаға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы іске асырылады.

Тәрбиеші – ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр бала өз ойын еркін білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптары тыңдалынады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермейді. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай жағдай болуын басты назарда ұстау маңызды болып табылады.




Дамыта оқыту





Бағалауды ұйымдастыру

Оқу міндетін қою



Балалармен бірлесе шешу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту технологиясының мектеп жасына дейінгі балалрдың жас ерекшелігін ескере отырып тәрбиеші өзі іріктеп алдын ала дайындауы міндетті болып табылады.

Дамыта оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолында баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дамыта оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.

Сондықтан да көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Дамыта оқытудың негізі ерекшелігі – мектеп жасына дейінгі баланың білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай баланың ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Оқыту технологиялары мектеп жасына дейінгі балалардың тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың бірі дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту технологиясының мақсаттылық принципі-әр бір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге арналған жоспарда, тәрбиеші ең бірінші мақсатын көрсетеді.

Сондай-ақ деңгейлік тапсырмалар мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке басының дамуын ескере отырып белгілі бір мақсатта берілуі қажет.

Балалардың дамуына сай деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау балалардың іскерліктерін жүзеге асырады.

Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде тәрбиеші ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет.

Заман талабына сай әр тәрбиеші оқу-тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде баланы қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады.

Сондықтанда мектепке дейінгі мекемелерде дамыта оқыту технологиясын пайдалануды ойын арқылы жүргізіледі. Тиімді қолданылған дамыта оқыту технологиясында ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.

Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың аңсары көбіне ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Оқу үдерістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға ретінде дамиды. Дамыта оқыту технологиясында ойын тапсырмалар, ойын-жұмбақтар, ойын-саяхаттар, ойын-болжамдар кеңінен пайдаланылады.



Дамыта оқыту технологиясын пайдалану тиімділігі

Дамыта оқыту технологиясының негізгі компоненті ретінде балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға арналған логикалық ойындарды пайдалану мақсаты алынады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010 ж.



  1. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. –М.: Педагогика,1992.-424 с.

  2. Қараев Ж. Танымдық белсенділік деңгейлері. Алматы 2014 ж.

  3. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. Москва, Изд-во АПН, 1990, 500 с.

БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНДА МОНТЕССОРИ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
А.Сейтқазиева

Сарыкемер ауылы, «Астана» балабақшасының қосымша білім беру педагогы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуде жаңа технологияларды қолдану керек»-деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолдануын қажет етеді.

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Осындай талапты жүзеге асыруда, 2013-2014 оқу жылынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 02.09.2013 жылғы №598 бұйрығымен Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Астана» балабақшасы «Балабақша жағдайында инновацияларды енгізудің ұйымдастыру – педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми – педагогикалық эксперимент жұмысын жүргізуші эксперименттік алаң ретінде таңдалынып алынды. Әрине жаңа технологиялардың түрлері өте көп, біздің балабақша Монтессори әдістемесін оқыту үрдісіне ендіру бағыты бойынша төрт жылға эксперимент жүргізуде.

«Астана» балабақшасы 2013-2014 оқу жылынан бастап ашылған, инновациялық бағытта ғылыми-педагогикалық эксперименттік жұмыс жүргізуге мүмкіндігі бар мекеме:

-жоғары және орта білімді тәжірибелі педагог мамандар жұмыс жасайды, (тәрбиеші, психолог, дене шынықтыру, музыка жетекшісі, қазақ, ағылшын, орыс тілі мамандары т.б.);

-ұйымның ауласы, жер телімі көкалдандырылған, заманауи үлгіде жабдықталған;

-балабақшаның әр топтық бөлмелерінің заттық дамыту орталығы, материалдық-техникалық базасы талаптарға сай жасақталған.

Балабақша жағдайында ғылыми-педагогикалық экспериментті жүргізуге байланысты осы оқу жылынан бастап, қосымша 7 штаттық бірлік бөлінді: инновация әдіскері, психолог, 5 қосымша білім беру педагогтары.

Балабақша меңгерушісі 2013 жылдың қыркүйек айында педагогикалық ұжымды ғылыми–педагогикалық эксперимент бұйрығымен таныстырылып, эксперименттік жұмысты жүргізуші шығармашылық топ құрылды, оның қызметтік міндеттері анықталып, бекітті.

Эксперимент жүргізу барысында негізделетін нормативтік – құқықтық құжаттары жасалынып, эксперименттің жұмыс жоспары, бағдарламасы құрылды.

Әрине, инновациялық технологиялардың түрлері өте көп және бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелерде ерекше қарқынмен қолданылып келеді.

Эксперименттің негізгі мақсаты, Монтессори әдістемесі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған бағдарлама, оқу-әдістемелік кешен даярлап, эксперимент арқылы тәжірибеден өткізу, оны насихаттау, таратуды жоспарлайды.

Осындай мақсатты жүзеге асыруда 2013-2014 оқу жылында біздің балабақшамен Жамбыл облысы, Тараз қаласының «Бота» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалды. Оның негізгі мақсаты Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс жүргізуде тәжірибе алмасу, арнайы құралдарды қолдану әдістемесін меңгеру.

«Бота» қоғамдық қорының мамандары балабақшада Монтессори кабинетін жабдықтап, арнайы құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті. Шығармашылық топтың қосымша білім беру педагогтары эксперименттік топ балаларымен Монтессори әдістемесімен жұмыс жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың барысы және балалардың дамуы туралы «Бота» қоғамдық қорына есеп беріп отырды. Қосымша білім беру педагогтары М.Монтессори әдістемесі бойынша баяндамалар жасап, әдебиеттер мен қажетті материалдар жинақтады, өз қолдарымен көрнекі, дидактикалық құралдар жасады.

Білім беру ұйымдарында заманауи оқыту технологияларын оқу процессіне батылдықпен енгізіп, Монтессори әдістемесі бойынша оқыту-тәрбиелеуге арналған жағдай жасау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Монтессори әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде қолдануға тиімді. Дамытудың негізгі бағыты - балалардың отбасына, балабақшада психологиялық - педагогикалық қолдауды ерте ұйымдастыру.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі–инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруда педагогтың өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтің педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің болашағымыз, қоғамымыздың азаматы».

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтің міндеті.

Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, Монтессори технологиясы, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, үш тілді тәрбиелеу, ұлттық педагогика, деңгейлеп оқыту, денсаулық сақтау технологиясы, жобалау технологиясы, ізденіс-шығармашылық технологиясы, қатынастық-ақпараттық технология, жеке тұлғаға бағыттау технологиясы, бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы т.б.

Монтессори әдістемесі балалардың ұсақ қол моторикасының қимыл-қозғалысын, сезімдік танымын, сенсорлық дамуына ықпал етеді. Балалардың еркін тәрбиеленуіне, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.

Монтессори әдістемесі баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойын дамытуға, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыруға көмектеседі.

2014-2015 оқу жылынан бастап эксперименттік топтың балаларымен жұмыс жасайтын «Монтессоридың ғажайып әлемі» кабинеті ашылды.

Монтессори әдістемесі бойынша бес аймақ бойынша жұмыс жүргізіледі:



Сенсорлық даму аймағы: Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді материалдар арқылы көру, есту, сипап сезу сезімін, иіс сезу, дәм сезу, температураны ажырату, заттардың айырмашылығын білу және есте сақтау қабілетін жаттықтырады.

Тәжірибелік өмір аймағы: Тәжірибелік өмірдің жаттығулары кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. Бала өзі киінуге ( түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді, ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, салаттар жасауға, тіпті аяқ киім тазалауға үйретеді.

Логикалық аймақ: Сенсорлық материалдармен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз һзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды.

Тіл дамыту аймағы: Балаға тілді алып жүруші ретінде тілін дамытуға арналған тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта жазуға маторлық (қимылдық) дайындық, жазу мен оқуға үйрету т. б қарастырылады.

Космос аймағы: Бала жұмыс істегісі келген аймақпен нақты Монтессори материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа балалармен жұмыс істегісі келе ме, соны таңдайды. Бала өз қарқыныда жұмыс істейді. Монтессори әдісінде жарысқа түсу тіпті жоқ.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана, 2011ж.

  2. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. – Алматы, 1998 – 96 б.

3. У.Жексенбаева. Одаренные дети Казахстана. Методическое пособие для педагогов, студентов и родителей. Алматы, 2004, 180 с.

4. А.Меңжанова. Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу. -Алматы:Рауан, 1991-208б.



МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Жарияланым төмендегі элементтерден тұрады:

а) ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу)

б) мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен);

в) авторлар туралы мәлімет;

г) мақаланың мәтіні;

д)  әдебиеттер тізімі (5-10);

е)  ан­но­та­ция.

Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word 2003, 2007 редакторында немесе соған сәйкес редакторларда терілген 3-10 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде тапсыруға болады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: KZ Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1, параметрлері барлық жағынан – 2см.

Мақала төмендегі құжаттармен қоса ұсынылуы қажет:

- Редакцияға келіп түскен материалдарда ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ұйымның мөрі басылған пікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды.

- қазақ тіліндегі мәтін үшін – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; орыс тіліндегі мәтін үшін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; шетел тілдеріндегі мәтін үшін – қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

- автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, мүмкіндігінше – факс және e-mail.

Мақала төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

- сол жақ жоғарғы жағында ӘОЖ индексі, екінші бас әріптермен (қою шрифтпен) – мақаланың тақырыбы, үшінші жолда ортасында автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты жазылады, екі интервалдан кейін негізгі мәтін жазылады.

- әдебиеттерге жасалған сілтемелер дәйектемеден (цитата) кейін, төрт бұрышты жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сәйкес нөмермен көрсетіледі. Дәйектемені (цитата) беру үлгісі [10,81б.]. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. мақаланың ең соңында беріледі. Әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемесі беріледі.

Кескіндемелер (кестелер, схемалар, диаграммалар) жеке А4 парағында компьютерде немесе анық сызба (тушпен) түрінде орындалуы қажет. Суреттің нөмері қағаздың сырт жағында қойылады және қай бетке және қай жерге орналасатындығы жазылады. Математикалық формулалар Microsoft Equation объектісі ретінде теріліп, беріледі.

Сілтеме жасалатын формулалар ғана нөмірленуі қажет. Графикалық материалдар 5-суреттен аспау керек.

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды және авторға кері қайтарылады.

Журналдың бір нөмерінде автор бір рет мақала жариялайды, екінші рет тек басқа автормен бірігіп ғана жариялай алады. Бір мақаланың авторы 3-ден аспау қажет.




УСЛОВИЯ ОФОРМЛЕНИЯ СТАТЬИ
Пуб­ли­ка­ция со­сто­ит из следующих обязательных эле­мен­тов:

а) УДК (универсальная десятичная классификация)

б) за­гла­вие ста­тьи;

в) об ав­то­ре (све­де­ния)

г) соб­ст­вен­но текст ста­тьи;

д) спи­сок ли­те­ра­ту­ры (не менее 5 и не более 10 названий);

е) ан­но­та­ция.

При написании и оформлении статей для печати редакция журнала просит придерживаться следующих правил для авторов.

Статья может быть представлена на казахском, на русском или иностранном языках в объеме 3-10 страниц формата А4, включая таблицы, иллюстрации, список литературы. Материал статьи обязательно должна быть в электронном варианте. Рукописи большего объема принимаются по специальному решению Редколлегии. Гарнитура для текстов – KZ Times New Roman, размер шрифта – 12, интервал – одинарный, поля с каждой стороны – 2 см. Статья оформляется только в текстовом редакторе Microsoft Office Word 2003 или 2007.

Статья должна сопровождаться следующими документами:



  • Материалы, направляемые в редакцию, должны иметь внешнюю (стороннюю) рецензию кандидата или доктора наук (с указанием полных сведений о рецензенте), подписанную и заверенную печатью организации (отделом кадров). Рецензент несет ответственность за содержание статьи, достоверность представленных материалов. Рецензия доктора или кандидата наук для авторов, не имеющих ученую степень. Наличие положительной внешней рецензии не является достаточным основанием для публикации статьи. Окончательное решение о целесообразности публикации принимается редколлегией журнала.

  • аннотация для текстов на казахском языке – на русском и английском, для текстов на русском языке – на казахском и английском; для текстов на иностранном языке – на казахском и русском.

  • резюме автора: Ф.И.О., должность, место работы, домашний и служебный телефоны, по возможности – факс и e-mail.

Статьи должны быть оформлены в строгом соответствии со следующими правилами:

  • На первой странице вверху по левому краю – индекс УДК, на второй строке – прописными буквами – название статьи, на третьей указываются инициалы и фамилия автора(ов), после которого через двойной интервал печатается текст статьи.

  • Список литературы дается в конце статьи. Список литературы для оригинальной статьи – не более 10 источников. Список литературы составляется в алфавитном порядке – сначала отечественные, затем зарубежные авторы. Если ссылку приводят на конкретный фрагмент текста документа, в отсылке указываются порядковый номер и страницы. Сведения разделяются запятой. Например: В тексте: [10, с. 81], В за текстовой ссылке (Список литературы): 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. 

  • После списка литературы представляется резюме на казахском, русском и иностранном языках.

Иллюстрации (графики, схемы, диаграммы) должны быть выполнены на компьютере или в виде четких чертежей (тушью) на отдельном листе формата А4. Математические формулы должны быть набраны как объект Microsoft Equation.. Количество графического материала должно быть минимальным (не более 5 рисунков).

Статьи, оформленные с нарушением требований, к публикации не принимаются и возвращаются авторам.

В одном номере журнала автор имеет право публиковаться один раз, второй раз в соавторстве. Рекомендуемое количество авторов одной статьи – не более трех.
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ЖУРНАЛ

ВЕСТНИК ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

ЖУРНАЛ

19



2014

(шілде - тамыз - қыркүйек)


Медиа орталық басшысы

Кожимбетова Р.Қ.


Редактор:

Мамбетова А.С.,


Техникалық редактор:


Джунисова А.А.,

Қазантаев А.А.,

Айнакулов Е.М.


Мұқаба дизайны:


Осерова Ж.Н.

Корректор:

Асилханов Н.Т.



Басуға 30.09.2014 жылы қол қойылды.

Пішімі 210 х 297 1/16. Офсеттік қағаз.

Есепті беті 23; Шартты беті 14

Таралымы 50 дана. Тапсырыс № 653

Подписано в печать 30.09.2014 г.

Формат 210 х 297 1/16. Бумага офсетная.

Уч. изд.л. 23; Усл.п.л.14

Тираж 50 экз. Заказ № 653

ТарМПИ, Баспа және дизайн секторы

080000, Тараз қ., Төле би к., 62





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет