Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет21/22
Дата02.05.2018
өлшемі4,61 Mb.
#40398
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Таблица 1.

Выделившиеся по устойчивости к твердой головне и ржавчине линии

пшеницы из коллекционного и селекционного материала


Каталог


Страна


Название сорта и линий


Происхождение

Твердая головня, %

желтая

бурая

909/1070




Selton-2б




2

R

R

54695

Франция

Variceta




2

R

R

50316

Франция

ES 91




0

R

R




США

Lagger




0

R

MR




США

Atay




5

R

R




Краснодарский НИИСХ

АД-60

тритикале

5

MR

R




Краснодарский НИИСХ

Краснодарская зернокормовая




3

R

R




Краснодарский НИИСХ

529/505




4

R

R

8081-4

Казахстан

Линия




5

R

R

4146-6

Казахстан

Линия

Полукарлик 49 х (резист х гранат)

10

R

R

11763

Казахстан

Линия

1959 (Б-56 х Без 2) х Карлыгаш

12

R

R

17417

Казахстан

Линия

Жетысу х Заря

11

R

R

17445

Казахстан

линия

Ырым х Заря

10

MR

M

2737

Канада

VX СНГ

4107 (Мексика) х АД206

10










Канада

Serros 7




5

R

R

1075

КазНИИЗ

Линия

2440-41-187

2

R

R

2440-41-187

КазНИИЗ

линия

8068 (М-Б-1 х Мир808) х 6926

5

MR

MR

1071

КазНИИЗ

Мутанит 454




7

R

R

1115

КазНИИЗ

Линия

1973 х Красновод 210

3

MR

MR

1157

КазНИИЗ

Линия

10979 х 2440-48-214

4

MR

MR

1129

КазНИИЗ

Линия

1973-72б х БОб-56

5

MR

MR

1125

КазНИИЗ

Линия

1973-201 х прогресс

5

MR

MR

12191

КазНИИЗ

Линия

10983 х 2440-48-214

5

MR

R

В результате изучении из гибридной популяции: [1973 (7756 х Церрос-7) х Богарная-56, 8068 (И213708 х Безостая-1), 1805 (Безостая-1 х Зерноградская) х 6184] выделены линии, устойчивые к твердой головне из лаборатории иммунитета растений (ИР) 558-28-85, ИР554-201-85, ИР573-27-85, ИР552-85 и ИР633-85-25, Л-1125-86, Л1126-86, Л1129-86 и др. А также заложены 140 линии полученных с участием сорта Церрос-7. Из них 70 линий не поражались твердой головней, 64 поражались в слабой степени (до 20%). Наибольший интерес для селекции на устойчивость к твердой головне представляют выделенные линии: 1973-201-4б/1.2.3.4.5; 1973-201-3б/1-7; 1973-28-4б/1-12; 1973-28п-8б/1-5 и 1973-72-7б/1-3. Носителем устойчивости к возбудителю твердой головни у выделенных линий является сорт Церрос-7 из Канады. Слабо поражались выделившиеся линии из сорта Даста 6/1…6, Даста 1/1…8 и Даста 8/2.

Гибридные линии при скрещивании Богарная-56 х 271142 (Израиль), Кавказ х Богарная-56, Богарная-56 х Красноводопадская-210, Альбидум х Богарная-56 и Богарная-56 х И274595 (Югославия) и другие поражались свыше 27…80% и относятся к группе восприимчивых. Эти гибридные популяции в дальнейшем не имели интереса для селекции на устойчивость к твердой головне.

Из изученных гибридов по озимой пшенице с комплексной устойчивостью к четырем видам болезни были выделены 8 линий, из них два отличались высокой устойчивостью к твердой головне, желтой, бурой и стеблевой ржавчине. Особый интерес для селекции на иммунитет представляли линии выделенные из комбинаций: Г-2705 (Кавказ х Богарная- 56) х Г-4418-1, П-01 х Г-4418-1, Г-12016 [2098-86 (Одесская-51 х Днепровская-521) х Г-2948-32 и Г-2489-125 (Богарная-56 х Донорская-65) х К-4418].

Из питомника конкурсного испытания, устойчивым к твердой головне оказался только Мутант-4147 с поражаемостью до 2%. Относительно устойчивыми выделились такие номера: 2440-37 (14%), ЦГ-347 (12%), 2171-24 (15%) и 2440-48-194 (21%). Все остальные номера КСИ поражались в очень сильной степени и характеризовались как сильно воспримчивые сорта к твердой головне. Из селекционного питомника к практически устойчивым были отнесены следующие линии: 1973-201, 2310-111, 8734-2 и 2171-24.

Иммунологическая характеристика районированных сортов показала, что все без исключения сорта сильно поражаются твердой головней. Среди них наиболее восприимчивыми сортами оказались Днепровская-521 (75%), Богарная-56 (90%), сравнительно меньше поражались Мироновская-808 (60%), Карлыгаш (52%), Безостая-1 (65%), ОПАКС-1 гетерогенно поражается (от 20 до 65%), Прогресс (60%). Устойчивыми сортами к твердой головне (до 10%) выделено: Selton, Serros-7, Кзыл-бас, Мутант -451 и селекционные номера 2440-41-87, 1871-133, 1973-72, 2464-27, 1973-201п, 11859 и др.

Из изученных мировой коллекции и гибридов по озимой пшенице с комплексной устойчивостью к четырем видам болезни были выделены 10 гибридных популяции, из них два отличались высокой устойчивостью к твердой головне, желтой, бурой и стеблевой ржавчине. Особый интерес для селекции на иммунитет представляли популяции выделенные из комбинаций: Г-2705 (Кавказ х Богарная- 56) х Г-4418-1, ППГ-01 х Г-4418-1, Г-12016 [2098-86 (Одесская-51 х Днепровская-521) х Г-2948-32 и Г-2489-125 (Богарная-56 х Донорская-65) х К-4418].

Иммунологическая характеристика районированных сортов показала, что все без исключения все сорта сильно поражаются твердой головней. Среди них наиболее восприимчивыми сортами оказались Днепровская-521 (75%), Богарная-56 (90%), сравнительно меньше поражались Мироновская-808 (60%), Карлыгаш (52%), Безостая-1 (65%), ОПАКС-1 гетерогенно поражается (от 20 до 65%), Прогресс (60%). Устойчивыми сортами к твердой головне (до 10%) выделено: Selton, Serros-7, Кзыл-бас, Мутант -451 и селекционные номера 2440-41-87, 1871-133, 1973-72, 2464-27, 1973-201п, 11859 и др.


Список литературы:

1.Гешеле Э.Э. Основы фитопотологической оценки в селекции растений.-М.: Колос, 1978.

2.Гешеле Э.Э. Оценка головнеустойчивости в селекции пшениц //Научные труды Всесоюзной селекционно-генетического инс. – Одесса, 1962.-С.161-168.

3.Джиембаев Ж.Т., Ишпайкина Е.И. Головня хлебных злаков и борьба с ней.-Алма-Ата: Казгосиздат, 1955

4.Сарбаев А.Т., Жангазиев А.С. Модифицированный метод создании инфекционного фона КазгосИНТИ,1995.

5.Койшибаев М. Зависимость распространения и развития болезней от погодных условий. //Болезни зерновых культур.-Алматы: Бастау, 2002.

6.Джиембаев Ж.Т., Ишпайкина Е.И. Головня хлебных злаков и борьба с ней.-Алма-Ата: Казгосиздат, 1955.

7.Ишпайкина Е.И., Пушкарева В.М., Джиембаев Ж.Т. Твердая головня пшеницы в Казахстане //Труды Казахского НИИ защиты растений.-Алма-Ата: Кайнар, 1972

8.Койшибаев М. Обзор фитосанитарного состояния сельскохозяйственных культур в 1990 г. и прогноз на 1991г.-Алматы, 1991.
Аннотация. Бұл мақалада қыстық жұмсақ бидайдың гибридтық популяциясы мен әлемдік коллекциясын бағалау жайы қарастырылады.

Аnnotation. Teacher’s autonomy is essential for ensuring a learning environment which addresses students’ diverse needs.

ӘОЖ 582

Қ 78
БАУ - БАҚШАДА КҮЗДЕ ІСТЕЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
С.Қ. Құсайынова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
(Басы №14 санында)

Күзде келіп, күн қыскарып, салқындай бастады. Бағбанға күннің әр сағаты қымбат. Бау-бақшаны қысқа дайындау керек. Келесі жылы бау ағаштарының жақсы гүлдеп, мол өнім беруі үшін жасалатын жұмыстарды қысқаша айтып кетейік.

Әрбір әуесқой бағбан бауда, бақшада, гүлбағында істелетін жұмыстарды дер кезінде жасап отыру керектігін жақсы түсінуі тиіс.

Солтүстік облыстарда ертерек қамданып, оңтүстік облыстарда кештеу колға алады. Бірақ жылдың ерекшелігі, ауа райы да ескерілуі тиіс.

Күз айларында ағаштар, бұталар мол өсіп, тамырлары да бекиді. Сондықтан күзгі судың маңызы ерекше. Топырақ неғұрлым ылғалды болса, қыста ағаштар үсу қаупінен сақталады. Егер күз құрғақ болса, онда ересек алма, алмұрт ағаштарына 30-40 шелек, шие мен қара өрікке әр түбіне 15-20 шелек, таңқурай, қара қарақаттың бір шаршы метріне 5-6 шелектен су құйған жөн.

Ағаштарды, бұталарды қоректендіруді де бастау керек. Ең жақсы мезгіл ол үшін қазан айы. Әр ағаштың жанынан төрт жерден казып, соған торфтан қорда жасап, оған бір стакан нитрофос қосып жасалған ертіндіні әр ағаштың түбіне бір шелектен құйсаңыз жеткілікті.

Бұдан басқа ағаштың тамырларының жайылған шекарасынан айнала арық қазып, соған фосфор, калий тыңайтқыштарын салсаңыздар да болады. Азот тыңайткыштарының ішінде сульфатаммоний оңды. Ол топырақтан еріп, басқа жаққа ағып кетпейді. Оны ағаш тамырларының шекарасынан тысқары жарты метр жерге сеуіп, тырмалап жіберу керек. Бір шаршы метр жерге бір ас қасық тыңайтқыш енгізіледі.

Талдардың түбіндегі бұрын қазылған скважиналарға 10 литр суға бір ас қасық хлорлы калий, үш ас қасық суперфосфат қосып араластырып құйған жөн.

Жемісті бұталардың тамырлары зақымданбас үшін айырмен айнала жырашықтар жасап, қоректік затты соған құю керек.

Таңкурайдың тамырының түбін аудармай, сәл ғана көпсітіп көң салу керек. Оның айналасына сабан, ағаш ұнтақтарын салмаңыздар. Оған тышқандар үйір.

Бірінші суық түскенде таңқурайдың бұтақтарының басын жерге иіп, сәл бастырыңыздар, қыста қармен бастырсаңыз, ол үсімейді.

Бүлдірген, құлпынайға 10 литр суға екі стакан ағаш күлін ерітіп, дезинфекция үшін оған марганцовка ертіндісін қосып құйған жақсы. Түптері нашар болса садыра құйған дұрыс.

Ағаш жапырағы түсіп жатқанда не соның алдында 10 литр суға 500 грамм мочевина қосып, бұтақтарға себу керек. Бұл жұмыстың бір жақсысы жапырақтардағы зиянды жәндіктер өледі, екінші жағынан бұтақтар арқылы ағаш қоректенеді. Жерге түскен жапырақтарға 10 литр суға 100 грамм мыс купоросын не 500 грамм темір купоросын қосып сепкен дұрыс.

Қарлыған мен карақаттың жапырақтары түсер алдында 10 литр суға 600 грамм темір купоросын қосып сепкен пайдалы.

Жапырақтарды зиянды жәндіктерге қарсы шаралардан өткеннен кейін ғана пайдалануға болады. Олардың қалыңдығын 10-15 см етіп ағаш, бұталар, көпжылдық гүлдер түптеріне жылу ұстағыш ретінде үйіп тастаңыз. Оларды ағаштарды айнала қазылған арықтардың ішіне төгіп, көміп тастаса, келе-келе олар шіріп тыңайтқышқа айналады.

Жапырақтары түсіп болған ағаш бұтақтарын қалған-құтқан зиянды жәндіктерден, ластан шөткемен, қатты брезент, кенеп сияқты шүберектермен ысқылап тазалау керек. Ағаш қабықтары жарылса не тесілсе 10 литр суға 500 грамм темір купоросын, не 100 грамм мыс купоросын ерітіп зақымданған жерлерді тазалап, сылап тастау керек.

Жеміс ағаштарының негізгі бұтақтарын бірнеше қабатталған қағазбен орап, жіппен байлап жылытқан жөн. Ал ағаштың төменгі жақтарын қоян, тышқандар кеміріп кетпес үшін рубероидпен, қара қағазбен, кенеппен бірінші бұтаққа дейін орап қою керек. Жас бұтақтарды жоғары, топтастырып байлап қойған дұрыс. Сонда қар көп жауған жағдайда бұтақтар сынып кетпейді.

Зақымдалған, қырқылған, сондай-ақ кепкен бұтақтарды, арамшөптерді, баудан алысқа шығарып тастау керек. Сонда олар зиянды жәндіктердің қонысына айналмайды. Ағаштың түптеріне тышқан жоламас үшін бір шелек суға 500 грамм креолин қосып, айнала себуге болады. Ертеректе бұл мақсатқа жалбызды да пайдаланған.

Күз - қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы жеміс бұталарын отырғызудың жақсы мерзімі.

Қарақат бұтасын көшеттеу. Қара қарақат ылғалды, құнарлы жерде жақсы өседі. Қызыл және ақ қарақат құрғақтау, сондай-ақ күн сәулесі мол түсетін жерді қалайды. Бұта түптерінің бір-бірінен ара қашықтығы 1,25-1,5 метр болу керек. Отырғызған шұңқырдың тереңдігі 30 см, ал диаметрі 50-60 см болғаны жөн.

Шұңқырға жердің жоғарғы қабатындағы құнарлы топырақты тыңайтқыш қосып салу керек. Қара қарақат отырғызатын бір шұңқырға 0,5-1 шелек көң, не 1-1,5 шелек қорда, 20-30 грамм хлорлы калий, 200 грамм суперфосфат, 300 грамм ағаш күлін араластырып салған дұрыс. Жердің қышқылдығына қарай 100-200 грамм әк қосу керек.

Қызыл, ақ қарақатқа фосфорлы және калий тыңайтқыштарының есебін бір жарым есе көбейтіп, әктің орнына 200-300 грамм доломит қосады.

Бұтақты отырғызар алдында оның тамырын мұқият қарап шығып, ауру, кепкендері болса қырқып тастау керек. Тамырды көшеттер алдында сұйық лайға батырып алған дұрыс. Көшетті питомниктегідей 5-8 см тереңірек отырғызу керек. Осылай көшеттегенде бұтақта қосымша тамырлар пайда болады да бұта нәрді жақсы алып өседі.

Көшетті екі адам отырғызған ыңғайлы: бірі қисайтып ұстап тұрса, екіншісі тамырларын реттеп, топырағын салып көмеді.

Бұта тамырының маңайында қуыс қалмай, топырақ жақсы тапталуы тиіс. Бұтаның айналасын шұңқырлап, оған жарты шелек су құйып, бетіне құрғақ топырақ не торф салу керек. Әр бұтақта екі-төрт бүршік қалдырып, кесіп реттеу керек.

Қарлығанды негізінен күн мол түсетін, көңі мол, сондайақ қара топырақты жерге отырғызған дұрыс. Құмды жер болса көшет отырғызар алдында жеткілікті мөлшерде көң салу керек. Қарлыған жартылай көлеңкелі жер болса да өсе береді.

Көшет отырғызатын шұңқырдың тереңдігі 30 см, диаметрі 40-45 см болу керек. Шұңқырды қарақат көшетін отырғызуға қалай дайындасаңыз, бұған да солай дайындау керек. Тек әк салынбайды.

Бұталардың қатар аралығы 1,5 м болуы тиіс. Көшетті қатар жаққа қисайтыңқырап, питомниктегідей 3-5 см тереңдеу отырғызу керек. Бірақ саздақ топырақты және ылғалы мол жерге тамырды тереңге жібермеу керек. Ол зиян, өспей немесе тамыр шіріп те кетуі мүмкін.

Көшетті отырғызып болған соң бар бұтақтардың ұзындығын 20 см асырмай 2-4 бүршік қалдырып кесу керек. Сонда өсімдік бойынан ылғалды кем шығарады да, бұталар қомақты болып жайылады. Бұтаның түбіне су құйып, бетіне құрғақ топырақ, не торф (көң) салу керек.

Таңқурай жарық жақсы түсетін, құнарлы, көпсітілген, ылғалы мол жерге көшеттелген дұрыс. Егер жер биіктеу болса қыста қар тоқтамай, таңқурайдың тамырлары тоңнан үсіп кетуі мүмкін. Ал ылғал аса мол болса, бұта тамырлары шіріп кетеді.

Таңқурайды отырғызар алдында жерді терең етіп аударып, көң салып, қышқылы мол жер болса, әк салып баптайды. Шұңқыр 35 х 35 см, тереңдігі 25 см болуы тиіс. Оған 3-4 кг көң немесе қорда, 50- 60 г суперфосфат, 180-200 г ағаш күлін қосып, топырақпен мұқият араластыру керек. Көшетті отырғызар алдында бұтаның биіктігін 20-30 см етіп қырқып, тамырын сұйық лайға батырып, онша терең отырғызбау керек.

Тамырларды жақсылап жазып, көшеттеп, топырақты таптап, суды мол құйып, бетіне топырақ не торф себіңіз.

Көкөніс егілетін жерді күзде келесі жылға жақсылап дайындау керек. Органикалық тыңайтқыштарды - қорда, көң, шіріген торфты мол салу керек. Жерді кесек-кесек етіп тереңдігін 25-30 см аударған жөн. Сонда ол жер жақсы қатады, әрі көктемде ылғал көп жиналады.

Петрушка, әшкөк, пиязды күзде сеуіп, топырақта қалдыру керек. Олар қар астында жақсы қыстап шығады. Көпжылдық көкөністерді - пияздың көпжылдық түрін, қымыздықты, рауғашты минералды тыңайтқышпен қоректендірген жөн.

Топырақтың салқындығы нақты - 2-3 градусқа жеткенде салат, аскөк, пияз, қызылша, петрушка, саумалдық, шалғам, сәбіз және әшкөк тұқымдарын топыраққа себуге болады.

Гүл бағында істелетін жұмыстар. Қазан айының ақырында раушан гүлін қысқа дайындауды бастау керек. Итмұрын гүлі қысқа шыдамды, ал раушанды көмбесе, қыста үсіп кетуі ықтимал.

Алғашқы суықтан соң раушанның бұтақтарын қырқып, тәртіпке келтіріп қойған жөн. Оларды әр түрлі жерден 15, 20, 25 см биіктікте қырыққан дұрыс. Көк бұтақтарды (жетілмегендерді) бәрібір үсіп кететіндіктен түбіне тақап қырқу керек. Түспеген жапырақтарды жұлып, не қырқып тазалаңыз.

Раушанды көмерден бірнеше күн бұрын бұтақтарға 1 проценттік бордос сұйығын не 4-5 проценттік темір, не мыс купоросын шашқан дұрыс. Ол раушан бұтақтарын аурудан сақтайды.

Топырақтың тоңы шамамен 5 см жеткен кезде раушан бұтақтарын көміп не орап тастау керек. Оның бірнеше әдісі бар.

Ең қарапайымы - кесілген түптерін құрғақ топырақпен, торфпен не құрғақ емен жапырақтарымен, биіктігі 20-25 см етіп көмеді. Тағы бір әдіс - құрғақ ауа әдісі. Өсімдіктің үстіне темірден, не ағаштан қаңқа істейді де, оны буылған қамыспен не параллонмен, не қалың қағазбен бірнеше қабат етіп жабады да, сыртынан су өтпес үшін полиэтилен пленкасымен не қара қағазбен қымтайды. Бұл әдістің бір жақсысы мұның ішінде ауаның жылылығы бір деңгейде болады, ауа да өсімдікке бірқалыпты жетіп тұрады.

Тағы бір әдіс. Раушанның түптері жеке-жеке тұрған болса, әрқайсысының бұтақтарын жіппен жинақтап байлап, тығыз нәрседен «қалпақ» кигізіп, сыртынан пленкамен жабу керек.

Қазан айының ортасында қызғалдақты, басқа да түйнегінен өсетін гүлдерді отырғызуды, көпжылдық гүлдерді көшеттеп отырғызуды аяқтаған дұрыс.

Қызғалдақтарды ТМД-нің территориясында төмен, мерзімдерде отырғызу керек: солтүстік жақтарда қыркүйектің – 5-25-сі, орталық аймақта -қыркүйектің 15-і мен қазанның 5-і аралығында, оңтүстікте - қазанның бірі мен қарашаның 15-і аралықтарында.

Қазанның бірінші жартысында гладиолустың түйнектерін қазып алу керек те, құрғақ жылы (25-30 градус) бөлмеде кептірген жөн. Сосын жақсылап тазалап, марганцовка ертіндісіне батырып алып, кептіріп, қорапқа немесе дәкеден тігілген дорбаға салып сақтау керек. Сақтайтын бөлме құрғақ, жылылығы 4-8 градустан аспасын.

Тұрақты суық түскенше кан мен георгина гүлдерінің түйнектерін қазып алып тазалап, кептірген соң әк ертіндісіне (бір литр суға 200 гр әк) батырып, тағы да кептіріп, подвалда не салқын бөлмеде сақтау керек.

Пион, иристерді, дельфиниум, флокс, басқа да көпжылдық гүлдерді мол тыңайтқыш беріп қоректендіріп, мыс тотығының хлорлы ертіндісін шашып, қысқа дайындайды.



Өсімдік аурулары мен зиянды жәндіктерге қарсы күрес. Ақ шірік - пиязға түсетін ауру. Өсімдіктің сабағының түп жағында ақ үлпілдек сияқты пайда болып, тез арада жапырақ ауысады да, өсімдік өледі. Ауырған сабақтарды тез арада жұлып, өртеу керек. Басқа өсімдіктерге түскен ауруды бордос сұйығымен өңдеуге болады. Ал пияздың сабақтары пайдаланылатын болғандықтан ол дәрі бұған себілмейді.

Вирусты аурулар. Таңбаланып, жапырақтарды ширатып, өсімдікті өсірмей қояды. Вирус ауруына көп шалдығатындар кәді, сельдерей, салат, бәрінен помидор т.б., өсімдіктер ауруын қоздыратын өсімдік биті. Сондықтан осы зиянкестерді құртумен алдын ала айналысу керек. Сондай-ақ вируспен ауырған өсімдіктерді құртып, өртеу қажет.

Бұдан соң қолды, құралдарды тазалап жууды ұмытпаңыз.



Кила (түйін) ауруы тамырда болады. Әсіресе капуста тұқымдас өсімдіктерді өсірмейді (шалғам, капуста, қыша), құртады. Бұл ауру қышқылды топырақтарда көп кездеседі. Сондықтан да ол жерлерге әр шаршы метрге 400 грамнан әк салып отыру керек. Жыл сайын аз-аздап әкті пайдалану керек. Өсімдік түйін ауруына шалдықпас үшін көшеттер алдында тамырын биномил сұйығына батырып алған жөн.

Тамыр шірігі әртүрлі грибоктардан (зең саңырауқұлақтары) пайда болады. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамыры шіріп тынады. Ауру алғашқы біліне бастағандықтан өсімдікті цинаба сұйығын құйып емдеу керек. Ауруы асқынған өсімдіктерді тез өртеу керек. Тамыр шірігі қояншөп өсімдігіне топырақтағы грибоктардан жұғады. Бұл аурумен ауырған өсімдіктің тамыры бұтасымен жалғасқан жері шіріп, өсімдік сарғайып қурайды. Ауру өсімдік түбінде қызыл өрмектей болып, торланып басталады. Егерде қояншөпте ауру енді басталса, оны басқалардан (қатты полиэтилен пленкасын 30 см жерге көміп), бөліп қою керек. Ауру асқынса өсімдікті өртеп, қояншөпті басқа жерге отырғызу қажет.

Ақ ұнтақ. Бұл ауру қиярға, кәді өсімдіктеріне үйір (қиярдың өзімізде шығарған «Конкурент», «Легенда» атты сорттары бұл ауруға шыдамды). Өсімдік ауруға шалдықса тамыры қурап, жапырақтарда ақтаңдақ пайда болады. Ауру пайда болғаны біліне бастаса - НАТ препаратымен өңдейді.

Картоп паршасы. Егер топырақта ылғал, гумус жеткіліксіз болса, сондай-ақ қышқылы көп жерде бұл ауру шығады. Топырақта гумусты көбейтсе, құрғақшылықта өсімдікті мол суғарса, ол аурудан құтылуға болады. Қазіргі кезде оған қолданатын химиялық препарат жоқ.

Пероноспороз. Бұл ауру салат, пияз, саумалдық жас капусталарға үйір. Өсімдік сирек отырғызылып, сирексіту ертерек өткізілсе аурудың болмауына кепіл. Өсімдік ауруға шалдықса, онда хлорлы мыс тотығын шашасыз (қияр мен пиязға пайдаланылады). Бордос сұйығы да пайдалы (капуста, пияздың жапырақтары пайдаланылса бұл препарат қолданылмайды).

Тамыр үстінің шірігі. Өсімдік тығыз тұрғанда, сондай-ақ ылғал өте көп болса бұл ауру пайда болады. Теплицадағы стерилизация жасалмаған топырақта, қордада пайда болады. Себілген тұқым өліп қалады. Аурудың пайда болмауына жасалатын амал - тұқымды буланған қордада сирек себу. Ауру енді пайда болса - ауру өсімдіктерді құртып, жерді каптан немесе цинеба сұйықтарымен суғару керек.

Жапырақ таңба.Капустаның түрлері, асханалық және жапырақты қызылша осы ауруға шалдығады да, ескі жапырақтарында дөңгелек қоңыр таңбалар пайда болады. Бұл ауру әсіресе ауа ылғалды кезде, өсімдік қалыңдағанда қауіпті. Жапырақтардың таңбалануы капустаға өте қатты зиян келтіреді. Ауруға шалдыққан жапырақтарды жинап, құрту керек. Аурудың алдын алу үшін өсімдікті дер кезінде сирексітіп, егістің ауыспалы танапты жүйелілігін ретке келтіру керек.

Ботташық рагі. Өсімдіктің жапырағының - түбі, тамырдың бас жағы шіри бастаса осы аурудың белгісі. Бұл аурумен күресудің жақсы тәсілі әлі табылған жоқ. Егер ботташық әр жылы жерін ауыстырып ексе, топырақ терең өңделсе, онда аурудың пайда болу қаупі азаяды. Бұл ауруға эвонрезистер сорты шыдамды.

Сұр шірік. Көкөністің әр түрлі өсу фазасында, пісіп тұрғанда да бұл ауру жабыса береді. Өсімдік неғұрлым қалың болса солғұрлым осы ауруға шалдыққыш. Ауруға шалдыққан өсімдіктің бұтақтары, жапырақтары, жемістері тез шіріп, сұр-қоңыр таңбалар пайда болады. Өсімдіктерді ауруға шалықтырмас үшін жүйектерде барынша сирек отырғызуға тырысу керек. Теплица болса жақсы желдетілетін болсын, ауруға шалдыққан өсімдіктерден тазартылсын.

Склеротиния. Көптеген өсімдіктерді сондай-ақ сәбіз, қияр сабағы мен тамырын бүлдіреді. Тамырлы өсімдіктерді қысқа сақтағанда оларды да шірітеді. Ауруға шалдыққан өсімдікті жұлып, өртеп жібермесе, топырақта қалып, келесі жылы өсімдікті ауруға шалдықтырады. Бұл аурумен күресетін химиялық препараттар жоқ. Ал аурумен күресуге агротехникалық іс-шараларды уақтылы дер кезінде жүргізу керек.

Угловатый бактериоз. Тұқымнан тарайтын бактериялы ауру жапырақтарда нүкте-нүкте болып көрінеді, айналалары дөңгелектенеді. Бұл аурумен нәтижелі күресетін тәсіл әзір жоқ. Өсімдіктен өнімді жинап болған соң бұталарын өртеп жіберу керек.

Фузариоз. Бұл ауру тек картопқа емес, помидорларға да жабысады. Ауру жапырақтарда, бұтақтарда, картопта өрбіп, оларды істен шығарады. Бұл аурумен күресудің басты амалы - тұқымды тереңірек отырғызып (12-14), уақтылы топырақты көпсіту керек. Сондай-ақ маусым айынан ол жерді поликарбоцинмен не бордо сұйығымен өңдеген жөн. Картопты қазып алар алдында бұталарды отап тастаңыз. Егер жалпы массив осы ауруға шалдықса, осы ауруға төзімді басқа сорттарын отырғызу керек.

Осы ауруға шалдыққан помидорға жаз айының ортасында бордос сұйығын себу керек. Салқын, жаңбырлы кезде себуді екі-үш аптада қайталап отырған жөн.



Қара сирақ. Бактериядан өрбитін ауру. Маусымның алдында ауруға шалдыққан жапырақтар сарғайып, түбінен шіри бастаған бұталар құлап, көкөністің өңі кетеді. Бірақ бір түпте бір-екі сау бұталар да болуы ықтимал. Картоп бұталары түйнектемей-ақ солады. Ал түйнек байласа онда түйіннің іш жағында, кіндігіне таман қара не қоңыр түсті жалқаяқ пайда болады. Ауру өсімдіктерді тезірек құрту керек. Ауруға қатты шалдыққан картоптар қысқа сақтағанда шіріп бітеді, ал ауруға аздап қана шалдыққанын сырттай ажырата алмайсыз да, олар көктемде егілсе, онда ауру қайта қозады.

Пияздың мойын шірігі. Пиязды сақтауға жинағанда бұл ауруға шалдықса, онда өнім мол шіриді. Пияздың төбе жағында және айналасында зең пайда болып, өсімдіктің клеткалары жұмсап іриді. Аурудың алдын алу үшін сақтауға әбден піскен пиязды жинап, жақсылап кептіріп алыңыз. Көкөніс сақтайтын орын құрғақ, салқын, ауасы тазарып тұратын болсын. Пиязды ауық-ауық қарап, шіріктерден тазартып тұрыңыз. Ауру тұқыммен де берілуі мүмкін. Сондықтан да жоғары сортты сапалы тұқымды алыңыз. Тұқым себер алдында бенамил ұнтағымен өңдеңіз.

Ботриотиоз. Көкөніс жапырақтары мен бұтақтарын түссіздендіретін ауру. Бұл ауру қыстан шыққан дақылдарға зиян келтіреді. Қышқылды топырақта сондай-ақ азот тыңайтқыштары көп салынған топырақта егілген өсімдік осы ауруға шалдыққыш. Ботриотиоз ауруымен күресу үшін өсімдіктерді сирек отырғызып, сондай-ақ күзде тұқым себер алдында топырақка 1 м2 жерге 20 грамның есебінен калий тыңайтқышын беру керек. Ботриотиоз ауқымды жерде біліне бастаса жас өсімдіктерді аурудың белгісі білінбес бұрын поликарбоцином препаратымен өңдеу керек.

Аққанаттылар. Аққанаттылар капустаға, асқабаққа, помидорларға басқа көкөніске өш. Ол жәндікпен зақымдалса өсімдік жапырақтарында күйе сияқты зең пайда болады. Теплицаларда болатын капуста аққанаттылары, помидор мен қиярдың да жауы. Бұл басқа түрге жатқанмен олармен күресудің тәсілі бірдей. Өсімдікті арасына апта салып үш-төрт рет карбофоспен өңдеу керек. Ал жабық жер болса онда биологиялық тәсіл қолданылады. Биологиялық тәсілдің артықшылығы - өсімдіктің бойында пистицидтер қалмайды. Бірақ саяжайда ондай тәсілді қолдану көптің қолынан келе бермейді.

Бұршақ, шыбыны. Бұның личинкалары бұршақ өсімдіктерінің тұқымына зиян келтіріп, осыдан оның шығу сапасы төмендейді. Мұның личинкалары пиязды да құртады. Егер ауа райы салқын болып, ылғал мол болса онда тұқым баяу өніп, личинкалардың жандануына жақсы жағдай жасалады. Сондықтан да топырақты тоқылған қамыспен не пленкамен жауып жерді қыздырса, тұқым ертерек өніп, жәндіктерден зиян шекпейтін болады.

Бұршақ жапырақширауығы. Олардың жұлдызқұрттары жас бұршақтарды жеп, жалпы өнімге зиян келтіреді. Ерте пісетін бұршақтар бұл апатқа ұшырамайды, көбелектері ұшып жұмыртқа салғанға дейін гүлдеп, түйін байлайды. Ал кеш пісетін бұршақтар бұл зиянкестен зардап шегетіні сөзсіз. Маусым айының ортасынан тамыз айының ортасына дейін гүлдейтін бұршақтың сорттарына гүлдеудің алдында карбофос сеуіп жіберген дұрыс. Гүлдерді тозаңдатқыш жәндіктер зардап шекпес үшін карбофосты кешке себіңіз.

Бұршақ трипсы - өте майда әрі жіңішке, қара-қоңыр, немесе сары жәндіктер. Олар жапырақтың немесе бұршақтардың сөлін сорады. Өсімдіктің жәндікпен бүлінген жері қоңыр-күмісті таңбаланады. Өсімдік зияндалса өнім өспей қалады. Бұл жәндік ыстық күндері тарап көбейеді. Оларды құртуға химиялық препарат ретінде карбофос пайдаланылады.

Ас бұршақ пен үрмебұршақ, түйнегінің бізтұмсығы бұршақ дәндес өсімдіктердің жапырақтарының шеттерін кеміреді. Жәндіктер жас балауса өсімдіктерге шабуыл жасағанда барып карбофоспен өңдейді.

Жұлдызқұрттар. Капустаның барлық түрлерінің жауы. Олар жапырақтардың қатқабатына кірмей тұрғанда құртылуы тиіс. Егер капуста тез өнбей, жапырақтары аз болса жұлдызқұрттарды жинап құрту керек, немесе фоксим препаратымен өңдеу керек.

Капуста шыбыны. Мұның личинкалары жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктердің, капустаның барлык түрінің жауы. Алдын алу үшін көшетті не капуста отырғызатын учаскені диазинмен өңдеу керек.

Картоп нематоды. Картоп пен томаттың тамырында күн көреді. Соның кесірінен жаздың ортасында жапырақтар өліп, әрине одан өнім өз дәрежесінде болмайды. Оларға қарсы шығарылған көңілдегідей химиялық препараттар жоқ. Шөптанапты егіс тәсілін қолданып барып, одан құтылуға болады. Ал ол жәндік кең өріс алса ол жерге картоп екпеу керек. Картоптың кейбір сорттары ол жәндіктерге төзімді.

Тамыр биті. Бұл салат, артишок, т.б. өсімдіктердің жауы. Оның бір жаман жері бұл жәндікпен зақымдалған өсімдік бірден біліне қоймайды.

Кресгүлділер бургенігі. Жас капуста жапырақтарын тесетін өте майда қоңызды құрту үшін таңертең ерте оларға ағаш күлін себу керек. Ірі өсімдіктерге бұл қоңыздар онша үйір емес.

Пияз - шыбыны. Пияз тұқымдас барлық өсімдіктің жауы. Оның личинкалары жас өсімдіктерді де, өсіп қалған пияз бастарын да зақымдайды. Үлкен пияздарды қуыс-қуыс етіп, бүлдіреді. Оған қарсы күресу үшін тұқым себер алдында, не көшет отырғызардан бұрын топырақты гранулданған диазинонмен немесе хлорпирифоспен өңдеңіз.

Пияз нематоды көбінде пияз тұқымдастардың жауы. Бірақ сәбіз, ботташық, үрмебұршаққа жабылады. Көзге көрінбейтін майда құрт бұтақтарда, жапырақтарда тіршілік етеді. Олар түскен жер жұмсап, ісініп, соңынан шіріп, өсімдік өледі. Оларды қыратын химиялық препараттар жоқ. Сондықтан ондай өсімдіктерді жинап өртеу керек. Мұндай жәндік түскен жерге ең кемінде екі жыл егіс екпеу керек.

Сәбіз шыбыны - сәбіздің қас жауы. Ол сондай-ақ сельдерейге де, ботташыққа да, петрушкаға да зиян келтіреді. Бұл жәндіктің әсерінен өсім-діктің өсу процесі тежеледі де, кейде екінші тамыр шыға бастайды. Тұқымды жақсы өңдеудің нәтижесінде бұл жәндіктерден құтылуға болады. Не өсімдікті сирек отырғызу керек. Егерде қалың отырғызып сирексітсең, жұлынған өсімдіктердің күшті иісі-ақ шыбындарды өзіне тартады. Шыбын личинкаларының бірінші ұрпағы өсімдікке жабыспас үшін сәбіз тұқымын мамыр айында сепкен дұрыс.

Өрмекші кене. Теплицаларда өсірілетін көкөністердің кең тараған жауы. Жапырақтар зақымдалса бозғылттанып, өсімдіктің өсуі төмендейді. Теплицада ылғалды атмосфера болса өрмекші кененің көбеюі тоқтайды. Бұлар ыстық, құрғақ ортаны жақсы көреді. Жәндіктер бірден көбейіп кетпес үшін өсімдіктерді аптасына бір рет карбофоспен өңдеп тұру керек. Қиярды өңдегенде ықтият болыңыздар, карбофос қияр жапырақтарын зақымдауы мүмкін. Кенемен күресуге ыңғайлысы кельтап препараты. Ол өсімдіктерге онша зиян келтірмейді.

Сымқұрт. Бұл жәндік теплица топырақтарында, сондай-ақ арам шөптері қалың өскен жерде мол болуы мүмкін. Ол көптеген көкөністің тамырларын зақымдап, соның әсерінен өнімнің сапасы төмендейді. Ол жәндікке қарсы тұқым сеуіп немесе көшеттеп жатқанда топыраққа диазинон препаратын береді.

Селъдерей шыбынының личинкасы сельдерейдің, ботташықтың жапырақтарымен қоректенеді. Егер өсімдік аз зақымдалса оларды жинап, өртеп жіберген жөн.

Шырышқұрт, ұлу, жұлдызша құрттар - көкөністің жаңа өскен өскіндерімен қатар, ересектеріне де зиян келтіреді. Оларға қарсы күресу үшін жүйек бойына метальдегид гранулін себеді.

Қоңыркөбелек. Түнде ұшатын көбелектердің топыраққа көмген личинкалары. Олар көкөністердің жауы, жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктердің тамырын, тамыр мен бұтақтың жалғастырған жерін қиып, содан өсімдіктер солып, өледі. Тұқым себер алдында, не өсімдіктерді көшеттеуден бұрын топыраққа диазинон қосып, бұл зиянкестермен күресуге болады.

Жапырақ жегіш құрттар. Ол өсімдікте жаздың ортасында пайда болады. Олар онша үлкен емес сары және қоңыр қоңыздар. Олардың қара личинкалары өсімдік жапырақтарының жауы. Жапырақтарда личинкалар пайда бола бастағаннан-ақ оларға трихлорметафос-3 немесе карбофос препаратын себу керек.

Құстар. Кептерлер мен торғайлар көкөніс өніп шыққаннан, піскенге дейін зиян келтіреді. Оларды үркітетін аспаптар қойып, не өсімдіктерге репелпенттер сепкенмен одан келер пайда шамалы. Құстар көп аудандарда өсімдік үстіне тор керіп қойып та қорғайды.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет