Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет175/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

Негізгі ұғымдар:Тезис, конспект құру тәсілдері, тарихи документтер.
Мақсаты: Студенттерге тарих сабақтарында баспа текстермен жұмыс істеудің қажеттігін түсіндіру.


Жоспар:
1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процессінде оның маңызы.
2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:
а/ өздік жұмыс
б/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер.
3. Тарихи документтер түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.
4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету.

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процессінде оның маңызы. Тарих пәнін окытуда оқулықгың ролі. Қазіргі таңда аманың тарих туралы түсінігі ғана емес, тарихқа деген көзқарасы да, қабылдау үрдісі де өзгереді. Оның үстіне мектептегі оқыту саласында білім берудің халықаралық 12 жылдық жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, оқыту нәтижелі болу үшін оқулықтың әдістемелік құрылымын өзгерту керек. Ендігі жерде окушының берілген материалды тез игеруіне орайластыра жеңілдету жолдарын қарастырыу керек. Ең бастысы шәкірттің жанды қызығушылық әрекетін туғызатындай, олардың жалықтырып алмай өз бетімен ойлануға, белгілі бір тарихи фактіге, тарихи құбылысқа қорытынды жасауга, өзіндік көзқарасын қалыптастыратын, сол арқылы өз біліміне сенім ұялататын оқулык керек. Себебі, қазіргі таңда оқушыларымыз қолданыстағы оқулықтардығы ұзақ-сонар дайын білімдерді тыңдаумен ғана шектелуде . оқулықтарда берілген кейбір материалдардың тым шұбалаңқылығы мен көп сөзділігі оқушыны шатастырады. Шатастырып қана қоймай, шәкіртті жалықтырады. Өйткені, оқулық оқушы талғамының түсіну, игеру деңгейіне сай емес. Мысалы, 9 сыныптағы қазақ халқының патшалы Ресей кезеңінде ұлт-азаттық көтерілістерге арналған, т.б. материалдарды алып қараңыз. Сол оқулықтағы күйіне 45 минут көлеміне сыйдыра отырып, оқушыға ескерер жәйт сіз түсіндіріп қана шектелмейсіз ғой. Оқушыдан өтілген материал мен үй тапысрмасында сұрап үлгеруінің керек. Осыдан барып оқушының сабақка (әрине, бәрі емес болар) немқұрайдылығы пен қызықпаушылығы туады. Ал ұзақ сонар материалдарды күштеп танып, тықпалай беру салдарынан өзіміздің ортақ ұлттық құндылығымыз тарихымызға деген салқындық лебін туғызады. Осыдан барып ұлттық болмыстан тыс қалып, ұлт құндылығына менсінбей қарауга әдеттенген, талғамы ұлттық болмыстан алшақтаған ұрпақ қалыптасуда. Ұлттық патриотизмді өлтіретін ең қатерлі немқұрайдылық жады осыдан шығады. Оқушының берілген материалды меңгеру процесін жеңілдететін танымдық жэне ойлау қызметінің дамуына ықпал етерлік әдіс-тәсілдер таблица, диограмма, тест, т.б. мүлдлем қарастырылмаған.


Сыныпта сапалы білім берудегі негізгі міндеттерін әр мұғалім өз тәжірибесіне қарай түрлі творчестволық жолмен өзінше шешетіндігі белгілі, бүл күнделікті жұмыс әдіс ғана болып қала бермек. Сабақтың табысты өтуі мұғалімнің дайындығына, білімі мен іскерлігіне, қабілет тәжірибесіне, өз мамандығына жан-тәнімен беріліп атқаруына да байланысты болар. Бұл, дегенмен өзімізді-өзіміздің алдауымыз. Себебі, сабақты түрлендіру тек ашық сабақта ғана өткізіледі. Өзімізге белгілі мұндай сабақтарға мұғалім өзінң біліктілігі мен кәсіби деңгейіне орай материалдар жинап, сабақты барынша түрлендіруге тырысады. Ашық сабақтың практикалық маңызы болғанымен, бұл әдістемелік тәжірибе ғана. Ол мұғалімнің жақсы әдістерін насихаттауға, сабақты жетілдіруге көмек беріп, шеберлікті шыңдауға жәрдемін тигізгенімен оқу құралы да бола алмайды. Ондай сабақ пен күңделікті жұмыс барысындағы сабақ айырмашылығының ара салмағын әрбір мұғалім жете біледі. Әрине, өзінің ісіне шын берілген, күнделікті сабағына өте жоғары әзірлікте жүретін ұстаздарды да жоққа шығаруға болмас. Бірақ жеке бастың мүддесі тұрғысынан келгенде оқулықтағы бармен қанағат қылатьшымызды ешкім теріс демес. Сондықтан ендігі жерде оқулык мұғалім үшін қосымша әдістемелік оқу-кұралы қызметін қоса атқаруы тиіс. Бұл оқулықтағы білімді түсініп, қабылдаушы (оқушы) мен оны шәкірт түсінігіне.сай етіп жеткізуші (мұғалім) арасындағы процесті жеңілдету. Оқулықта екі жақтың да мүддесі қарастырылуы керек. Қазіргі окулықтарда оқушьның тапсырманы қабылдау қабілетінің деңгейі ескерілмеген. Сондықтан, ендігі жерде негізгі басылымдылық - міндетті түрде тарихи фактілерге негізделген ғылыми әдістерге берілуі қажет. Сонымен бірге, оқулықтың әдістемелік жолдарын баяндайтын сабақ жоспарларының да қоса шығарылғаны дұрыс. Мұғалім оны жазуға, дайындалуға қаншама уакытын жоғалтады (жазбайтынымыз қаншама). Сол арқылы мұғалім еңбегін жеңілдетіп қана қоймаймыз, оның одан әрі тәжірибесіне сай өз еркімен сабақ жоспарын толықтыруға, жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Оқушы фактілерді берік меңгермесе тарихи білім жүйесі калыптаспайды, оқыту процесі барысыңца сол кезендегі фактілердің себептері мен сипаты ; міндетті түрде ашылып көрсетілуі тиіс. Тарихи фактілерді меңгеруден білімді , игеру басталады. Тарихи фактілер схема түрінде берілсе, оқушыны қызықтырып тақырыптың негізгі мақсатын, білім мазмұнын ашуға көмектеседі. Тарихи құбылыстар мен схема арқылы танысу оқушыға тарихи фактіні өзі талдай алуына мүмкіндікбереді.
Тарих дегеніміз – тарихи фактілердің тізімі ғана деген түсінік қалыпттастырмау үшін, оқулыққа тарихнама деректерінің енгізілуі де ескерілсе, өтілген тақырыптарды жинактап, эр тарау соңында аса маңызды, түйіңді деген, хронологиялық сәйкессіздігі дау тудырмайтындай нақты тарихи білім элементтері іріктеліп, маңызды даталар, атаулар, тарихи тұлғалар туралы қысқаша мәліметтермен бірге тест тапсырмалары құрастырылып берілсе.
Алматы қаласындағы «Мектеп» баспасынан басылып шыққан «Қазақстан
тарихы» оқулығы (Авторлары: Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев,
Е.Қалиева, Т.Далаева.А. «Мектеп». 2006 ж.) тоғыз тараудан тұрады. Бұл оқулықтың кемшілік тұстары сонда «Страбон өй деді, Плутарх бүй деді»
деген балама пікірлер өте көп. Бұл сөйлемдер баланың ойын сан алуан тоғыспайтын тұжырымдармен шатастырады. Оқушы— студент емес.
Сондықтан оған жатық түсіндіру үшін ғылыми астарлы ойларды шектеп, жүйелі жазу керек. Сонымен бірге етілетін тақырыптардың ауқымының молдығы соншалықты, оны бір параграфқа сыйғызып, топтап оқыту мүмкін емес.
9-сыныптарға арналған «Қазіргі заман тарихы» (Авторлары:
Қожахметүлы Кеңесбай, Шөпеков Әбдігали, Ғүбайдүллина Мария, Бекіш Райхан. А. «Мектеп».) жазған оқулық әрі сапалы, әрі жүйелі, тек тақырыптарға бөлінетін сағат сандарының көлемін ұлғайтса нұр үстіне нұр болар еді. Ал қорыта айтқанда оқулықгарлың қайталан қаралып, жүйелі жазылуы құба-құп дер едім. Сондықтан еліміздін, жас ұрпақтың ертеңі үшін тақырыптарды ерінбей қайта карауды етінемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет