в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі. Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тәжірибелік және теориялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құбылысты "дайын күйінде" ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысанның сыртқы белгілерін қабылдап, үғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытыңдыға өту процесі онша күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады.
Сабақ мақсатын айқындау. Төжірибелі мұғалім оқу курсымсн алдын ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе бөлімдерді оқып-үйренудің келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты сабаққа дайындық кезеңінде нақты мақсаттарға көңіл бөлгені орынды.