Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Өсімдікке химиялық препараттарды қолдану



бет22/22
Дата02.05.2018
өлшемі4,61 Mb.
#40398
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Өсімдікке химиялық препараттарды қолдану. Өсімдіктерді қорғауда улы химикаттарды (пестицидтерді) пайлаланғанда, оларды қолдану ережесінде келтірілген барлық талаптарды мұқият орындау керек. Әсіресе оларды еріткенде, оларды өсімдікті өңдеуге қолданатын уақытын сақтаған жөн. Әсіресе өнім жинау мен ең кейінгі өңдеген уақыттың арасында белгілі уақыт өтуін мұқият қадағалау керек. Улы химикаттар сыртына аттары жазылып, ашылмайтындай етіп оралуы тиіс. Олар балалардың қолына түспейтін, үй жануарлары мен жабайы аңдар кіре алмайтын жерлерде сақталсын. Оларды тағамға, сусынға пайдаланатын ыдыстарда сақтауға болады. Желді күндері улы химикаттарды шашу қауіпті. Оларды өсімдіктерге, бауларға шашқанда көрші өсімдіктерге тимеуін, су қоймаларына, өзендерге, ағынды суға зиян келтірмеуін қамтамасыз етіңіз. Улы химикаттарды ерітуге, қоспа дайындауға гербециттер салған ыдыстарды пайдаланбаңыз. Қажетті мөлшерден артық қоспа дайындамаңыз. Қалғандарын көрінген жерге төгіп тастай алмайсыз. Улы химикаттарды пайдаланып болған соң қолды, құралдарды, мұқият жуыңыз.

Кейбір улы химикаттарды пайдаланғанда, аллергиялық реакция болмас үшін өте сақ болып, резеңке қолғап, маска, қорғаушы көзәйнек киіп алған абзал.

Бау-бақшаңызда зиянды жәндіктермен қатар пайдалылары да бар. Улы химикаттарды пайдаланғанда олар да қырылып кетуі мүмкін. Сондықтан да улы химикаттарды жөнімен, өте ұқыпты пайдаланған жөн.

Пестицидтің түрлері. Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы - фунгицидтерді, ал зиянды жәндіктеріне қарсы - инсектицидтерді пайдаланады. Өздерінің әсерлеріне қарай инсектицидтер бірнеше типтерге бөлінеді. Кейбіреулері контакталы препараттар жәндіктерге нақтылай тигенде жақсы нәтиже береді. Сондықтан ол препаратты өсімдіктің өн бойына себеді. Оның нәтижесі сеуіп болған соң көпке бармайды. Ал системалы инсектицидтер өсімдікке сіңіп сөлімен араласады да өн бойына тарайды. Олар сондықтан да сөлді соратын жәндіктерге - зиянкестерге пайдаланылады. Бұл препаратты барлық өсімдікке себудің қажеті жоқ. Ерітіндіні өсімдіктің тамырының айналасына құяды. Барлық фунгицидтердің мақсаты аурулардың алдын алу не оларды кең таратпау. Сондықтан да оларды аурудың белгісі біліне бастағанда қолданады. Қазір кейбір фунгицидтер аздап болса да системалық әрекеті бар болып шығарылып жүр. Сондықтан олар өсімдіктердің сөліне араласып, өздерінің қасиетін біразға дейін сақтайды.

Улы химикаттарды пайдалану әдістері. Улы химикаттар ұнтақ түрінде себуге арналған қоспа, паста, гранул, сондай-ақ ылғалдайтын ұнтақ, аэрозолдар етіп шығарылып жүр.

Арамшөптермен күрес. Арамшөп біздің көз-қарасымыз бойынша жерге арнайы егілмей шыққан өсімдіктер. Мысалы, былтырғы жылдан қалып қойған картоп биыл егілген сәбізбен араласып шықса да арамшөп. Арамшөптер ауа, су, топырақтағы қорек үшін егілген өсімдіктермен бәсекеге түседі. Өсімдіктің, соның ішінде арамшөптің қалың болып өсуінен аурулар пайда болады. Арамшөптер, сондай-ақ зиянды жәндіктердің ұясы.

Біржылдық және көпжылдық арамшөптер. Бір жылдық арамшөптерге өздерінің өмір циклін бір вегетациялық уақытта өткізетіндер жатады. Ал кейбір тез пісетін арамшөптер бір жазда бірнеше рет пісіп, жетіліп тұқым шашады. Арамшөптің тұқымы көп. Сондықтан да олар топырақта толықтырылып жатады. Көпжылдық өсімдіктер бірнеше жыл өмір сүреді. Олардың тамырлары қысқа шыдамды болып, сол ортаға қалыптасқан.

Көпжылдық арамшөптермен күрес. Күресті күзде, топырақты терең аударудан бастау керек. Қара бүлдірген және таңқурай сияқты бұтақты өсімдіктерді шауып тастайды.

Бақша егілетін жерді екі қайтара аударып, шөп тамырларын жинап, өртеу жөн. Немесе қордаға араластырып, олардың өніп кетпеуін қадағалау керек.



Біржылдық арамшөптермен күрес. Күзде жерді аударар алдында арамшөптерді орып, жерге шашылған көң немесе қордамен араластырып, то-пырақ астына жіберу керек.

Топырақты аударғанда шөптердің өткен жылдардан қалған тұқымы жер бетіне жақындап, көктемде оның көбі өніп шығуы ықтимал. Бірақ кейін топырақты өңдеген кезде олар шабылып кетеді.

Қатар аралықты баптау. Қатар аралықты кетпенмен не кішкене шаппа шотпен баптайды. Әркім өз үйренген құралын пайдаланады. Негізгі талап - құралдың жүзі өткір болсын. Қатар аралықты баптағанда арамшөптер шабылады.

Баптауды құрғақ, жылы күні жасаған жөн. Шабылған арамшөп тез солып, өледі. Арамшөптерді шапқанда пайдалы өсімдікті зақымдап алмаңыз. Зақымдалған жерге ауру үйір. Кетпенмен топырақты терең қазбаған жөн. Әйтпесе жер астындағы арамшөптер жер бетіне жақындап өніп шығуы мүмкін. Өңделген топырақ кеуіп, жабынды рөлін атқарып, арамшөпке тосқауыл болады.



Топырақ жабындау (мульчирование). Арамшөптермен күресу үшін топырақ бетін жабады. Оған тек кепкен топырақ қана емес, қара түсті полиэтилен пленкасы, жақсы шіріген қорда, торф та жарайды. Қара пленка жабылған жерде арамшөп өспей, жер қызып, ылғал да жақсы сақталады. Пленканы жел ұшырып кетпес үшін шет-шетін топырақпен бастырады. Тұқым себерде не қорда жасауда қажетті жерден пленканы тесуге болады. Қара пленка көшеттеген өсімдіктердің тез өсуіне, тез пісуіне ықпалын тигізеді. Бірақ пленканың астында ылғалдың мол болуы зиянды жәндіктердің өсіп, көбейіп кетуіне септігін тигізеді. Бұл іске торфты пайдалануға болады. Кейін топырақты аударып қазғанда торф топырақ құрылымын жақсартуға ықпал еткендігін көруге болады. Бірақ жабынды есебінде сабанды пайдаланбаңыз.

Арамшөптермен химиялық құралдармен күресу. Бұршақ, үрмебұршақ, картоп егілген жерлерде бір жылдық арамшөптермен линуранды пайдаланып күресуге болады. Ал сельдерей, аскөк, петрушка себілген жерлердегі арамшөптерге қарсы прометрии пайдаланылады. Капуста өсіп тұрған жердегі қосжарнақты арамшөптерді құртуға семероп препаратын қолданады.
Аннотация. В статье любителям-садоводам предлагаются рекомендации по выполнению работ в саду в период осеннего сезона, предупреждению болезней растений вызываемых насекомыми; рекомендаций по применению химических препаратов; меры по борьбе сорняками.

Annotation. Article fans-gardeners offered advice on work in the garden during the fall season, the prevention of plant diseases caused by insects; recommendations on the use of chemical products; measures to control weeds.
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Жарияланым төмендегі элементтерден тұрады:

а) ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу)

б) мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен);

в) авторлар туралы мәлімет;

г) мақаланың мәтіні;

д)  әдебиеттер тізімі (5-10);

е)  ан­но­та­ция.

Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word 2003, 2007 редакторында немесе соған сәйкес редакторларда терілген 3-10 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде тапсыруға болады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: KZ Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1, параметрлері барлық жағынан – 2см.

Мақала төмендегі құжаттармен қоса ұсынылуы қажет:

- Редакцияға келіп түскен материалдарда ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ұйымның мөрі басылған пікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды.

- қазақ тіліндегі мәтін үшін – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; орыс тіліндегі мәтін үшін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; шетел тілдеріндегі мәтін үшін – қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

- автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, мүмкіндігінше – факс және e-mail.

Мақала төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

- сол жақ жоғарғы жағында ӘОЖ индексі, екінші бас әріптермен (қою шрифтпен) – мақаланың тақырыбы, үшінші жолда ортасында автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты жазылады, екі интервалдан кейін негізгі мәтін жазылады.

- әдебиеттерге жасалған сілтемелер дәйектемеден (цитата) кейін, төрт бұрышты жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сәйкес нөмермен көрсетіледі. Дәйектемені (цитата) беру үлгісі [10,81б.]. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. мақаланың ең соңында беріледі. Әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемесі беріледі.

Кескіндемелер (кестелер, схемалар, диаграммалар) жеке А4 парағында компьютерде немесе анық сызба (тушпен) түрінде орындалуы қажет. Суреттің нөмері қағаздың сырт жағында қойылады және қай бетке және қай жерге орналасатындығы жазылады. Математикалық формулалар Microsoft Equation объектісі ретінде теріліп, беріледі.

Сілтеме жасалатын формулалар ғана нөмірленуі қажет. Графикалық материалдар 5-суреттен аспау керек.

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды және авторға кері қайтарылады.

Журналдың бір нөмерінде автор бір рет мақала жариялайды, екінші рет тек басқа автормен бірігіп ғана жариялай алады. Бір мақаланың авторы 3-ден аспау қажет.
УСЛОВИЯ ОФОРМЛЕНИЯ СТАТЬИ
Пуб­ли­ка­ция со­сто­ит из следующих обязательных эле­мен­тов:

а) УДК (универсальная десятичная классификация)

б) за­гла­вие ста­тьи;

в) об ав­то­ре (све­де­ния)

г) соб­ст­вен­но текст ста­тьи;

д) спи­сок ли­те­ра­ту­ры (не менее 5 и не более 10 названий);

е) ан­но­та­ция.

При написании и оформлении статей для печати редакция журнала просит придерживаться следующих правил для авторов.

Статья может быть представлена на казахском, на русском или иностранном языках в объеме 3-10 страниц формата А4, включая таблицы, иллюстрации, список литературы. Материал статьи обязательно должна быть в электронном варианте. Рукописи большего объема принимаются по специальному решению Редколлегии. Гарнитура для текстов – KZ Times New Roman, размер шрифта – 12, интервал – одинарный, поля с каждой стороны – 2 см. Статья оформляется только в текстовом редакторе Microsoft Office Word 2003 или 2007.

Статья должна сопровождаться следующими документами:



  • Материалы, направляемые в редакцию, должны иметь внешнюю (стороннюю) рецензию кандидата или доктора наук (с указанием полных сведений о рецензенте), подписанную и заверенную печатью организации (отделом кадров). Рецензент несет ответственность за содержание статьи, достоверность представленных материалов. Рецензия доктора или кандидата наук для авторов, не имеющих ученую степень. Наличие положительной внешней рецензии не является достаточным основанием для публикации статьи. Окончательное решение о целесообразности публикации принимается редколлегией журнала.

  • аннотация для текстов на казахском языке – на русском и английском, для текстов на русском языке – на казахском и английском; для текстов на иностранном языке – на казахском и русском.

  • резюме автора: Ф.И.О., должность, место работы, домашний и служебный телефоны, по возможности – факс и e-mail.

Статьи должны быть оформлены в строгом соответствии со следующими правилами:

  • На первой странице вверху по левому краю – индекс УДК, на второй строке – прописными буквами – название статьи, на третьей указываются инициалы и фамилия автора(ов), после которого через двойной интервал печатается текст статьи.

  • Список литературы дается в конце статьи. Список литературы для оригинальной статьи – не более 10 источников. Список литературы составляется в алфавитном порядке – сначала отечественные, затем зарубежные авторы. Если ссылку приводят на конкретный фрагмент текста документа, в отсылке указываются порядковый номер и страницы. Сведения разделяются запятой. Например: В тексте: [10, с. 81], В за текстовой ссылке (Список литературы): 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. 

  • После списка литературы представляется резюме на казахском, русском и иностранном языках.

Иллюстрации (графики, схемы, диаграммы) должны быть выполнены на компьютере или в виде четких чертежей (тушью) на отдельном листе формата А4. Математические формулы должны быть набраны как объект Microsoft Equation.. Количество графического материала должно быть минимальным (не более 5 рисунков).

Статьи, оформленные с нарушением требований, к публикации не принимаются и возвращаются авторам.

В одном номере журнала автор имеет право публиковаться один раз, второй раз в соавторстве. Рекомендуемое количество авторов одной статьи – не более трех.
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

ВЕСТНИК ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ЖУРНАЛ
15

2013

(шілде - тамыз - қыркүйек)


Медиа орталығының жетекшісі:

Кожимбетова Р.Қ.,


Редактор:

Райымбекқызы А.


Мұқаба дизайны:

Осерова Ж.Н.


Техникалық редактор:

Кузембаева Н.Б.,

Абдраманов А.Е.,

Иващенко В.Н.


Корректор:

Шымбекова Н.Е.


Теруге 09.09.2013 ж. жіберілді.

Басуға 16.09.2013 жылы қол қойылды.

Пішімі 210 х 297 1/16. Офсеттік қағаз.

Бағасы келісім бойынша. Есепті беті 14; Шартты беті 12

Таралымы 100 дана. Тапсырыс №375

Сдано в набор 09.09.2013 г.

Подписано в печать 16.09.2013 г.

Формат 210 х 297 1/16. Бумага офсетная.

Цена договорная. Уч. изд.л. 14; Усл.п.л. 12

Тираж 100 экз. Заказ № 375



ТарМПИ, Баспа және дизайн секторы

080000, Тараз қ., Төле би к., 62






Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет