Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет1/22
Дата02.05.2018
өлшемі4,61 Mb.
#40398
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22



ТАРАЗ

МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫНЫҢ

ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

ВЕСТНИК

ТАРАЗСКОГО

ГОСУДАРСТВЕННОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО

ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ЖУРНАЛ
15

2013



Тараз

мемлекеттік

педагогикалық

институтының



ХАБАРШЫСЫ

ВЕСТНИК

Таразского

государственного

педагогического

института



2013

15


(сәуір - тамыз - қыркүйек)

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ


Д.П.Қожамжарова

тарих ғылымдарының докторы, профессор (бас редактор)

Р.С.Амандосова

педагогика ғылымдарының докторы, доцент

А.Ә.Байтелиев

филология ғылымдарының докторы, профессор

С.А.Байтілен

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Б.Бәкірбаев

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Қ.Бөлеев

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Т.Қ.Бөлеев

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

К.Ж.Бұзаубақова

педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Т.К.Кенжебаев

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Ю.П.Киселев

тарих ғылымдарының докторы, профессор

И.О.Мүлдеков

техника ғылымдарының докторы, профессор

М.Мұратбеков

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

О.С.Сәлімбаев

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Қ.Т.Тоқжігітов

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Ж.С.Төлеубаев

ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Қ.Т.Ыбыраимжанов

педагогика ғылымдарының докторы, ТарМПИ профессоры


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Ақпарат және мұрағат комитеті

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы



КУӘЛІК

5763-Ж


Астана қаласы «23» 02 2005 ж.

МАЗМҰНЫ


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Тарих (отан, жалпы), философия, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, этномәдениеттану, құқықтану, экономика




Бекназаров Ж.О. Бұқаралық спорттың жоғары шеберлікке жету мәселелері




Бекназаров Ж.О., Шевченко Н.А. Социальный эффект занятий физкультурой и спортом..................................................................................................................................




Жүнісова Ж.Б. Саяси ғылым әдістемесі мен әдістері....................................................




Жүнісова Ж.Б., Исахмет Ж. Саяси ойдың даму кезеңдері...........................................




Керімбеков С. Қазақтың көне заманғы баспанасы - киіз үй.........................................




Козжанов Б.К., Пак Т. Ориентиры промышленной политики Республики Казахстан..............................................................................................................................




ФИЛОЛОГИЯ (тіл және әдебиет): қазақ, орыс, шет тілдері





Abildayeva G., Tazhiyeva G., Bashanova G. Using films in the english language classroom................................................................................................................................




Әбдімомынов Е.Б. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне әдеби жәдігерліктер нұсқаларының зерттелу жайы.............................................................................................




Белоус Е.Н. Принципы моделирования женских образов в романе М. Шолохова «Тихий дон»..........................................................................................................................




Керімбеков С.М., Ахметова А. Бабыр мен Дулатидің ақындық рухы.........................




Шаханова Э.А. Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары................................................




ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ, ДЕФЕКТОЛОГИЯ




Aztaeva B.A., Zhumagaliev R.A. General characteristics of the educational system of the republic of kazakhstan. some principles of the state policy of the republic of Kazakhstan in a sphere of education.....................................................................................




Botamkulova A.B. Swift paradigm in elt............................................................................




Zhumagaliev R.A., Kazankina M.V. Legislative bases of the educational system of the rebublic of kazakhstan. structure of the educational system..................................................




Абдимуталинова А.А. Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы.................................................................................................................................




Аубакирова А.С., Мустафаева Т.Н. Мектепке дейінгі мекемелерде мультимедиалық технологияны пайдаланудың тиімділігі..............................................




Башанова Г.С., Әбілдаева Г.Н., Тәжиева Г.Қ. 12 жылдық мектеп мұғалімдерін дайындаудың өзектілігі.......................................................................................................




Бердишаева М.Т. Әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлерге білім берудің теориясы мен тәжiрибесi......................................................................................




Бозтаева А.Ш. Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық негіздері.......................................................................




Дектярева Е.П. Развитие познавательных процессов у детей дошкольного возраста................................................................................................................................




Дидарбекова А.Қ., Мауленова Қ.И. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және бүгінгі таңдағы білім беру ерекшеліктері мен мәселелері..............................................




Жамалбаева Д.Ә. Мемлекеттік балабақшада оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістемелері..........................................................................................................................




Жумагалиев Р.А., Арифджанова О.Б. Проблемы суицидального поведения среди подростков..............................................................................................................................




Заурбекова М.А. Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері.......................................................................................................................




Ибраимова Л.Н. Қазіргі отбасы тәрбиесі мәселелері...........................................




Изиева Т.А. Теоретический аспект понятия «познавательные процессы»..................




Керімбаева Р.Қ., Ергаш Ұ.Б. Ересек жастағы балалардың логикалық ойын дамыту..................................................................................................................................




Кудебаева З.Н. Шағын кешенді мектептер үшін мұғалім даярлау проблемалары.....




Мауленова К.И., Абдихожаева А., Айбатилдаева Б., Толенбаева А.,

Айткулова Ж. Психологическая подготовка военнослужащих при экстремальных и чрезвычайных ситуациях................................................................................................




Мауленова К.И., Алтынбекова Г. Понятие и структура готовности к деятельности в экстремальных ситуациях.................................................................................................




Писецкая Н.П. Особенности формирования и развития познавательных процессов у детей дошкольного возраста...........................................................................................




Сабекова Д.А., Джамалбекова Н.К. Тұлғаны диагностикалаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын жүзеге асыру жолдары..............................




Сабралы А. Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда ақпараттық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары.............................................................................




Садуақсова Г.О., Күдебаева З.Н. Ресурстық орталықтардың шағын жинақты мектептердің педагогикалық үрдісін жетілдірудегі рөлі.................................................




Сартбаева А.А. Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері.............................................................................................................




Тойғанбекова Ш.М., Махашова П.М. Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық оқытуға көшу қажеттілігі.................................................................




Тюзюльбаева М.И. Система работы по формированию правильного звукопроизношения.............................................................................................................




Чапышева Е.В. Профессионально- педагогическая культура педагога на современном этапе...............................................................................................................




ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ (математика, физика, информатика)





Каримова З.К. “Implemention of culture into elt”.............................................................




Айнақұлов Н., Керімбеков О., Оразов А. Туындыны оқыту арқылы студеттерді танымдылық белсенділік пен ізденімпаздылыққа тәрбиелеу..........................................




Атишева Қ.А., Сагнаева С.К., Аманбаева А.Н. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары – жеке тұлғаның ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізі..............................................................................




Керімбеков О., Айнақұлов Н., Оразов А. Болашақ мұғалімдерге дифференциалдық теңдеу курсын оқытудың мақсаты.....................................................




Оразов А., Керімбеков О., Айнақұлов Н. Оқытудың әдістемелік жүйесінің компоненттерін кәсiби-педагогикалық және өзара байланыс тұрғысынан сипаттау....




ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ





Жангазиев А.С., Зияева Г.С., Шаймерденова Г., Кабылбекова Н.К. Оценка мировой коллекции и гибридный популяции озимой мягкой пшеницы к возбудителям твердой головне (Tilletia сariеs.tul)............................................................




Құсайынова С.Қ. Бау - бақшада күзде істелетін жұмыстар..........................................




Мақалаларды рәсімдеу тәртібі




Условия оформления статьи





ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ, ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҰҚЫҚТАНУ, ЭКОНОМИКА

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР

ӘОЖ 796.015 А-62
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ЖОҒАРЫ ШЕБЕРЛІККЕ ЖЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ж.О. Бекназаров

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурсы десек, ал адам денсаулығы-қоғамның өлшеусіз байлығы. Баршаға аян, Елбасы биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына, оның ішінде саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мәселесіне үлкен ден қойып, жаңа міндеттерді алға тартты. Әрине, Жолдаудың орындалуы ең алдымен жергілікті жердегі атқарушы органдардың, мекеме басшыларының осы бағыт-бағдардағы жүргізіп отырған саясатына тікелей байланысты.

«Халық денсаулығы-ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деп Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы дәстүрлі Жолдауында атап өткеніндей, шынында да, қоғамның дамуы, әр түрлі бағдарламалардың, мейлі ол мемлекеттік, не мемлекеттік емес болсын, қандайда бір жүйелі істердің жүзеге асуы тікелей адамға байланысты. Оның тұлғалық қасиеттеріне, қабілеттеріне, интеллектуалдық, мүмкіндіктеріне, денсаулығына, сайып келгенде, ішкі жандүниесіне және өмірлік күшіне тәуелді.

Осы тұрғыдан қарағанда, Елбасы айтқандай, саламатты өмір салтын қалыптастыру ең маңызды мәселенің бірі және ол мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылады. Елдің денсаулығын көтере отырып, Елбасы халықтың кем дегенде 30 пайызының спортпен айналысу қажеттігін алға тартты. Қалай дегенде де, дене шынықтыру мен спорт, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды рухани тәрбиелеу азаматтар денсаулығын жақсартудағы ең маңызды құралдардың бірі. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті-барлық тұрғындар үшін қолайлы спорт және дене шынықтыру бағытында шаралар ұйымдастыру.

Әлбетте, ертеңгі күні дамыған, бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көріну үшін халықтың денсаулығын жақсартуымыз керек. Жастарды есірткіден, ішімдіктен, темекіден және басқа да жаман әдеттерден алшақ ұстағанымыз абзал. Бұл әрі әрбір ата-ананың, әрбір отбасының міндеті де.

Бүгінде кейбір адамдардың түсінігінде денсаулық аурухана, емхана, дәрі-дәрмек ұғымдарымен араласып кеткен сияқты. Көп азаматтар өзінің денсаулығын ауыра бастағанда, болмаса бір жері жарақаттанған кезде ғана есіне алады. Сөйтіп, дәрігерге барып, түрлі дәрілерді іше бастайды. Меніңше, мұндай шаралар адам денсаулығын жақсартпайды, тек аурудың әрі қарай дамуын, оның асқынып кетуін ғана тоқтатса керек. Оның үстіне дәрі құрамындағы химиялық заттар бір жағынан зақымдап отырады. Сондықтан, емделуді ғана ойламай, сол аурулардың алдын алу мәселелерін қарастыру қажет, яғни ол-дене шынықтыру мен спорт.

Адамның өмірлік күші немесе өмірлік қуаты деген түсінік бар. Оның деңгейі адамның денсаулығына, психологиялық және көңіл-күйіне, жалпы ішкі жан дүниесіне тәуелді болады. Дана халқымыз айтқандай, «Дені саудың-жаны сау». Егер адам әр уақытта дене шынықтырумен айналысып, әр уақытта өзінің денсаулығын түзету үшін түрлі спорт жаттығуларын орындап отырса, ол тек дені сау болып қана қоймай, өмірдің барлық саласында табысты болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ, спортпен айналысу керек екен деп мөлшерден тыс дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың қажеті жоқ. Әр нәрсенің өзінің жөні, реті болады. Қазіргі таңда бізге саламатты өмір салтын қалыптастыру, оған бұхара халықты тарту үшін арнайы ғылыми-зерттеулер негізінде жасалған сауықтыру бағдарламаларын жасау қажет. Сол бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы стратегиялық міндеттердің бірі-дені сау ұлтты қалыптастыра аламыз.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін оған қажетті инфрақұрылымды дамыту қажет. Әркім өзінің денсаулығына өзі жауапты. Солай бола тұрса да, бүгінгі күні мемлекет бұл мәселеден шет қалып отырған жоқ. Қазір біз саламатты өмір салтын дамыту үшін, жоғарыда айтқанымдай, ғылыми-зерттеулерге негізделген және халықаралық тәжірибеге сай сауықтыру бағдарламаларын жасауымыз қажет.

Халықты сауықтыру бағдарламасы адамдардың денсаулығын жақсартуға, әр түрлі сырқаттардың алдын алуға, спортпен, дене шынықтырумен үнемі және тұрақты түрде айналысуға бағытталған. Жобаның тағы бір ерекшелігі, ол халықты тек спортқа баулу ғана емес, денсаулығы мықты азаматтарды қалыптастырумен қатар, ерік-жігері мықты, өзіне сенімді азаматтарды тәрбиелеп шыға аламыз. Ендеше, спорт тек дене шынықтыру емес, сонымен қатар тәрбие.

Адамның, әсіресе орта жастағылардың қозғалыс белсенділігінің жүйелі барысы жұмыс қабілеттілігінің мезгілінен бұрын жоғалту мүмкіндігін азайтады және қоғамға елеулі материалдық табыс әкеледі. «Шыныға білмеген, тыныға да білмейді», деп халық текке айтпаған. Сондықтан, бұлшық етті шынықтырып, сондай-ақ тынықтырып та отыру керек. Адам ауыр жүк көтергенде қажиды, өйткені бұлшық ет жұмыс істегенде оттегі мен қоректік заттар көп пайдаланылады. Сөйтіп, заттың алмасуы күшейеді. Егер адам үнемі дене еңбегімен және спортпен шұғылданса, таза ауада тынықса оның қан айналымы жаттығып, қажуды тез арада жойып, мүшелердің қызметіне әсер етеді.

Сондықтан мұндай адамдар төзімді, еңбек өнімі жоғары, сондай-ақ сыртқы ортаның зиянды әсерлеріне және ауру туғызатын микробтарға олардың ағзасы қарсы тұра алады. Олардың бұлшық еттері нағыз, болаттай шыныққан, сүйегі алмастай мықты, көңілі жарқын, денесі мығым, жүріс тұрысы әдемі.

Дене тәрбиесін ұйымдастыруға кететін шығыннан артық болатын оның тиімділігі осыдан көрінеді. Еңбекшілердің дене тәрбиесімен айналысуы нәтижесінде болатын тиімділікті спортпен айналысатын және айналыспайтындардың күндік еңбек өнімділігін, сонымен бірге осы топтардағы сырқаттанушылардың айырмашылығын біле отырып анықтауға болады. Өндіріс кәсіпорындардағы дене тәрбиесінің экономикалық тиімділігін зерттей отырып, еңбек өнімділігінің арту және сырқаттанудың азаюы секілді екі негізгі себептерінің есебінен құралатындығын дәлелдеп отыр. Мұның өзі дене шынықтыру-сауықтыру шараларына спорт ғимараттары мен өзге де құрылыстарды салуға, қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге кететін қаржының тиімділігін көрсетеді.

Адамның жоғарыда айтылған дене қасиеттері мен қабілеттерін қалыптастыру тек қана кәсіби қолданбалы дене даярлығының барысы және спорттық қолданбалы түрлерімен айналысу барысында табысты түрде жүзеге асырылмақ. Ал олардың экономикалық тиімділігі жасалынған жинақталған зертеулермен дәленденіп отыр.

Өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып өндірістік озық технологиясына, еңбектің үдемелі қарқындылығына байланысты еңбек өнімділігігің арттыру болып табылады. Мұнда дене тәрбиесі құралдарымен қалыптасатын және көтермеленетін адамның дене және психикалық мүмкіндіктері көрініс береді.

Мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі, ол бүгінгі ұрпағымыздың дене күштері мен рухани күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісі.

Ұрпағымыз парасатты, сымбатты да сұлу, денсаулықтары мықты болуы тиіс. Болашағымызды тәрбиелеу, орталық жүйке жүйелерін шынықтыру құралдарының қатарына жататын спорт түрлері: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ болып табылады.

Адам спортпен шұғылдану барысында, ең алдымен, өзінің ішкі жандүниесімен, осал тұстарымен, әлсіздіктерімен бетпе-бет келеді. Шынығу ол өзінің өмір сүруіне дамуына, өсуіне кедергі жасап жүрген әдеттерді жеңуге көмектеседі. Сондықтан спортпен айналысуды насихаттау, сауықтыру үрдісін жүзеге асыру мәселелері ерекше назарда. Мемлекеттік органдар, әр түрлі ұйымдар мен жоғары және орта білім беру орындарында тұрақты түрде осы сала бойынша жұмыстар атқарылуда.

Біздің алдымызда, мемлекеттік орган ретінде, бұқара халықты жаппай дене шынықтырумен айналысуға тарту міндеті тұр. Дені сау ел болу- бұл біздің мүддеміз. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті болу идеясы кеңінен насихатталуда. Ол өзінің бастауын ең алдымен денсаулықтан бастайды. Адам ағзасы әр уақытта қандай да болмасын ауыртпалықтарға дайын болуы тиіс. Дене еңбегімен, тіпті, ой еңбегімен айналысатын адамдар жұмыс барысында бірталай күш жұмсайды.

Спорт бір жағынан денсаулық кепілі, екінші жағынан төзімділік қалыптастыру себебі болып табылады. Міне, спорттың осы ерекшеліктерін ескерсек, оның адам өміріне, жалпы қоғамға тигізер пайдасы көп. Халқымыздың ділінде денсаулық туралы ауырған кезде ғана ойлау қалыптасып қалған.

Егер сіз бүгін спорт кешеніне барып, жаттығудан бас тартып, ақшаңызды үнемдейтін болсаңыз, ертеңгі күні одан да көп шығындануыңызға тура келеді.

Бүгінде мемлекет тарапынан спорт кешендерін, мекемелерін, мектептер ашу мәселелері алдыңғы қатарға қойылуда. 2011 жылы елімізде Қысқы Азия ойындары өтті. Соған байланысты инфра-құрылымды дамыту, спорттық шараларды өткізу жұмыстары атқарылды. Бүкіл әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені жөндеуден өтті Бұл салада атқарылып отырған жұмыстардың барлығы халықтың мүмкіндігіне сай болатындай жағдайлар жасауға бағытталуда.

Біздің алдымызда тек спорттық кешендер ғана емес, сауықтыру орталықтарын жасау міндеті тұр. Осыған орай, алдағы уақытта аурухана, емханаларда орналасқан физиотерапиялық емдеу кабинеттерін сауықтыру орталықтарына айналдыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Егер емханалар тек ауруды емдеп қана қоймай, оның алдын алумен айналысатын болса және ол бұхара халыққа қол жетімді болса, онда біз Елбасының дені сау ұлт құру идеясын жүзеге асыра алатын боламыз.

Қазіргі жастардың көпшілігі бос уақыттарын компьютердің алдында өткізгенді ұнатады. Күні бойы отырып, дене еңбегімен айналыспаған баланың толық физикалық дамуын қайдан болсын. Ертеңгі күні дені сау, дене бітімі мықты тұлға болуына кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде медициналық комиссиядан өткен жастардың біразы әскерге жарамсыз болып қалуда. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдар алдында жастарды саламатты өмір салтына үйрету міндеті тұр.

Спорт-денсаулық кепілі. Бүгінде жалпы Қазақстан халқының алдында жоғары білімді, басекеге қабілетті ұлт құру міндеті тұр. Бұл заман талабы, қазіргі өмірдің шарты. Яғни барша Қазақстандықтарды дене шынықтырумен, спортпен айналысуын міндет санаймын. Әр адам үнемі шынығу жаттығуларын орындауға үйренуі керек.

Жалпы мемлекет көп құрылымды, бір-бірімен тығыз байланысқан салалардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Сол жүйенің іс-әрекетін қамтамасыз етіп отырған қозғаушы күштердің бірі-мемлекеттік қызметкер, яғни адам. Қандай да міндеттердің орындалуы адамның мүмкіндіктеріне, әлеуетіне байланысты.

Халқымыз ерте заманнан бері спортқа әуес болғанын білеміз. Ит жүгіртіп, құс салған, ат жаратып, көкпар тартқан, жаяу жарыс, түрлі сайыстар ұйымдастырған. Ата-бабамыз тоғыз құмалақ ойнаған. Халқымызды бір қырынан танытуына атсалысу міндетіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет