Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет14/19
Дата01.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#40377
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – А., 2002.

2. Скопин, А. Ю. Профильное обучение в России: концепции, проблемы, перспективы // География и экология в школе XXI века. – 2005. - № 8. 28-33 стр.

3. Лернер, П. С. Роль элективных курсов в профильном обучении//Профильная школа. – 2004. -№ 3. - 12-17 стр.

4.Черникова, Т. В. Методические рекомендации по разработке и оформлению программэлективных курсов / Т. В. Черникова // Профильная школа. – 2005. -№ 5. 14-16 стр.

5. Бекішева А.Х. «Генетика және селекция» // «БИОЛОГ анықтамалығы», №5-2010 жыл. 24-27 бет.

6. А. Айбаршын. Бағдарлы оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. //Қазақстан мектебі, 2009, №6

7. Н.Дәулетов. «Білім туралы» Заң бейінді білім беруді жетілдіреді: Бейінді білім // Қазақстан мұғалімі.,2007,2 қараша., 6б.

8. http://kzgov.docdat.com/docs/973/index-445681-39.html
Аннотация. В данной работе определяется значение элективных курсов по биологии, входящих в состав профильного обучения в школе. Ведение элективных курсов по биологии в цикл профильных дисциплин повышает процесс вхождения выпускников школы в рынок труда, выделяется особое значение совершенствованию социально – экономического развития. Также рассматриваются возможности повышения интереса учащихся к выбранному предмету, углубленного изучения отдельных предметов.

Annotation. In this work value of elective courses is determined by the biology, being a part of profile training at school. Maintaining elective courses in biology the profile disciplines increases process of occurrence of graduates of school in a labor market, special value to improvement socially – economic development is marked out. Also possibilities of increasing the interest of pupils to the chosen subject, profound studying of separate subjects are considered.


ӘОЖ591.1

Ж 28
АНГОР ЕШКІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ,

АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ангор ешкісі немесе Кемель ешкісі (арабша Chamal – жіңішке) – ежелден келе жатқан, жүні аса бағалы ешкі тұқымының бірі. Орта ғасырда Түркияның Анкара (Анкора) уәлаятында өсірілгендіктен осылай аталған. 19 ғасырда АҚШ, Африка,  Австралияға тараған. Қазақстанға алғаш 1929 жылы АҚШ-тан әкелінген. Ешкісі 30 – 35 кг, текесі 45 – 50 кг тартады. Ұзындығы 20 - 25 см-ге жететін, толқындары бұйраланған, жібейтей үлбіреген, жақсы жалтырайтын біркелкі биязылау жүн қырқылады. 5-6 жастан асқан соң жүні қысқарып, жуандана бастайды. Серкелерінің жүні шібіштерімен салыстырғанда жуан келеді. Текесінен 4 – 7 кг, ешкісінен 2 – 4 кг түбіт алынады. Таза түбіт түсімі 65 – 80%. Сауын маусымында 60 – 100 л сүт береді, сүтінің майлылығы 4,4%, 5 – 10%-ы егіз туады. Ангор ешкісі негізінде кеңестік түбітті ешкі тұқымы шығарылды. Ангор ешкісінің будандары Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында өсіріледі. Ол өзге ешкі тұқымын асылдандыру үшін пайдаланылады. Еті сапалы, дәмді келеді, терісінен қымбат бағалы былғары дайындалады. Түбітінен мата, кілем, мақпал тоқылады[1].

Ангор ешкінің эпидермисі үстінен мүйіздене беретін көп қабатты. Эпидермистің қалың қабатындағы базальды клеткалар призматәрізді,жұқа қабатты-олар жалпақ және шоқтанып орналасады.Тікенді қабаттың клеткалары кубтәрізді, сыртқа қарай қозғалуына байланысты олар жалпақтанып,полигональды пішінге ие болады.Базальды және тікенді қабаттардың клеткалары митозды бөлінуге белсенді. Түйіршікті қабат терінің барлық учаскелерінде болмайды.Эпидермистің жұқа қабатында ол болмауы мүмкін, ал қалың эпидермисте құрамында кератологиалинді туындылары бар полигональды пішінді клеткалардың 4-5 қабатынан тұрады.Жылтыр қабат тек эпидермисте байқалады.Кератогиалин дәндері бір-бірімен қосыладыжәне элаидин құрайды.



Ас қорыту жүйесі. Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, асқазаннан, аш және тоқ ішектерден, тік ішектен тұрады.Асқазанға түсер алдында жем табиғи ғана емес, сонымен бірге химиялық өзгерістерге де ұшырайды: оған микроорганизмдер әрекет етіп, жасұнықты әдеттегідей қанттарға ыдыратады. Осының арқасында ангор ешкі сабанды, топанды, яғни көп жасұнықтан тұратын азықты сіңіре алады. Жем көмірсуларының бір бөлігі месқарында микроорганизмдердің әрекетімен ашиды, яғни ыдырайды. Сірке, пропион және басқа қышқылдар – ашудан пайда болған өнімдер месқарын арқылы қанға сіңеді де, энергия сүт майының түзілуі үшін басқа мақсаттарда зат алмасуға қатысады [2].

Қан айналуы жүйесі. Қан тұйық жүйе – қан айналысы жүйесі бойынша жүреді. Қан қозғаласы жүректің жұмысы мен қан тамырларының белгілі бір ахуалымен қамтамасыз етіледі. Мүшелерге қан жүретін тамыр сала тамыр деп аталады. Мүшелерден көк тамыр (вена) арқылы өтеді. Сала тамырдағы қан ашық қызыл түсті, ал көк тамыр қаны – қызыл қоңыр түсті болады[5].

Зәр шығару жүйесі.Ангор ешкінің бүйрегі мықын бүйрегі (mеtаnерһгоs) деп аталады. Анамнияға тән дене бүйрек (mеsоnерһгоs) эмбриональдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Ангор ешкінің бүйректерінің сырты бұдыр болады.
Бүйректіжарып қарасақ — сыртқы қыртыс қабатын, ішкі ми тәрізді жұмсақ жолақты қабаттан тұратындығын байқауға болады. Сыртқы кыртыс қабатында ішінде қан тамырының түйіні бар, ұшы боуменов капсуласыменбітетін иірімді каналдар болады. Қан тамыры бар түйіндердеcүзу процесі жүзеге асып,бүйрек каналшаларында қан плазмасысүзіліп — алғашқы несеп пайда болады.Бүйректің ішкі ми тәрізді қабатында тікелей несеп жинаушы каналдар жатады, бұл каналдар топтанып және одан әрі қарай созылып келіп бүйрек түбегінің ішіндегі емізікшелердің ұштарына ашылады. Көпшілік түрлерінің бүйрек түбегінен несеп түтігі шығып, ол қуыққа келіп ашылады [2].

Тыныс алу жүйесі.Тыныс алу процесінде тірі ағза мен айналадағы орта арасындағы газ алмасу жүреді, соның нәтижесінде ағза оттегін жұтып, көмірқышқыл газын шығарады. Жұтылған ауаның құрамында 21%-тей оттегі мен 0,03%-тей көмірқышқыл газы, шығарылған ауада 16% оттегі мен 4,4% көмірқышқыл газы болады. Ауа кеңсірік арқылы көмекейге түседі. Кеңсірікте ауа жылынып, микробтар мен шаң кілегей қабыққа ішінара шөгеді. Көмекейден ауа шеміршек бунақты кеңірдекке түседі. Кеңірдек өкпеге баратын екі қолқаға бөлінеді. Қолқа орташаларға, орташалар майдаларға, майдалар бронхиолилдерге, бронхиолилдер одан да жіңішке түтікшелерге жайылып, жақтаулары альвеоладан тұратын кішкене қуыстарға, альвеола қапшықтарына тарамданады. Өкпе көпіршіктері жасушалардың бір қабатынан тұратын және қылтамырлардың қалың торымен қоршалған.

Жай кездерде ангор ешкі минутына 12-20 рет тыныс алады[2].

Жыныс жүйесі.Аталық тұқым бездері бүйректің қасында бел аймағында қалыптасады. Аталық безге ось бойынша созылған түйіршікті дене – тұқым безінің қосалқысы түйісіп жатады, ол дене бүйрегінің алдыңғы бөлігіне сәйкес келеді. Тұқым безінің қосалқысы морфологиялық жағынан өте күрделі ирелеңдеген тұқым шығару каналдарының шумағы болып табылады. Онда бас, дене және құйрығы болады. Құйрығынан Вольф өзегіне сәйкес келетін тұқым жолы шығып, жыныс мүшесінің түбінен зәр-жыныс каналына ашылады.

Аналықтарда жұп жұмыртқа бездері әруақытта дене қуысында жатады және бүйректің артқы шетіне жақын орналасады. Жұп жұмыртқа жолдары, Мюллер өзегіне сәйкес келеді, алдыңғы ұшымен дене қуысына жұмыртқа безіне жақын жерде ашылады. Бұл жерде жұмыртқа жолдары кең шанақтар түзейді, ал астыңғы кеңейген, бұлшық етті қабырғалы бөлімін жатыр деп атайды. Оң және сол жатыр тақ бөлім – қынапқа ашылады.

Жатырда ұрық даму кезінде плацента немесе ұрық жолдасы қалыптасады. Плацентаның қалыптасу нәтижесінде хорион қалыптасады. Ұрық пен ана арасында қантасымалдауда байланыс орнайды. Нәтижесінде ұрық денесінде газ алмасу, оның қоректенуі және ыдырау өнімдерін шығару жүзеге асады.

Тірілей туатындықтан іштей ұрықтану және ұрық барлық уақытта ана организмі есебінен қоректенеді. Балалары туыла салысымен аяққа бірнеше минутта тұрып, анасының артынан ереді[5].



Буазболу ұрықтың жатыр қабырғаларына бекінген сәтінен басталып, төлдегенге дейін созылады. Буаздық процесінде ұрық шаранаға, одан өнімге айналады. Буаз болу мерзімі ангор ешкіде 150 күнге созылады. Буаздық процесінде жатыр, сүт бездері т.б. үлкейеді. Ұрық үшін оның түтікті қабығы мен жатырдың шырышты қабығынан дамитын жолдасының маңызы зор. Жолдас ұрықтың аналық ағзамен байланысын қамтамасыз етеді. Сол арқылы ұрыққа оның дамуына қажетті барлық заттар түсіп отырады. Соның арқасында ұрық пен аналық қандары әр түрлі және еш жерде араласпайды. Ұрғашы малдың қанындағы майлар, ақуыздар, көмірсулар жолдастан аса қарапайым қосындыларға ыдырайды, ал сонан соң қайтадан синтезделеді, сөйтіп, осындай күйде ұрыққа сіңіріледі. Жолдас минералды қосындыларды іріктеп жұтады да, микробтарды өткізбейді [].

Ангор ешкі шаруашылықтағымаңызы. Өндірілетін өнімдердің ең қажеттісі – түбіт. Түбіттен қажетті көп заттар дайындауға болады. Әсіресе, түбіт шәлі, жоғары сапалы трикотажды заттар, фетер және басқа тоқыма әзірленеді.Түбіт жұмсақ, биязы және созылмалы болып келеді, ол әрқашан ширатылып, бұйраланып тұрады. Ангор ешкінің түбіті қойдың түбітімен салыстырғанда көп жіңішке және салмағы жеңіл болады. Одан істелген тоқыма заттар өте жұмсақ, жеңіл және жылуды жақсы сақтайды [6].

Түбіттің ұзындығы – оның құндылығын анықтайтын негізгі қасиеттерінің бірі. Түбіттің ұзындығы ангор ешкілердің дербес ерекшеліктеріне, жасына, жынысына, ауа райының жағдайына байланысты [3].

Ангор ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл-шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.Ангор ешкі сүті де сиыр сүтіндей ка­зеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адам­дар үшін ұсынылады. Құра­мында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын [3].



Ангор ешкідегі кездесетін аурулар және оны емдеу жолдары

Ангор ешкі – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Ангор ешкілер гемонхоз, нематодироз, дикроцелиоз, ауески және фасциолез ауруларымен ауырады.

Гемонхоз. Қоздырғышы:Haemonchuscontortus – ангор ешкі ұлтабарында мекендейді. Бұл құрт жіңішке қыл тәрізді қызғылт түсті нематода, тұрқы 2,5 см (еркегі), 3,5 см (ұрғашысы) дейін жетеді.

Эпизоотологиясы: Гельминтозбен ҚР оңтүстігінде әсіресе екі жасқа дейінгі ангор ешкі лағы жиі ауырады. Малдың көп ауырып, өлім – жетімге ұшырауы қыстың аяғында, көктемде, кейде күзде байқалады. Паразит малға өрісте жұғады. Жауын – шашыны көп жылдары, ылғалы мол жерлерде дерттің жаппай жұғуына қолайлы жағдай туады.

Биологиясы: Гемонхтар – гематофаг, қансорғыш құрттарға жатады, олар ұлтабардың ішкі кілегей қабығын тісімен жаралайды, қабындырады, қан ағызады, улы заттар бөліп шығарып, бүкіл денені уландырады. Соның салдарынан ангор ешкі лағының ас қорытуы бұзылып, арықтайды.

Клиникалық белгілері: Дертке шалдыққан ангор ешкі мен лағының жем – шөпке тәбеті төмендейді, салмағы азаяды, алқымы ісінеді, іші біресе өтіп, біресе қатады, кейде түлік жатқан орнынан тұра алмай көтерем болады, әлсірейді, көпке ұзамай өледі.

Патанатомиялық өзгерістер:Өлекседен қаны аздық және көтеремдігі білінеді. Құрсақ қуысында сарғыш сұйық жиналған. Ұлтабардың кілегейлі қабығында көптеген қанталау ошақтары бар. Қатпары қалыңданған, ал іші қызғылт түсті сұйыққа және жүздеген не мыңдаған құрттарға толған. Ащы ішек пен тоқ ішектердің кілегей қабықтары қабынған.

Дәрісі:Фенотиазин және оның тұзды қоспасы, тиабендазол, бубулин дәрілері қолданылады. Аурудың алдын алу үшін қойдың азығын, жайылымын жақсартып, арнайы дегельминтизация жасайды. Жазда малдың жайылымын 3 — 4 күн сайын алмастырып, Ұлтабар құрты болған жайылымға 3 — 4 айдан кейін ғана жаюға болады. Батпақты, сазды жерге бағуға және ластанған су ішкізуге болмайды [7].

Емен қабығы (CortexQuercus) -  жас .өсімдік сабақтары мен жапырақтары қолданылады. Ерте көктемде, яғни шырынының ағуы кезінде дайындалады. Қабықтын құрамында 10-20% кермекті заттар, пектиндер, флавондық қосылыстар, кверцетин, қант және басқа заттар бар. Емен жаңғағының құрамында қрахмал, кермекті және ақзат заттары, қант және май бар. Кермекті заттардың көп болуы тұтқырлайтын заттардың үлкен әсер етуіне байланысты. Қайнатпа қатынасы 1:10 ерітіндісін ауыз кілегей қабатының қабыну кезінде, фарингит, асқазан, ішек қабыну кезінде, асқазан ішек қан ағымы кезінде қолданылады.

Емен қабығы ұсақталған түрінде қартон қорабында 100 г жиналған. Дозасы: ангор ешкіге -1-5 г. Күн сайын[8].



Нематодироз. Қоздырғышы:Ангор ешкінің ащы ішегін мекендейтін жіп тәрізді жұмыр құрт Nematodirus туысының әралуан түрлері.

Эпизоотологиясы:Нематодироз ҚР оңтүстігінде жаппай ауру. Ангор ешкі нематодирозының жыл маусымына қарай таралуы бірнеше шартқа байланысты. Ауру төлдерінің саны бірте – бірте көбейе түседі де, күз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы азая бастайды. Дерт белгілері болмаса да 1,5-2 айлық лақтардан бірлі – жарым аталған гельминиттер тіркелген.

Биологиясы: Нематодирлер лақ денесін уландырады және оның қанымен қоректене бастайды. Құрттар ішектің кілегейлі қабығының жүйке ұштарын тітіркендіреді. Осының салдарынан ішек қабығы қалыңдап, ісініп қанға толады. Ас қорыту процесі ауытқып отырады, ішек – қарынның жалпы қызметі нашарлайды. Соның салдарынан ангор ешкініңлағыныңіші өтіп, нәжісі сұйылады. Организм көп судан айырыладыдағы, осыған байланысты су – тұз алмас процесі бұзылады. Дененің улануы әсерінен ауру ангор ешкі лағының қанының сарысуындағы қышқылдық – сілтілік теңдік бұзылып, қышқылдық (ацидоз) басталады.

Клиникалық белгілері: Жіті түрі 2-6 айлық төлде, көбінесе кеш туғандарында және жетім лақтарда 4-10 күннен 3-4 аптаға өрбейді. Ауру шілде – қыркүйек айларында байқалады. Ангор ешкі лағы тез арықтайды, тәбеті нашарлайды, көздің, танаудың, ауыздың кілегей қабаттары қан аздығынан бозарады, іші қабысып, бүйірлері тартылады, ішектің жиырылуы күшейеді, іші өте бастайды.

Патанатомиялық өзгерістері:Ангор ешкі лағы өте арықтаған, аузының және мұрнының кілегей қабығы бозарады. Оны сойып қарағанда ащы ішек қалыңдап, оның кілегей қабығы қанталап ісінген және қатпарланған. Ішінен кілегей арасынан 500-ден 2000-ға дейін нематодирлер табылады. Жас өлексе ішегінің қан тамырлары айқын, ішіндегі нематодирлер табылады, олар қызыл түсті [7]

Танальбин (Tannalbinum) - әсері тек ішекте жүреді. Бірақ сілтілі ортада ол ыдырап танинді бөледі де, тұтқырлайтын және микробқа қарсы, қан тоқтату әрекетіне ие. Ішектің қабынуы мен қан кету кезінде, (энтерит, колит) инфекциялық ішек ауруларында басқа дәрілермен бірге көмекші ретінде қолданылады.

Танальбин ветеринарлық тәжірибеде түймедақ және ұнтақ ретінде тағайындалады:ешкіге- 2-5г аралығы 24 сағат [8].



Дикроцелиоз. Қоздырғышы:Dicrococotliumlаnceatum ұзынша келген (тұрқы 0,5-1,5 см) жіңішке, өте ұсақ, қандауыр тәрізді жалпақ құрттар.

Биологиясы:Декроцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелері көмегімен дамиды. Олар жер бетіндегі аралық иелері – құрлық ұлулар және қосымша иелері құмырсқалар болып табылады.

Құрт жұмыртқалары ішінде қалыптасқан ұрығы – мирациди бар. Олар мал нәжісімен бірге сыртқа шығады. Одан кейін олар жайылымдардағы ұлулар денесіне дариды. Ұлу ішегінде мирациди жұмыртқа қақпақшасынан шығып, бауырына өтеді. Мұнда ол өзінің сыртқы түтігінен айырылып, аналық спороцистаға айналады. Ал аналық спороциста бойында кезекті ұрпағы жеткен спороцистасы қалыптасады, ал одан келесі сатысы – церкари пайда болады. Мал өрісте зақымдалған құмырсқаларды шөппен бірге жұтып, дикроцелиоз ауруын жұқтырады. Ақтық иесінің «асқазан-ішегіне» жетісімен

Церкарилермен құмырсқалар қоректенгенде, олардың құрсақ қуысында 1-2 ай аралығында ең қауіпті метацеркария сатысы пайда болады метацеркаридің сыртқы қабығы еріп кетеді, сонан соң олар ішектен өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіп, 2,5 – 3 ай аралығында жынысы жетілген ересек трематодаға айналады. Мал бауырында олар 6 жылдан артық күнелтеді [4].

Эпизоотологиясы: Оңтүстік өңірінде кең тараған гельминтоз. Дикроцелиоз ангор ешкіге тек қана өрісте жұғады. Тау бөктерінде дикроцелидің аралық иесі ұлулар, сондай – ақ трематодалардың қосымша иелері – құмырсқалар жиі кездеседі. Дикроцели жұмыртқалары ыстық, суыққа өте төзімді келеді. Ұлулар мен құмырсқада құрт ұрпақтары 3 жылдай сақталады.

Патогенезі: бауырды жайлаған сорғыштар жылжып орындарын ауыстырып отырады, сөйтіп өт арнасын бітеп тастайды. Созылмалы түрі мен ауырған ангор ешкіде паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттің белгілері айқын көрінеді. Бұл уақытта бауыр біртіндеп ісіне бастайды, өт жолдары қабынып, жараланады. Мұның салдарынан ащы ішекке өт құйылмайды, асқорыту жүйесі қызметі бұзылады: малдың іші өтеді, денесі уланады.

Клиникалық белгілері:Мал бауырындағы гельминт саны аз болса, ауру белгілері білінбейді. Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Жануардың жем – шөпке зауқы нашарлайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғаяды, іші өтеді, көзге ілінетін мүшелердің кілегей қабаттары ақсарғыш тартады.

Патанатомиялық өзгерістер: Бауырдың көлемі үлкейеді, капсуланың кейбір тұстары қалыңдап, сырттан қараған олар қаптаған ақ даққа ұқсайды. Өт қалтасы бұлтиған, іші қою қоңыр жасыл өтке толып, арасында құжынаған трематодалар жүреді.

Диагноз қою тәсілдері:Дикроцелиозға диагноз қою үшін эпизоотологиялық деректерді сараптайды. Аурудың сыртқы белгілері арқылы диагноз қою мүмкін емес. Сондықтан тірі малдың трематодозын дәлелдеу үшін оның нәжісі әртүрлі гельминтовоскопия тәсілдерімен зерттеледі.

Дикроцелиоздан өлген не лажсыз сойылған малға диагноз қою қиын емес. Ол үшін өт қалтасы тұсынан бауырдың ішкі бетін тереңдетіп көлденең кеседі, кесіктің ернеулерін саусақпен сәл қысып сығады, осы сәтте өт жолдарынан бар болса, жай көзге көрінетін сорғыштар шыға бастайды.



Емдеу жолдары: Ангор ешкінің дикроцелиозына қарсы белгіленген ұсыныстар бойынша бірнеше антгельминттиктер қолданылады.

Құрамы 5%-дыклозантелден тұратын препараттар (роленол, клозантекс т.б.). 1 мл 10 кг тірі салмаққа бұлшық етке егіледі.



Алдын-алу шаралары: сақтық шаралардың ең негізгісі дикроцелиоз кездесетін шаруашылықта малды міндетті түрде дегельминтизациялап отыру. Ұсыныстар бойынша Жамбыл облысы аймақтарында күйіс қайыратындарға дегельминтизацияны бірінші желтоқсанда, екіншісін наурызда, үшіншісі шілдеде жүргізген жөн [7].

Ауески ауруы - (MorbusAujeszky) жалған құтыру — ешкі малының  індеті.. Негізінен орталық ми жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданады. Аурудың қоздырғышы — герпес вирусы. Вирус мал қиында, жемшөп құрамында 40 — 60 күн сақталады. Биотермиялық өңдеуден өткен мал қиында вирус 8 — 15 күннің ішінде, формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділерінде 5 — 20 минутта өледі. Індет негізінен ауру мал арқылы тарайды, әсіресе, оның маңқасы, зәрі өте қауіпті. Аурудан жазылған мал 2 — 3 жылға дейін вирус таратқыш болып қала береді. Табиғи жағдайда ауру залалданған жемшөп, су, кеміргіштер арқылы тарайды. Ауру алғашқы 5 — 10 күнде білінбейді, кейіннен малда жөтел пайда болып, пысқырады, аузы-мұрнынан маңқа ағады. Тыныс алуы қиындап, жұтқыншағы түйіледі, теңселіп бір орнында айнала бастайды. Денесі тырысады, басы желкесіне қарай тартылып кетеді. Індетті белгілері бойынша қарап және бактериолог зертеулермен анықтайды. Індетке шалдыққан малды бөлек бағады, мал қорасы залалсыздандырылады [7].

Фасциолез– ангор ешкіде болатын созылмалы түрде өтетін бауыр құрт ауруы.

Қоздырғышы:екі түрлі қан сорғыштар: Fasciolahepatica және F. Gigantica. Біріншісін кәдімгі, екіншісін алып фасциола деп атайды.

Кәдімгі фасциола жапырақ тәрізді, ұзындығы 2-3 см, құрттың тұмсық жағы сәл шығыңқы келеді де көптеген тікеншелерімен жабдықталады.

Алып фасциола сүлік сияқты ұзынша келеді, тұрқы 3,5-7,5 см болды, ішкі мүшелерінің орналасуы кәдімгі фасциоланыкіндей, айырмашылығы шамалы.

Биологиясы: Сорғыштар қосжыныстылар. Жұмыртқалары денесінен бөлініп, ақтық иесінің өтімен бірге ішегіне еніп, одан нәжіспен сыртқы ортаға шығады. Жұмыртқа ішінде балаңқұрттың алғашқы сатысы – мирацидий 7-15 күн аралығында қалыптасады.

Мирацидилербауыраяқтылардың денесіне тесіп кіріп, көбейе бастайды. Фасциоланың екеуі де дамуы жағынан бірдей деуге болады, айырмашылығы тек қана аралық иелерінде: кәдімгі фасциоланыкі – кіші тоспа ұлу, алып фасциоланыкі – құлақша тоспа ұлу. Ұлулардың денесінде 2-3 айдың ішінде мирацидиден, спороцист, реди және церкари деп аталатын сатылары өрбиді. Құйрықты церкари ұлуларды тастап біраз уақыт суда жүзіп жүреді, сонан кейін шөптің тамыр жағына немесе сабағына қонып, құйрығынан құтылып, қабықшамен қапталады, жұқпалы сатысы адолескариларға айналады.

Ангор ешкі адолескарилермен залалданған шөп не су арқылы ауруды жұқтырады. Денеге енісімен адолескари ішекке барып жетеді, сыртқы қабыршағынан айырылады. Қабыршағынан босаған адолескариішекті тесіп, құрсақ қуысына түсіп, онан әрі жылжып бауырдың сыртқы қабығын, қантамырларын жыртып ішкі ұлпасына ауысады, жыбырлап кезіп жүріп өт жолдарына барып тұрақтайды. Ал жас құрттардың бауырға жететін тағы бір жолы қан тамырлары. Малдың бауырына жеткен фасциолалар 2-5 айдан кейін өсіп-жетіліп, ересек сорғышқа айналады да тағы да жұмыртқа сала бастайды. Ангор ешкі денесінде бұл трематодалар 5-10 жылға дейін тіршілік ете алады.

Эпизоотологиясы:Фасциолез көлшікті, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары көп кездеседі. Әсіресе шалшық сулары мол, саз – батпақты өрістерде мал көптеп зақымданады.

Бауырқұртпен барлық жастағы ешкі жайылымға шығысымен залалданады, әсіресе лақ шалдығады да көбінесе өлімге ұшырайды.



ҚР Оңтүстігінде бұл дерт жылдың барлық маусымында кездесе береді.

Бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы. 

Патогенезі: Денеге түскен адолескарилер біртіндеп өсе бастайды, жынысы жетілмеген жас трематодалар тұмсығымен, денесінің сыртындағы тікеншелерімен ащы ішекті тесіп жаралайды, қанын сорғалатады. Олар жылжып отырып бауырға жетісімен оның сыртқы қабығын, үлпершегін, көптеген қантамырларын жарақаттап, өздерінің тұрақты мекеніне – өт жолдарына өтеді.

Ересек фасциола қанмен қоректенеді. Сонымен бірге трематода өзінің уытын шығарып, денені уландырады (интоксикация), біртіндеп қан мөлшерін азайтады (анемия), құрамын өзгертеді.

Сорғыш құрттар бауырдың ішкі ұлпаларын зақымдап, өт жолдарын, өт қалтасын қабындырады. Өттің ішекке қарай жүрмей, жетпей қалуы салдарынан асқорыту ағзаларының атқарар қызметі тежеледі, құрт бұзылады. Бауыр ісініп қабынады, өт жолдарының кілегей қабығы қалыңдайды, зақымдалған ұлпалардың орнын дәнекер ұлпалар басып, ұлғайып, өзінің жұмысын нашар атқара бастайды.

Клиникалық белгілері:Фасциолез жіті және созылмалы түрде өтеді.

Жіті түрі жас құрттардың денеге енген сәтінен ересек сатыға жетуіне дейін, 2-2,5 айға созылады, көбінесе күзде тіркеледі. Дертке шалдыққан жануардың дене қызуы көтеріледі, жем – шөпке зауқы шаппайды, іші кебеді, ауыз, танау, көз кілегей қабықтары қансызданып бозарып кетеді, жүрек соғуы жиілейді, тынысы тарылып, демігеді.

Созылмалы түрі:Фасциолезге шалдыққан мал емделмесе ауру созылмалы түрге айналады. Ауру көбінесе қыста, кейде жазғытұрым байқалады. Ауырған ешкінің клиникалық белгілері көмескі білінеді, азыққа тәбеті кемиді, ас қорытуы нашарланады, іші біресе өтіп, біресе қатады. Ауыз, танау, көздің кілегей қабықтары бозарып, артынан сарғая бастайды. Ангор ешкі жүдейді, көбінесе жатыр алады, алқымы, кейде омырауы, қарынның тұсы іседі.

Патанатомиялық өзгерістер:Фасциолездің жіті түрінен өлген ангор ешкіге диагноз қою қиындау.

Бауыр ұлғайған, паразит тескен ұлпасына қан құйылған. Ұлпаны саусақтармен мыжығанда қойыртпақ сықпаға ілесіп балаң құрттар шыға бастайды. Фасциолездің созылмалы түрінде бауыр қатайып, үлкейіп, түсі өзгеріп бозарады, қабығының астынан өт жолдары бұлтиып, сұрғылт ақшыл жолақ болып көрінеді. Өт жолдары қалыңдаған, кескенде шықырлайды, ішінен сұйық заттармен бірге көптеген сорғыштар табылады. Өті қою, қара қошқыл-жасыл, арасында гельминттер кездеседі.

Диагноз қою тәсілдері:Фасциолезге диагноз қою үшін эпизоотологиялық мәліметтерді пайдаланып, клиникалық сыртқы белгілерін ескеріп және гельминтокопрологиялық зерттеулер жүргізу керек. Өлекседен немесе лажсыз сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патологоанатомиялық өзгерістерді айқындап, өт жолдарынан құрттарды іздестіреді.

Емдеу жолдары:Роленол (құрамы 5%-ды клозантел) 1 мл 10 кг тірі салмаққа бұлшық етке бір рет егіледі.

Клозантекс– 1 мл 10 кг тірі салмаққа бұлшық етке бір рет егіледі.

Фаскоцид – (құрамы 10 % оксиклозанид) – 1г. түйіршік препарат 10 кг немесе 1 таблетка 50 кг тірі салмаққа тір рет беріледі.

Рамектин– (құрамы 12,5% рафоксанид және 1% инвермектин) – 1мл 50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егіледі.

Фазинекс– триклабендазол.

Қолданылатын түрлері 2,5-5%-тік немесе 10%-тік суспензия таблетка немесе ұсақ түйіршіктер. Ешкінің жынысы жетілген сорғыштарына қарсы 1,5-2,5г/кг мөлшерінде қолданылады. Ешкіге 5%-дық фазинекстің шыламасын жұтқыздырады.

Алдын – алу шаралары.Фасциолездан сақтандыру шарларын жан – жақты жүргізген жөн. Сақтық дауалардың ең негізгісі малды дегельминтизацияданөткізу арқылы жер-суға, жайылымға құрттардың жұмыртқаларын таратпау. Аурудың алдын алу үшін белгілі жоспар бойынша, дәрігерлік нұсқауларға сәйкес дегельминтизацияны жылына екі рет жүргізу қажет. Бірінші рет малды өріске шығарардан 10-15 күн бұрын дәрілейді, екінші рет – жайылым маусымы аяқталған кезде [7].

Ангор ешкінің өнімін азайтатын ауруларға гемонхоз, нематодироз, дикроцелиоз, ауески ауруы мен фасциолез жатады. Бұл аурумен ангор ешкі ауырмау үшін алдын – ала сақтық шараларын жасау керек.

Қазіргі медицина шешімі бойынша ангор ешкінің еті мен сүті адам денсаулығына өте жақсы ықпал етеді. Адам ағзасын ауыстыруға болмайтын витаминдермен қамтамасыз етеді. Ангор ешкі жүнінен тоқылған өнімдер адам ағзасын емдеу қасиеттеріне ие. Бұл ангор ешкі өнімдеріне сұраныстың өсуін көрсетеді.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жолшыбек Т. Мал шаруашылығы. – Астана, «Фолиант», 2009 ж. – 360 бет

  2. Олжабекова К.Б., Есжанова Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім. – Алматы, «Қазақ университеті», 2007ж.–400 бет

  3. Содержаниеангорскихкоз. / СП. Бондарен- С57 ко. — М.: ACT; Донецк: Сталкер, 2006. — 172с.

  4. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1 бөлім: Оқулық. – Алматы: 2004ж. – 376 бет

  5. Наумов Н.П., Карташев.Н.Н. Омыртқалылар зоологиясы.–Алматы, «Мектеп», 1979ж. – 287 бет

  6. Саудабаев С. Б., Нартбаев А.Н. Қой мен ешкіні қолда өсіру. – Алматы, «Қайнар», 1988ж. – 184 бет

  7. Бердіқұлов М.А. Қазақстанның Оңтүстігінде ауылшаруашылық жануарларының негізгі паразитоздарымен күресу шараларын ұсыныстар. – Алматы, « КазАгроИнновация», 2010ж. – 28 бет

  8. http://www.namys.kz


Аннотация. В даннойстатьерассмотреныморфологическиеособенностиангорскойкозы, хозяйственныезначение, состав молока. Рассмотренывидыболезней у ангорскихкоз, клиническиезнаки и лечение.

Annotation. Thisarticledescribesthemorphologicalfeaturesoftheаngoragoat, economicvalue, thecompositionofmilk. Thetypesofdiseasesinаngoragoats, clinicalsignsandtreatment.

УДК 681.1

К 18
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ВОЗМОЖНОСТЕЙ ПРОГРАММЫ ACTIVSTUDIO ПРИ ЗАГРУЗКЕ ССЫЛОК НА СТРАНИЦУ ФЛИПЧАРТА.
Камбарова Э.А., Айдарова А.О

Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз
Образование признано одним из важнейших приоритетов долгосрочной Стратегии "Казахстан - 2030". Общей целью образовательных реформ в Казахстане является адаптация системы образования к новой социально-экономической среде. Президентом Казахстана была также поставлена задача о вхождении республики в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Совершенствование системы образования играет важную роль в достижении этой цели.
      Международный опыт подтверждает, что инвестиции в человеческий капитал, и, в частности, в образование, начиная с раннего детства до зрелого возраста, способствуют существенным отдачам для экономики и общества. [1; 2-4]

Современный этап развития общества ставит перед системой образования целый ряд принципиально новых проблем, обусловленных политическими, социально-экономическими, мировоззренческими и другими факторами, среди которых следует выделить необходимость повышения качества и доступности образования. Увеличение академической мобильности, интеграции в мировое научно-образовательное пространство, создание оптимальных в экономическом плане образовательных систем, повышение уровня университетской корпоративности и усиление связей между разными уровнями образования.

Одним из эффективных путей решения этих проблем является информатизация образования. Совершенствование технических средств коммуникаций привело к значительному прогрессу в информационном обмене. Появление новых информационных технологий, связанных с развитием компьютерных средств и сетей телекоммуникаций, дало возможность создать качественно новую информационно-образовательную среду как основу для развития и совершенствования системы образования.[2;28-30]

Задачей технологии как науки является выявление совокупности закономерностей с целью определения и использования на практике наиболее эффективных, последовательных образовательных действий, требующих меньших затрат времени, материальных и интеллектуальных ресурсов для достижения какого-либо результата.

Инновации (англ. Innovation - нововведение) - внедрение новых форм, способов и умений в сфере обучения, образования и науки. В принципе, любое социально-экономическое нововведение, пока оно еще не получило массового, т.е. серийного распространения, можно считать инновациями.

Специфика образования в начале третьего тысячелетия предъявляет особые требования к использованию разнообразных технологий, поскольку их продукт направлен на живых людей, а степень формализации и алгоритмизации технологических образовательных операций вряд ли когда-либо будет сопоставима с промышленным производством. В связи с этим наряду с технологизацией образовательной деятельности столь же неизбежен процесс ее гуманизации, что сейчас находит все более широкое распространение в рамках личностно-деятельностного подхода. Глубинные процессы, происходящие в системе образования и в нашей стране, и за рубежом, ведут к формированию новой идеологии и методологии образования как идеологии и методологии инновационного образования. Инновационные технологии обучения следует рассматривать как инструмент, с помощью которого новая образовательная парадигма может быть претворена в жизнь.[4;67-69]

Главной целью инновационных технологий образования является подготовка человека к жизни в постоянно меняющемся мире. Сущность такого обучения состоит в ориентации учебного процесса на потенциальные возможности человека и их реализацию. Образование должно развивать механизмы инновационной деятельности, находить творческие способы решения жизненно важных проблем, способствовать превращению творчества в норму и форму существования человека.

Целью инновационной деятельности является качественное изменение личности учащегося по сравнению с традиционной системой. Это становится возможным благодаря внедрению в профессиональную деятельность не известных практике дидактических и воспитательных программ, предполагающему снятие педагогического кризиса. Развитие умения мотивировать действия, самостоятельно ориентироваться в получаемой информации, формирование творческого нешаблонного мышления, развитие детей за счет максимального раскрытия их природных способностей, используя новейшие достижения науки и практики, - основные цели инновационной деятельности. Инновационная деятельность в образовании как социально значимой практике, направленной на нравственное самосовершенствование человека, важна тем, что способна обеспечивать преобразование всех существующих типов практик в обществе.

Учитывая переход к глобальному информативному обществу и становлению знаний, об адекватности образования социально-экономическим потребностям настоящего и будущего можно говорить лишь в том случае, если его модернизация будет основываться не только и не столько на организационных нововведениях, сколько на изменениях по существу – в содержании и технологиях подготовки кадров и подготовке научных исследований. Как социальный институт, воспроизводящий интеллектуальный потенциал страны, образование должно обладать способностью к опережающему развитию, отвечать интересам общества, конкретной личности и потенциального работодателя.

Использование информационно-коммуникационных технологий дает возможность значительно ускорить процесс поиска и передачи информации, преобразовать характер умственной деятельности, автоматизировать человеческий труд. Доказано, что уровень развития и внедрения информационно-коммуникационных технологий в производственную деятельность определяет успех любой фирмы. Основой информационно-коммуникационных технологий являются информационно-телекоммуникационные системы, построенные на компьютерных средствах и представляющие собой информационные ресурсы и аппаратно-программные средства, обеспечивающие хранение, обработку и передачу информации на расстояние.[3;33-36]

Переход на интерактивные методы обучения и технологии реального времени требует значительных телекоммуникационных ресурсов, способных обеспечить необходимую взаимосвязь участников образовательного процесса, поддержку мультисервисных технологий, высокую производительность телекоммуникационного оборудования и пропускную способность сетей передачи данных.

Нововведения, или инновации, характерны для любой профессиональной деятельности человека и поэтому естественно становятся предметом изучения, анализа и внедрения. Инновации сами по себе не возникают, они являются результатом научных поисков, передового педагогического опыта отдельных учителей и целых коллективов. Этот процесс не может быть стихийным, он нуждается в управлении.

В контексте инновационной стратегии целостного педагогического процесса существенно возрастает роль директора школы, учителей и воспитателей как непосредственных носителей новаторских процессов. При всем многообразии технологий обучения: дидактических, компьютерных, проблемных, модульных и других — реализация ведущих педагогических функций остается за учителем. С внедрением в учебно-воспитательный процесс современных технологий учитель и воспитатель все более осваивают функции консультанта, советчика, воспитателя. Это требует от них специальной психолого-педагогической подготовки, так как в профессиональной деятельности учителя реализуются не только специальные, предметные знания, но и современные знания в области педагогики и психологии, технологии обучения и воспитания. На этой базе формируется готовность к восприятию, оценке и реализации педагогических инноваций.[5;123-125]

Занятие с использованием интерактивной доски помогает сделать занятия более яркими и динамичными, запоминающимися и увлекательными. Максимально использовать все преимущества интерактивности на занятиях вам помогут заранее подготовленные специальные учебные материалы и пособия для проведения занятий.



Для создания интерактивных уроков может использоваться программное обеспечение Activstudio. Это программа очень удобна в том плане, что может вместить на одну страницу флипчарта широко распространенные средства Microsoft Office (например, презентации PowerPoint), видеоматериалы и т.д. Для загрузки ссылок на страницу флипчарта нужно открыть новый флипчарт и зайти в меню выберите Вставка > Ссылка.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет