Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет3/19
Дата01.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#40377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Поэзиялық шығармаларындағы (өлеңдері мен термелері) патриоттық идеялар: қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдай; ата-баба дәстүрін ардақтау;

үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету;

Ғылыми еңбектеріндегі (дәрістер мен баяндамалары) патриоттық идеялар: соғыс психикасы; әскери терминдерге анықтама және тактикалық стратегия туралы; ұстаз және батырлар бейнесі; адалдық пен адамдыққа тәрбиелеу;

Мақал-мәтелдеріндегі патриоттық идеялары: Отан, тәртіп, ерлік, батылдық, адалдық, өмір, өлім және әртүрлі ойлар.

Майданнан жазылған хаттарындағы патриоттық идеялар: қазақ тілі мен ділінің тазалығын сақтау; қазақ тілінде ғылыми терминдерді дұрыс аудару; баспасөз бен әдебиет тілін шұбарламау; ұлттық ойындар - әскери қасиеттерге тәрбиелеуші құрал.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Б.Момышұлының патриоттық туралы ойлары. //«Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2004 ж. -Б.127-129.

2 Патриоттық тәрбиені қалыптастыру мәселелері. //«Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» Халықаралық конференция материалдары. -Түркістан, 2005 ж. -Б. 241-243.

3 Б.Момышұлының мұралары – патриоттық тәрбие берудің өзегі //«Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» Халықаралық конференция материалдары. -Түркістан, 2005 ж. -Б.143-146.



4 Б.Момышұлының саяси-әлеуметтік және тәлімдік ой-пікірлерінің қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-тарихи, мәдени-рухани жағдаяттар / ҚР ҰҒА Хабарлары №1, Филологиялық серияcы. -Алматы, 2006 ж. -Б.63-66.
Аннотация. Создание независимого государства явилось закономерным результатом длившейся несколько веков национальной борьбы за независимость казахского народа, который приложил невероятные усилия в борьбе с лишениями, тем самым сохранившими национальное достоинство, в настоящий момент являющееся первостепенной задачей в развитии нашего государства. По этому поводу Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев отметил: «Наш общий долг сделать все, чтобы история наших Побед оставалась главным примером в воспитании чувства патриотизма, крепкой дружбы народов у нынешней молодежи, у всех последующих поколений». Сказанное предопределило приоритетную задачу перед современной школой – воспитать новое поколение в духе «сохранения традиций предков»; духе «патриотизма к своей великой Родине», «с гордостью представляя ее во всем мире». В этой связи особую актуальность сегодня приобретает изучение в школе патриотических идей, представленных в произведениях великого сына казахского народа, писателя, Героя Советского Союза, легендарного батыра Бауыржана Момышулы.

Аnnotation. Creation of the independent state was natural result of national struggle lasting some centuries for independence of the Kazakh people which has made improbable efforts in struggle against the deprivations which thereby have kept national advantage, at the moment being a paramount problem in development of our state. About it the President of Republic Kazakhstan N.A.Nazarbaev has noted:«Our general debt to make everything that the history of our Victories remained the main example in education of feeling of patriotism, strong friendship of the people with present youth, at all subsequent generations». Told has predetermined a priority problem before modern school – to bring up new generation in the spirit of «preservation of traditions of ancestors»; spirit «patriotism to the great Native land", "with pride representing it all over the world ». Thereupon a special urgency studying at school of the patriotic ideas presented in products of the great son of the Kazakh people, the writer, the Hero of Soviet Union, legendary батыра today gets Bauyrzhana Momyshuly.


ӘОЖ 37.013:92
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ

ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАР
Есмырзаева А.О.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған елу елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда болашақ ұлттың ұрпағына сапалы білім беру мен жан-жақты, саналы тәрбиелеудің әлеуетін аша түсуге, жетілдіруге ғылыми-педагогикалық тұрғыдан күрделі міндеттер жүктейді.

Еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» – деп, ұлт зиялыларының құнды мұраларын білім беру мен тәрбие ісіне пайдалануға бағыт береді.

Жастарды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ұлт субьектілерінің педагогикалық идеяларын оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың көкейкесті мәселелері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында жан-жақты зерделенген.

Ұлттық құндылығымызға негіз болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың тағылымдық мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану қажеттігіне түрткі болар ойларды біз басшылыққа аламыз. Тәлім-тәрбиелік идеяларға бай, оқырмандарын өз туындылары арқылы тәрбиелеуге ықпалды жазушылар қатарында Әзілхан Нұршайықовтың да өзіндік орны ерекше. Осы тұрғыда оның шығармаларына шынайы баға берген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «...Кездесуде маған «Махаббат, қызық мол жылдарды», «Халиманы» сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын да оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз – ел қазынасы. Өміріңіз – үлгі!» деген пікірі жазушы өмірі мен шығармашылығының бүгінгі күнгі жас ұрпақтың тәрбиесіне ықпалы мен құндылығын баса көрсетеді.

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялар өмірді, адамды сүюден бастау алып, жастарды ұлтжандылыққа, Отанды қорғау, ерлік пен батырлықты дәріптеуге, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруға, адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттауға, сана-сезімді жетілдіріп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.

Білім мазмұны ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі деп көрсетіліп, оның деңгейін көтеретін негізгі қағидалары: тәрбиенің бағыттары мен ұлттық мәдени байлықты жалпы азаматтық мәдени мұрасымен байланыстыру, ұлттық тілді, мәдениетті халықаралық қатынас тілдері мен мәдениетімен байланыстырудың маңыздылығы, т.б. деп көрсетіледі де білім мазмұнында тәрбиені мәдениет деңгейінде таныту басшылыққа алынады.



Әзілхан Нұршайықов тағылымдық ой-пікірлерінің мазмұнын шығармашылығы аясында ашатынымыз белгілі. Олай болса, жазушының шығармашылығының қамтыған тақырыптары:

  • еңбекті сүю, еңбек арқылы құрметтелу;

  • ерлік пен батырлық, Отан қорғаудың басты қағидалары;

  • туған ел мен жер, Отанды сүю, құрметтеу;

  • сұлулықты тану, оның сезімге әсер ету әлеуеті;

  • адами асыл қасиеттің дәріптелуі, адамгершілік идеясы;

  • ана тілі, туған тілді үйрену, ардақтау, құрметтеу;

  • жаман әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салты;

  • ұлттық мәдени мұра – құндылықтарды сақтау;

  • жастарды өмірге бейімдеу, өмірді сүюге бағыттау;

  • отбасылық тәрбие – ұрпаққа жынысына сай тәрбие беру, т.б.

Шығармашылығына тәлім-тәрбиені басты идея етіп алған Ә.Нұршайықов тағылымдық мұрасының басты қағидалары:

  • ерлік пен батырлықты жас ұрпақтың елжандылық пен ұлтжандылық сапаларын дамытуға үлгі ету;

  • жас ұрпақты өмірге дайындауда адамгершілік идеяларын басшылыққа алудың қажеттілігі;

  • ұлттың тарихи тұлғаларының өнегелі істерін сабақтастықта дәріптелуі;

  • адамды жан-жақты, үйлесімді дамытуға өнердің ықпалы және эстетикалық тәрбиені басшылыққа алу;

  • жастардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне үлкендердің үлгі болуы, қамқорлығы;

  • туысқандық қарым-қатынастардың ұлттық дәстүрге, мәдениетке кепіл болатындығын жеткізу;

  • ұлттық құндылықтарды ұлттық тәрбиенің негізі ету идеясын басшылыққа алу;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін арттыру;

  • достыққа адал, махаббатқа берік болу, жастарды махаббатқа тәрбиелеу, т.б.

Жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының басшылыққа алған аталмыш қағидалары зерттеу тақырыбының мазмұны мен мәнін ашуға тиек болады. Әрине, жазушы педагогиканы шығармашылығына басты мақсат етпегенін білеміз, алайда, жазушылық бейнесі адами абзал қасиеттерден өрілген азамат, ойы мен сөзін өзінің адамгершілік кеңістігінде

тоғыстырады. Өмірді сүю арқылы адамзаттың бәрін жақсы көретін тұлғаға тән сапалық қасиеттер Әзілхан Нұршайықов дүниетанымына негіз болғандығын байқаймыз. Өзінен үлкендерді құрметтеу, замандастарын сыйлау, кіші буынға ізет білдіру сияқты азаматтық ұстанымдары арқылы жалпы оқырмандарын ізгілікке шақырады. Жоғарыда айтылған Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды зерттеу арқылы түйетін тұжырымды ой: жас буынды өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттерге қызмет ету жолында адамгершілік пен ізгілік аясында тәрбиелеуді басты ұстаным етіп, адамды сүюді басшылыққа алу – жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяның негізі мәні. Тәлім-тәрбиелік идеялар құрылымы 1 -кестеде көрсетілген.

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тағылымдық ой-пікірлердің мәнін педагогикалық тұрғыдан ашып, оның гуманистік идеяға негізделгендігі – білім мазмұнына жаңаша гуманистік парадигмалар енгізу барысында ескерілер ұсыныс болады деген ойдамыз.

Сондықтан да Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мазмұндық сипаттамасы кеңінен қарастырылады да оны оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің жолдары ғылыми педагогикалық-тәжірибелік тұрғыдан көрсетіледі.

Қорытындылай келгенде, Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялары қалыптасуын тарихи-педагогикалық негіздеріне:

  • Абайдың ақындық мектебін дамытқан аймақтың әлеуметтік институт ретінде ықпалы;

  • еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайдың жаңа тұрпатқа көшіп, кеңестік идеологияның үстемдік етуі;

  • Ұлы Отан соғысына қатысуы арқылы отаншылдық, елжандылық, ерлікке үндеу, батырлықты дәріптеу шығармаларының тууына әсері;

  • білім ордаларындағы ұстаздары мен ойшыл-ағартушылардың, әлем классиктерінің шығармалары және әдебиет кеңістігіндегі ұстаздары мен замандастарының ықпалымен үздіксіз ізденісі, жетілуі, шыңдалуы;

  • қайта өрлеу жылдарында еңбекті ту ету, адамгершілік, еңбекқорлық, достық, махаббат, адамды сүю идеяларының насихатталуы;

Кесте 1 – Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының құрылымы


Құрылымның құрамды бөліктері

Мазмұндық сипаттамасы

Негізгі идеясы

жас буынды өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттерге қызмет ету жолында адамгершілік пен ізгілік аясында тәрбиелеуді басшылыққа алу

Мақсаты

ұрпақтың заман талабына сай өмірді шынайы қабылдап, сүю, бағалау, күресу арқылы рухани дамуына бағыт-бағдар беру.

Міндеттері


  • өмірді шынайылықпен тану.

  • ақыл-ойды үздіксіз дамыту;

  • сүйіспеншілік сезімдерді дамыту;

  • өзін-өзі жетілдіру;

- өз ісіне есеп беру.

Заңдылықтар

  • «Жазушы – бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұстазы».

  • «Ұяттан именіп, арды ардақтаған адам – асыл азамат».

  • «Әділдік пен адалдық – адамның ең қымбат қасиеті».

  • «Отбасы – азаттықтың, әділдіктің, адамгершіліктің Отаны».

  • «Ана үлгі береді, ата нұсқа қалдырады».

  • «Ұлың өз ұрпағыңды ұластырады, қызың – адамзат ғұмырын жалғастырады».

  • «Даналығы жоқ дәреже – тұл; білімі жоқ білгіштік – тұл».

  • «Еңбекшіл ұрпақ қана Отанын өркендетеді».

- «Махаббат кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш».

- «Талпыну, талаптану – таланттың сүрлеуі».



Ұстанымдары

  • еңбекті сүю, еңбекшіл тұлғаны үлгі ету, дәріптеу;

  • Отанды сүю, Отан қорғау;

  • ерлік пен батырлықты, елжандылықты үлгі ету;

  • жақсылық жасау, қамқор да мейірбан болу;

- достық пен махаббатқа адал болу.

Тәрбие бағыттары

    • рухани-адамгершілік тәрбиесі;

    • этникалық мәдениет;

    • салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру;

    • еңбек мәдениетіне тәрбиелеу;

    • елжандылық пен азаматтық тәрбиесі;

    • гендерлік тәрбие және отбасылық өмірге даярлық;

    • махаббат мәдениетін қалыптастыру.

Құралдары


  • бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, теледидар, радио, интернет);

  • өнер мен ғылымның өзара сабақтастығы;

  • поэзия, прозалық көркем тіл;

  • кітаптар.

Әдістері

  • өсиет, насихат қалдыру;

  • сынға алу;

  • үлгі ету, мадақтау;

  • үйрету, тәлімгерлік жасау;

  • үндеу, шақыру.

Нәтиже

ЖАН-ЖАҚТЫ СҮЙІСПЕНШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ ЖЕТІЛГЕН ЗАМАНАУИ ТҰЛҒА.


Жазушының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз идеяларын насихаттық үлгіде таратуын айрықша атап айтуымызға болады. Ақпарат және ақпараттық технологияның идеологиялық қызметінің педагогика ғылымы мен білім беру мекемелері үшін маңызы ерекше. Әзілхан Нұршайықовтың осы қызметі де тәлім-тәрбиелік идеяларды шығармашылығында басшылыққа алуына негіз болды. Журналист-жазушының белгілі бір дәрежеде қоғам тынысына үн қосуы арқылы қоғамдық тәрбиеге үлес қосады. Ақпараттық-инновациялық бағыттағы жұмыстарға журналист-жазушының атсалысуы заңды. Ескерерлік мәселе, жазушының жас күнінен қоғамдық өмірдегі оқиғаларды шынайы түрде көрсетуге бағытталған әрекеті деректер жинауы және оның күнделік жүргізуі ақпараттық нақтылыққа бағытталғандығын танытады.

Жазушы тәрбиенің түрлі бағыттарына үлгі боларлық шығармалар жазды, оған басты тақырып – өзі қатысқан Ұлы Отан соғысын жылдарындағы қазақ батырларының ерлігі. «Невель түбінде» атты шығармасында Мәншүк Мәметованың ұлттық рухты бейнесін суреттеп, әңгіме барысындағы батыр қыздың тұжырымды ойлары мен өнегелі сөздерінен оның рухани тұлғасын бүгінгі ұрпаққа дәріптейді.

Мәншүк Мәметова – отаншылдығымен де, патриоттығымен де тарихтан өз орнын алған қазақ қызы. Жазушы замандасы Мәншүкпен бірнеше рет кездесіп, оны ерлікке итермелеуші күш – оның рухани қасиеттері, ар-ожданын бағалай келе, адамгершілік жоқта, қаһармандық жоқта, ізгілік жоқта, ерлік те болмақ емес деп, ерлік істерін адами болмысымен байланыстырады.

Сондай-ақ, ұлттық қаһарманымыз Б. Момышұлы туралы жазған «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы арқылы батырды халық алдында биіктетті. Оның шығармалары – жастарды ерлік пен отансүйгіштікке шақыратын тәрбие құралы. Роман-сұхбатында Бауыржан Момышұлы өзі көріп, куәсі болған жайттарды байыпты саралып, жүйелі сөз етеді. «Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал, отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-анадан бірге туған бауырлармен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады» - деп, тәрбиенің ұғымдарына нақты анықтама бере отырып, оның мағынасын адами мінез бен іс-әрекет, қарым-қатынас пен мәдениет, ұрпақтар сабақтастығы тұрғысынан да жан-жақты ашып көрсете біледі. Сол сияқты патриотизм ұғымын да батыр оқырманға түсінікті тілмен ашады: «...Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы, патриотизм осыдан басталады».

Бауыржан Момышұлының болмысы мен қаһармандық ерліктері әр алуан оқиға, түрлі шегіністер, дерек пен дәйек көздері, тәлім-тәрбие арналары негізінде ұлттық құндылықтарды бағалауға үйретеді.

Отанды сүюде, сондай-ақ, М. Ғабдуллин, Ы. Сүлейменов, С. Бәйішев, т.б. батырлардың ерліктерін тағылымдық сипатта баяндайды, жас ұрпаққа үлгі етеді. Оның соғыс жылдарындағы атақты Жамбыл ақынмен хат арқылы халыққа үндеу жазуы елдің рухын көтерді.

Өз шығармаларындағы ойы жазушының өз өмірімен тығыз ұштасып жатыр. Ол шығармашылығын өз халқының ұрпағын тәрбиелеуге ғана емес, туған балаларын тәрбиелеу мақсатында қолданғанын да анық аңғарамыз. Себебі, оның Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ұлы Арнұрға арнаған «Ұлыма хатын» оқи отырып, көз жеткіземіз. Әке мен бала арасындағы педагогикалық мазмұнға құралған диалог ретінде келтірілген. Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін әке педагогикасын меңгерген әлеуметтік институт мүшесі ретінде кеңес береді.

Болашақта төмендегі бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады:

- Әзілхан Нұршайықов шығармаларының азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеушілік әлеуеті;

    • Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы этнопедагогикалық идеялар;

    • ақын-жазушылар шығармаларының ақпараттық педагогикалық мүмкіндіктері.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ә.Нұршайықовтың педагогикалық идеяларының М.Әуезовпен субъектілік қарым-қатынастағы көрінісі. //«Мұхтар Омарханұлы Әуезов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» Халықаралық ғылыми конференция материалдары, -Алматы, 2009 ж. -195-200 бб.

  2. Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы Бауыржан бейнесі арқылы отансүйгіштік пен елжандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу мәселесі. //«Білім-Образование» № 6, 2009 ж.-39-42 бб.

  3. Миллиондаған оқырмандардың ұстазы. //«Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика». №1, 2010 ж. -33-38 бб.

  4. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жастар тәрбиесіне ықпалды жеке тұлғалық тағылымы.// «Қазақстан жоғары мектебі» №2, 2010 ж.-48-51 бб.


Аннотация. Создание независимого государства явилось закономерным результатом длившейся несколько веков национальной борьбы за независимость казахского народа, который приложил невероятные усилия в борьбе с лишениями, тем самым сохранившими национальное достоинство, в настоящий момент являющееся первостепенной задачей в развитии нашего государства. По этому поводу Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев отметил: «Наш общий долг сделать все, чтобы история наших Побед оставалась главным примером в воспитании чувства патриотизма, крепкой дружбы народов у нынешней молодежи, у всех последующих поколений». Сказанное предопределило приоритетную задачу перед современной школой – воспитать новое поколение в духе «сохранения традиций предков»; духе «патриотизма к своей великой Родине», «с гордостью представляя ее во всем мире». В этой связи особую актуальность сегодня приобретает изучение в школе патриотических идей, представленных в произведениях великого сына казахского народа, писателя, Героя Советского Союза, легендарного батыра Бауыржана Момышулы.

Аnnotation. Creation of the independent state was natural result of national struggle lasting some centuries for independence of the Kazakh people which has made improbable efforts in struggle against the deprivations which thereby have kept national advantage, at the moment being a paramount problem in development of our state. About it the President of Republic Kazakhstan N.A.Nazarbaev has noted:«Our general debt to make everything that the history of our Victories remained the main example in education of feeling of patriotism, strong friendship of the people with present youth, at all subsequent generations». Told has predetermined a priority problem before modern school – to bring up new generation in the spirit of «preservation of traditions of ancestors»; spirit «patriotism to the great Native land", "with pride representing it all over the world ». Thereupon a special urgency studying at school of the patriotic ideas presented in products of the great son of the Kazakh people, the writer, the Hero of Soviet Union, legendary батыра today gets Bauyrzhana Momyshuly.
ӘОЖ 51.78.172
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Есмырзаева А.О

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы
Балалардың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және мұғалімдер арасында дабыл қағуда. Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше хх ғасырдың аяғында, xx1 ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда мектептердің жауапкершілігінде деп көрсетіледі.

Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Статистикалық деректер бойынша жалпы мектепті бітірушілердің 68% дені сау, әрбір екінші жеткіншек морфофункционалдық патология, 42%-созылмалы сырқат деп танылуда. Жас балалардың маскүнемділік деңгейлері де жиі байқалып келеді.

Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.

Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.

Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:

-халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.);



  • мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;

  • «салауатты өмір салты» - ұғымын қалыптастыру;

  • салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;

  • оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;

  • өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.

  • арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын зерттеу барысында философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.

Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, А.Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген. Салауатты өмір салты мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып «денсаулық» түсінігі болатынын айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның өзінің, оның жаратылу табиғатының көрінісі басты роль атқарады. Адамның тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен бірге ішкі жан – дүниесі де, яғни мінез-құлығы, қабылдауы, ойлауы, іс-әрекеттері, сол немесе басқа әсерлерге бейімі біркелкі бола бермейді. Әртүрлі адамдар болып жатқан нәрсені әртүрлі жасайды. Бірақ, ең бастысы бір адам сол немесе басқа әсерлерді өмірдің әртүрлі кезеңінде әртүрлі қабылдайды. Сонымен, адамның денсаулығы – бұл жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Бүгінгі күні ол кешенді немесе психологиялық, әлеуметтік және жеке тәртіптің көптеген күрделі факторларының, кейде философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады.

«Салауатты өмір салты» сонау замандардағы Гиппократтың трактаттарында бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымының жалғасы түрінде мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі теңдесіз ой өрістерін дәлірек кездестіруге болады.

Көне Грекиядағы алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді, яғни «өз-өзін білетін тұлға, өзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі түсінеді», деп ол адамның сана-сезімі арқылы өзін-өзі танып білуін, іс-әрекеттенуін мазмұнды түрде көрсетті. Платон салауатты өмір салтын тәрбиелеу ерте кезеңнен бастау қажеттігін атап көрсетті, себебі «кез-келген істегі ең бастысы – оның ерекшелене бастауы» .

Аристотель «Этика, саясат, поэтика» деп аталатын еңбегінде адамның жекелей көрегендігі мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып көрсетеді. Оның айтуынша, тәрбиені «денеге қамқорлықтан» бастап, сонан соң, «рухани тәрбиеге» ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі, рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс. Яғни, Аристотель салауатты өмір салтының тәрбиесін адамның белсенді өмір салтымен, шынығумен, жаттығулармен байланыстырады. Демек, ерте кезде де салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі дене жаттығу мәселесі қарастырылған. Осы кезеңде «өз-өзіңді тани біл», «өзіңе қамқорлық жаса»деп аталатын алғашқы тұжырымдамалар шыға бастады.

Салауатты өмір салтын тәрбиелеу мәселелерін Шығыс елдерінде де қолдау тапқан. Мысалы, Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған гигиеналық талаптардың кодексін құрады. Тамақтану, ұйықтау, оқу мерзімдерін сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап көрсетті. Салауатты психологиялық ортаның болуына аса назар аударды. «Дәрігерлік ғылымның баспалдағы» еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің баланы өз эмоциялары мен үрейлерін басқару қажеттілігін мазмұндайды. Яғни, ойшының пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы тәрбиеге байланысты. Шынайы мемлекет концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек пен ұзақ өмір сүру қоғамдық құрылымның басты критериясы екендігін атап көрсетті. Шынайы таза ортада ереже мен тәрбиенің жетелеуі арқасында адамзаттың саналы ғұмырын өзгерте отырып ұзақ өмір сүретіндеріне сенеді. Ұзақ өмір сүру, Ибн-Синаның адам қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның іске асу болжамдарының бірі. Ибн-Синаның ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты өмір салтының мына төмендегідей принциптерін сақтау қажет: 1) жанның ара салмағы (гармониялық дене пішімді сақтау); 2) тамақты таңдау (тамақтану мерзімі); 3) денені тазалау (шлактан, зиянды заттардан тазалау); 4) дене пішімін сақтау; 5) дұрыс дем алу; 6) киім тазалығы; 7) дене және рухани қозғалыстың теңдесуі.

Сонымен, Ибн-Сина гигиеналық ғылымның негізін салушы болып табылады. Еңбектері бүгінгі күндері өзекті және жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде аса құнды. Шығыстың ойшыл-ғалымы Аль-Фараби дене және ойды тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды. Өзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында, «адам өз денесінің жетілуіне қол жеткізуі қажет», –деп атап көрсетті, себебі адамның денесі-сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет. Мерзімді тамақтанумен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекетпен ой-сана пайда болады. Сонымен қатар Аль-Фараби ауруды емдеуді ғана емес, адам денсаулығын алдын ала сақтау мен нығайтуды аса атап көрсетті.

Орта ғасырда өмір сүрген Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғының қазақша жазба мұраларынан жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттарды кездестіруге болады.

Ө. Тілеуқабылұлы дене мен рухани дүние тұрғысында жас буынның сұлулықты түсіне білулеріне ерекше көңіл бөлді. Сонымен ойшылдар «сұлулығымен» қатар «рухани сұлулықты» дамытуды ұсынды.

Ө. Тілеуқабылұлы адамның сыртқы пішіміне, көрінісіне аса назар аударған, егер адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса онда ол оның көңіл-күйін жақсартып, жүрек жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан алшақ болуға шақырады. Ойшылдың ой-саналауы бойынша бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру қажет, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет.

XV ғ. белгілі оқымыстысы М.Х. Дулатидің өсиетінде тәрбиелеудегі зиянды әдеттерге қатынасты негіздемелер қаланған (шарап ішу, нашақорлық заттармен шұғылдану, темекі тартуға үйір болу сияқты). Зиянды әдеттерді мәдениеттілік пен еңбекке тарту арқылы жою керек дейді.

Белгілі қазақ жырауы, философы Асан Қайғы өзінің поэтикалық шығармаларында, өмірде адам баласы қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой-өрісті дүниелерді көрсете білген. Философтың пікірінше, әрбір адамзат өзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз адам мынадай саналы сапа иесі болуы тиісті адамгершілік, шынайылық, шыншылдық, қарапайымдылық, намысқойлық, тұрақтылық. Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады. Осы аталған салалар мен шарттар салауатты өмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды. Қазақ халқының салауатты өмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала көрсетілген.

А.С. Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д. Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр». Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы, әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы:мектеп, жанұя және қоршаған орта арқылы болады. Сонымен, денсаулық өмір салтымен байланысты. Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді.

«Салауатты өмір салты» түсінігін былайша бөліп көрсетуге болады:

- Салауатты өмір салты – бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты, әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;

- Салауатты өмір салты – адамның өзінің шығармашылық деңгейін сол немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның өндірістік, тұрмыстық және мәдени жақтарын ұйымдастыру тәсілі;

- Салауатты өмір салты - денсаулық туралы белгілі бір әлеуметтік
және тарихи көзқарас, сондай-ақ , өмірдегі тәжірибеге оны
интеграциялау құралдары мен әдістері;

- Салауатты өмір салты - адамның күнделікті өмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтады, биіктетеді және адамның экономикалық және психологиялық жағдайларында өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етеді.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Заманауи педагогикада оқыту процесі оқушыны білмегеннен білуге және мұғаліммен бірлесе отырып сәйкес ептілік пен дағдыға үйрету, оқыту ретінде қарастырылады. Оқыту процесі әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы процесті едәуір тиімді де нәтижелі ететін оқушы мен мұғалімнің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде құрылады.

Педагогикалық технология дегеніміз педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс-әрекетінің құраушы кезеңі, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізді және үздіксіз қозғалысы. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ол ортаға сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ осы жүйені ғылымға негізделген дидактикалық үдерісте жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен практикада пайдалану механизімі. Денсаулық сақтау технологиясы формалардың, құралдардың және әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы оптималды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Денсаулық сақтау технологиясында тұжырымдылық, жүйелілік, тиімділік маңызды болып саналады. Денсаулық сақтау технологиясы жүйе ретінде біздің пікірімізше, өзара байланыстылықты жоспарлауды және жобалауды, мұғалім мен оқушылардың біріккен қызметін ұйымдастыруды, алға қойған мақсаттарды нәтижелі шешу барысындағы оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін түрлендіруді білдіреді.

Денсаулық сақтау технологиясының көріністеріне тек осы саладағы білімді, ептілікті, дағдыны игеру деңгейі ғана емес, сондай-ақ мұғалім мен оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру да жатады. Біздің ойымызша, мұнда педагогикалық процеске қатысушылардың белсенділігі басты роль атқарады. Денсаулық сақтау технологиясына ендіру осы әдістерді қайталау мен ендіру мүмкіндігі де кіреді.

Педагогикалық технологиялар қолдану деңгейі бойынша жалпыпедагогикалық, әдістемелік (пәндік) және локальды болып жіктеледі. Біз денсаулық сақтау технологиясын жалпыпедагогикалық технологияға жатқызамыз, өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеті болып табылады.

Білім беру мекемелерінде денсаулық мәселелері медициналық көзқарастары жағынан қарастырылып, оны денсаулық сақтау технологиясы тұрғысында, яғни оны оқушы бойында қалыптастыру әдіс-тәсілдері, формалары тұрғысында қарастыру арнайы зерттеуді талап ететіндігі анықталады. Жас ерекшелікті психология мен педагогика саласы мамандарының анықтауынша, жоғарғы сыныпта салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше мәнге ие. Осы жаста дене, жыныстық, психикалық жетілу кезеңдері аяқтала бастайды. Өнегелік сапа ерекшеліктері мен әлемтану процесстері қалыптасады. Жоғарғы сынып оқушыларының бойында «ересек» ерекшеліктері, қасиеттері дамиды. Тұтынушылық пен мүмкіншіліктері арасында қақтығыстар, келіспеушіліктер көрініс табуы мүмкін. Жас жеткеншектер мен ересектер арасындағы қарым-қатынастардың, күрделігі, бір жағынан жас адамдардың дербестікке ұмтылуы болса, өзге жағынан өмірлік мәселелерді шешуде ересектерден көмек күтуі. Осы шарттарда салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы әдіс-тәсілдерді денсаулық сақтау технологиясы ретінде талап етеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Валеологический процесс в педагогике как фактор воспитания личности // Наука и образования Южного Казахстана. Шымкент, 2014. №4 (53), с.26-28.

  2. Предпосылки формирования здорового образа жизни. Международная научно -практической конференции на тему: «Актуальные проблемы педагогического образования». Шымкентский социально- педагогический университет. Шымкент, 2012. С. 206-208 .

  3. Некоторые вопросы о готовности учетеля к реализации инновационных технологий. Международная научно-практическая конференция “Инновационные технологии формирования ЗОЖ в современных условиях”, 2012г. , г.Шымкент


Аннотация. Вопросы формирования здорового образа жизни, как одного из приоритетных направлений развития современного общества является актуальным. Формирование здорового образа жизни учащихся должны стать одним из основных направлений современной системы образования.

Аnnotation. The considered problems of formation healthy way of life, as one of priority a direction of development modern society causes scientific-theoretical and practical researches in the field of its preservation, formation and development. Formation of a healthy way of life of pupils should become one of the basic directions of a modern education system. One of the ways of the decision of the put forward problem use is conducted by the means of healthysafe technologies, approaches of development healthysafe technologies in formation of a healthy way of learners’ life


ӘОК 52.37.81

АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Каленова Э.

«Мейрим» мектеп- интернаты., Тараз қ.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін, адам құқы мен бостандығын танитындығын, демократиялық қоғам мен құқықты мемлекет құруға бекем бел байлағандығын, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Қазіргі жаңалық кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.

Жас ұрпаққа адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамгершілік, ізеттілік, сыпайлық, еңбек, дене, эстетикалық, сондай-ақ экономикалық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әр қайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар.

Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келді. Жалпы азаматтың құнды ұлттық сана-сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбие мен бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеліп соқты. Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттық негізінде білім, тәрбие беру міндетіне сай республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдар және заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: “үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және азаматтық қазыналардан нәр алуы үшін жауапты болады” деген.

Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi – мұғалiм, сол себепті бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою мақсаты емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, қажетті тәрбие беріп, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi.

Орта мектептiң бастауыш сыныбы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi болғандықтан бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауына сүйене отырып, төмендегі ғалым-педагогтардың ғыдыми тұжырымдарына сүйену аса маңызды. Атап айтқанда, психологы Л.В.Занков: “Оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- десе, көрнектi психолог Л.С. Выготский: “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Бұл, білім беру жүйесінде мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Еліміздегі жаңа тұрпатты қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды оқушылар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiммен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi тұлғаны тәрбиелеу болыа табылады. Сондықтан жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзілуі қажет деп саналады. Осы мәселелер төңiрегiнде көптеген педагог-ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеу жұмыстарын орындаған. Тәрбие жүйесінде оқушының адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатқызылады. Бұндай қаныас қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының негізгі мiндетiн – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеуді міндеттейді.

Тәрбиеге комплексті қарау педагогика ғылымында біршама зерттелген және оны мектептің оқу-тәрбие процесінде қолдану мәселесі әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенімен, тәрбие түрлерінің бірін-бірі толықтыру мүмкіндіктері мен атқаратын тәрбиелік функцияларын кіріктіре қарастыру Қазақстанда жеткіліксіз зерттелуде, әрине оқу-тәрбие процесінде қолданысқа енгізілмеген. 12-жылдық оқыту жүйесінде оқушы мен мұғалім арасында қалыптасуға тиісті басты қарым-қатынас «субъект-субъект» негізінде болуы қажеттігіне байланысты тәрбиеге комплексті қарау қолға алынғаны дұрыс деп табылуда. Соған сәйкес білім беру саласына 12 жылдық оқыту жүйесінің де енуі бастауыш мектеп алдына үлкен мәселелер тудыруда. Өйткені мектеп оқушыларының тәрбиесі қоғамдық және азаматтық тәрбие сапаларын қалыптастыруда басты сынақ нүктесі ретінде алынады, яғни тәрбиеге көзқарас пен оның басты бағыттары мен бағдарларын дұрыс анықтау саясаты шешуші роль атқарады.

Біздің мемлекет отбасында қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысында жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан заң отбасындағы тәрбиенің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамдар арасындағы қарым-қатынас жайында, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі.

Сондықтан да тәрбиенің бастауы отбасы болса, негізі бастауыш сыныпта болатындығы ешкімге құпия емес. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге мектепте білім нәрін себе отырып, жақсы адамгершілік қасиетке баулып, саналы азамат болуға жол сілтеу әрбір ұзстаз міндеті. Сол себептен бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың жолын қарастыруды арнайы зерттеуді ұйғардық.

“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрі – тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана қажеттілік болып табылмайды, сонымен қатар тәрбие беру – рухани қажеттілік ретінде саналады.

Осы тұрғыдан педагогика ғылымы адамгершiлiк категориясын бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайын көрсететін педагогикалық үдеріс деп санайд.

Адамгершiлiк – қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюмен тікелей байланыстылығын атап көрсетіп, оны халқымыздың озат тәрбие дәстүрлерін негізге ала отырып жүзеге асыруды міндеттейді.

Елімізде бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi, өйткені бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, адамдардың арасындағы танымдық белсенділіктердің түрлі деңгейде дамып, қалыптасуы, яғни үлкен айырмашылықтардың болуында.

Сондықтан Қазақстанда жаңа білім беру парадигмасының анықтаушы белгiлерiне сәйкес бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелердің жиынтығын берумен шектелмей, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеудің әлемдік тәжірибесіне көшу, оның мазмұнын жаңарту талаптары қойылуда. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келсек, ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау, адамның тұлғалық янемесе маман ретінде құзырлылығын қалыптастыруға ден қою мәселесі көтерілді.

С.А. Рубинштейн айтқандай: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды». Бұл біздің мемлекетіміздің білім беру жүйесіне қойып отырған жаңа талаптарының ғылыми ұстанымдарға сүйене отырып, адамгершілік қатегориясының оқу-тәрбие процесінде қалаптысу механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың жетекші қозғаушы күштерін анықтағанда баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактордан аттап кетуге болмайтынын негізге алу маңызды. Тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар) баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым-қатынаста болатынын, қайсысы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар екендігін есепке ала отырып, тәрбиенің бала дамуындағы негізгі құрал екендігін көрсету қажет.

Осы мақсатты жүзеге асыруда американдық психолог Л.Кольбергтің адамгершiлiкке тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез-құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi[30]. Тәрбие арнайы жоспарлаған мақсатты құрал ретінде халықтық дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт-бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады. Сол себепті оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру арқылы дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез-құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға мүмкіндік адамыз. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез-құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады.

Бастауыш мектепте 6-10 жасар бала тұлғалық дамудың алғашқы кезеңiнен бастап тәрбиелену мақсатын адамгершiлiк туралы ұғымдар арқылы саралап, санасына сiңiре бастайды. Сондықтан бастауыш сыныптарда адамгершілік тәрбиесі моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.

Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.

Бұған А.С. Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейді.

Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланыстылығын тұңғыш қарастырушы К.Д. Ушинский өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi – халықтық педагогика” деген тұжырымға келген болатын. Ал осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастырудың 7 қасиетіне тоқталып, олардың әрбір түріне жеке-жеке сипаттама берген болатын. Сол қасиеттер: имандылық, жоғарғы әдiлдiк, адалдық, ақкөңiлдiлiк, сыпайылық, момындық, адал ниетпен өсиет беру, жомарттық, қайырымдылық, дұрыс заңдылықта тоқтала келе олардың жеке қалыптасуы нәтижесіз болатынын, тек олар өзара байланыста болған жағдайда, тәрбие мақсатына жетуге болатынын көрсеткен.

Адамгершілікке тәрбиелеу механизмдерін айқындауда оның нормалық мазмұнын сақтаудың маңыздылығы туралы Әл-Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”- деп, адамгершілік қатынастың қарым-қатынастық өлшемдеріне тоқталған болатын.

М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек».

Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Коменскийдiң «Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол “Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi».

Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты – мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады.

Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады.

Әрине, адамгершілік мәдениет ұғымдарын, адамгершілік тәрбиесін тұлға бойында қалыптастыру жайдан-жай алына салатын нәрсе емес, ол белгілі-бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұраларына негізделуі тиіс.

Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәдени мұралары – әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, рәсімдері мен рәміздері, жөн-жоралғылары құқықтық заң, бұлжымайтын ереже ретінде өмірлік қолданысқа айналған.

Халықтың ізгі әдеттері құқықтық әдеп болып қалыптасып, ол ғұрыпқа, яғни құқықтық заңдылыққа – дәстүрге, санаға сіңіп салтқа айналған. Ұлттық салт-сана мен дәстүрлер құықтық нормалар арқылы әлеуметтік әдеп – яғни құқықтық мәдениет болып қалыптасқан.

Дара тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы, сәлемдесу әдебі, ата-ананы, жалпы адам баласын сыйлау сияқты құқықтық мәдениеті, Отанға, ата-бабаға, ата-анаға, ұжымға қызмет етуі сияқты құқықтық парызы халықтың салт-дәстүрлері арқылы орындалып, өмір заңдылықтарымен өзектескен қасиетті құбылыс.

Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы.

Қазақта «Тірі адам тіршілігн жасайды» деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Әрбір тірліктің өз тегі, қалпы, құқықтық мәні, тәртібі бар.

«Әділет басқанды ұйқы басады» деп, халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы қалпынан асса, ол – ауру. Әрине әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болуы қажет, бірақ ол қалпынан аспау керек. Әрбір әдепті адам, уақытысында жатып, дер кезінде тұрып, тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылып қалады. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» деп, халық «ерте тұрудың» мәнін ерекше бағалайды. Ерте тұру үшін, ерте жату ләзім. Қазіргі заманда «еліктеткіш» теледидар көріп немесе бос сандалып көше кезіп, уақытысында ұйықтамау көп баланың әдетіне айналып барады. Ол құқықтық мәдениетке қайшы келетін, келеңсіз жағдай.

Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе, жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жазда, күзде, қыста, көктемде киетін киімдерді өз ретімен кимесе, жарасым болмайды. Сән қуып, тән азабына ұшырап жүргендер аз емес. Ал талғамсыз, жарасымсыз сән күллі жүрттың алдында күлкіге ұшыратады. Қыста «сәнді» деп, жалаңбас жүру – денсаулыққа зиян. Жақсы киіну үшін сол киімді күте білуді үйренуіміз қажет. Киімін таппай, күйініп, киімін тапса, үстіне қалай-болса солай іле салатын салақ бала салауатты бола алмайды. Тәрбие құқықтық нормаларды қалыптастырады.

Тіршілік кезінде көшеде, көпшілік ортасында әдеп сақтау да жеке адамның өзіне-өзі қызмет етуіне жатады. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығын шәкірттерге жан-жақты түсіндіріп, олардың құқықтық санасын арттыру ісінің нәтижелігі тәрбиешінің ұстаздық шеберлігіне байланысты.

Сәлемдесу – құқықтық - адамгершілік міндет.

Сәлем – әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында он алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қолын алып амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның құқықтық міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді» деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Сәлем қылу кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге мүмкіндігінше күлімдеп, жылы шырай көрсете, иман жүзділікпен қарап, құрмет көрсету ниетін білдіру қажет. Үлкен адамдар сәлем қылған келінге бірауыз сөзбен батасын береді. Сонымен қатар, амандасу кезінде негізгі сөзде дауыс ырғағы инабаттылықпен ерекше құбылып, құрметтеу белгісін, сыйласым нышанын білдіру керек. Өйткені амандасудың өзі құқықтық мәдениеттілікті көрсетеді. Сәлемдесу – жеке тұлғаның құқықтық мерейін үстем ететін қасиетті іс-әрекет.

Аялаған ана, әлпештеген әкені құрметтеу – құқықтық міндет.

«Әке – отбасының пірі», қара шаңырақтың қожасы. Әке – үй ішінің тірегі, баласының жүрегі. «Әкесіз бала – панасыз балапан» дейді халқымыз. Әрбір баланың әке алдында құқықтық борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау; парыздар: балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашан да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкеңнің әкелік еңбегін өтеу.

Әкесін сыйламаған балада сезім жоқ. Ол – бақытсыз. Өйткені ондай нақұрыста адамгершілік мейірім, қайырым болмайды. Мейірімсіз, қайырымсыз жанда адамгершілік қасиет қалмайды.

Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу білу керек. Мысалы, аяулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас алдын әзіз әке татқан соң ғана, басқа балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен «алыңыздан» бастап дәм татады. Бұл ұлттық әдеп, құқықтық сана.

Әсіресе ер бала – әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан да өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн. Халық ішінде әлеуметтік дәстүрлер атадан әкеге дарып, қалыптасып, дамиды, жеке дәстүріне мұрагер болу – құқықтық борыш. Мысалы : әке күйші, әнші баланың да өнерге бейімі бар дейік. Ал бала сол әлеуметтік дәстүрге немқұрайды қараса, онда әлеуметтік намыс жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін құқықтық мәдениетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады.

Ұлағатты ұстазға адамгершілікті шәкірт бола білу құқығы.

Абай атамыз:»Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтқан. Ұстаз – әмбебап білімдар, салауатты, салтанатты, маман кісі. Ол – адам жанын терең түсініп, жақсы білетін қадірлі де қастерлі, қасиетті мамандықтардың иесі, өз ісінің шебері, әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты адам.

Ұстаз шәкіртінің жан саулығын, тән саулығын зерлей зерттеп, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап, қамқорлық жасап отырады. Ол шәкіртін өзінің туған баласындай көріп, адамдық асыл қасиеттерді оның бойына сіңіреді. Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардаң қарауында көбірек болады. Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үретіп, тәрбиелейді.

Бар білімін, қайрат-жігерін аямай, бізге білім беріп, өнер үйретіп, өмірімізге жол ашып берген құқықтық санамызды қалыптастырған ұлағатты ұстаздарға бас иіп, тәжім етеміз!

Әдеппен сөйлеп әдеттену – құқықтық мәдениет.

Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады,әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.

Халық әдебі «Сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс-қимылына тәуелденіп айтылғанда бұл сөз «ыңыз», «іңіз» қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады.

Өмірінде қателеспейтін адам жоқ, аңғалдық жасап, байқамай қалатын кемшіліктер әркімде бар. Мұндай кемшіліктер екінші бір адамның көңіліне қаяу салып, кейіту мүмкін, жеке адамның әдептен озып, опықтану басқаға да әсерін тигізеді. Осындай жағдайда «кешіріңіз», «ғапу етіңіз» деген сөздерді айтып, өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге «оқасы жоқ» деп жауап беру де әдептілік болып табылады.

Әдепті сөздерге неше алуан жанашыр сөздер мен аяныш сөздер де жатады. Ондай сөздерді әдепті адам шын ниетімен адал жүрегінен айтып, басқаға әсерлендіре жеткізуі қажет.

Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жатыққан адам – құқықтық мәдениеті дамыған адам. Ол үшін жеке тұлғаның құқықтық әдебін қалыптастыру керек.

Отбасындағы сыйласым адамгершілік - құқығы.

«Отан отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі - әлпештеген ата мен аялаған ана. Әке-шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық-адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқа байланысты қалыптасқан.

Әрбір отбасында әкеге байланысты әкеге байланысты: баба, кейуана, ата, әже, әке, аға, іні, қарындас, ал шешеге байланысты: түп нағаша, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке, нағашы іні, нағашы қарындас дегн туыстық ұғымдар және оған бйланысты құқықтық қарым-қатынас ғұрыптары бар.

«Бір үйде қаншау болсаң – бір-біріңе меймансың», «Бір-біріңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары бағалайы. Әке, жәке, көке, ата, әже, апа, апатайым, ағатайым, айым, күнім, панам, алтыным, т.б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру – отбасындағы әрбір адамның құқықтық парызы. Отбасындағы сыйласым – қуаныш, бақыт, қызықты өмір!

Кісі күту – құқықтық мәдениет белгісі.

Кіс күту, қонақжайлылық – қазақ халқының ұлттық салтқа айналған дәстүрі. Бұл – халықтың әлеуметтік, кеңмекендік, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. «Қонақ десе, қоң етіп кесіп беретін қазақпыз» деп, халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу: қонақты күту, қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп, үлгі-өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған.

Қонақкәде жасау, яғни қонақтың көңілін көтеру үшін «ауылдың алты ауызын» айту, одан соң қонақтың өнерін байқау дәстүрі халықтың өнерпаздығын дәлелдейді.

«Құтты қонақ келсе қой егіз табады», «Қонақ қойдан жуас», «Бір күн қонған қонақ – құт» деп, халық қонақ күту мен мейман сыйлауды бақыттың нышаны деп қараған. Қонақ күту, мейман сыйлауды көрсететін шағын той іспеттес. Мейманмен танысу, оған сәлем беру, оны күту рәсімдерін адамгершілік көрсетіп, имандылықпен орындау – отбасы мүшелерінің, әсіресе, балалардың салт-саналық парызы.

Адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері – құқықтық мәдениет негіздері.

Иман – арабша «сенім» деген ұғымды білдіреді. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждері, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейірім-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.

«Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ» деп халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кеңпейілділігі, дос көңілділігі – әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу – кісілік борыш.

Иман кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс.

Мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі – қайырымдылық. Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс-жүзінде жақсылық жасау. «Байда қайыр, кедейде пейіл де жоқ, аңдастырған екеуін, құдайым-ай!» деп Абай атамыз қайырымсыз байды қатты сынады. Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т.б. жөн-жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

Табиғатты қорғау, тал егу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау – қайырымдылықтың қалыптасқан халықтық үрдісі, оны орындай білу – құқықтық парық. Ол үшін әрбір әдепті адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті. Халқтың құқықтық мәдениеті осындай ізгі іс-әрекеттер арқылы дамып, құқықтық сана қалыптасқан.

Туған жердің табиғатын қорғау құқығы.

Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан да әдеппен аңғартып, құқықтық идеологияны (насихатты) іске асырып отырған.

Туған жерімізде «әулие тал», «әулие бұлақ», «әулие көл», «хан тәңірі», «сұлу төр», «бесік тау» деген қасиетті атаулар бар. Атынан көрінп тұрғандай, бұл әулие әрі киелі жаратылысқа дақ салмай, аялап күтіп, ардақтап сақтау - әрбір адамның перзенттік парызы, құқықтық міндеті.

«Бұлақ көрсең, көзін аш», «Жол үстінде тас жатса, алып таста», «Гүлді жұлма», «Ағашты жастай қырықпа», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Судың да сұрауы бар», «От шығарып ойнама», «Артыңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық» т.б. тыйымдар мен мәтелдер табиғатқа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің құқықтық санада ертеден қалыптасқанын көрсетеді.

Үйде, мектепте гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастыру, мал, құс өсіріп, еңбектеніп, қызығын көру – әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті болып қалыптасуға тиіс. Мектептегі табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірмелері жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рақатын көруге әрбір оқушыны бейімдей білетіндей болуы қажет. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтері бар туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, әсемдігін өркендету – әрбір адамның қастерлі борышы, құқықтық міндеті болып табылады.

Ата текті ардақтау құқығы.

Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген мақал бар. «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туатынын айқындап, «Біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артып туады» дейді де, ұрпағының мейлінше «артып туғанын» тілейді.

Жеті атаға дейін жақсы білудің әдептілікке әсері мол, яғни бабасына дейінгі туыстық тегін жақсы біліп, халықтық салт-сана бойынша, туыстық қатынаста қалыптасқан құқықтық парыздарын орындап, перзенттік борыштарын өтеуге міндетті.

Ата текті білуде туыстық, жақындыққа байланысты: баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат, жүрежат деген ұғымдар бар. Атаның баба алдындағы зор міндеттері баланың, немеренің, шөберенің, туажаттың, жүрежаттың алдында жалғасады, ол әдептік қарым-қатынас ру, ел, ұлт, ұлтаралық, бүкіладамзаттық мәдени дами қалыптасып, адамгершілік парыздарды өтеуге міндеттейді. Дәріпті дәстүрлердің мәнін біліп, оны орындай білу – құқықтық парыз.

Аталы сөз бата, өсиет, өнеге және құқықтық сана.

Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақтарымыздың адал жанды, әдепті, адамгершілікті, батыл да батыр, инабатты, ізетті болып өсуі үшін өсиет айтуды, өнеге көрсетуді, бата беруді, тілек айтуды әлеуметтік әдепке, ата-бабалық дәстүрге айналдырған. Ата дәстүрін ардақтау – қазақ халқының ұлттық ұжданы. «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап еткен. Осының арқасында әуелі отбасылық, содан кейін әлеуметтік, ұлттық тағылымдар ата дәстүріне айналып, ұрпақтардың санасына сіңіп, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналған.

Ата-бабаларымыз тәжірибелерінен, халықтық әдет ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, құқықтық нормалар ретінде ұрпақтарына үйретіп отырған, тілек тілеп, бата беріп, жастарды жақсы жолға бастаған. Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр. Кейіннен тілек айту, сол тілекке жету «құдіретке байланысты» деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасты. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз» деген тілектер – қысқа да нұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның ризалық сезімін, өсиетті ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді. Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақаламен де, парасатымен де үлгі-өнегесін қалдырған ата-бабаларымыздың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан тұтамыз.

Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі, қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін міндет, құқықтық парыз, ұрпақтық борыш. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрлері құқықтық мәдениеттің бір негізі болып табылады.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет